Просмотр содержимого документа
«Сергіту терапиясы »
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі
Педагог-психолог: Н.Баекеева
Қазан, 2013ж
Мақсаты:
Қатысушылардың көңіл –күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басу.
Міндеті :
1. Бір –біріне деген құнттылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
2. Психологиялық қолдау көрсету.
3. Өзінің педагогикалық қызметінде интерактивті форманы қолдануға дайындық .
Психолог: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл- күйіңіз қалай? Шаршап отырган жоқсыз ба? Мен сіздермен қазір психологиялық сергіту терапиясын жүргіземін.
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақ кепілі» - дегендей бүгінгі жаттығуларымыз әр тілде жүргізілмек.
I.Жаттығу.
Қуаныш шеңбері.
Амансыз ба, күн!/ қолымызды күнге көтереміз/
Амансыз ба, дос!/қолымызды жоғары көтеріп, қолымызбен қатар тұрған көршіміздің қолын қысамыз/
Амансыз ба, ғасыр!
Амансыз ба, әлем! / қол ұстасып қолымызды жоғары көтереміз/
Жақсы адамға мың сәлем! / өзімізді көрсетеміз/
ІI.Жаттығу.
Сергіту терапиясы.
Веселая зарядка жаттығуын бейнеролик арқылы тамашалап және де қосылып орындайды.
ІІІ. Жылы лебіздер
Алдын – ала конфетпен дайындалған лебіздерді екі періште қыз таратып шығады.
Үш тілде қатысушыларға тілектерін жолдайды.
Қорытынды: Күншығыс халқының бір ойшылы: «Бір жылдығын ойлаған күріш егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған бала тәрбиелейді» деген екен осы ойдың астарына тереңнен зер салып, бала тәрбиесіне баршамыз ат салысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізейік дегім келеді. Ынтымақтастық бар жерде тәрбие де бар, бірлік те, береке де бар.