kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен таңдаған өмір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен таңдаған өмір»

Тақырыбы: «Мен таңдаған өмір»

Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. Өмірдің қиындықтарына төзе білу, психологиялық қолдау көрсету.

Түрі: тренинг сағаты

Тренинг жоспары:
1. « Жапон әліппесі» жаттығуы.

2. Топқа бөлу.

3. . Кіріспе сөз. Психолог сөзі.

4. Постер қорғау

5. «Менің көзқарасым» жағдаяттар талдау.

6. «Менің өмірлік жолым» жаттығуы.

7. Қорытынды.

1. « Жапон әліппе» жаттығуы.
А-ка З-з П-но Ц-ми
Б-зу И-ки Р-ши Ч-кэ
В-ру К-мэ С-ари Ш,Щ-хи
Г-жи Л-та Т-чи Ь,Ъ,Ы-зук
Д-тэ М-рин У-до Э-мэй
Е-ку Н-то Ф-лу Ю-фу
Ж-су О-мо Х-ри Я-на
Нұсқау:
бұл әліппе бойынша өз атын жазып,бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, бір-біріне тілек айту керек . Мысалы: Менің есімім Сауле, ал жапон әліппе бойынша –Арикадотаку
Менің есімім Мейрамгул ал жапонша-ринкукишикаринжидота

  1. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушылар әр елдің валюталарын таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ «Теңгелер»

2-топ «Долларлар»

3-топ «Евролар»

  1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. 
. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбір сәтін мәнді де, сәнді де өткізе білуіміз қажет. 

  1. Постер қорғау:

1 топ « Өмір сүру деген не?

2 топ «Өмірде кездесетін қиындықтар және одан шығу жолдарын көрсету.

3 топ « Өмір қымбатсың маған ». жоба жасау



5. 3-топқа жағдаяттар беріледі. Оқушылар өз ойларын білдіреді.

«Менің көзқарасым»

  1. «Өмір сүріп жаткан әр секунд минутымызды багалап, өмірдін қиындықтарын жеңе білуіміз керек бірақ мен бугін түзелмес қате жасадым!!!!!

Мен не айтарымды білмеймін, маған өмір өте қиын сияқты. Ешкімді көргім келмейді.

Өмірде қиындықты көп көрдім 15 жасымда шешемнен айырылдым мүгедек болдым. Қазір мені ешкім менсінбейді. Маған көмектесіңіздерші қайғыдан өлетін болдым»

  1. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 

  2. . Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады

6.жаттығу: « Менің өмірлік жолым»

Ақ бет қағазға ортасынан өмір жолын сызу. Екі бөлікке бөлінген беттің төменгі жағы өмірде қиналған, сәтсіздік, қорқыныш кездерін, ал жоғарғы жағына өмірдегі бақытты, қуанышты, сәтті кездерді сызықпен белгілеу .Диаграмма түрінде шығады.

Әр оқушы өз ойын ортаға салу, ой бөлісу.

( Оқушылардың өмір жолында қуанышы мен режіген, қайғырған сәттерін Мысалы: достарымен ренжіскен, достасқан, ата -әжесі немесе ата –ана, тума –туысқан айрылған сәттері, білім жетістігіндегі қуаныштары, көңілді демалыс сәттері баяндау.

Қорытынды:

Оқушылар өмір сөзін түйін ретінде 1сөзбен қорытындылайды. Соңында Өмір қандай тамаша!

деген сөзді оқушылар плакат беттеріне жазып көтереді.

Өмір........ (ата-ана)

Өмір......(мақсат)

Өмір....( болашақ)

Өмір......(теңіз)

Өмір....(сүйіспеншілік)

Психолог:

Өмір деген - театр , Адам оның әртісі. Өмір деген - бір кеме , Алға жүзіп өрлеген . Өмір деген - найзағай жарқ етіп тұрған жұлдыздай. Былай тұрып қарасан, Бір ғанибет қой келгенің Бұл өмірге келгенің...

Бізге берілетін уакыттын ар секундына дейін біз өз уакытымыз бен куанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.

1 жылдын кадірін білгің келсе, сыныпта калған окушыдан сұрағайсың.

1айдың кадірін білгін келсе, 8 айлык нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың.

1аптаның кадірін білгің келсе, апталык журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.

1сағаттың кадірін білгің келсе, бір-бірін асыға күткен ғашыктардан сұрағайсын.

1минуттын кадірін білгің келсе, пойызынан калып койған жолаушыдан сұрағайсың.

1секундтын кадірін білгін келсе, жол апатының алдын алуға үлгермеген көлік жургізушісінен сұрағайсың.

1мили секундтың кадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.

Ендеше ар сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа! Ешкімде уакыт диірменін токтата алмайды. Өмірлеріңе немкұрайлы караманыздар-деп ой қорытындысымен бүгінгі тренинг сағатымызды аяқтаймыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Мен таңдаған өмір

Автор: Нурекешова Мейрамгул Мажитқызы

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403780

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен та?да?ан жол "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-tan-dag-an-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "175992"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424348203"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Мен таңдаған жол!" тренинг"
    ["seo_title"] => string(30) "mien_tan_dag_an_zhol_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "409652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492413540"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Мен та?да?ан жол" к?сіптік ба?дарлама "
    ["seo_title"] => string(41) "mien-tan-dag-an-zhol-k-siptik-bag-darlama"
    ["file_id"] => string(6) "159717"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421939136"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Тренинг : Мен та?да?ан жол"
    ["seo_title"] => string(25) "trieninghmientandaganzhol"
    ["file_id"] => string(6) "329553"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463967108"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мені? та?да?ан маманды?ым "
    ["seo_title"] => string(29) "mienin-tan-dag-an-mamandyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "200764"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428916930"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства