kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҰБТ-ге сеніммен барайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологическая подготовка учащихся 11 класса к экзаменам и сдаче единого национального тестирования.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҰБТ-ге сеніммен барайық»

Тақырыбы: ҰБТ-ге сеніммен барайық


Мақсаты: 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ді сенімді тапсыруға дайындау

Міндеті:

  • Ойын арқылы өздігінен жұмыс істеу

  • Ойлау қабілетін дамыту.

  • Стресті жеңуге жол көрсету

Сабақтың түрі:  ағартушылық-профилактикалық тренинг

Құралдар: тақта, интербелсенді тақта, ақ қағаз, қалам, карточкалар.


Тренингтің барысы:

- Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат,  міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.

«Молекула» жаттығуы

Жүргізушінің айтылған санына сәйкес оқушылар топқа жиналуы қажет. Егер жүргізуші 3 десе, оқушылар 3-тен жинналуы керек.

«Интуицияңды тексер» жаттығуы

Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден 4-ке дейін сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен аяқтаймыз.

- Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай ұяшықта жасырылған?

- 5-деген баға қай ұяшықта жасырылған?

- Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта жасырылған?

«Жунглидағы жаңбыр»

Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.



«Ертегі желісі бойынша» жаттығуы

Парақтарға кездейсоқ жазылған Рөлдерді бөліп алу. ҚАЙЫҢ, ҚАСҚЫР, ҚОЯН, АҢШЫ, ДАУЫЛ, КҮН.

Жетекші: «Үлкен ашық алаңқай. Дәл ортада ашулы ҚАЙЫҢ ағашы тұр.Олар көңілсіз, сықырлап, қозғалып, жәйлап тербеліп тұр. Бір кезде қайың артынан АШУЛЫ ҚАСҚЫР шыға келеді. Қасқыр қоянды іздеп жүр екен. Ал Қоян болса, осы ағаштарды айналшықтап қашып жүр. Өзі дір-дір етеді. Бір кезде кенеттен жылдам жүгіріп АҢШЫ келіп қалады. Аңшы дүрбісімен жан-жаққа қарайды. Аңшыны байқаған ҚАСҚЫР ҚАЙЫҢНЫҢ артына тығылады. Сол кезде қуанған ҚОЯН АҢШЫНЫҢ АРТЫНА тығылып қасқырдың жасырынғанын көрсетеді. ҚАСҚЫР еш кінәсіз екенін білдіртетін қимылдар жасайды. Кенеттен қатты ДАУЫЛ соғады. ҚАСҚЫР алысқа қаша жөнеледі. ҚОЯН басын жауып дір-дір етіп бүрісіп отыра қалады. АҢШЫ ҚАЙЫҢ ағаштары арасына тұра қалады. Бір кезде КҮН шығады. КҮН сәулесіне ҚАЙЫҢ жымия қарап сәулелеріне жылынғандай мәз болады. АҢШЫ ҚОЯННЫҢ басынан сипайды. Осы ертегіге қатысқан қатысушылар ортаға тұрып қол шапалақтайды.

«Менің болашақтағы арманым...» жаттығуы

Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерің, ойларын айту.

«Мен қазір», «Мен 6 айдан кейін», «Мен 5 жылдан кейін», «Мен 10 жылдан кейін»!

Қорытынды

- Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ге сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.























Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп














Психологиялық дайындық

«ҰБТ-ге сеніммен барайық»















Өткізген: педагог-психолог

А.Н. Смаилова

Күні: 09.11.2018г




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ҰБТ-ге сеніммен барайық

Автор: Смаилова Айжан Нурлановна

Дата: 23.11.2018

Номер свидетельства: 487168


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1600 руб.
2660 руб.
1520 руб.
2530 руб.
1430 руб.
2380 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства