Просмотр содержимого документа
««Жануарлар әлеміне саяхат»»
Күні:24.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды дұрыс жаттығу жасап тыныс алуға үйрету.
Тәрбиелік: Бір – бірімен дұрыс қарым – қатынас жасауға, бір – бірінің көңіл – күйлерін, өз сезімдерін сезінуге, қамқорлыққа, адами жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: қабылдау, ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту. Ұсақ моторикасын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс –тәсілдері:сұрақ – жауап, дидактикалық тапсырмалар, танымдық ойын-тапсырмалыр, тыныс алу жаттығулары, арт – терапия (коллаж, изотерапия).
Түрі: Тренинг арт – терапия элементтерімен.
Көрнекіліктер: шырша, шырша жанғақтары, қыстырғыш, дидактикалық тапсырмалар, жануарлардың суреттері, музыкалық магнитафон.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар шеңберге тұрады. Бір – біріне қарап тұрып сәлемдеседі. Шеңбер бойына жайғасады.
Психолог: Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақтар жасырамын, ал сендер сол жұмбақтардың шешімін тауып көріңдер:
1.Летом серый, а зимой белый.
2.У кого из зверей
Хвост пушистее и длинней
3.Адамға серік, күзетке берік
4.Сумаңдаған тілі бар,
Тіл ұшында уы бар, - жарайсыңдар, сендер барлық жұмбақтың шешімін таптыңдар. Бұл жұмбақтар нелер жайлы екен балалар. Әрине, сендер дұрыс айтасыңдар бұл жұмбақтар жанауарлар туралы екен. Біздің жұмбақтардан шешкен жанауарлардан басқа тағы қандай жанауарларды білесіңдер? Жабайы жанаурлар қайда өмір сүреді екен? Бізді жабайы жануарлар өз мекендеріне шақырып жатыр екен, көмекке барамыз ба? Тек, біз орманға қалай бару керектігін білмейміз ғой. Кенет жерден жіпті тауып алады. Балалар, бұл не? А-а-а, мен таптым! біз осы жіптің көмегімен орманға барамыз.
Аюдың әуені ойнайды. Алдымызда бөгет бар, сол бөгетті баспастан екі аяғымызды ашып өтуіміз керек. Балалар маймаңдап жүреді. Айтыңдаршы, біз қай жауарға ұқсап жүріп келе жатырмыз? Дұрыс айтасыңдар! Парта жанына келгенде:Ой, қараңдар, жіп тоқтап қалды. Мына парта үстінде нелер шышылып жатыр. Бір жауар бізден көмек сурап жазыпты, ол қандай жануар ? Біз жана қалай жүріп келдік? Әрине, сендер қандай тапқырсыңдар!
Танымдық ойын:«Төртінші артықты тап»
Төрт табиғаттың немесе жануардың суреті турады, арасында біреуі артық. Сол артық жануарды немесе табиғат құбылысын тауып не себепті екегндігі жөнінде өз ойын айтады.
Танымдық ойын: «Кімге не жетіспейді?»
Төртінші артық суретке не жетіспейтіндігін табады және жетіспейтін бөлшегін қысқыштарды түсіне қарай таңдап жасайды.
Әуен ойнайды, жіп қозғалады. Балалар, қараңдаршы сыйқырлы жіп бізді жолға шақырып жатыр! Балалар қоян секілді секіріп, қоянның үйіне келеді.
Дидактикалық ойын: «Сүйікті тамағын тап»
Парта үстінде жанаурлар және олардың жейтін тағамдары жатады. Балалар әр жануарға сүйікті асын тауып, қыстыру қажет.
Жіп тағы да қозғалады, орман әуені ойнайды.
Балалар, қараңдаршы, қандай керемет табиғат. Мына жерде шашылып жатқан не нәрсе? Онда не тұрыс, жаңғақтарды жинайық.
Тыныс алу жаттығуы:
Балалар шеңбер бойына отырып, әуен ырғағымен жаңғақтарды алақанына, бетіне, мойнына, табандарына айналдыру арқылы жаттығу жасайды.
Психолог: Міне, керемет! Мына үйді қараңдар! Қане, байқап көрейік.
Арт – терапия: «Әлемде жок жануар»
Парта үстінде жануарлардың дене бөлшектері жатады. Балалар өз қалағансурет бөлшектерін таңдап «Әлемде жок жануар» құрастырып, бояулармен бояп, қырқып алып, өздері үй жасап орналастырады. Психолог балалардан «Еш нәрсе ұмытпадың ба?, Еш бөлігін өзгертпейсің бе?», - деген сүрақтар қояды. Балалар өз суреттері жөнінде өз ойларын айтады.
Қорытынды сабақ:
Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
Кимдерге көмек көрсеттік?
Сендерге саяхатымыздың қай бөлігі ұнады?
Балалар, сендерге бүгін өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Маған өте қатты ұнады.