М?ди:Анам мені? «бота?аным» деп еркелетеді.Ж?мыс істеп,ма?ан к?п ойыншы?тар сатып ?переді.Мені? анам мейірімді,к?п ертегі біледі.Мен анамды жа?сы к?ремін.
Т?рбиеші: Мирамгул Н?рлыбек?ызы.
Балалар, ?ара?ызшы ! бізді? аналарымыз ?андай ?сем,?демі.Бізді? топты? балалары аналарына арнап алтын т?ж ?зірлеген еді.Себебі,?р ана ?з баласы ?шін ханымнан да арты? аяуылы жан екенін білеміз.Ендеше, балалы? ж?регімен істеген перзентерімізді? сыйлы?ын ?абыл алы?ыздар!.Барлы? аналар,алтын т?ж киген патшайым секілді ?демі болып кетті?іздер!
Би : «К?ктем вальсі.»
МК?К «?ыз?алда?» мектепке дейінгі ?йымыны?
т?рбиешісі :Омарова Мирамгул Н?рлыбек?ызы
Батыс ?аза?стан облысы
Теректі ауданы
Покатилов ауылы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
МКҚК «Қызғалдақ» мектепке дейінгі ұйымындағы «Балапан» тобында өткен
«Алтын тәж киген анашым,
Алтындай қымбат адамсың!»атты ертеңгілігі.
Мақсаты;Балаларды өмірдегі ең аяулы жан аналарымызды және апа,сіңлілерімізді ,қызғалдақтай құлпырған кішкентай ару қыздарымызды құрметтеуге баулу.Аналарымыздың еңбегін қадірлеуді сезіне отырып,ана -ажелерімізге көмек беруге тәрбиелеу.Аналарымызды сыйлау үшін адамгершілік сезімдерін дарытып, мереке күні қуанышты көңіл –күй сыйлау.Туған жер табиғатын қадірлеуге үйрету.
(Бөлме іші түрлі-түсті шарлар ,гүлдермен безендірілген «Мен-анамның бақытымын»атты балалардың шығармашылық жұмыстары әзірленген.)
Қабырғаға слайд арқылы далада ерте көктемде сызды жерді жарып шыққан бәйшешек,сәл кейін баласын алақанымен аялай құшақтаған ана бейнесі көрсетіледі.
Тәрбиеші: Мирамгул Нұрлыбекқызы.
Әрбір сәби-ананың
Бәйшешек гүлі,үміті
Болашағы Отанның
Ақ сутін ақтар перзенті,
8-наурыз мейрамың
Құтты болсын аналар!
«Ақкөгершін» тобының
Жыры сізге арналар.!
Бүгін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы құтты болсын, аналар!
Ән:
Еркеназ;Ауырсам өбектеп жүретін
Тәттісін қалтадан беретін
Әжетай жарқырап жүре бер,
Қызықты ертегі білетін.
Анжелика:Өз тілімде сөйлесем де мен еркін
Қазақ тілін сыйлауға да үйреттің.
Әрбір ұлттың құрметтеуге дәстүрін
Өнегелі өз ісіңмен көрсеттің.
Бекарыс: Покатилов ауылы-достық мекені
Үлкенге кіші жолын беріп өтеді.
Аналарын құрметтеген бұл жерде,
Елін сүйген азамат боп өседі.
Инабат: Егеменді елімнің болашағы-
Осы ауылдың кішкентай балалары
Тілегі бір,тілі басқа болсадағы
Аман болсын,ауылдың аналары.
Би: «Гулдер»
Тәрбиеші: Мирамгул Нұрлыбекқызы. Балалар,8-наурыз Халықаралық әйелдер күні - көктемде келетін аналар мейрамы.Суретке қараңызшы,жер астынан ерте шыққан бәйшешекті «тоңбасын»деп,күн нұрымен жылытып,самал жел тербеле аялап,жер қойнынан шыққан бөбегі-бәйшешегін мейрімімен жылытып қамқорлап жатыр.Покатилов ауылының жан-жағы орман-тоғайлы,сайлы жер.Күні ертең-ақ бәйшешек жайқалып,табиғаттың әсем бір перзентіндей жайнап өсіп шығады.Себебі ,бәйшешекті,нұрын төккен күн де,самалымен тербеткен жел де,орман-тоғайда,Жер-ана да қамқорлайды.Ал,балаларды анасынан асқан кім бар сүйіп қамқорлайтын ?! «Ананның құшағы-жылы
Күннің нұры-жылы»деген нақыл сөз бар.Жүрегіндегі аналық махаббатын балаларына мейрімі арқылы беретін аналарымыз, бізді қалай еркелетеді екен ?
Тренинг «Менің ботақаным»
Әр ана баласын еркелеткен жылы сөздермен атап,көрмеде ұйымдастырылған өз баласының қол еңбегімен жасалған шығармашылық жұмыстары үшін қысқаша алғыс айтады.
Мысалы:-Анаңа арнап ,алтын күннің суретін салғаның үшін ,рахмет саған Еркеназ күнім!Күндей жайнап өсе бер!
Аэлита:Шашымды әсем өретін,
Ән де салып беретін.
Жан анашым аман бол,
Қамқор болып жүретін.
Нурай;Дәмді тамақ пісіріп
Үйде гүлдер өсіріп
Мейрімді анам аман жүр
Жүресін гой үлгеріп.
Игнат: Біз –өнерлі балдырған
Би де билеп,айтар ән.
Артына із қалдырған
Ұрпағыңмен кірер сән.
Ердаулет:Дәрігер,ұстаз,аспазшы.
Аналардай болсайшы!
Құрметтеуге тұрарлық
Ана еңбегін ойлашы!
Ойын:
Ән; «Анашым».
Балалар «Мен-анамның бақытымын» атты слайд арқылы өз аналары
туралы сыр шертеді.
Мысалы:
Еркеназ –Мен анамның ерке қызымын.Анамды жақсы көремін.Анам сіңілімен,ағама ән үйретеді,тақпақ жаттатады.Бізге дәмді тамақ пісіріп ,серуенге бірге шығады.Анам біздерге «Балаларым –менің бақытым»-дейді.
Мәди:Анам менің «ботақаным» деп еркелетеді.Жұмыс істеп,маған көп ойыншықтар сатып әпереді.Менің анам мейірімді,көп ертегі біледі.Мен анамды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Мирамгул Нұрлыбекқызы.
Балалар, қараңызшы ! біздің аналарымыз қандай әсем,әдемі.Біздің топтың балалары аналарына арнап алтын тәж әзірлеген еді.Себебі,әр ана өз баласы үшін ханымнан да артық аяуылы жан екенін білеміз.Ендеше, балалық жүрегімен істеген перзентеріміздің сыйлығын қабыл алыңыздар!.Барлық аналар,алтын тәж киген патшайым секілді әдемі болып кеттіңіздер!