kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

История русской литературы ХІХ века

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беруді? жа?а т?сілдері мен  АКТ-ны пайдаланып о?ытуды ?олдана отырып жа?а та?ырыпты т?сіну, с?з ?адірін байыптау, саба? барысында  ?аза? ?дебиетіні? к?рнекті ?кілдеріні? бірі – М?ш??р Ж?сіп К?пеевті? ?мірі мен шы?армашылы?ына  ?з к?з?арастарын ?алыптастыра отырып, шолу жасату. Кез-келген проблеманы шешу ?абілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне ?арай с?йлеу да?дыларын зерделеу,тапсырмалар ар?ылы жа?а та?ырыпты? ма?ынасын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«История русской литературы ХІХ века»

Сабақтың мақсаты: Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінің құрылысына талдау жасау және оның туындыларының ерекшеліктерін түсіндіру, оқушыларды көзқарастары мен пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жоба технологиясы, іздендіру, шығармашылық, әңгімелеу. 

Сабақтың түрі: жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының портреті.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. 

Шәңгерей Бөкеевтің «Көкселдір» атты өлеңдер жинағындағы өлеңдерден үзінділерді жатқа оқып талдау.

II. Жаңа сабақ

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін Ербол Хонойдың «Мәшһүрдің өзін таныстыру» термесі тыңдатылды.

-Біз әдебиет сабағында қандай тақырыпқа сөз қозғаймыз? 

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде өмір сүрген үлкен ақын, тамаша ғалым, философ, ауыз әдебиеті үлгілерінің қажымас жинаушысы, сан қырлы талант иесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын негізге ала отырып, «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы» атты сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды бірнеше топқа бөлеміз, олар «Ізденушілер», «Зерттеушілер», «Мұрагер», «Білімділер», «Сарапшылар» тобына бөлінді.Әр топқа жоба бағыты бойынша тапсырмалар берілді.Оқушыларға берілген уақыттан кейін өз жобаларын қорғайды.

1. «Білім жолында» атты жоба бағыты бойынша пікір қозғау Жұмыс алгоритмі

1. Жобаның мақсатын ашу.

2. Қандай ортада тәрбиеленді?

3. Ақынның «Мәшһүр» деп атануы.

4. Білім жолына қосқан үлесіі.

2. «Дархан даланың данышпан ұлы – Мәшһүр Жүсіп » атты жоба бағыты бойынша тапсырма.

Жұмыс алгоритмі:

1. Жобаның мақсатын ашу.

2. Ақынның ағартушылық жолы, деректер арқылы дәлелдеу.

3.Мәшһүр шығармашылықтағындағы жетістік, сабақтастық.

4. Мәшһүр Жүсіптің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі. 

3. Жобаға сәйкес бағыт тақырыбы – «Хал-ахуал» өлеңін талдауы. 

Жұмыс алгоритмі:

1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.

2. Өлеңнің мақсаты мен идеясын ашу.

3. Көркемдегіш құралдарды анықта және оның өлеңді жеткізудегі мәні.

4. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір.Өлеңді құрылысына талда.

5.Өлеңді мақал – мәтелмен, нақыл сөзбен түйінде.

Хал-ахуал

Жігіттер, жақсы қайда өнер шыққан,

Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан.

Анау озық, мен кейін қалам ба деп,

Көз салып бірін-бірі шамаласқан?

Сүрініп ат аяғы кетер болса,

Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.

Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,

Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.

Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар

Бір-бірін сүзіп, жаншып жараласқан.

Жақсыны өзі болған көре алмаған,

Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

4. «Мәшһүр мұрасы - рухани қазына» атты жоба бағыты бойынша ой қозғау.

Жұмыс алгоритмі:

1.Жоба тақырыбының мақсатын ашу.

2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерін зертеушілердің пікірлері қандай, кімдер зерттеді?

3. «Рухани қазына» дегенді кім қалай түсінеді?

4. Қазақтың ұлттық санасын оятуда, азаттық жолындағы күресте Мәшһүр шығармаларының маңыздылығы қандай?

III. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушылардың сабақ бойы алған әсерлі мен пікірін, білім мен білік дағдыларын байқау мақсатында шағын эссе жаздыру. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, пікірлеріңізді шағын эссе жазып беріңіздер.

Тақырыбы: Дала кемеңгері – Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

IV.Топтастыру стратегиясымен жұмыс





V. Жаңа сабақты қорыту

1. Мәшһүр Жүсіптің қандай шығармаларымен таныстық?

2. Несі ұнады, неліктен ұнады?

3. Қандай әсер алдың?

4. Қандай тәрбие алдың? Не үйрендік?

VI. Поэзия минуты. «Бұлақтың көзі» әні орындалады. 

Мұғалімнің сөзі:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың мұраларын әлі де зерттеп, зерделейміз. 

... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, 

Еңбегінің қызығын да көре алмай. 

От боп жанып өтіп кеткен ақынға 

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай

- деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.



VII. Бағалау. Оқушылардың жауабын ортақ пікірге дауысқа салып, талқылау арқылы бағалау. Сарапшылар тобына сөз беріледі.

VIII. Үйге тапсырма. «Гүлшат – Шеризат» дастанын оқып келу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
История русской литературы ХІХ века

Автор: Орынбаева Гуля Картаевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316897

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Контрольный срез (тест) по русской литературе, 10 класс"
    ["seo_title"] => string(56) "kontrol_nyi_sriez_tiest_po_russkoi_litieraturie_10_klass"
    ["file_id"] => string(6) "398655"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489056995"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Урок по русской литературе.Тема: "Ф. М. Достоевский. Роман "Преступление и наказание" 1 часть"
    ["seo_title"] => string(94) "urok-po-russkoi-litieraturie-tiema-f-m-dostoievskii-roman-priestuplieniie-i-nakazaniie-1-chast"
    ["file_id"] => string(6) "303947"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457625389"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Урок по русской литературе.Тема: "Ф. М. Достоевский. Роман "Преступление и наказание" 1 часть"
    ["seo_title"] => string(96) "urok-po-russkoi-litieraturie-tiema-f-m-dostoievskii-roman-priestuplieniie-i-nakazaniie-1-chast-1"
    ["file_id"] => string(6) "303949"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457625396"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Программа элективного курса по литературе для 11 класса "Загадки, тайны, трагедии русской литературы XX века""
    ["seo_title"] => string(80) "proghramma_eliektivnogho_kursa_po_litieraturie_dlia_11_klassa_zaghadki_tainy_tra"
    ["file_id"] => string(6) "356952"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478673742"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Интегрированный урок истории и литературы на тему "Повесть о Петре и Февронии Муромских""
    ["seo_title"] => string(94) "intieghrirovannyi-urok-istorii-i-litieratury-na-tiemu-poviest-o-pietrie-i-fievronii-muromskikh"
    ["file_id"] => string(6) "278997"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453179783"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства