Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
–Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:
–Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.
Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:
–Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.
–Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.
–Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
–Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды
Сергіту жаттығуын
жасайық!!!
Бақытты балалар әні
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Жүректен жүрекке
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.