kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лирика Абая

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:А?ын ?ле?дерін тере? ме?герту, таби?ат лирикасыны? ?лем ?дебиетімен ?ндестігін к?рсету.?аза? тілі, орыс тілі, а?ылшын тілінде о?ушыларды ?ылыми-зерттеу ізденістеріне баулу, ?осымша материалды пайдалану?а, шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге ы?пал ету,ойлау шеберлігін, с?йлеу м?дениетін жетілдіру. Эстетикалы?,экологиялы? т?рбие беру,Абайды? ?лылы?ын, поэзиясыны? тере?дігін сезіндіру, поэзияны с?юге т?рбиелеу.                                                                                                                  Саба?ты? т?рі:кіріктірілген саба?(?аза? тілі, орыс тілі, а?ылшын тілі)                                                   Саба?ты? к?рнекілігі:Абайды? шы?армашылы?ына арнал?ан к?рме,интерактивті  та?таны пайдаланып слаидтар к?рсету.                                                                                                                           Саба?ты? ?дісі:іздендіру, ?ш тілде шы?армашылы? ж?мыс жасау.                                                             П?наралы? байланыс:?аза? тілі, ?дебиет,орыс тілі,а?ылшын тілі                                                                           Саба?ты? барысы: I ?йымдастыру кезе?і. 1М??алімні? с?зі: Б?гінгі саба?ымыз ?лы Абайды? таби?ат лирикасына арнал?ан.Таби?ат – адам баласыны? е?бек етіп,?мір с?ретін ортасы.Оны д?ние ж?зіні? классик а?ындарыны? б?рі де жырла?ан.Д?уірі мен ортасына, ?зіні? жеке басыны? к??іл-к?йіне байланысты ?р а?ын ?зінше жырлайды.Б?гінгі саба?ымызда Абайды?, Пушкинні?, Лермонтовты? таби?ат лирикасын ?ш тілде ?арастырамыз.О?ушылар мына проблема айналасында ж?мыс істейді:Таби?ат- Адам- ?о?ам проблемалары.?лы а?ындар шы?армаларында?ы ?ндестік.                  2.  ?ш тілде саба?ты? ма?саты айтылады.Ма?сатымыз: ?аза? тілі, орыс тілі, а?ылшын тілі саба?тарында о?ушыларды ?ылыми-зерттеу ізденістеріне баулу,дарынды балалармен ж?мысты ?ш тілде к?рсету.  .?орытынды с?зді п?н м??алімдері ?ш тілде айтады.                                                                                                                     Адам баласы ?шін таби?ат –ке? сарай, м??гі тозбас баспана.Таби?ат?а ?ам?ор болу- адамзат баласыны? парызы.Адам баласы таби?атты? е? ?лы перзенті болумен бірге, е? ?лы ?ам?оршысы да екенін еш?ашан естен шы?армау керек.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лирика Абая »

Асанова Алия Хамитовна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі КММ «Экономикалық лицей»

















8 класс









Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы. Сабақтың мақсаты:Ақын өлеңдерін терең меңгерту, табиғат лирикасының әлем әдебиетімен үндестігін көрсету.Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістеріне баулу, қосымша материалды пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Эстетикалық,экологиялық тәрбие беру,Абайдың ұлылығын, поэзиясының тереңдігін сезіндіру, поэзияны сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) Сабақтың көрнекілігі:Абайдың шығармашылығына арналған көрме,интерактивті тақтаны пайдаланып слаидтар көрсету. Сабақтың әдісі:іздендіру, үш тілде шығармашылық жұмыс жасау. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, әдебиет,орыс тілі,ағылшын тілі Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. 1Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымыз ұлы Абайдың табиғат лирикасына арналған.Табиғат – адам баласының еңбек етіп,өмір сүретін ортасы.Оны дүние жүзінің классик ақындарының бәрі де жырлаған.Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл-күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды.Бүгінгі сабағымызда Абайдың, Пушкиннің, Лермонтовтың табиғат лирикасын үш тілде қарастырамыз.Оқушылар мына проблема айналасында жұмыс істейді:Табиғат- Адам- Қоғам проблемалары.Ұлы ақындар шығармаларындағы үндестік. 2. Үш тілде сабақтың мақсаты айтылады.Мақсатымыз: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістеріне баулу,дарынды балалармен жұмысты үш тілде көрсету. II Сабақтың негізгі бөлімі.. Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша класс топтық жұмыс істейді. Iтоп Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»және Пушкиннің «Күз»өлеңі бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді.Шығармалары үш тілде жатқа оқылады.(қазақша, орысша,ағылшынша) II топ.Абай»Қараңғы түнде тау қалғып» және Лермонтовтың « Горные вершины»өлеңдері бойынша іздену жұмыстарын жүргізеді.(Гете IIIтоп. Абай»Қыс» және Некрасовтың «Мороз-красный нос»,ағылшынша балама өлеңдері бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Әр топтың өз ізденушілері,рецензенті, кеңесшісі болады. Қорғау жұмысының барысын топтардың кеңесшісі жүргізеді. 2.Кеңесші оқушы: Iтоптың ізденушісіне сөз береді. Тақырыбы:Абай «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», Пушкин «Күз»

Ізденуші оқушы: Менің алдыма қойған мақсатым:Абайдың өлеңінің шығу тарихы,өзіндік ерекшелігін, өлеңдегі замана проблемасын қарастыру. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»Абайдың1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады.Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі, көшпелі қазақ ауылының әлеуметтік жіктелісін,тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күн созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз шақтағы ауыл өмірін реалистік дәлдікпен,нақты адамдар тұлғасы арқылы көрсетеді. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген. Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді.Ертеңгі күннің қамын жеп, қыстауға қонбай,отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей,жылынуға отын таба алмай отырған әйел-осы жалпы сурет бірте-бірте көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады.Көшпелі ауылдың таптық айырмасын ашық айтқан,бір жақта байлық, бір жақта жоқшылық.Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге шақырады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Кеңесші оқушы:Меніңше, ізденуші өз ойын дұрыс пайымдай алған.Енді ізденуші еңбегін бағалау үшін сөз рецензентке беріледі. Рецензент оқушы: Менің міндетім- ізденуші еңбегіне сын пікір айту. Ізденушінің сөзін мына деректермен толықтырамын: Алғаш 1909 жылы С.- Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибрагим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымдарында өлеңнің жазылған кезеңі- 1889 жыл деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, ұйғыр, орыс т.б. тілдерге аударылған. Кеңесші оқушы: Топтағы екінші ізденушіге беріледі. Тақырыбы:Пушкин «Күз». Ізденіс жұмыстарын бастамас бұрын өлең жатқа оқылады.(орысша,ағылшынша) .Ізденуші сөйлейді. Кеңесші оқушы рецензентке сөз береді. Рецензент: Абайдың күзі сұрғылт,көңілсіз халық тұрмысы.Кедей өмірінің жанды картинасы.Осы өлеңдегі ақын жаңалығы: табиғат арқылы таптық жік, әлеуметтік жағдайдың көрінуі. Пушкиннің «Алтын күзі»:ақынның да, халықтың да жарқылдаған көңіл-күйі.Абайдың «Күзі» ақынның да, халықтың да жадау сезімі.Себебі не? Топтан жауап :Абай күзді суреттегенде,өзі де көңілсіз, жүдеу күйді кешеді.Себебі, ол азамат ақын. II топ.Абай «Қыс»және Н.А.Некрасов «Мороз-красный нос» Кеңесші оқушы. II топтың ізденушісіне сөз береді.Тақырыбы:Абайдың «Қыс»өлеңі мен Некрасовтың «Мороз-красный нос»өлеңі.Екі ақында да қыстың жан иесі ретінде алынуы... 1Өлеңдер қазақша,орысша, ағылшынша оқылады. 2.Ізденуші :Менің алдыма қойған мақсатым:Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңашылдығын көрсету.Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Абай Құнанбайұлы «Қыс»өлеңін 1888 жылы жазған. Бұл-нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Абай қысы Н. Некрасовтың «Аяз атасы»тәріздес: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр,мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды. Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал)бейнесінде суреттеу әдетті болмаған.Бұл-Абай жаңалығы.Оның үстіне ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады.

«Дем алысы-үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаға»теңейді.Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың образы арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігіе тарылта беретін жайын бейнелейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен шебер суреттеледі. Кеңесші: топтың екінші ізденушісіне сөз беріледі. Ізденуші Н.Некрасовтың «Аяз ата»өлеңін орыс тілінде талдайды. Кеңесші рецензентке сөз береді. Рецензент:Ізденушілер екі шығарманы да жақсы талдады. Абай қыстың шынайы суретін береді.Көз алдыңа боранды, аязды, аяусыз қыс келеді. Абай қысты «кәрі құда»деп, өте орынды балама тапқан. Кәрі құда, кәрі шал мінезі шатақ, тырысқақ, әрі қатал, қытымыр болып келсе, қыстың да адам баласы үшін қауіпті жайын соған ұқсастыра алады. Құданы құдайдай сыйлаған қазақ. Соған сүйенетін қазақ құдалары да ерке болып келеді. Ол ұрса да, ашулана да, ызғарлана да алады. Қыс та солай...

3.Кеңесші оқушы.(үш тілде сұрақтар қойылады) Абай мен Пушкин күзінен қандай үндестік таптыңдар? Жауап: Абайда да,Пушкинде де күз суреті ұқсас.Сұр бұлт, жаңбыр, түсіп жатқан сары жапырақтар екеуіне де ортақ.Екеуі де күзді адам өмірімен байланыстырады. Сұрақ: -Адам –Табиғат-Қоғам.Осы үш мәселе Абай лирикасында қалай шешім тапқан? Жауап: Абайдан «жылауық күзді»,»сүреңсіз күзд»і, көрсек,Пушкиннен «алтын күзді»көреміз. Абайдан қайыршы тірлікті , халықтың ауыр тірлігін көрсек, Пушкиннен қарны тойған, егінін орып, нанын жинап, көңілі қуанышқа толған адамдарды көреміз...Осы ерекшеліктер екі ақынның екі қоғамда өмір сүруінен туып отыр ғой. 4.Екі топқа ойтолғау.Оқушылар қалаған тілінде жазады,оқиды . 5.Қорытынды сөзді пән мұғалімдері үш тілде айтады. Адам баласы үшін табиғат –кең сарай, мәңгі тозбас баспана.Табиғатқа қамқор болу- адамзат баласының парызы.Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармау керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Лирика Абая

Автор: Асанова Алия Хаметовна

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы"
    ["seo_title"] => string(38) "abai_k_u_nanbaievtyn_tabig_at_lirikasy"
    ["file_id"] => string(6) "454592"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517734999"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Нить притяжения" Мотивы лирики русских поэтов в творчестве Абая"
    ["seo_title"] => string(70) "nit-pritiazhieniia-motivy-liriki-russkikh-poetov-v-tvorchiestvie-abaia"
    ["file_id"] => string(6) "255442"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447935775"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Абай /сыныптан іс - шара/"
    ["seo_title"] => string(19) "abaisynyptanisshara"
    ["file_id"] => string(6) "309879"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458888719"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай ??нанбаев ?ыс ?ле?і саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "abaikunanbaievkysolienisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "309948"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458897103"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Абай – лирик ақын"
    ["seo_title"] => string(15) "abai_lirik_akyn"
    ["file_id"] => string(6) "551370"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1590431959"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства