Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған айлығы өткізілді.
Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған айлығы өткізілді.
Мектепте іс-шаралар жоспары әзірленді, іс-шараларға 3-9 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымы қатысты. Айлық шеңберінде тілдерді үйренуге бағытталған танымдық, ойын-сауық іс-шаралар өткізілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған айлығы өткізілді.»
Тіл – халықтың жетістігі, оның бөлінбейтін және ажырамас белгісі. Тіл дамуы ұлттық мәдениеттің дамуымен тұтастай байланысты, сондықтан тіл өз қоғамдық міндетін атқарады.
Песчан №2 арнаулы жалпы білім беру мектеп интернатында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған айлығы өткізілді.
Мектепте іс-шаралар жоспары әзірленді, іс-шараларға 3-9 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымы қатысты. Айлық шеңберінде тілдерді үйренуге бағытталған танымдық, ойын-сауық іс-шаралар өткізілді.
«Өз тілімді қалай сүймеймін» атты сап түзеуде қазақ тілі мұғалімі А.Т.Тілейхан балаларды іс-шаралар жоспарымен, мерекенің тарихымен таныстырды. Мұғалім заманауи ақын Купчилинның «Келісім тілі» атты керемет өлеңін оқып берді. Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарымен және Ел басы Қазақстан халқына Жолдауының тарауларымен таныстырды. Мектеп кітапханашы Р.Ж. Сүлейменова «Бір-бірін тыңдау және түсіне білу» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Балалармен тілдер туралы әңгіме өткізілді, оның барысында көп ұлттық елімізде тұрып жатқан халықтарымен танысу жалғастырылды. Қазақстанда ғасырлар бойы келісім мен бейбітшілікте жүзден астам ұлттар мекендейтінін балалар білді. Балалар халықтардың салт-дәстүрлерімен танысуды жалғасты: орыс, қазақ, неміс, өзбек және т.б. Әңгіме барысында балаларда Қазақстан халықтардың бірлігін сақтау патриоттық борыштары тәрбиеленді. Ермек Е.Е. «Ана тілім- қазақ тілім» мақал-мәтелдер сайысын өткізді. Бұл сайыста оқушылар түрлі халықтардың мақал мәтелдерін еске алды, тіл, достық, республика туралы өлеңдер оқып берді, би биледі, ән айтты, сондай-ақ ойындар өткізілді. Бұл сайыс арқылы, егер де бейбітшілікте, достастықта және келісімде өмір сүрсек, сонда ғана біз адамдар ғаламшарды сақтай алатымыз деген ойды балалар түсінді. Барлық оқушылар үшін «Тілдерді білу – бұл заман талабы» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты ОТҚ қолдануымен, қызықты әңгіме түрінде өтті. Көп ұлттық Қазақстан Республикасында көптеген халықтар өмір сүретінін туралы білімдерін балалар бекітті. Халықтар бір бірінің дәстүрлерін құрмет етіп, ғасырлар бойы жер мен аспанды бөліп отыр. Республикада тұрып жатқан халықтардың құқытары тең. Президентіміздің өткізіп жатқан саясаты негізінде олар бәрі тілдерін, ұлттық мәдениетіндамыта алады. Д.А. Ермек дайындаған мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауында Б. Кумабаев, Н.Иванова, А.Бубеков үздік болып атанды.
Оқушылар әртүрлі тілдерде өлеңдерді мәнерлеп, эмоционалды оқыды.
«Халықтарды біріктірген ел» тақырыбына суреттер сайысы өтті, сайысқа барлық оқушылар белсене қатысты. Әр бала «Бейбітшілік», «Бақыт», «Достық» сөздерінің мағынасын қалай түсінетінін сурет арқылы жеткізе білді.
Сондай-ақ, В.В.Овцынов «Халықтар ойындары» атты спорттық жарыстарды өткізді. Ойындар мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау.
Айлық «Халқымның тілі – менің тілім» атты фестивалімен аяқталды, педагогикалық ұжым және оқушылар белсенді қатысты. Әр сынып әртүрлі тілде сәлемдесу, көркем өнер және костюмдерді дайындады.
Конкурстың барлық қатысушылары грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған бұл үлкен мереке біздің тәрбиеленушілер рухында терең із қалдырды.