kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Мен елімні? ерте?імін » тренингі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: логикалы?  тапсырмалар  ар?ылы  о?ушыларды?  шы?армашылы?   

                      ?абілетін дамыту.

Білімділік:  ?скеле?  ?рпа?ты? психикасыны?  даму  за?дылы?тары  туралы  

                           білімдерін ?алыптастыру.

Дамытушылы?: коммуникативтік  ?абілеттерін дамыту, психикалы? процестер

                               туралы  т?сініктер ( киял, а?ыл,  ойлау, ес, зейін, сана ) беру,

                                    ой-?рісін ке?ейту.Икемділік пен шеберлікке дамыту.

Т?рбиелік:   балаларды? моральды?, адамгершілік ?асиеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Мен елімні? ерте?імін » тренингі»


« Мен елімнің ертеңімін » тренингі


Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілетін дамыту.

Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы

білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер

туралы түсініктер ( киял, ақыл, ойлау, ес, зейін, сана ) беру,

ой-өрісін кеңейту.Икемділік пен шеберлікке дамыту.

Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.


Ереже:

1.Балаларға пайдалы нәрселерді беру;

2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;

4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету.

5. Белсенділік таныту.

6. Көңілді болу.


  1. Танысу жаттығу: Әркім өз есімдерінің алдына сын есім қойып

айтады. Хоббиіңізді айту.

2. «Көңіл – күй суреті » атты жаттығу


Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарынды және жапыраққа өздеріңе тән жақсы қасиеттеріңді мына торт бөліктерін алып(жазылған сөздер бар) , мына гүлге жабыстырамыз.


Талдау: Балалар көңіл – күйлерің қандай?

Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма?

Жарайсыңдар, ендеше ары қарай жалғастырамыз.


3. «Дарындылық » мини лекция

Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шыңдай түсу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.

Мысалы: Балалар «Алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.







Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару. 

Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады

1977 жылы Рига қаласында өткен Бүкілодақтық кинофествиальде «Алты жасар Алпамыс» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.


Балалар осы жерде бір аңыз есіме түсіп тұрғаны, соны тыңдайық.

Бірде жас жігіт пен бойжеткен өздері дарынды болуы үшін түрлі қасиет сататын базарға барып өздеріне керек қасиетін алғысы келеді. Бірақ ол жерде есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, шығармашылық сияқты қасиеттерді көріп, қайсысын аларын білмей дал болады. О кезде бір қария келіп жігіт пен бойжеткенге « Сендер дарынды болам десеңдер, бір ғана қабілетті таңдап алыңдар, бірақ жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрі сол қабілеттен табылатын болсын» дейді. Бойжеткен мен жігіт қарияның ақылымен шығармашылық қабілетті алады. Шығармашылық қабілеттің ішінде есте сақтау да, ойлау да, сөйлеу де, бейнелеу де, қиялдау да, елестету де болады екен.Шығармашылық қабілеттің арқасында жас жігіт пен бойжеткен дарынды жас ұрпақ болады.


Талдау: Аңыз өте қызық па? Алпамыстың досы неге оқи алмайды ? Оқи алмайтын бала болу мүмкін бе?


4. Бәйтерекке саяхат.

Дарынды бала болу үшін не істеу қажет?

Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу, елестету, бейнелеу)Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп бәтерекке салады.

5. « Суреттерді аяқтайық » жаттығуы

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .

6. « Жылдам болсаң, тауып көр »

Нұсқау: Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. ( күн, , гүл, бала, қыз, қоян, кітап, мысық)




Талдау: балалар есте сақтау қиын болды ма? Кімге қиын болды?


7. «Сенемін-сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып,

былай деп айтады:

- Піл ұшу біледі;

- Құстар апанда ұйықтайды;

- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер

бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы

беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.



8.Релаксация: «Гүлдер». (әуен ойнап тұрады )

Жайлап тұрамыз.2-3 рет демімізді шығарамыз.Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады.(қолдарын жан-жаққа шайқайды).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды.Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады.(қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). « Мен бақытты боламын » дейді.

Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады ? Ол гүл біреу ме?


9. Жарайсың! Жаттығуы.

Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың ... деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала ... ары қарай жалғастыра береді.

10. Ипульс өткізу.

Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды.(3рет)


Нұсқау: Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.

Қорытынды.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
« Мен елімні? ерте?імін » тренингі

Автор: Аманова Гульжан Кенбаевна

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304304

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "«Алтын т?ж киген анашым, Алтындай ?ымбат адамсы?!»атты ерте?гілігі."
    ["seo_title"] => string(73) "altyn-t-zh-kighien-anashym-altyndai-k-ymbat-adamsyn-atty-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "274612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452427171"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Б?гінгі  мектеп т?легі – ерте?гі елді? тірегі "
    ["seo_title"] => string(55) "bughinghi-miektiep-tulieghi-iertien-ghi-ieldin-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "132958"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1416425101"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты)"
    ["seo_title"] => string(80) "tak_yryby_mieiirimdi_bolsa_zhuriek_oryndalar_tiliek_u_stazdarg_a_arnalg_an_trien"
    ["file_id"] => string(6) "414729"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494576337"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "«Отбасы махаббаты неде?» ата-аналар?а арнал?ан тренинг"
    ["seo_title"] => string(50) "otbasymakhabbatyniedieataanalargaarnalgantrieningh"
    ["file_id"] => string(6) "310787"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459095677"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Бірлігіміз жарасқан»"
    ["seo_title"] => string(24) "birlighimiz_zharask_an_2"
    ["file_id"] => string(6) "469687"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1526378855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства