kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҰБТ-ға сеніммен барайық !

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҰБТ-ға сеніммен барайық !
Генжемуратова Гулзат Ермекбаевна

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҰБТ-ға сеніммен барайық !»

Балаңыз ҰБТ-дан сүрінбесін десеңіз…

Мектепті бітіріп, орта білім алып шығу – әрбір баланың өмірінде болатын елеулі бір белес. Бұл қуаныш көбіне бала үшін де, оның ата-анасына да үлкен жауапкершілікпен қатар, эмоциялық күйзеліс алып келеді.

Күйзеліс дегенiмiз – адам ағзасының сыртқы ортаға психофизиологиялық жауап беру реакциясы. Сыртқы ортадан алынған кез-келген ақпарат адам ағзасы, жүйке-жүйесі, жан дүниесi үшiн тiтiркендiрушi құбылыс.

Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатып, қоздырады. Күйзеліске ұшырай отырып, ағза қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне қорғаныштық жауап қайтарады. Стресс алған адам мінез-құлқын өзгертіп, қорқыныш сезімі, депрессия, невроздар, эмоциональды тұрақсыздық, көңіл- күйдің түсуі, есте сақтаудың нашарлауы, ұйқысыздық, селқостық сияқты психоэмоционалды бұзылыстарға алып келеді.

Күйзелістер, әсіресе олар жиі және ұзақ болса, физикалық денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Олар көптеген аурулардың дамуы немесе өршуіне қауіпті фактор болып табылады. Жүрек-қантамыр, асқазан-ішек аурулары, иммунитеттің төмендеуі сияқты аты жаман аурулардың дамуына әкеледі.

Адам өмірінде стресске алып келетін жағдайларының бірі – емтихан, мектеп бітіруші жасөспірімдер үшін – ҰБТ. Әрине, емтихан біздің өміріміздегі қиын болса да, айналып өтуге келмейтін сынақ. Кейбіреулер емтихандарды оңай қабылдап, өз біліміне кәміл сенеді, ал көптеген жасөспірімдерге ҰБТ және онда алатын бағасы едәуір қобалжумен байланысты. Мұндай жасөспірімдер ҰБТ болады дегеннен-ақ үрей, қорқыныш, өзіне деген сенімсіздік сияқты негативті эмоцияларды сезінуі мүмкін. Психологияда мұндай сипаттағы эмоциялық күйді емтиханмен (тестілеумен) байланысты үрей деп түсіндіреді. Адамның эмоциялық үрейдегі күйлері төмендегідей көрініс беруі мүмкін:

– кейбір бақылау функцияларының бәсеңдеуі,

– қорғаныс реакцияларының бұзылуы,

– қимыл қозғалысқа теріс әсер етуі,

– еріктік функцияларының бәсеңдеуі, т.б.

Сондықтан да, ҰБТ-ны тапсыруға даярлану кезінде педагогикалық көмекпен қатар, мектеп бітіруші жасөспірімдерге психологиялық тұрғыдан да едәуір жәрдем ету қажеттілігі туындайды. Өмірінің жауапты кезеңінде психологиялық көмекке бала қандай мұқтаж болса, оның ата анасына да психологтың кеңесі ауадай қажет.

Күйзеліс дегенiмiз – адам ағзасының сыртқы ортаға психофизиологиялық жауап беру реакциясы. Сыртқы ортадан алынған кез-келген ақпарат адам ағзасы, жүйке-жүйесі, жан дүниесi үшiн тiтiркендiрушi құбылыс.

Психологиялық қолдау көрсету психолог маманы болмаса да, әрбір ата- ананың қолынан келеді. Баланың ҰБТ-дан сүрінбей өтуінің басты факторларының бірі ата-анасының ықыласы мен ниеті десек те болады. Сонымен, мектеп бітіруші баланы қалай қолдаймыз?

Ата-ана тарапынан психоло-гиялық қолдау көрсету дегеніміз – өз баласының күшіне сену. Өз перзентін қолдау үшін ересек адамдардың мүмкіндігі мол, өйткені ата-ананың абыройы бала тұлғасы үшін сөзсіз жоғары болғандықтан, әкесінің немесе анасының пікірі көп жағдайда жасөспірім үшін басты рөл атқаратыны анық. Балаға сенім артудың өзі — оның жігерін шыңдап, талпынысын жандандыруға негіз бола алады. Жасыратыны жоқ, көп ата-ана өз баласына түрлі жағдаяттарда сенбей, өзгелердің балаларымен салыстырып, өз баласының мүмкіндіктерін төмендетіп отырады. Ол әрине, «балам жаман болсын» деген оймен емес, керісінше, «шалыс қадамнан қорғаймыз» деген пиғыл деп түсіндіреді. Дегенмен, бала қателеспей, өзіндік тәжірибе жинақтай алмайтыны тағы бар, ал психологиялық тұрғыдан өз күшіне сенбейтін баланың өзін-өзі бағалау деңгейі төмен болып қалыптасуы мүмкін. Сонымен, құрметті ата-ана, балаңыздың қандай тұлға болып өсуі өздеріңізге тәуелді екенін ұмытпағайсыз.

Баланы жігерлендіру үшін ең бастысы, оны өзіңізге тең көріп, оған үлкен сенім арту қажет, мысалы мынадай сөздермен ынталандыру: «Бұл сенің қолыңнан келеді», «Сен мұны өте жақсы меңгергенсің», «Сенің бұл істі жақсы орындауыңа мен сенімдімін», т.с.с. Балаға тек сөзбен ғана емес, қолдауды бірлесіп жасаған іс-әрекет, эмпатия арқылы да көрсетуге болады:

– Балаңыздың күшті жақтарына негізделу;

– Оның бұрынғы жасаған қателіктерін бетіне баспау;

– Күнделікті өмірде балаңызға деген сеніміңізді білдіріп отыру, оның күшіне сену, мейірімділік таныта білу.

– Үй ішінде сыйластық пен достық атмосферасын орнату, баланы жақсы көретініңізді білдіру. Әсіресе, ҰБТ жақындаған сайын баланың үрейін туғызатын сөздер айтудың қажеті жоқ, өйткені ол кері әсерін тигізуі мүмкін. Баланың өз-өзіне деген сенімі төмендеген сайын, ертеңгі күні тестілеу кезінде дұрыс жауаптарға күмәнданып, қателіктің көбеюіне алып келуі ықтимал.


ҰБТ тапсырушылар, әсіресе, балық, ірімшік, жаңғақ, өрік жегені жөн.

Осы кезеңде балаңыздың денсаулығына назар аударыңыз. Күйзеліс кезінде адам ағзасы әлсіз келеді, иммунитеті төмендейді. Ең жақын адамдары – жанұясы болғандықтан, көмекті де сіздерден күтеді. Балаңыздың күн тәртібін, сабақ оқу мерзімі демалыспен алмасуын, күшінің шамадан тыс зорықпауын қадағалаңыз. Үйде өзіндік даярлануына, ешкімнің кедергі жасамауына жағдай жасаңыз. Тап осы кезеңде баланың тамақтануына да зейін салған жөн. Мысалы, түрлі витаминдер, балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. тағамдардың бас миының қарқынды жұмыс жасауына әсері мол екендігін ғалымдар дәлелдеген болатын.

Балаңызға өз уақытын үнемдеуді, тапсырмаларды күндерге бөліп, рет- ретімен орындауды үйретіңіз.

Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ны тапсыру кезінде мынадай нәрселерді ескергені жөн:

Біріншіден, алдымен барлық тестілерге көз жүгіртіп көріп алу, тапсырмалармен танысу;

– Екіншіден, сұрақты соңына дейін оқып, ұғыну (ҰБТ кезіндегі басты қателік — сұрақтың бас жағын ғана оқып бірден жауап жазу);

– Үшіншіден, егер тест сұрағына бірден жауап бере алмасаң, немесе сенімсіз болсаң өткізіп жібер, соңынан қайтып келіп, ойланарсың.

Ең бастысы, ата-аналарға айтарымыз, балаңыз осы маңызды белестен сүрінбей өтсін десеңіз, қорқыныш пен үрейін сейілтіп, ҰБТ-ға дайындалуына қолайлы жағдай жасаңыз. Және де балаңыздың эмоциялық күй жағдайына назар аударып отырыңыз, өйткені сіздер үшін бұл дүниедегі ҰБТ-да алған бағадан да қымбат, ең бас-ты құндылық – балаңыз екендігін ұмытпаңыз.









































«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Балаңыз ҰБТ-дан сүрінбесін десеңіз…















Сіздің темпераментіңіз қандай?

01

        



















Темперамент дегеніміз – адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет қылықта ғана емес, сонымен қатар барлық психикалық құбылыстарда: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде және т.б. байқалады.      

       Темпераменттің төрт түрі бар:     

       Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвиник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары тез пайда болып, тез ауысады. Сәтсіздіктерді тез әрі жеңіл өткереді. Бет жүзінен көңіл-күйі айқын білініп тұрады. Сезімтал. Қиналмастан бір істен екінші іске ауыса алады.

       Холерик (грек. chole  -  өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоцианалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.

       Флегматик (грек. phlegm – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және ортаға бейімделуі өте күрделі. Көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес. Сабырлы, байсалды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Сойтсе де жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімсіз. Бар білгені ішінде. 

       Меланхолик (грек. melanos – қара, cole – өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем. Болмашы нәрсеге өкпелегіш, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Тұйық. Жігері кем, тез шаршайды.

       Алайда бір адам нақты бір темперамент иесі бола бермейді. Біреулерде меланхолик басым болып, флегматиктің де кейбір қасиеттерін алуы мүмкін. Ал біреулер холерик. Ал сіз қандайсыз?





Сіздің темпераментіңіз қандай?

Құрметті достар, қалайсыздар? Бұйырса аптаның 2і күнін артқа тастап 3і күнге қарай қадам басайын деп жатырмыз. Қадамдарыңызға гүл бітсін!
Бұрын мектепте 10 сыныпта өзім жақсы көрген пән болды, оның аты — Әдеп! Бұл пәннен үйренгенім жетерлік. Қандай жерде болмасын адам өзін-өзі ұстай білуі және көркем мінез таныта білуі керек.
3 тоқсанында есімде ерекше қалған тақырыбы болды, адамның темпераменттері туралы. Біз үшін бұл өте қызықты тақырып болды, бір-бірімізді жан-жақты тексердік, тақырып 3-4 күнді алып кетті. Содан болар есте қалғаны.
Сонымен темперамент деген не? Бізге қандай қатысы бар?
Темперамент (латын тілінен аударғанда – сәйкестік)- әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Оның 4 түрі бар — Холерик, Сангвиник, Флегматик, Меланхолик!
Енді осыларға қысқаша ғана жеке-жеке тоқталып өтейін. Қызығы енді басталады.
ХолерикБұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

СангвиникЕті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адаммен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды.

ФлегматикБұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.

МеланхоликБұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

Сыныпта 25 оқушының ішінде жалғыз мені Холерик қылып қойды, тағы бір қыз бар еді бірақ ол мойындамады Сангвиник екенін дәлелдеп. Бұл Универ қабырғасындада психология пәнінде жалғасты. Тағы сол темперамент, енді жан-жақтан жиналған 30 студенттің ішінде тағыда мен Холерик болып шыға келдім. Достарым айтса мүмкін солай шығармын.
Мектепте апайымыз концертке барып кіре алмай қалған 4 қыз жайлы әңгіме айтып беріп еді, есіме дұрыс түспей тұрғаны. Әйтеуір Мағрипа дегені Менің әрдайым осылай жолым болмайды деп жылап үйге кетіп қалады. Қалғандары өйтіп-бүйтіп концертке кіреді.





















ҰБТ ЖӘНЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПӘНДЕР КӨРСЕТІЛГЕН МАМАНДЫҚТАР ТІЗБЕСІ

 

 

БАКАЛАВРИАТ  МАМАНДЫҚТАРЫ

Код

Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы

Таңдау бойынша пәндер

Бейіндік пән

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

5B010100

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Биология

Математика

5B010200

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Биология

Математика

5B010300

«Педагогика және психология»

Биология

Биология

5B010500

«Дефектология»

Биология

Биология

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

5B010400

«Бастапқы әскери дайындық»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5B010600

«Музыкалық білім»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5B010700

«Бейнелеу өнері және сызу»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5B010800

«Денешынықтыру және спорт»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5B042100

«Дизайн»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

5B090600

«Мәдени - тынығу жұмысы»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

 

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

5B010900

«Математика» 

Физика

Математика

5B011000

«Физика»

Физика

Физика

5B011100

«Информатика»

Физика

Математика

5 В060200

«Информатика»

Физика

Математика

5B070300

«Ақпараттық жүйелер»

Физика

Математика

 

 

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 

5B011200

«Химия»

Химия

Химия

5B011300

«Биология» 

Биология

Биология

5B011600

«География»

География

География

5B060800

«Экология»

Биология

Биология

5B073100

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

Физика

Математика

5B073200

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша)

Физика

Математика

5B012000

«Кәсіптік білім»

Физика

Математика

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТ

5B011400

«Тарих»

Дүниежүзі тарихы  

Дүниежүзі тарихы  

5B011700

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қазақ әдебиеті 

Қазақ тілі 

5B011800

«Орыс тілі мен әдебиеті»

Орыс әдебиеті

Орыс тілі 

5B011900

«Шет тілі: екі шет тілі»

Шет тілі

Шет тілі

5B012100

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі

5B012200

«Орыс тілінде оқытпайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті»

Орыс әдебиеті

Орыс тілі

5B020700

«Аударма ісі»

Шет тілі

Шет тілі

5B050400

«Журналистика»

2-шығармашылық емтихан

1-ші шығармашылық емтихан

 

ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІ

5B011500

«Құқық және экономика негіздері»

Дүниежүзі тарихы  

Дүниежүзі тарихы  

5B030100

«Құқықтану»

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

 

ҚАРЖЫ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

5B050600

«Экономика»

География

Математика

5B050700

«Менеджмент»

География

Математика

5B050800

«Есеп және аудит»

География

Математика

5B050900

«Қаржы»

География

Математика

5B051000

«Мемлекеттік және жергілікті басқару»

  География

Математика

5B051100

«Маркетинг»

География

Математика

5B090400

«Әлеуметтік - мәдени жұмысы»

География

География

5B090800

«Бағалау»

География

Математика

5B090200

«Туризм»

География

География

 

 

 

 



3.Суреттен нені байқадыңыз?

(психологиялық тест)

СУРЕТТЕН НЕНІ БАЙҚАДЫҢЫЗ?

Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз. Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз: АЙ Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.

АҚ ТҮСТІ КЕЛБЕТ

Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.

ҚАРА ТҮСТІ КЕЛБЕТБұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

4.Тест «Бұйыру немесе бағыну»

«Тест» деген сөз  және оның мағынасы біздің әрқайсымызға да белгілі. Барлығымыз да тесті көңіл көтеруге арналған ойын ретінде қараймыз.

Бірақ та жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жасалған тестер өзін тануға және обьективті түрде  өмірде табыстарға жетуге  ат салысады.

Сіз кімсіз? Капитан немесе қтатардағы жауынгерсіз бе?  Берілген тапсырманы мұқият оқып, мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыздар.

Берілген үш жауаптың біреуін таңдаңыз:

1. Достық сіз үшін:

А – бірлесіп қызмет жасау,

Б – қолдау көрсету,

В – альтруизм.

2. Ең алдымен нағыз художникте /артист/ болу керек:

А – талант,

Б –  батылдық

В – дайындық.

3. Сіз достармен кездесуде жиі сезінесіз:

А – «әтеш»,

Б – «тауық»,

В – «балапан».

4. Егер сіз геометриялық фигура болсаңыз, онда сіз болар едіңіз:

А – цилиндр,

Б – сфера,

В – куб.

5. Егер сізге қыз /жігіт/ ұнаса, сіз:

А – бірінші қадам жасайсыз,

Б – оның алғашқы қадам жасағанын тосасыз,

В – аздап қадам жасайсыз.

6. Сіз ойламаған жағдайға душар болғанда:

А – сақ жүретін боласыз

Б – сенімділікпен алға ұмтыласыз,

В –  қобалжисыз және  ренжисіз.

7. Егер де сіз ұжымның алдына шығып сөйлегенде, сезінесіз:

А – сізді тыңдайды,

Б – сынайды,

В – сіз қысыласыз.

8. Саяхатқа жолдастарды алғанда ең дұрысы:

А – мықты,

Б – ақылды,

В – тәжірибелі.

9. Шынын айтқанда, Золушка:

А – бақытсыз қыз,

Б – айлакер – мансапқор,

В – көңілсіз, сары уайымшыл.

 


10. Сіз өз өміріңізді қалай шамалайсыз:

А – шахмат партиясы,

Б – бокс матчы,

В – карта ойыны.

 Нәтижені өңдеу

Таблицаға сәйкес ұпайларыңызды санаңыз:

 

жауап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

3

3

3

1

3

3

3

3

1

2

Б

2

2

2

3

2

2

2

2

3

1

В

1

1

1

2

1

1

1

1

2

3

 

Егер сіз 16 ұпайдан артық алсаңыз, онда қоғамда сіз жай қатардағы жауынгерсіз. Сіз басқаларды сыйлайсыз және жақындарыңыздың әлсіздігіне кешіреммен қарайсыз, сондықтан да бұйрық беруге және бәсекелестікке түсуге қабілетті бола  алмайсыз. Мүмкін сіздің биліктен бас тартуыңыздың  да себебі осында болар. Сондықтан да, қандай-да бір шешім қабылдамас бұрын, қанша рет лидерлікке ұмтылғанда сәтсіздікке ұшырағандығыңызға талдау жасаңыз. Егерде шынына келер болсақ сіз  лидер болмай-ақ та өзіңізді  тамаша сезінесіз, болып жатқан жағдайлардан өзіңізді біршама алшақ ұстаңыз. Шындығында бұл жаман емес, көңіліңіз тыныш болады.

Егер сіз 17-23 ұпай алсаңыз, сіз кіші офицерсіз. Бұл от пен судың арасындағыдай ыңғайсыз жағдай. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз жеткіліксіз және шешімді қиындықпен қабылдайсыз, солай емес пе?  Сіз аздап жетекшісіз  және аздап жауынгерсіз… Сіздің сенімсіздігіңізден аргументтеріңіз тыңдаушыларға жете қоймайды. Бұдан шағатын бірден бір жол – өзіңізге деген сенімділікті күшейту керек.

Егер сіз 24 ұпайдан жоғары алсаңыз, сіз – генералсыз.  Сіз бала кезіңізден бастап қажетті істер жөнінде сөз болған жағдайларда   бірінші болып қызмет жасауға даяр тұратынсыз, солай емес пе?  Өсе келе басқа адамдарға деген әсеріңіз нығая түсті, әсіресе қиын кездерде. Егер де сіз ….қиындықтардан қорықпасаңыз,   бұл қабілетіңіздің арқасында  сізді өте жоғары бағалайтын болады. Бас қосуларда елдің алды болып, сізді тамаша жолдас /құрбы/, ақылшы санағанды қанағат тұтпаңыз. Лидер үшін бұл жеткіліксіз. Батыл түрде лайықты мақсаттар қойып, өзіңізбен жұмыс жасауды жалғастырыңыз.

 





















ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды 

психологиялық ахуал  жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.

Тренинг.  Тақырыбы:  Балама жайлы жағдай.
Мақсаты:  Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Баланың ҰБТ-ге дайындығына ата-ана тарапынан болатын көмекті жан-жақты талқылай отырып, ата-анаға психологиялық көмек беру.               
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, 4 фарматта ақ  қағаз, ата-аналарға арналған кеңес парағы, слайдтар.
Әдіс-тәсілі:  тренинг сабақ, сұрақ-жауап. 
Жүргізілу барысы:  
1. Кіріспе.
      «Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11-сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар ролі ерекше және де маңызды болады. Өйткені балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет. 
ҰБТ-ті тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата-аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін. Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенменде жасыра алмайсыз. 
    Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәттіліктердің барлығы жасөспірімнің өзіне байланысты. Алайда бұл  сәттіліктерге қол жеткізу үшін ата-ананың, ұстаздардың, туған-туыстың, достарының жасөспірімге қолдауы ауадай қажет. Сол себептен де бүгін сіздерді пікір алысуға, бір-бірімізден тәжірибе алмасу үшін жинап отырмын.
2. Әр ата-ана өздері бүгінгі күнге дейін баласына қандай көмек беріп жатқандығы жөнінде әңгімелейді.  Пікір алысып, тәжірибе алмасады. 
3.  1- жаттығу.    «Сәлемдік  хат » .
Мақсаты: Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту.
Уақыты: 5 минут.
Нұсқау: Қағазға сәлемдесу сөздерін жазыңыз. Сосын оны қобдишаға саламыз. Содан соң мен оны араластырып сіздерге ұсынамын. Сіз оған хатты топ алдында оқып, өзіңізге бүгінгі күннің естелігі ретінде қалдырасыз.
     Талдау:
Сәлем хат жазу қиын болды ма?
Сіздің сәлеміңізді оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Көңіл-күйіңіз қалай?
4.   2-жаттығу.      « Жанұя »  сұрақтарға жауап.
1. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөні?
2. Балаңыздың парталас көршісінің есімі кім?. Ата-анасының есімдерін айтыңыз?
3. Балаңыздың досының есімін ата?
4.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Балаңыздың оқыған әдеби шығармасының атын, авторын атаңыз?
6. Бүгінгі сабағыңыздың сабақ кестесін айтып беріңіз?
7. Балаңыздың сыныбында жуық арада қандай тәрбие сағаты өтілді?
8. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын әуені?
9. Қызығушылығы басым пәнін атаңыз?
10. Қандай мамандықты ұнатады?
11. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
12. Балаңызды еркелеткенде көп айтатын сөзіңіз қандай?

5. 3-жаттығу.     «Миға шабуыл».
 Мен сіздерді пікір-талас клубына шақырамын.
Нұсқау:
Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарды өзара талқылап, қорғауы керек.
1-ші топқа тапсырма: ҰБТ-ге дайындалатын орынды қалай ұйымдастыру керек?
2-ші топқа тапсырма: Емтиханды жақсы тапсыру үшін не істеу керек?
3-ші топқа тапсырма: Емтиханға бір күн қалғанда қалай ұйымдастыру керек?
4- ші топқа тапсырма: Емтихан күнін қалай ұйымдастыру керек?
Талдау:
Сұрақтарға жауап беру қиындық туғызды ма?
Сіздің балаңыздың дайындығына көмек беруіңізге бұл талқылаудың пайдасы болды ма?
6. Ата-аналарға балаларының сынама тестен кейінгі алынған сауалнамаларға жауабымен таныстыру.
Мақсаты: Ата-ананы өзінің баласының ата-анадан күтетін көмегімен, баласының жай-күйімен таныстыру.

Мектеп бітіруші оқушылардың сынама тестен кейінгі жай-күйін анықтау мақсатында   алынған сауалнаманың қорытындысына  

         Сауалнама алынған сынып: 11а
Қатысқан оқушы саны: 14
                                                                                       
1. Сынама тест тапсырғанда қандай пәндер қиындық туғызды?
1. Математика  - 4
2. Математика, физика – 8
3. Физика – 1
4. Алгебра, биология – 1
2. Қандай пәндерді орындау оңай болды?
1. Қазақ тілі – 2
2. Қазақ тілі, Қазақстан тарихы – 12
3. Осы сынама тестке дайындықпен келдің бе?
6. Дайындалып келдім – 3
7. Тәуекелге сендім – 9
8. Аздап дайындалдым – 2
4. Өз біліміңе  сенімдісің бе?
2. Сенімдімін – 6
3. Сенімім аз -  8
5. ҰБТ-ге ата-анаң тарапынан қандай көмек көрсетілуде?
4. Моральдық жағынан (үй шаруашылығынан босатады) – 6
5. Материалдық жағынан (репетитор жалдау, қосымша әдебиеттер алып беру) – 8
6. Пән мұғалімдерінен саған қандай көмек қажет? Қандай пәннен?
1 Физика – 5                      4. Дүниежүзі тарихы - 1
2. Математика – 10           5. Биология -3
3. Орыс тілі – 8                 6. Қосымша сабақтар, күнделікті тапсырма беріп соны қадағалап отырса, талап етсе.
7. Ата-ана тарапынан саған қандай көмек қажет?
1. Ешқандай көмек қажет емес - 11
2. Моралдық көмек - 2
3. Материалдық көмек – 1
8.  Сынама тест тапсыру кезінде сенде қобалжу болды ма?
2. Ия – 5
3. Жоқ – 9
9. Қандай пән сен үшін дайындықты көп қажет етеді?
1. Математика  - 10
2. Физика – 1
3. Биология – 1
4. Қазақ тілі – 1
5. Тарих – 1
10. Барлық уақытыңды ҰБТ-ге дайындыққа жіберіп жатсың ба?
1. Ия – 2
2. Жоқ – 1
3. Аздап дайындалудамын – 11

8. Ата-анаға кеңес: 
- Балаңыз ҰБТ-ден төмен балл жинағанда да сіз, оның әлі көп жетістіктерге қол жеткізетінін айтыңыз.
- Алдымен өзіңіздің қобалжуыңызбен толқуларыңызды  баса біліңіз! Себебі, бала сіздерге қарап жүйке жүйесінің күрт кері әсерге қарай өзгеруі мүмкін.
- Балаңыздың көңіл-күйін көтеруге тырысыңыз  (Мысалы кішкене жетістіктері болса мадақтап отырыңыз).
- Балаңыздың денсаулығына көп мән беріңіз! Іштей қобалжулар денсаулыққа теріс әсерін тигізуі мүмкін.
- Емтиханға дайындалатын орнын жайлы етіп орналастыруға тырысыңыз! Үстелінің үстін сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қойыңыз. Өйткені бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
- Өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесіңіз. Себебі, өз-өзіне сенімділігінің төмендеуінен  ҰБТ-ден үлкен қате жіберуі мүмкін.
- Балаңызға бір күндік кесте жасауға көмектесіңіз!
1. Емтиханға 8 сағат дайындалу қажет.
2. Спортпен шұғылданып, немесе таза 8 ауада жүруі керек.
3. 8 сағаттан кем ұйықтамасын, қажет болса түстен кейін ұйықтап алсын.
(Өздеріңіз жағдайға қарай өзгертуге болады).
- Сондай-ақ баланың тамақтануына көп көңіл бөліңіз! Әсіресе осы уақыттарда ойлану арқылы миға күш түсетіні анық, сондықтан астағы түрлі дәрумендердің болғаны жөн. Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, дәрумендерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректендіріңіз! Емтихан алдында тойып тамақтануға болмайды. 
- Балаңыздың күнделікті емтиханға дайындық барысында , қандай пәннен қиындық туып тұрғанын байқағаныңыз абзал.
- Тест сұрақтарын жаттауда көптеген әдебиеттерден жаттаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз! 
- Емтиханға бір күн уақыт  қалғанда балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз?

Бала емтихан алдында жақсылап ұйықтап алсын!
- Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жасатыңыз!
- Психикалық жүйке әсерін төмендету әдістерін жасатыңыз!
- Қандай жағдайда да сіз оны жақсы көретініңізді, оған сенетініңізді айтыңыз!
9. «Жеміс-жидектің пайдасы » (Слайд түрінде көрсетілдеді).


















































Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам.



Ұйымдастырушы: мектеп психологы

Нұрмұхаметова Ж.Д.


Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.


Тренинг міндеттері:

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;

- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;

- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;

- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;


Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.


Тренинг құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

б) «Автопортрет» жаттығуы.

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

е) «Өрмекші торы» жаттығуы.

ІV. Қорытынды бөлім.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы.


Тренингтің жүру барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау

- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен»

концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.

/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./

Топта жұмыс істеу ережесі:

1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау.

2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

3. Болып жатқанға белсенді қатысу.

4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.


ІV. Негізгі бөлім.

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....


б) «Автопортрет» жаттығуы.

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...

Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.

Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

е) «Өрмекші торы» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.


Тыныштық сәтін ұйымдастыру .


ІV. Қорытынды бөлім.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы


Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/

- Маған қажет қасиеттер, мыналар......

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.


б) «Қайта байланыс» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:

- Тренингте ең бірінші не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

- Өзің жаңадан не білдің?

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.






























1 кеңес. 9-10 сынып оқушыларының мамаңдық таңдауы
2 кеңес. Баланың мектепке дайындығы
3 кеңес. Оқу мотивациясын арттыру
4 кеңес. ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Құрметті дос!

      Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың! Осы жолды бастар алдындағы ең маңызды міндетің-ігілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, бастысы өз қабілетіңді, қызығушылығың мен шығармашылық әл-қуатыңды іске асыра алатын болашақ мамандығыңды таңдау болып табылады.Ол үшін сен әуелі кәсіби білім таңдап, оны меңгеріп шығуың керек. Кісәби білімсіз шектеулі қызмет аясынан шығалмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Мамандық таңдауға қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек. Жұмыс  пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен!
       Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол-өзінің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабың.
       Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

·                        мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

·                        бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы);

·                        қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

·                        ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;

·                        ата-ананың, отбасының көзқарасы;

·                        құрбы-достарының көзқарасы;

·                        мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;

·                        жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.

      Сондықтан, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын таңдау мәселесі-ең соңғы кезең болып табылады.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

1.Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

2.Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

3.Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

4.Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

5. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

6.Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

7.Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

  Әр адамның өзіндік құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар даөзгеретіні сөзсіз. Даму ерекшеліктеріңнің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттеріңнің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.

  Өзін табу-одан қысқажолжоқ,

  Өзінтабу-оданұзынжолжоқ.

  Өзін табу-өз бойыңда қайнар көзін ашу,

  Өзінтабу-одандакүштіболу.   (Ю. Энтин)

Осы сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  Әлемде 40 мыңдай әртүрлі мамандықтар бар. Жыл сайын 25 млн. адам жұмыс орнын ауыстырды,оның 12 %жұмысына қайта оралады. Мұндай статистиқаға қарағанда, мамандықты таңдағанда саналы түрде ойланып, өзіңді сырттай бақылап, өзіңнің қабілеттеріңді, қызығушылықтарың мен бейімің, мінезің мен темпераментің туралы нақты хабардар болу қажет.

Табыс пен сәттіліктілейміз!

2 кеңес. Баланың мектепке психологиялық дайындығы

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.

            Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.

Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.

            Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?

            Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрсенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

            Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды.

Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды.

      Сондықтан да балаңыздың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап қайтарыңыз. Бала сұрақ берген  сәтте оған ұзын-сонар жауап айтудың қажеті жоқ, оның ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап берсеңіз болады. Сұраққа жауап бере отырып, баланы ойлануға жетелеу керек. Шама келсе, баланы өзін қызықтыратын сұрақтарға жауапты сөздіктерден, балалар энциклопедиясынан іздену арқылы табуға жетуіне  тәрбиелеу керек.  Бала өзін қоршаған ортамен белсенді байланысқа түскенде ғана «Неге бұлай? Бұл қалай? Неліктен? Не себептен?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Мұндай кездерде ата-ана баланың дамуына ықпал ететін, ол үшін жаңалық болып ашылатын сан алуан әрекет түрлерін ойластырғаны, ұйымдастырғаны жөн. Сол арқылы бала өзін тұлға ретінде таниды, өзі үшін маңызды жаңалық ашады. Ата-ана баласын табиғат аясына, хайуанаттар бағына, саябаққа ертіп апару арқылы олардың дамуын белгілі бір танымдық мақсатқа бағыттайды. Сонымен қатар ол баланы салыстыруға, талдауға, қорытуға, ой түюге итермелейді.

            Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді:

            1.Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды  қолдана білу керек.

            2.Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады.

            3.Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың  балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады.

            4.Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді.

            5.Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек.

            6.Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз  қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады.

            7.Бала белгілі бір табысқа қол жеткізген жағдайда ғана өзін-өзі бағалай бастайды. Сондықтан да баланы табысқа, жетістікке жетелейтін жағдай жасауға ұмтылу керек.

            8.Баласының интеллектуалдық дамуын, зейінінің өсуін қадағалап отыратын, кітап оқығанды жақсы көретін отбасында баланың дамуы жедел жүреді.

      Алты жастағы балаларды оқытуда ойын оқыту әдіс ретінде ерекше орын алады. Осы жастағы балаларға тән мінез-құлық: ойынға деген қызығушылығының артуы, мінез-құлық еріктілігінің жетіспеушілігі, көрнекілік-бейнелік ойлауы. Сондықтан балаларды дамытуда  танымдық мазмұны бар ойын элементтерін қолдану өте тиімді болады. Осындай элементтер болып: ойын сюжеті, рөлдерді бөлу, берілген мақсатқа жету және арнайы ережелерді орындау үшін ұтысты ойын элементтерін пайдалану. Аталған әдіс-тәсілдерді тәжірибелік іс-әрекетте күнделікті қолдану  

Мақсаттары:

«Мектепте оқуға психологиялық дайындық» түсінігі туралы ата-аналарды ақпараттандыру.

Мектепте оқудың психологиялық дайындық мәселелерін  және оларды шешу жолдары туралы ата-аналарда түсінік  қалыптастыру.

Болашақ 1-і сынып оқушыларының мектепте икемделу мәселелерін тиімді шешуде ата-аналар қызығушылығын белсендендіру.

Міндеті:балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығының мәселелерін жеңу  стратегиясын шығару.

Мектепке психикалық дайындығы (синоним: мектептік кемелдену)-баланың мектепте алғашқы жетістіктеріне қажетті психикалық қасиеттері.

      Келесі құрастушылардан тұрады:

1. Мотивациялық дайындық – мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;

2. Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;

3. Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;

4. Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.

Мектепке психологиялық дайындығы

 1.Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік  орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.

2.Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі  қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны  жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.

                  Мектепке көзқарасы: мектептің күн тәртібін орындау, уақытында сабаққа келу, мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы. 

      Мұғалімге және оқу әрекетіне көзқарасы:

Сабақтағы жағдаяттарды дұрыс қабылдауы;

Мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі ойын, оның кәсіби рөлін нақты қабылдауы;

Сабақтың тақырыбына байланысты дұрыс сұрақ қоя білуі;

Сабақ барысында эмоционалды контакт қолайлы болу үшін, баланы басқа әрекетпен айналыспауға үйрету.

Мектепке дайындығы аталған деңгейде болғанда, бала жаңа қоғамда әлеуметтік – психологиялық  икемделу үдерісінен  тез арада өтеді. 

                   Баланың туыстары мен жақындарына көзқарасы               

Өзінің отбасында жеке орын алатын баланы оқушы ретіндегі жаңа рөліне туыстары  сыйлап қарайтынын сезінуі керек. Болашақ оқушыға, оның оқуына  маңызды, мазмұнды іс-әрекетті орындап жүргендей көзқарасты білдіру қажет. Өйткені, оқу оның іс-әрекетінің негізгі түрі болып саналады.

                    Баланың өзі-өзіне көзқарасы

Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.

            Бала өзін және өзінің мінез-құлқын  дұрыс бағалау  керек.

Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.  

            Баланың мектепке оңтайлы көзқарасы тек қана интеллектуалдық  емес, эмоционалды-жігерлік компоненттерін де қамтиды. Оның жаңа әлеуметтік орнына- оқушы болуға тырысуы, мектепте оқудың маңыздылығын тек қана түсініп емес, дұрыс қабылдап, мұғалім мен құрбыларын сыйлау керек. Мектепке деген саналы көзқарасы  оқу әрекеті туралы кеңейтілген және тереңдетілген ұғымымен байланысты болу керек. Баланың мектепке қызығушылығын әрі қарай қалыптастыру жолдарын белгілеу  үшін, оның оңтайлы көзқарасының деңгейін білу өте маңызды болады.

            Сондықтан, мектеп туралы берілген мәлімдемелерді бала тек қана түсінбей, сезініп, өз басынан кешу керек.

            Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын  белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет.   

            Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.

            Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.

            Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.

Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын ата-аналарға сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?

2. Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?

3. Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)

4. Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?

5. Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме  құрастыра алама?

6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?

7. Берілген зат есімді көпше түрде айталама?

8. Балаңыз буындап болса да оқима?

9. Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?

10. Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?

11. Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама? 

12. Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?

13. Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)

14. Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?

15. Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?

16. Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?

Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.

Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.

10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге  қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.

Мақұлдаған сұрақтар саны 9және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 

            Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.

            Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.

            Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.

            Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.    

3. Оқу мотивациясы білім сапасының көрсеткіші ретінде

      Баланың білім қайнарынан «нәр алуға» ықыласын қалай ояту керек? Танымдылық белсенділігі қалай сарындау қажет? Бұл мәселе бойынша мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар тапжылмай жұмыс істейді. Бірақ та, соншалықты зор нәтиже берілмеуде. Сондықтан, мұғалімдер әр түрлі «қызықтырулар» ойлап сабақтарда қолданады: ойындар, слайдтар т.б. Алайда, мұның барлығы сыртқы уәж. Ал оқу әрекетінің табысты болуы және білім сапасы ішкі уәжбен байланысты.

       Педагогикалық үрдістің тиімділігінің негізгі критерийі – оқушының тұрақты танымдылық қызығушылығы мен мотивациясы. Қазіргі таңда мектептің ең негізгі мәселесі – оқу мотивациясын қалыптастыру. Оның өзектілігі оқу әрекетімен оқу мазмұнының жаңаруымен, оқушылардың өздігінен білім алу әдістерін қалыптастырумен, белсенділігін дамытумен себептеледі. Әр бала үшін оқу әрекетінің маңызы әр түрлі. Оқушының мотивациясын айқындау – педагогикалық шараларды анықтау, баламен жұмыс әдістерін белгілеу. Адамның мотивациялық өрісі әр түрлі.

1- блок. Жеке тұлғаның оқу мағынасы – А.К.Маркова бұл үрдісті оқушының оқуға деген ішкі көзқарасын анықтайды дейді, өзінің өміріне, өз тәжірибесіне, өз-өзіне теңейді. Оқудың мағынасына жету, тұлғалық мәнділігі өзінен-өзі пайда болмайды, білім меңгеру үрдісінде қалыптастыру қажет. Оқудың тұлғалық маңыздылығы әр мектеп жасында әр түрлі болады.

Оқудың маңызы бала үшін идеалдар жүйесі арқылы анықталады, яғни  ол оларды  қоршаған ортадан, отбасынан меңгереді.

Оқу маңызына күрделі тұлғалық қасиеттері:

-  Оның мәнділігін объективті түрде сезінуі;

-  әлеуметтік ортада, әсіресі отбасында қабылданған адамгершілік құндылықтар;

-  Баланың өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейі енеді.

Оқыту барысында аталған критерийлар даму үрдісінде болады, сол себептен оқу маңызы да   дамып отырады  немесе басылады.

Мотивацияда ерекше рөл оқу үдерісінің табыстылығына байланысты – білім қоры мен сапасы, әдіс-тәсілдерді жию болып табылады.

2 блок. Оқу мотивтерінің түрлері: танымдық, әлеуметтік.

-  Танымдық мотивтер әрекетінің мазмұнымен білімге терең қызығушылықпен байланысты. Танымдық мотивтер өз білімін жетілдірудің негізі болып, оқушының таным әдістерін жетілдіруге бағытталады.

-  Әлеуметтік мотивтер оқушының басқа адамдармен өзара әр түрлі әрекеттеріне байланысты. Мысалы: қоғамға пайдалы болуға ұмтылу, мұғалім және ата-аналар алдындағы жауапкершілікті сезіну.

       Әлеуметтік мотивтерге позициялық түрлері кіреді: анық позицияға орнығуға ұмтылу, айналадағылардың мадақтауын иеленіп, беделін көтеруге тырысу. Позициялық мотив өзін танытуда- көшбасшы орнын алуда, басқа адамдарға әсерін тигізуде, ұжымда үстемді болуында көрінеді. Бұл мотив – өзін тәрбиелеудің, жетілдірудің негізі болып саналады.

       Іс-әрекеттің өзіне байланысты мотивтердің түрлерін басқаша сипаттау болады. Сыртқы мотивтер іс-әрекетпен байланысты емес, егер де байланысты болса, ішкі мотивтер болып саналады. Ішкі мотивтер үрдістің өзіне және оның нәтижесін қызығушылығы, дағдылар мен машықтарды дамытуға тырысумен сипатталады. Сыртқы мотивтер ата-аналар немесе мұғалімдер мәжбүр еткенде көрінеді. Мысалы, оқушылар есептер шығарғанда жақсы баға алу үшін орындаса, бұл сыртқы мотивтер болып саналады. Ал ішкі мотивтер – сол есептерге қызығып, олардың рационалды әдісін табуға, нәтижесіне жетуге ұмтылса. Егер ересек адамның қадағалауы мен ғана орындалса, мотив өзекті болмай сыртқы болады. Оқу мотивтерінің 3-і түрі екінші тенденцияға негізделеді. Табысқа жету немесе қиындықтан қашу. Табысқа жетуге мотив қойған балалар алдарына позитивті мақсаттар қойып, белсенді амалдар іздеп, барлық қорларын салып, оңтайлы эмоцияларымен рахаттанады. Ал қиындықтан қашып құтылуға мотивтерін бағыттаған бала өзін-өзі бағалауы төмендігін, өзінің күшіне сенбей табыстыққа жете алмайтынымен байланысты.

       Сондықтан, мұғалімдер мен ата-аналардың басты міндеті – баланың шамалы жетістігін мадақтап, сәтсіздіктерге аса назар аудармай, табыстыққа ұмтылыуын дамыту.

3 блок. Мақсатты тұжырымдау

Мотивтерді іске асыруда мақсат қоя білу – баланың мотивациялық өрісінің кемелдену көрсеткіші. Бұл қабілеті болашақта кәсіби әрекетінің табысты болуының негізіне жатады.

4 блок. Мотивтің мінез-құлқында іске асуы. Мұнда көрінетін аспектілер: мінез-құлқы мен оқу әрекетінің барысына әсер етуі, оқу тапсырмаларының таңдау әдістері.

Қабілеттер мен бейімділіктер негізінде өзекті қызығушылықтар жатады, олар кәсіби бағдар алуына әсерін тигізеді. Бұл адам үшін үлкен құндылық.

5 блок. Оқу мотивациясының эмоционалды компоненті

Оның негізгі мінездемесі – оқушының уайымдауы, оқуға эмоционалды көзқарасы. Егерде баланы қоршаған орта қолайлы, жайлы болса оқушының ішкі мотивтері мен елігушілігі, пәнге деген танымдық-эмоционалдық көзқарасы артып, оқуы табысты болады.

4 кеңес. ҰБТ-ға психологиялық дайындық

        Емтихан – бұл стресс, және тек оқушыға емес, мұғалімдерге де, ата-аналарға да. Әрине, тек ҰБТ емес, жалпы кез келген сынақ стреспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Бірақ стресс екі түрлі болады: эустресс – адамды шыңдайтын, қажырлы етіп, жігерін арттыратын және дистресс – адамның еңсесін түсіріп, күйрететін. Осыған байланысты, ҰБТ ғана емес, кез келген сынаққа қатысты қорқыныштың мүлде болмауының өзі қорқынышты! Сондықтан, психологтер жауапты сәттерде белгілі бір дәрежеде үрейдің болуы қажет деп санайды. Онсыз адам баласының белсенділігі төмендейді де іс-әрекетінің табысты болуы екіталай. Сондықтан, түлектің ҰБТ-ға енжар қарамайтыны ең алдымен, оның шамалы сескенісі, қорқынышы арқылы анықталады. Бірақ бұл қорқыныш жастардың денсаулығына, жансаулығына қауіп төндіретіндей жағдайда болмауы керек!

       ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Мектеп бітірушіге психологиялық  жағынан қалай дайындалу керек?

* Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.

* Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.

*Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.


Егер көзің ауырса не істеу керек?

Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.

