kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері» (орта буын оқушылары)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ата-аналармен қарым-қатынасы жақсы болу үшін бірінші тәртіп болу керек. Оқушымен әнгімелесу,жұмыстарын жүргізу керек.Үнемі қолдау көрсетіп бағыт -бағдар беру қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері» (орта буын оқушылары)»














«Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері»

(орта буын оқушылары)












Психологы: Бекешова Балжан


















Тренингтің тақырыбы: «Оқушылардың арасындағы

қарым-қатынас ерекшеліктері»


Қатысушылар: орта буын сыныптарының оқушылары


Тақырыбы: «Оқушылардың арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері»


Мақсаты: 1. Оқушыларға қарым-қатынас ерекшеліктері жөнінде мағлұмат беру;

2. Сыныптағы әр оқушының ерекше өз орны бар екенін сезіндіру, оқып жүрген сыныбы туралы көзқарасын қалыптастыру;

3. Әр оқушы өзін-өзі және сыныптағы барлық оқушыларды сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыруы.


Әдіс тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, интерактивті әдіс.


Қажетті оқу құралдары: Таза 2 плакат, тақырыпқа байланысты мәтін, 5 түрлі жағдайларды карточка түрінде жазылады.


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Сәлемдесу рәсімін жүргізу.

    2. Оқушыларды төрт топқа бөлу. Сыныптағы оқушылардың санына байлансты төрт топтың аттары таратылады.

Сонымен, оқушылар келесі топтарға бөлінеді:

      1. «Мәтінмен жұмыс» тобы;

      2. «Сурет схема» тобы;

      3. «Жағдайларды шешу» тобы;

      4. «Рецепт-кеңес беру тобы;

    1. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру.


  1. Негізгі бөлімі:

Оқушылардың топтарға бөлінуіне байланысты 4 топқа әр түрлі тапсырма беріледі және бірдей дайындық уақыты беріледі.


1 – тапсырма: «Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас

ерекшеліктері»

  1. «Мәтінмен жұмыс» тобындағы оқушалардың тақырыбына байланысты, «Қарым-қатынас» деген ұғымды жеңіл түрінде ашатын, жалпы түсініктер беретін мәтін беріледі. Оқушылар сол мәтінмен танысып, түсініп, даярлық уақыт аяқталған соң, қалған үш топтың оқушыларына түсіндіріп береді.

  2. «Сурет – схема» тобының мүшелері оқушылардың расындағы қарым-қатынас ерекшелігін, осы қарым-қатынастағы негізгі нысанына кімдер болып табылатынын өзара талдап, ортаға шығып, басқа оқушыларға түсіндіріп береді.

  3. Жағдайларды шешу тобындағы әр оқушыға тақырыпқа байланысты жағдайлар беріледі. Дайындық уақыты біткен соң, оқушылар сол жағдайларға тиімді, жағымды шешімдерді ұсынады. Барлық оқушыларға сұрақтар болады.


Жағдайлар: а) «Бір сыныпқа» жаңа оқушы келді. Ол оқушының келгеніне 3 ай болды, бірақ сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсапейді, көбінесе өзімен-өзі қалады, сыныптың қоғамдық іс-шараларынан тыс қалып қалады. Осы жағдайға байланысты бұл оқушының көңіл-күйі нашар, сабақтарға үлгерімі төмен болып кетеді. Осы жағдайда не істеіге болады?

ә) «сенің сыныбыңның» қыздар мен ұлдарының арасында кіші топтарға бөлінуі, бір-біріне дөрекілік білдіру, қарым-қатынастары күннен-күнге нашарлағаны байқалады. Осы жағдайда не істеуге болады?

б) Мұғаліммен оқушылардың арасында қарым-қатынастың қандай ерекшеліктері байқалады. Мысалыны оқушылар өздері келтіреді де, сол жағдайдың жағымды және жағымсыз жақтарын талдайды.

в) Ата-аналармен оқушылардың арасындағы болатын қарым-қатынас ерекшеліктерін топтың бір оқушысы мысал келтіріп, талдау жұмысын жүргізеді.

г) Оқушының жақын достары арасында қандай қарым-қатынас ерекшеліктері болатындығын топтың бір оқушысы өз еркімен мысал келтіріп, сол жағдайды талдайды.

Топтағы барлық оқушылар жауап беріп болған соң, оларға сұрақтар қоюға болады.


  1. «Рецепт – кеңес беру» тобының оқушылары қалған үш топтың жауаптарына сүейене отырып оқушылардың қарым-қатынас орнатуға дұрыс жолдарын, қолайлы бағыттарын плакатқа схема арқылы салады.

Осы тапсырманың соңында әр топтың жұмысына қысқашы тоқталып талдау жұмысын жүргізу керек.


2- тапсырма: «Мен және менің сыныбым»

Нұсқауы: бұл тапсырмада оқушылар өз сыныбындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін әңгімелейді.

  1. «Мәтінмен жұмыс» тобы сыныптағы барлық оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, мақтауға тұратын оқушыларды атап, сипаттап береді.

  2. «Сурет – схема жағдайларда шешу» топтары өз сыныбындағы қарым-қатынас үрдісінде осы екі топтардың оқушыларының ерекшеліктерін сипаттап айтады, яғни бір-біріне деген пікірлерін бөліседі.

  3. «Рецепт-кеңес беру» тобының мүшелері өз сыныбындағы қарым-қатынас үрдісінде өздерінің орындарын, басқа оқушылармен қарым-қатынас ерекшеліктерін сипаттап береді.

Тапсырманың соңында талдау жұмысын жүргізу керек.


  1. Сабақты аяқтау жұмысы.

      1. Сабақтың соңында мұғалім (психолог) оқушылардың назарын тақтада ілініп тұрған ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне аударады.

      2. Оқушыларға алғыс сөздер айтылады.

      3. «Релаксация» әдісін қолдану

Сұрақтар:

- Сабақта қандай тақырыпты қарастырдың?

- Өздеріңе қандай әсер алдыңдар?

- Сабақ туралы ой – пікірлерің?










Тренингтің тақырыбы: Адамның психологиялық саулығы


Қатысушылар: жоғары сынып оқушылары


Психологиялық мақсаты:

    1. оқушыларға берілген тақырып бойынша жалпы түсініктер, керекті білімдер беру, бар білім көлемін үлкейту;

    2. сабақ барысында балалардың таным процестерін, тіл байлығын, шешендігін дамыту, әр оқушы өзін еркін ұстануға, жеңіл еркін ойларын жеткізуді, басқаларды тыңдай білуді жаттықтыру,оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту;

    3. оқушылардың алдында қойылған проблемаларды дұрыс түсінуін, әр жеке бала өз-өзіне психологиялық саулықты тілеуін, денсаулыққа зиян келтіретін заттардан, жағдайлардан алыс болу қажет екенін түсінуін бақылау, осы сабақ барысында көтерілетін проблемаларға оқушылардың ой-пікірлерін анықтау, балалардың ерік-күшін. өз-өзін сыйлауға тәрбиелеу, оқушыларды сабаққа қызықтыру.п


Қолданылған құралдар:

  1. оқушыларды топтарға бөлінетін бейнелер ( адам)

  2. топтардың аты, әрпартаға

  3. таза бланктар

  4. бейне фильмінің кассетасы «Реквием»

  5. хаттар

  6. таза парақтар, суреттер

  7. ауыр музыка


1.Ұйымдастыру кезеңі

Кабинетте парталар «П» әріптің формасына тәрізді қойылып тұрады.

Оқушылар өзеріктерімен отырады. Кейін топтарға бөлінген кезде әр

Оқушы өз тобына орнын ауыстырып орналасады.

а) Сәлемдесу рәсімін жүргізу

ә) Треннигтің тақырыбына, өткізу түріне оқушылардың назарын аудару

Психолог: -Құрметті, оқушылар, бүгінгі треннингті ойын түрінде өтеміз,

Дәлірек айтатын болсақ-«Пресс конференция»түрінде өтеді.

II. Негізгі бөлімі:

-Балалар, ойынға кірісер алдында, «Пресс конференция» деген не?

(2-3 оқушының жауаптарын тыңдау).

Сонымен, «Пресс конференция» дегеніміз ол адамдарды көпшілікті, қоғамды мазалайтын, қызықтыратын, толғандыратын сұрақтар жөнінде, әр түрлі проблемалар, мәселелер жөнінде жиналыс, бұл жерде шешімге келуге, жауаптар табуға тырысады.

Біз сендермен бірге «денсаулық» деген сөзді жиі естиміз және оның мағынасын түсінеміз. Сонымен «денсаулық» не екенін дәлелдедік, енді «психологиялы саулық» деген не екенін ойлайықшы.

(3-4 оқушылардыың жауаптарын тыңдау )

Сонымен «Психологиялық саулық» дегеніміз ол:

1) адамның жақсы көңіл-күйі;

2) өмірінде жақсы эмоциялары басымды;

3) қызығушылығы мол, достары көп;

4) айналадағы адамдармен қарым-қатынасы жағымды;

  1. проблемалары аз болса да, күресе алады және т.б.

Міне, балалар, барлық сұрақтарға жауаптар таптықө, енді пресс-конференциямызға кіріссек болады.

Пресс-конференцияға әр түрлі саладан келген кісілер қатысады. Олар әр түрлі маман иелері, ата-аналар, жасөспірімдер, полиция қызметкері, журналисттер, мұғалімдер және эксперт тобы. Осы рөлдерді, балалар, өздерің атқарасыңдар. Рөлдерді бөлуге мына қағаздан қыйылған адам фигуралары көмек береді. Әр адамның үстінде рөлдің аты жазылады, кім қандай адамды алса, сол рөлді пресс-конференцияда атқаады, яғни ойнайды.

1 топ – дәрігерлер

2 топ – мұғалімдер

3 топ – ата – аналар

4 топ – жасөспірімдер

5 топ – журналистер

1 топ полиция қызметкері, 1 оқушы өте атақты кинорежиссер, 2 оқушы эксперт тобы.

Міне, пресс-конференцияның жүргізушісі бар, қатысушылар бар, ендеше бастаймыз!


1 - тапсырма:

Құрметті қатысушылар, алдарыңда жатқан таза парақтарды екіге бөліп, бір жағына адамның психологиялық саулығына жақсы әсер беретін, ал екінші жағына жаман әсер беретін жағдайларды, проблемаларды, мәселелерді жазыңдар. Уақыт 2 мин. Дайындалуға берілген уақыт тағайындалған соң, әр топ өздерінің ойларымен таныстырады, ал эксперт қырытынды жасайды, қандай мәселелердің ең көбірек кездесетінін айтып жауаптарды қорытындылайды.

2 – тапсырма:

  • біздің қоғамымыздың құрайтын нысанның бірі жастармен, жасөспірімдер. Сол себептен бүгінгі пресс-конференциямыздағы ең негізгі сұрақтарды жасөспірімдермен байланыстырайық.

Сонымен талдауға қоятын сұрақтар:

(Сұрақтарға оқушылар өз рөлдеріне байланысты жауап беру керек).


Сұрақтар:

  1. Біріншіден адамның психологиялық саулығына зиян келтіретін проблемаларды алатын болсақ, айтып кеткен нашақорлық, темекі, арақ-шараптар ішу, қылмыс жасау, барлық жасөспірімдер зиян екенін түсінеді, ал бәрібір сол проблемаларға жақын болады, айналысады. Неге?

  2. Қалай ойлайсыздар, осы проблемаларды бар жасөспірімдердің психикасыөзгередіме, қандай болады?


3 – тапсырма: «Хаттарға жауап беру»

Нұсқау: - Біздің пресс-конференциямыздың ашылатынын біліп, көп жасөспірімдер, үлкен кісілер бізге хат жазып, өздерінің проблемаларымен бөлісіп, сіздерден кеңес, көмек беруді күтуде. Алдымен хатты оқиық, содан кейін жауап берейік.

1 хат: «Сәлеметсіздерме, құрметті пресс-конференцияның қатысушылары! Менің атым Саят, жасым 15-те. Темекіні шеккеніме 3 жыл 8 ай болып қалыпты, анда-санда сыра, арақ та ішемін. Өзімдегі қатты бір өзгерістерді байқамаймын, бірақ достарым айтады, бетіңнің терісі бұрынғыдай жақсы емес, даусым жағымсыз, мұғалімдер болса, сабаққа үлгерімің төендеп кетті дейді. Өзімде байқаймын ұмытшақпын соңғы кездерде, тез ашуланып кетемін. Қалай ойлайсыздар, темекімен алкоголь пайдаланғаныма осы өзгерістер байланысты ма?» «Айтылған жаман әдеттерімнен қалай құтылуға болады?».

2 хат: «Сәлеметсіңдерме! Менің атым Камила , жасым 16-да, біріқ осы жасқа дейін жақсы араласатын достарым жоқ. Мен таныйтын жастар не темекі шегеді, не арақ ішеді, расында есірткі қолданатындары да бар, сыныбымыздағы оқушыларда осындай жастармен достасады. Мен бұлардан осы күнге дейін аулақ болғам, сондықтан менімен ешкім біліскісі келмейді, солар сияқты болсам ба екен?».

3 хат: «Сәлеметсіңдерме! Мен 15 жасар баланың анасымын. Балам әр қашанда жақсы оқып, тәртіпті бала боп, еш уақытта ешкімді ренжітпейтін. Бірақ соңғы уақытта баламды мүлдем танымаймын. Сабағы төмендеп кетті, күні-бойы далада, үйге түннің бір уақытында келеді, мен танымайтын достар пайда болады, менімен де басқалармен де сөйлеспейді, ойларымен бөліспейді. Мінезі де өзгереді, тез ашуланады, қатты сөйлеп, егкімді тыңдамай кетеді және де әр қашан ақша сұрай береді. Қалай ойлайсыздар, балама не болып қалды екен?». Осындай жағдайда не істеуге болады?


4 – тапсырма: «Рецептер беру»

Нұсқау: оқушылар алдыларында жатқан таза парақтарға адамға, жасөспірімдерге психологиялық саулығы жақсы болу үшін рецептер беру керек. Қалай проблемалардан сақ, аулақ болуы жөнінде және өмірдің жақсы да жақтарымен психологиялық саулыққа үлес қосу.

Эксперт бақылап отырып рецептерде ең жиі кездескен мәліметтерді белгілеп қорытынды ой айтады.


5 – тапсырма: «Проблемаларды жою»

Нұсқау:

  1. Оқушылар үн таспадан әуен тыңдайды, ал жүргізуші болса, айтылған проблемаларға әр түрлі сөйлемдер айтады. Қатысушылар, әр қайсысы осы проблемаларға сәйкес бір затты тез арада суреттейді.

  2. Барлығы салып болғанда, әр қатысуш салған суретті жыртып, мыжып урнаға тастайды. Тастап тұрып, «Мен бұдан аулақ боламын, маған бұның қажеті жоқ» деп айту керек.

Енді пресс-конференцияны аяқтап отырып, қорытындысын шығарамыз.

Эксперттің ойларын, басқада қатысушылардың ой-пікірлерін, сұрақ-жауап әдісі арқылы білу керек.


Сұрақтар:

  1. Бүгінгі тренингтің тақырыбы қандай болды?

  2. Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңыз?

  3. Сендердің ойларыңызша қай рөлін жақсы атқарды?

  4. Қай тапсырма ұнады, қай тапсырма ұнамады?



III. Тренингтің аяқтау жұмысы.

Жалпы тренингке қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп өз өмірлеріне жоғары жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға әр қашанда ұмтылу керек екенін айту керек. Сол кезде ғана, барлық адамдардың денсаулықтары, психологиялық денсаулығы, сонымен қатар, өзара қарым-қатынастары да жақсы болады.

Осы жақсы оймен тренингті аяқтауға болады.








































Тренингтің тақырыбы: «Қиын бала» қалай пайда болады?

Қатысушылар: ортабуын сыныптарының оқушылары


Тақырыбы: Қиын балалар қалай пайда болады?


Мақсаты:

  1. Тақырыпқа сай оқушылардың білім өрісін кеңейту.

  2. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес мәселелерді шешу және проблемаларды терең түсінуін анықтау, тіл байлығын, шешендігін, өз ойын жеткізе білуін дамыту .

  3. Оқушылардың өмір тәртіп ережелерін дұрыс түсінуіне, жағымсыз жағдайлардан алшақ болуына, өз-өзіне баға беруіне тәрбиелеу.

Құралдар:

  1. плакатка жазылған «қиын бала» сөзі,

  2. «киын бала» кестесі жазылған плакат,

  3. оқушыларға тыңдататын үн таспа.


I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен сәлемдесу, ойын жинақтауға көздерін жұмғызып 30 сек. тұрғызу.

II. Негізгі бөлім

1 – тапсырма: «Қиын бала» - ол кім?


Мақсаты: «Қиын бала» деген түсінікті оқушылардың дұрыс аша білуіне және өз ойларын жеткізе білуіне жағдай жасау.


Нұсқау: Тақтаға, плакатқа «қиын бала» деп жазылған және сол «қиын баланың» жан-жағына оқушылар шығып «қиын бала» деген кім екенін жазады. Тапсырманың соңында талдау жұмысын жүргізу керек.


2- тапсырма: «Жағдайлар»


Мақсаты: Проблеманы шеше білуге үйрету.


Нұсқау: Оқушыларға үш жағдай айтылады. Бұл жағдайлар «қиын баланың» мектептегі, жанұядағы, достар арасындағы іс-әрекетті, мінез құлқы, көңіл-күйі, жүрісі-тұрысы көрсетіледі. Осы жағдайларды талдап, тәртіпті дұрыстауға жол табу керек.


Мәселен: 1. Мектептегі жағдай. Оқушы сабаққа кешігеді, сабақтан қашады, мұғалімдермен сөз жарыстырып, тыңдамайды, сабағы нашар, тәртібі де нашар.

    1. Жанұядағы жағдай. Бала ата-анасын тыңдамайды, күнделігі толған екі, мектепке жиналысқа ата-анасын шақырады, өтірік ауырып қалады, үй бетін көрмейді, қалтасынан бір-екі дана темекі шығады.

    2. Достар арасындағы жағдай. Оқушы сыныптағы оқушылармен сөйлеспейді, сабақ үстінде құрбыларын келеке мазақ етіп отырады. Сыныппен бірге іс-шараларға қатыспайды.



3 – тапсырма: «Жасөспірім бейнесі»


Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту.


Нұсқау: Оқушыларға көздерін жұмғызып музыка тыңдатылады.

Музыканы 2 минут тыңдату керек, 2 минуттан кейін

Оқушылар алдарына берілген таза параққа «қиын бала» -

деген жасөспірім бейнесін салып және осы атқа ие болмау

үшін не істеу керек екнін айтып, ой бөлісу керек.

4 – тапсырма: «Жақсы тілектер»


Мақсаты: Оқушылар арасында достық қарым – қатынас орнату.


Нұсқау: Әр оқушы таза қағазға жақсы тілектер жазып шарға салып,

шарды үрлеп, бір-біріне шарды береді. Ал шарды алған

оқушы сол тілектерді оқып рахметін айтады.


III. Тренингті аяқтау жұмысы.

Оқушылардан тренинг қалай өткенін сұрау. Қандай тапсырма қызық өтті. Тренингтен кейін оқушылардың көңіл-күйі қандай, алған әсерін сұрау.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері» (орта буын оқушылары)

Автор: Бекешова Балжан Сабыровна

Дата: 12.11.2018

Номер свидетельства: 485131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "О?ушылар?а психологиялы? ?ызмет к?рсету "
    ["seo_title"] => string(48) "ok-ushylarg-a-psikhologhiialyk-k-yzmiet-korsietu"
    ["file_id"] => string(6) "246050"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446287127"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Баяндама жаңартылған білім негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_zhan_artylg_an_bilim_nieghizindie_ok_ushylardy_shyg_armashylyk_k_a_bau"
    ["file_id"] => string(6) "362330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480009171"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?ыры?жапыра?т?різдес ?сімдіктер."
    ["seo_title"] => string(32) "kyrykzhapyraktrizdiesosimdiktier"
    ["file_id"] => string(6) "259762"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448817204"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Математика саба?ында о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(76) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-loghikalyk-oilau-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "296546"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456046046"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Математика саба?ында о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(65) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-oilau-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "296549"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456046209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства