Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Сурет көрмесінде»
МЖДШО бар №17 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:Сурет сабағында
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Насрединова С.Қ.
Панфилов ауылы
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар . Бүгінгі біздің « Сурет көрмесінде » атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Балалардың күшімен дайындаған шағын көрінісіміз бар, алдымен соны тамашалайық.
Сыныптың бір бұрышы сурет көрмесі болып безендіріледі. Суреттің үстіңгі жағына « Әсемдікті бағалай білейік! » деген жазу ілінеді.
1 . Экскурсовод:
- Сәлеметсіңдер ме , балалар. Сіздер сурет көрмесінде тұрсыңдар. Мен сіздерді мектеп оқушыларының салған суреттерімен таныстырып өтейін. Мынау- К.Елизаветаның анасының суреті. Мынау- Д. Юрийдің туындысы, өзінің суретін салған . Бұл – автопортрет. Түрлі –түсті қарындаштарды қолданған. Мынау- пейзаж, қыс мезілі, табиғаттың көрінісі . С.Валерия мен М. Аринаның салған суреттері. Мынау- натюрморт. Суретті салған : Э. Владислав.
1-оқушы: Автопортрет деген не?
Экскурсовод: Автопортрет дегеніміз- суретші өзінің суретін өзі салады.
2- оқушы: Портрет деген не?
Экскурсовод: Портрет дегеніміз- адамның суреті. Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Осымен ,біздің көрмеге саяхатымыз аяқталды . Сау болыңыздар. Көрмеге келіп тұрыңыздар .
2. Балалар өз орындарына жайғасады.
3. Мұғалім:- бүгін біз «Сурет көрмесі » мәтіні бойынша «Мәтін бөліктері» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты : Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1.«Кіріспе» тобы.
2.«Негізгі ой» тобы.
3.«Қорытынды» тобы.
4.«Толықтыру» тобы.
4. Мәтін бөліктерін әңгімелесуді ретімен бастайды. 148-бет.6-тапсырма.
1 .Кіріспе тобы.- Қалада сурет көрмесі ашылды. Мектеп оқушыларын мұғалім экскурссияға апарды.
3.Негізгі ой тобы:- Көрмеде Қазақстан суретшілерінің жұмыстары қойылған.
4.Толықтыру тобы:-Қазақстанның атақты суретшілері: Ә.Қастеев,Ү. Әжиев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О. Таңсықбаев. т.б.
5.-Қорытынды тобы:- Экскурсовод балаларға портрет, пейзаж, натюрморт туралы айтты. Экскурсовод балалардың сұрақтарына жауап берді. Көрме балаларға ұнады.
6.-Толықтыру тобы:- Пейзаж дегеніміз- табиғатты суреттеу. Натюрморт дегеніміз- майлы бояумен сурет салу. Портрет дегеніміз- адамның суретін салу.
5. Әр топқа 2 сөзден беріледі.( қала, сурет, мектеп, оқушылар, мұғалім, суретші, экскурсовод, сұрақтар.) Осы сөздерді септейді.