-        Ауыспалы түрде жоғары, төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);

-        Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;

-        Алыстағы затқа ауыспалы түрде  көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);

-        Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;

Бір күндік кесте

-        Бір күнді үшке бөл;

-        Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;

-        Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле –      8 сағат;

-        8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.

Тамақтану

      Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.

Дайындалатын орын

           Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?

           Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары

1.Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2.Жұмыс барысында  бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің  дәрежесі ауқымды болады.

3.Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан  оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.

4.Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

5.Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6.Адам түсінде есіне сақтамайды – бірақ ұмытпайды.

Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау

1. Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.

2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.

4.Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!































« Мен өзіме сенемін» психологиялық тренингі

Психологиялық тренинг мақсаты:

Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.

Міндеттері:

  • ҰБТ-ға дайындық тиімділігін арттыру.

  • ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.

  • Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.

  • Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.

  • Өз эмоцияларын басқара алу.

Психологиялық тренингтің жоспары:

  1. «Танысу» жаттығуы

  2. «Сағат тілі» жаттығуы

  3. А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)

Б) «Ата – ана, менің суретімді тапшы» (ата – аналар үшін)

В)«Мен кім» және «мен қандаймын?» жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата – аналар үшін)

4. «Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең

5. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы

6. Түлектерге арналған аффирмация

7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы

8. «Гимназия түлектерінің ата – аналарына арналған кеңестер»

9. «Эксперимент» жаттығуы

10. «Өміршеңдік ережесі» сенімділік бағдарламасы\

11. Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз»

1.«Танысу» жаттығуы

Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.

Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.

Тренингтік ереже:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау

  • Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау

  • Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

2. «Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

13-14 аралығы – амандасу

15-16 аралығы – күлімдеу

17-18 аралығы - комплимент айту

    1. ралығы – басынан сипау

21-22 аралығы – қол алып амандасу

23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

  1. «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Нұсқау: Білім алушылар «менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

«Мен қандаймын және кіммін» жаттығуы

Нұсқау: ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған бүктелген қағаздар таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші бетіне «Кіммін», екінші бетіне «қандаймын» сұрақтарына жауап жазып, жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз.

4.«Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.

6. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады.)

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. 
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар барлығы шеңберге жиналып, рет бойынша 1-2 ге саналады. Бірінші саналған қатысушылар орындықта отырады, екінші саналған қатысушылар отырған қатысушының қасында тұрады. Екінші қатысушылар көздерін төмен салып тұрады. Бірінші қатысушылар бос орындықтың қасында тұрған жүргізушінің ым – ишарасын қадағалап тұрады. Бос орындықтың иесі көзбен ымдау арқылы бос орынға адам шақырады. Бірінші қатысушылардың мақсаты – тез арада бос орынға отыру, екінші қатысушылардың міндеті – алдындағы қатысушының іс әрекетін қадағалау.

Талқылау сұрақтары:

  • Жаттығудан қандай әсер алдыңыздар?

  • Икемділік пен байқампаздықтың атқаратын маңызы қандай?

8. Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.

• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін аттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.

• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.

• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.

• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.

• ҰБТ тура қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.

• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:

- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;

 - Сұрақты соңына шейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына шейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);

 - Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз

Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

9. «Эксперимент» жаттығуы

Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.

СеЗДірМей жҮРгеН,

ТеК өЗім біЛГен,

БІр сЕНім бАр

ЖОҒалМас мүЛДем.

Сол сЕНІм бАрДа,

АСЫғам аЛҒа,

Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа! 

2. сЕНбе еШКіМге, тҰРса дА қАНша маҚТап, 
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап. 
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар, 
АҚылың мЕн еңБЕгің еКі жаҚТаП. 

3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң бИЛеу,өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік- 
Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы

10. Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге оқиды.)

  • Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

  • Жігер деген – Мен.

  • Күш деген – Мен.

  • Махаббат деген – Мен.

  • Кешірім деген – Мен.

  • Құдырет деген – Мен.

  • Жасөспірім деген – Мен.

  • Жастық деген – Мен.

  • Даналық деген – Мен.

  • Денсаулық деген – Мен.

  • Жарқындық деген – Мен.

  • Бар ғажайып деген – Мен.

  • Бәрі маған байланысты.

  • Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.

  • Рефлексия







































Дауан атындағы жалпы орта мектебі  

           Тақырыбы:

Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Мақсаты:

   Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.

Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
 

Күтілетін нәтижелер

Тренинг соңында оқушылар :
1. Зияткерлік тапсырмалар,оқушы әлеуетін дамыту мақсатында зерттеулер пайдасын біледі.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.

Қолданылатын ресурстар

интернет ресурстары,бейне жазбалар

Көрнекі құрал — жабдықтар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, желім, қайшы, интербелсенді тақта, слайдтар

Тренингтің  өту барысы

Коучтың іс  -әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

(5 мин)

Өзіндік  анықтау ,ішкі сезімін сыртқа шығару

Релаксация:

Құрметті оқушылар,барлығымыз орнымыздан тұрып.тақтадағы бірнеше сөздерді бірге

оқимыз.

 

1. Адамға

жақсы көңіл-

күй сыйлау, өздері туралы жақсы сөз айту

Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!

Әлемде мені бәрі жақсы көреді!

Мен бақытты оқушымын!

Менің денсаулығым мықты!

Мен білімді оқушымын»

Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!

Мен алдағы ҰБны жақсы нәтижемен тапсырамын!

 

 

Топқа бөлу

(2 мин)

2.Топқа  бөлу. Әр қатысушыны

орындарына отырғызу

Сыныптағы  тыңдаушылар топқа бөлініп отырады.

2. Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.

(7  мин)

1. «Сенімділік» жаттығуы

 

Мақсаты: оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету.

 

 

Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу

ұсынылды. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп,бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,

екінші бөлікке жағымды қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін

қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҰБТ-ға дайындық барысына ағзаға түсетін  ауырлықтарды жеңу үшін жаттығулардың маңызы зор

Көзің шаршаса не істейсін?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда агзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек. Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз

 

—           Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;

Яндекс.Директ

Детский сад 30 000 тг! До 15 дек.Профес­сиональная подго­товка к школе! В группе 6 чел.! Английский интенсив!interschool.meАдрес и телефонАлматыСкрыть объявление

Объявление скрыто.



—           Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;

—           Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;

—           Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен  квадрат, үшбұрыш салыңыз

 


Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:

—           Емтиханға дайындық күніне 8 сағат

—           Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге 8 сағат

—           8 сағаттан кем уйықтамаңыз және қажет болса тусте дем алып алыңыз

 

Тамақтану

Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Емтихан алдында көп тамақтанбау керек.

 

Өз ойларымен бөліседі.

Сергіту сәті

(3-5 мин)

«Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Нұсқау: бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдамдай түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасынан жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты.  Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.

Талдау:

—           Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма?

—           Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма?

 

Жаттығу орындайды

(7-10 мин)

«Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.

Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.

Нұсқау: алдарыңызда

топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірден аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам …

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда …

Оқушылар кезекпен шығып, сөйлемді жалғастырады

5мин

«Стресс» тесті

Мақсаты: бітірушінің стресске берілгіштігін анықтау.

Нұсқау: пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан – 1 балл

Кейде – 2 балл

Жиі – 3 балл

Әрқашан – 4 балл

Тест орындайды, нәтижесін тексереді

7мин

Видеоролик «Чашка кофе

Қорытындылау

Өз ойлары мен бөліседі

2 мин



Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.

Стикерлерге ұсыныстарын білдіру.









































Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау

Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау

Тақырыбы: «Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау»

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл –күйлерін көтеру, оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезде психологиялық қолдау жасау.ұжымда сыйластық қарым –қатынас орнату.

Міндеттері : Оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда кеңес беру, үрейді азайту.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өздеріңізге құрметпен қарауға, белсенді болуға шақырамын.

Ұлттық біріңғай тест дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық , көтеріңікі –көңіл күй қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ге оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.

Түрі: Тренинг- сабақ

Құрал –жабдықтар: Ватман қағазы, қайшы, маркер, түрлі –түсті қағаз, желім, интерактивті тақта.

Топтық қатысушылар ережесі:

  • Сөзді бөлмеу ережесі.

  • Тыңдап ал, содан кейін айт.

  • Белсенді бол.

Жоспары:

1. Сәлемдесу.

2.Мұғалімдерге психологиялық кеңес.

3.« Қимыл қозғалыс » жаттығуы

4.« Сіз қандай ойда жүрсіз ? » суретті тест

5.Менің жүрегім» жаттығуы

6.“ Базар сауда” жаттығуы.

7. “ Тиімді қарым –қатынас орнату”

8. «Дауыс ырғағы » жаттығуы .

9.Тапсырма: Мұғалімнің моделін жасау.



















ҰБТ- ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау
(психологиялық тренинг)


Мақсаты: Бітіруші сыныптарды ҰБТ-ға байланысты сенімділікпен ұстамдылыққа дайындау. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде психологиялық қолдау жасау.

Міндеті:

1)Алғашқы баспалдақтан, оқушылардың болашақ өмір жолдарының «оң» басталуына ықпал ету мақсатында - өзін-өзі тануды дамыту;
2) Оқушыларды психологиялық жаттығуларды орындау арқылы стрестен, қобалжулардан арылуға көмек көрсету.
3) Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу,танымдық белсенділігін арттыру;
4) Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кеңес беру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Орындықта дөңгеленіп отыру.

  1. Барысы:


Психолог:
Армансыз адам болмайды. Сіздер 2012 жылдың жас түлектерісіздер. Сіздердің
алдарыңызда үлкен сынақ күтіп тұр. Осының бірі алдымыздағы ҰБТ.
Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру
мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де
бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технологияға
негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлкеттік аттестациялау және
жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын
бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі. ҰБТ-ның мақсаты-
мектепті бітіруш түлектердің негізгі төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты
меңгергендігін анықтау.


Сол сынақтан сүрінбей, табысты өтулеріңізді тілеймін. Бүгінгі психологиялық тренинг сіздерге өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.


2.Сурет салу . "Ағаш мақсатымыз".

Ол үшін барлығымыз өз мақсат ағаштарымызды салайық. Осы ағаштың түбірі-мақсаттарың, ал бұтақтары міндеттерің. Бастайық. Салдық па? Кім өзінің мақсат ағаш суретімен таныстырады?
Рахмет! Демек, біз өз мақсаттарымызды қойып, оның міндеттерін де айқындап алдық. Шаршадық па, ал ендеше дем алайық.
релаксацияарналған жаттығу №
"Өз жұлдызыңызды табыңыз?»
Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі және өзін сенімділікпен оптимизмге бағыттау.
Уақыты: 20 минут.
Нұсқау: дөңгеленіп отырыңыздар және көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең
демалыңыз...(музыка ойнайды).
- Ал, енді жұлдызды түнді елестетіңіз.
«Аспанда сансыз көп жұлдыздар жарқырап сәуле шашып тұр. Айналам тып-тыныш,ешқандай сыбдыр естілмейді. Менің жаным жайланып, бойымды тылсым әсер күші биледі. Мен аспандағы жұлдыздарға жаймен назар сала көз тастадым. Осы жұлдыздардың ішінде ерекшеленіп, сәулесі қатты жарқыраған жұлдызды көрдім. Ол жұлдыз түнгі аспан әлемінің патшасы, Айдын жанында тұр еді. Осы жұлдыз менің жаныма жақын әсер етті. Ерекшеленген жұлдызды таңдап, алақаныма алып, оған ұзақ таңдана қарадым, ол гауһар тастай жалт-жұлт етіп өз сұлулығын көрсетті. Мен ол жұлдызға қарап, ішімдегі бар тілегімді, алға қойған мақсаттарымды, орындалмаған армандарымды, сырымды айттым.»

  • Шынымды айтсам» жаттығуы.


Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар!

Топтама үлгілері:

1) Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлансам... (қатты уайымдаймын)

2) Шынымды айтсам, мен тест, емтиханға дайындалып жатқанда... (көңілім басқа жаққа ауып

кетеді)

3) Шынымды айтсам, мен тест туралы ойлағанда... (қатты қобалжимын)

4) Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда... (көңілім түсіңкі болып кетеді)

5) Шынымды айтсам, мен қобалжығанда... (ешкіммен сөйлеспей қоямын)

6) Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда... (көңілім көтерілді)

7) Шынымды айтсам, мен үйге келгенде... (тест, емтихан жайлы көп ойлай бермеймін)

8) Шынымды айтсам, мен

9) Шынымды айтсам, мен

10)Шынымды айтсам, мен

11) Шынымды айтсам, мен

Талдау:


  • Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?


  • Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?


  • Келе жатқан емтиханға байланысты қандай сезімді басыңыздан өткеріп жүрсіз?


  • Сіз стреске ұшырадыңыз ба?


  • Сіз стресс белгілерін білесіз бе?


  • Ал, енді қорқыныш сезімімізді, қобалжуларымызды, стресті жояйық! Жазылған топтамаларды бүкіл ашуларыңызбен майдалап жыртып, мына ыдысқа салып,жағып жіберейік


(Көңілді музыка ойнатылады)

"Менің жетістікке жетудегі бес жақсы және бес жаман қасиеттерім" деген тақырыпта өздерің ойланып,қағаз бетіне жазыңыздар.

Рахмет! Өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттерін білген және ашық айта білген,әлсіз қасиеттерін түзетуге ұмтылған адам ғана жеңіске жетеді. Демек , сендердің жеіске жетіп, өз мақсаттарыңның орындалуына күмән келтіруге болмайды.

Алдарыңдағы қағазға назар аударыңдар. Қағаз төрт бөлікке бөлінген.

"Мен қазір", "Мен 6 айдан кейін", "Мен 5 жылдан кейін", "Мен 10 жылдан кейін".


Қорытынды: Оқушылар өз ойларын ортаға салады.











































Загрузка...




Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау

Мақсаты: оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде психологиялық қолдау жасау.

Міндеттері:

  • Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кеңес беру;

  • Психоэмоциональды және ақыл-ой қысымын түсіру;

  • Үрейді азайту.

  1. Сергіту сәті. Тест: «Сіздің уайымға бейімділігіңіз».

     Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай иіп алған итті көріп отырсыз. Иттің бақытты болуы үшін бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат?

     Өзіңіздің қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл-күйін көтеретін бір нәрсенің суретін салыңыз. Ол итке ұнамайды оған керегі жоқ деген сізде теріс ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрін сала беріңіз.

     Бұл тест көмек қажет еткен адамдарға қол ұшын бере аласың ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыны түсінуге көмектеседі.

    Тестінің кілті.

  • Егер сіз иттің жанынан басқа жануарды салсаңыз онда сіз ең негізгі көмек деп адамның айтқанын ең соңына дейін тыңдайсыз, ішіндегісін шығартып жеңілдетесіз. Сіз әрдайым араласатын адамдарыңыздың қиындыққа түскенін сезесіз және өз ақылыңызбен көмектесесіз.

  • Сіздің салған жануарыңыз иттен үлкен болса, онда сіздің менмендігіңізді көрсетеді. Сіз елге көмек беруге қарсы емессіз, оның санасыздығы мен тоғышарлығын өзгертуге ұмтылмайсыз.

  • Егер сіздің салған суретіңіз иттен кіші болса, онда сіз ешқандай пайысмды көмек бере алмайсыз. Әрине сіздің жанашырлығыңыз шынайы, бірақ қажетсіз.

  • Егер де иттің жанына сіз адамның  суретін салсаңыз, онда сіздің салқынқандылығыңызды және бірыңғайлығыңызды білдіреді. Сіз өзгенің күйзелісі мен мәселесіне барынша кірісіп кетесіз, бұл әурешіліктің сізге керегі жоқ.

  • Егер сіз иттің жанына үйшіктің немесе ұяшықтың суретін салсаңыз, онда сіз қиындыққа түскен адамның  барлық адамдарды қорғап пана бола аласыз. Сіз жауапкершіліктен қорықпайсыз және берген уәдеде тұрасыз. Айналаңыздағылар кез-келген жағдайда сіздің көмегіңізге сүйенеді.

  • Егер сіз иттің мойнына, иегіне, тұмсығына көңіл бөлсеңіз, онда сіз қиындыққа түскен адамның шаруасына араласпағанды ұнатасыз. Өзгенің мәселесі сіздің өміріңізді қиындатпауы керек және адам өзіне-өзі көмек көрсету арқылы қиын жағдайдан шығуы оның жеке ісі деп есептейсіз. Ал сіздің жалғыз берер көмегіңіз бұл ақшалай, әрине қарызға бір-ақ рет.

  • Тамақтың (сүйектің, қалдықтың) суретін иттің жанына салатын болсаңыз, онда қиындыққа тап болған адам  сізден көмек сұрамаса да, сіз оған көмек көрсетесіз. Айналаңыздағылардың азаптанып, қиналғанын көре тұра қол қусырып қарап отыра алмайсыз,  қайткенде де көмек көрсетуге тырысасыз. Кейде сіздің көмегіңіз түкке де аспай қалады, әрине қарап тұрғаннан бұл да жақсы. Иттің айналасына көп заттардың суретін саған өте жақсы. Онда сіздің көмегіңіз жан-жақты болуы мүмкін.

2.Мұғалімдерге психологиялық кеңестер:

  • Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз;

  • Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз;

  • Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз;

  • ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсетіңіз, жақсы сөздер айтыңыз. Мысалы: «Сенің қолыңнан барлығы келеді»;

  • Оқушыларға тілектер айтыңыз. Мысалы: «ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін. Мен сендерге сенемін!»;

  • Аутотренингті қолдануды үйреніңіз;

  • Оқушылардың үрейін азайту үшін терең тыныс алуды ұсыныңыз;

  • ҰБТ-ны жақсы тапсыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы: логикалық ойлануға әр сұрақ мағынасынан жауап табуға болады;

  • ҰБТ алдында ең алдымен өзіңіз сабыр сақтаңыз;

  • Байқау тестілерінің нәтижесі төмен болса, оқушыларға ұрыспаңыз. Сабырлылықпен түсіндіруге тырысыңыз;

  • Ал ҰБТ нәтижесі төмен болса, мұнда қандай қателік жібердім дем ойлаңыз;
      

  1. «Түрлі түсті кар точкалар» - аяқталмаған сөйлемдер

Егер  де сізді бір айдың ішінде қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл карточканы алып, «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егер де ренжіген сәттеріңіз басым болса, «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл карточканы алып, сөйлемді аяқтау керек.

     Түйін: мұғалімдердің таңдауларына қарай психолог қорытынды сөз айтады.

  1. Ақыл-ойдағы қысымды түсіруге арналған жаттығу.

Жаттығуды орындықта отырып орындау керек. Иықты тік ұстап, өзімізді бос ұстау үшін көзімізді жұиуымыз керек.

  • Қолымызды көтеріп, самайымызға апарамыз. Самайдағы нүктені табамыз. Оны басқанда ауырғанын сеземіз.

  • Сұқ саусақпен сол нүктеге массаж жасаймыз. 20 рет алға, 20 рет артқа қарай айналдырамыз. Тағы да қайталаймыз.

  • Жаттығуды аяқтау үшін самайдағы нүктені ақырын ғана басып, 3 рет терең тыныс аламыз. Рахмет!

  •  

4.Дыбыстық гимнастика.

Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді. Мұнда тыныс алу бұлшықеттері мен диафрагма жаттығады. Әр түрлі дыбыстар әр түрлі вибрация туғызады және біздің санамызға әсер етеді.

    «А» дыбысы кеудемізге діріл туғызып, ағзадағы дыбыстық гамманы әрекетке келтіреді. Барлық жасушаларды жұмысқа ынталандырады.

     «Н» дыбысы бас миында вибрация тудырады, оның оң жақ бөлігін белсендендіріп, ми ауруларын емдейді, интуицияны жақсартып, шығармашылық қабілеттілікті дамытады.

      «В» дыбысы жүйке жүйесін ретке келтіреді.

      «Р» дыбысы стресс, қорқынышты азайтады, тұтығуды емдейді.

      «Т» дыбысы жанды ауырлықтан тазартады, жүрек-қан жүйесін күшейтеді.

 

Тыныс алу жаттығуы:

 

5.Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Бұл медитативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған.

       Психолог. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.

       Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен  жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің  денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп – жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Тағы жартас үстінде тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған мына ғажайып әлемге алғысыңызды білдіресіз. Тұрған жеріңізбен қоштасыңыз. Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Рефлексия:

  • Тренингтен алған әсерлермен бөлісіңіз? Қандай әсер алдыңыз?

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге

психологиялық қолдау жасау тақырыбында өткен тренингтің анықтамасы

 

Мақсаты: оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде психологиялық қолдау жасау.

Өткен уақыты: қараша, 2014 жыл.

Тренинг барысы:

1. Сергіту сәтінде «Сіздің уайымға бейімділігіңіз» тестісі жүргізілді.

 2. Мұғалімдерге психологиялық кеңестер беру.

3. «Аяқталмаған сөйлемдер»

4. Ақыл-ойдағы қысымды түсіруге арналған жаттығу.

5. Дыбыстық гимнастика

6. Тыныс алу жаттығуы

7. Рефлексия.

Қорытынды: Тренинг мұғалімдерге ұнады. Шаршағандары





Сабақтың тақырыбы:  Мамандық – жетістік мерейі

 Мақсаты:

  • «Мамандық» құндылығы  туралы түсініктерін кеңейту;   Мамандық таңдау, оның нәтежесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

Міндеттері:

  • мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;

  • мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;

  • еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде Әль-Фарабидің өлең шумағы оқылып, мамандық туралы ұлы ойшылдың ойын ұғынады.

                                Ісім оңсын десеңіз,

                                Сол істің маманы болыңыз.

                               Даңқым шықсын десеңіз,

                               Көпшіліктің адамы болыңыз.

Мәтінмен жұмыс

Н.Келімбетовтың«Үмітімді үзгім келмейді»  шығармасынан алынған екі дәрігердің  қызметіне, өмірдегі қызыметі мен  тұрмыстық әрекетіне  бақылауы  түріндегі әңгімесін оқып,  пайымдап пікірлесу қажет.

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

  • Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

Жаңа ақпарат

Оқушылардың «Жаңа ақпараттан»  түсінетін, есте мәңгі сақтайтын нәрселері:

  • Икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдау;

  • Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау;

  • Мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу.

Әңгімелесу

  • Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

  • Адам өзін белгілі бір  мамандыққа қашан, қалай дай       ындауы керек деп ойлайсың?

  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсың?

  • Қай  уақытта  адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Шығармашылық жұмыс

Отбасы мүшелерінің қандай кәсіппен  айналысатынын ескере отырып, «Отбасылық кәсіп» шежіресін жазу ата жолын, кәсібін құрметтеуге, ата- ананы бағалауға арналған  жұыстар болары сөзсіз.


Түйіндеме

Яндекс.Директ

Конкурсы для воспи­тателейДиплом через 2 минуты. Блиц-олим­пиады для воспи­тателей и детей (ФГОС 2016).doutessa.ruАдрес и телефонСкрыть объявление

Объявление скрыто.



Осы түйіндемемен 2- сабақты  бастауға болады. І.Есенберлиннің «Шабыт» деген ой жазбасын  ұсынылған.Танысып, ұққанын пайымдап алған соң ,  шабыттану, еңбекке құштарлық, ерекше көңіл күймен  іске ынталы кірісу сәті екенін ескере отырып, шығармашыл  еңбек үстінде туатын кезеңді Абай ақын бейнелегендей, ерекше көңіл күйдегі, қуатты шақ екенін ақындар, өнер адамы, ғалымдар мұндай шақты қалай өткізетінін әңгімелеп  айтып, не шығармаларынан оқып беру артықтық етпейді.

Дәйексөз

Л.Н.Толстойдың сөзі берілген. Осы сөздің  мәнін, мағынасын ашып,  пікір білдірген жөн. Талдау жасап, бүтінді бөлшекпен үйренгені қажет.

Еңбек атаулының  бәрі  де  бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.

Л.Н.Толстой

Жағдаят

Жағдаятпен танысып, шешімін табу  тапсырылған.Оның еш қиындығы жок.Адам өз мүмкіндігін , өз қабілетін асыра бағалады, жұмыс этикасын бұзып, инженерге тиісіп отыр. Бастық дәрменсіз. Ашық ангіме  арқылы  шешуге болады. Оны балалар ойланып, айтатын сөзін әзірлеп,  талдап алып айтқаны жөн.

Тапсырма

Тапсырма бойынша  оқушы өзі  келіспейтін  тұжырымды берілген тұжырымдардан  бөліп алып, ойын жазбаша түрде дәлелдейді.

Мысалы: мамандық бірақ рет біржола таңдалады – келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық  игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады  т.б.

  • Мамандық бір – ақ рет  біржола  таңдалады.

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

  • Отбасы мен  достарыңның  ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға  болады.

  • Қартайғанда да  мамандық таңдауға болады.

  • Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына  түсу керек.

  • Ақша болса мамандық қажет емес.

  • Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен  қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

  • Таңдайтын мамандығымды  болшақ табысым  анықтайды.

  • Мамандық таңдау- күн көріс қамы.

Жүректен  жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, өлең оқиды.

Еңбек  туралы

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істеген,

Қисаппенен қазынаңды үстегін.

Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.

Өз күшің жеткенше,өзің үшін аянба.

Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,

Ерте тұрған ердің бағы жанады.

Ж.Баласағұни




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ҰБТ-ға сеніммен барайық !

Автор: Генжемуратова Гулзат Ермекбаевна

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378454

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?БТ-?а сеніммен барайы?! (Психологиялы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(43) "ubtgasienimmienbaraiykpsikhologhiialyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "304580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457763860"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?БТ-?а сеніммен барайы? "
    ["seo_title"] => string(27) "u-bt-g-a-sienimmien-baraiyk"
    ["file_id"] => string(6) "211334"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1431602675"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?БТ- ?а   сеніммен барайы? дайынды? "
    ["seo_title"] => string(36) "u-bt-g-a-sienimmien-baraiyk-daiyndyk"
    ["file_id"] => string(6) "177743"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424702988"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Тренинг сабақ "ҰБТ - ға сеніммен барайық""
    ["seo_title"] => string(43) "trieningh_sabak_u_bt_g_a_sienimmien_baraiyk"
    ["file_id"] => string(6) "461560"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520875011"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "ҰБТ-ге сеніммен барайық"
    ["seo_title"] => string(23) "ubt_ge_senimmen_baraiyk"
    ["file_id"] => string(6) "487168"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542950004"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства