Сабақтың күнделікті жоспары
Сынып: 8 «б» Күні Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана» .
Білімділік мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнын, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгертіледі.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,
ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көзқарасын дамыту, оқушының топ ішінде жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастырылады.
Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін біледі,
адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиеленеді, ана махаббаты дәріптеледі.
4. Сабақтың тегі: Жаңа сабақ
5. Сабақтың әдісі: А) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, формативті бағалау,Ә) Проблема туғызу.Б) Жағдаяттың шешімін іздеу, өз пікірін айту, мәтінмен жұмыс, ДЕБАТ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер
Сабақтың құралдары : оқулық, слайд, АКТ.
(Үш топқа асықтар арқылы бөлінеді. Топтарда баяндамашы№1,2,3, көшбасшы, хатшы сайлаймын )
Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана».
Сабақтың мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнын, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім : Осы мақсаттың алғашқы қадамындай қазір сендердің назарларыңа Найман- ананың монологын ұсынамын. Монологты мұқият тыңдап отырып, сендер бұл бейнекөріністегі ой қазығының куәсі боласыңдар.
2. Бейнекөрініс «Найман- ана» монологы.
Мұғалім: Балалар,бұл бейнекөріністегі ана монологы сендерге қандай ой тудырды? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім сөзі:
Оқушылар, ойшыл гуманист, данагөй, қазақ- қырғызға ортақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармалары дүниежүзінің 128 елінде 176 тілге аударылып, 80 миллион данамен таралды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы «Адамзаттың Айтматовы» атанған жазушының шебер туындысы «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан «Найман ана» үзіндісіндегі мәңгүрт мәселесі. Ал сабағымыздың мақсаты-Ш.Айтматовтың «Найман- ана» үзіндісінің мазмұнын бірлесе отырып меңгеру арқылы әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Мұғалім:Сендер ақ жаулықты ананың сөзіндегі қасіреттің куәсі болдыңдар. Ананы азаптаған қалың ойға не түрткі болды? Ана қасіретті. Ол неге қасіретті? Міне, осы сұрақтарға Ш.Айтматовтың «Найман- ана» үзіндісінің мазмұнын меңгеру ,әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы жауап іздейміз. Ол үшін үш топқа мынадай тапсырмалар беремін.
3. Топтарға мәтін таратылады. «ЖИГСО» тәсілі.
1.Оқушылар мәтінді оқиды.( 5 мин)
2.Баяндамашылар өз топтарындағы тақырып бөлігін меңгерту үшін басқа топтарға кетеді.
3.Топтардағы хатшылар баяндамашының айтқанын түртіп алып отырады. («Түртіп алу» стратегиясы)
4.Топтардағы оқушылардың мәтінді меңгерулерін тексеріп бағалау үшін тапсырмалар мен критериилер ұсынамын.
«Найман - Ана» әңгімесіне әдеби талдау
Сіздер аңызды оқыдыңыздар, енді әңгіменің (үзіндінің) идеялық негізіне әдеби талдау жасаймыз. (5 минут)
1-топ | 2-топ | 3-топ |
1.Тақырыбын анықтау | 1.Тақырыбын анықтау | 1.Тақырыбын анықтау |
2.Идеясын ашу | 2.Идеясын ашу | 2.Идеясын ашу |
3.Әңгімені алты бөлімге бөліп, ат қою. | 3.Кейіпкерлер мен олардың сөйлеген сөздерін сәйкестендіру | 3.Үзіндінің композициялық құрылысын ретімен орналастыру |
№ | Тапсырма | Жауаптары |
І тапс | Тақырыбы | Мәңгүрт |
ІІ тапс | Идеясы | Адам қолынан жасалған жауыздықты әшкерелеу |
| | |
| | |
ІІІ тапс | 1-топ | 2-топ | 3-топ |
1 | Сарыөзектегі Ана бейіті | «Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай! Дөненбай! ....» | Құс | Ана-бейіттің тарихы |
2 | Мәңгүрт атандыру | Атадан қалған аңыз бойынша, әңгіме өткен ғасырларда жуан-жуандардың Сарыөзек даласын басып алуынан басталады. | Автор | Жуан-жуандардың айуандық әрекеттері |
3 | Саудагерлердің хабары | Ол маған шешеңмін дейді.... | Мәңгүрт | Саудагерлер әңгімесінен кейінгі ананың үміті мен күдігі |
4 | Мәңгүрт баламен кездесу | Қайдағы шешең ол сенің... | Жуан-жуандар | Баланың селт етпеуі, анасының үгіттеуі. Бесік жыры |
5 | Жуан-жуандар бұйрығы | Ұйықтаса да , сол бас киіммен жатып ұйықтайды... | Саудагер | Ананың соңғы шешімі |
6 | Ананың өлімі. (Құсқа айналған жаулық) | Сонда саған жарық Күн Дүние-әлемдегі шам-шырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейлі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен?.... | Ана | «Атпа, құлыным, мен сенің анаңмын!» Баласының анасын өлтіруі |
Әр топтан көшбасшылар шығып постерлерін қорғайды.
Экраннан критерий мен тапсырманың дұрыс жауаптары көрсетіледі.
5.Топтардың бірін-бірі бағалау критерийі
№ | Тапсырма | Ұпайы | 1-топ | 2-топ | 3-топ |
1 | 1-тапсырма | 1 ұпай | | | |
2 | 2-тапсырма | 1 ұпай | | | |
3 | 3-тапсырма | 6 дұрыс жауап – 3 ұпай 4-5 дұрыс жауап – 2 ұпай 2-3 дұрыс жауап – 1 ұпай | | | |
| Барлығы | | | | |
Бағалау
5 ұпай | «5» |
4 ұпай | «4» |
3 ұпай | «3» |
6. Мұғалім: Балалар, сабағымыздың басында айтқандай Ш.Айтматовтың шығармалары дүниежүзінің тілдеріне ғана аударылып қоймай, сонымен қатар сол шығармалар желісімен пьесалар, көркем фильмдер де түсірілген.Қазір сендердің назарларыңа түрікмен киностудиясы түсірген «Мәңгүрт» көркем фильмінен үзінді ұсынбақпын.
Фильмнен үзінді көрсетіледі.
7.Мұғалім:Балалар, өздерің көріп отырғандай кешегі жүзі оттай жанып, жалын атқан жас жігітЖоламан елін, жерін, анасын қорғаймын деп атқа қонып еді. Ақыры не болды?! Сарөзектің қу даласында мәңгүрт атанып, өз анасын өлтірді. Ал бұл адам айтқысыз трагедияны болдырмауға болар ма еді? Қалай ойлайсыңдар, анасының мәңгүртті іздеуі жөн бе еді? Егер ол мәңгүрт баласын іздемесе, тірі қалар ма еді? Осы сұрақтар төңірегінде дебат жүргізу үшін үш топтан үш оқушы жеребе таңдауға шақырамын.
Дебат тақырыбы: «Анасының мәңгүрт баласын іздеуі жөн бе еді?»
1-Иә-Жақтаушы топ
2-Жоқ-Даттаушы топ
3--Төреші топ
Топ жұмыс істеу бағыты: Бала – ананың бауыр еті
Топ жұмыс істеу бағыты: Мәңгүрт бала-жат баламен бірдей.
Топ жұмыс істеу бағыты: Екі топты тыңдап, төрелігін айту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Енді, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, адамзат баласына ең ауыр жаза -оны ақыл –есінен айыру екенін, ал сол адамзатты дүниеге әкеліп, ол үшін өмірін де қиятын адам –ол сөзсіз Ана екеніне тағы да көз жеткіздік деп ойлаймын. Мәңгүрт болғың келмей ме, онда туған халқыңның арғы-бергі тарихына зер сал, ана тіліңді ардақта, ұлттық намысты ескер, келешекті ойла.
Ендеше, балалар, үйге тапсырма: «Мәңгүрттіктен сақтан , ұрпақ» атты эссе жазып келіңдер.
(Рефлекция әдісі).
Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Сабақ ұнады ма? Несімен?
Болашақта не қосар едіңдер?
1-топтың жұмысы ( Әр анықтамасын нақты дәлелдеп көрсетеді)
Интернет жүйесінің зиянды жағы
Жеті атасын, тарихын білмеу
Әр түрлі діни секталардың әсері
Ұлттық тәрбиенің жоқтығы
Мәңгүрттікке жетелейтін жолдар:
Нашақорлық-зомби
Ата-ана мен бала арсындағы жақындықтың әлсіздігі
Патриоттық тәрбиенің жетіспеушілігі
«Болашақ» бағдарламасының
зиянды жағы
2-топтың жұмысы ( Әр анықтамасын нақты дәлелдеп көрсетеді)
Өз отбасыңның тарихын білуің керек
Тілің мен дінің мықты болу керек
Салт-дәстүріңді білуің керек
Денең мен сана сезімің таза болу керек
Ата-анаңды қадірлеуің керек
Мәңгүрт болмау үшін не істеу керек?
Қазақтың болмысын бейнелейтін ән тыңдауың керек
«Мен қазақпын» деген рухың биік болу керек.
Ойтолғау.
Мұғалім: Оқушылар, осы «Найман - Ана» әңгімесіндегі қандай эпизод сендерді ойландырды, қызықтырды?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Асан қайғының сөзі бар:
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады. – демекші
Ал күй не толқытса шығады? (проблемалық сұрақ)
Күй – жүректің үні, сезімі. Оқушы жауабынан кейін енді балалар бойымызды еркін ұстап көңілімізді мына күйге бұрайық.
Тапсырма: Күйді тыңдап отырып ойтолғау жазу, шағын мәтін жазу. Көңілмен ұғып, қағазға түсіру. Сүгірдің күйі «Бозінгенді» тыңдап отырып, күйден нені естідіңдер, қандай оқиға осы күйді ашып тұр.
(«Ана мен бала» туралы слайд көрсетіліп тұрады.)
Сабақты бекіту: Ал , енді, кім сөйлейді? Оқушылар жазған ойтолғауды тыңдау.
Енді, балалар, сабағымызды қорытындылай келе көп нәрсе ұғып, көп нәрсені аштық деп ойлаймын. Маған сұрақтарың бар ма?
Менің сіздерге сұрақтарым бар. (рефлекция әдісі).
Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Сабақ ұнады ма? Несімен?
Болашақта не қосар едіңдер?
Соңғы сөз: Салт – дәстүр, әдет-ғұрпымыз – ұлттық нышанымыздың биік көрінісі.
Мәңгүрт болғың келмей ме, онда туған халқыңның арғы-бергі тарихына зер сал, ана тіліңді ардақта, ұлттық намысты ескер, келешекті ойла.
Үйге тапсырма беру: Найман-Ана монологын жаттау.
Бағалау:
өз естелігінде былай деген екен: «Ғасырдан да ұзақ күн » романын жазарда мәңгүрт тақырыбын ұзақ зерттедім, бала күнімде жөн-жосықты білмейтін біреулерге «Ей, мәңгүртсің бе, өзің?» деп жатқанын құлағымызбен талай естідік. Адамның мәңгүртке қалай айналатынын білмесек те, сүйегіңнен өтер ауыр сөз екенін сезуші едік».
әрбір қазақ отбасының өз тарихы бар, дәстүрі бар.
Мүмкін аталарын, руын , шығу тарихын білмей адам өмір сүруге болатын да шығар. Кім осыны дұрыс дейді?
Осы көтеріп отырған мәселе Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді «Найман – Ана» аңызындағы мәңгүрт мәселесімен байланысты болмақ.
Ал, енді ойланайық, автор мәңгүрт мәселесін көтеру себебі не? Осы мәселе туралы не айтқысы келді? Автор «Найман-Ана» әңгімесін аңыз деп алды? Неліктен?
Топ жұмыс істеу бағыты: Еріксіз мәңгүрт дегеніміз не?
(Еріксіз мәңгүрт- Жау қолына түскен адамдардың тағдырлары )
Топ жұмыс істеу бағыты: Ерікті мәңгүрт дегеніміз не?
(тілін, халқын, ата-тегін, дінін ұмытқандар
Мұғалім сұрақ қойып отырады: әр топ кезекпен жауап береді.
1 –топқа : Бүгінгі әңгімедегі мәселені халықаралық, мемлекеттік
дәрежеге көтерудің маңызы бар ма?
2 – топқа: Мәңгүрттіктің ең төменгі сатысы өз ортаңда кездесе ме?
1 – топқа: Ана басындағы ақ жаулық неге құсқа айналды?
2- топқа: Жауыздыққа, оның асқан түрі, адамды ақыл естен айыруға
сендердің көзқарастарың қалай?