kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денің сау болсын десең.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулықтың 10 құпиясымен таныс болу және соны ұстану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денің сау болсын десең.»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


МектепМерзiмі: № 23 сабақ

Тақырып: Денім сау болсын десең...

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:Уркунбаева Макпал Азаматовна.

Сынып: 6 «а»,«ә»,«б».

Оқушылар саны: 15


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

«Зиянды әдеттер» атты мәтінмен жұмыс арқылы оқушылар зиянды әдеттердің адам денсаулығына қандай қауіп төндіретінін, зиянды заттарға тәуелді болудың салдары қандай азапқа түсіретінін біледі. Зиянды әдеттерден аулақ болудың мәнін түсінеді.

Зиянды әдеттер

Күн сайын адамдар шылым шегу,ішімдікке салыну,нашақорлықтан түрлі дертке,бақытсызддыққа шалдығады.Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды.Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді,жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп,қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып,ақылға салмастан, зиянды заттарды пайдалануға әуес болады.Сөйтіп,оған үйреніп,тәуелді болатындарын ойламайды.Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретінінен бейхабар болады.Қиындықтан шығудың жолы,шешімі бұл емес.

Зиянды әдеттердің денсаулыққа қауіптілігі мынада:

-адам өзін-өзі бүлдіреді,өзін құрметтеп күтуден қалады;

-табиғт берген мүмкіндіктерден ашылмайды;

-өтірік айтуға,ұрлық істеуге,қатыгездікке,ақымақтыққа ұрынады;

-отбасын қайғы-қасыретке бөлейді;

-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады;



( «Мен адамдар арасындамын»кітабынан)

Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Зиянды заттардың адам өміріне тигізетін зауалы қандай?

Қиындықтар кездескенде олрды қалай жеңуге болады?

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?мысал келтіріңдер.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйексөзі ретінде Т.Карлейльдің «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты нақыл сөзінің мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.

Мұғалім оқушылардың ойын қорытындылай келе, «адам ең жоғары құндылық» екенін баса айтады.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Әңгімелесу жүргізуге арналған сұрақтар салауатты өмір салтын ұстану, яғни жан тазалығы мен тән тазалығын сақтау үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу жағына қарай бағыттай отырып, оқушылардың сұрақтарға жауап берулеріне жағдай туғызады.

«Денсаулығың өз қолыңда» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Салауаттылық – саулық негізі» деудің мәні неде?

Салауатты өмір салты не үшін керек?

«Сатып алған ауруға дауа жоқ» дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.


7 .Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1 – топ. Сахналау.
2 – топ « Денсаулығым өз қолыңда» ой толғау жазу

8.Жағдаятты талдау.


1 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

2 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?


9.Дәптермен жұмыс

2- тапсырманы орындау.

- Балалар, осы жаман әдеттерден аулақ болып, деніміз сау болсын десек «Денсаулықтың 10 құпиясын» есте сақтау қажет.(тақтаға ілу керек)
1 - ақыл – ой тазалығы.
2 - дұрыс тыныс алу.
3 - денені шынықтыру.
4 - дұрыс тамақтану.
5 - күлкі.
6 - тынығу, демалу күші.
7 - уақытты тиімді пайдалану.
8 - таза қоршаған орта.
9 - сенім күші.
10 - сүйіспеншілік күші.



10.Топпен ән айту. 3 мин. Әрқашан күн сөнбесін

Сөзі Л.Ошаниндікі

Әні А.Островскийдікі

Аударғандар – І.Мәмбетов, Қ.Ыдырысов


Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл – суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:


Қайырмасы:

Кешқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.


11.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Оқулықта берілген Абай Құнанбаевтың «Он жетінші сөз»


12.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Денің сау болсын десең.

Автор: Уркунбаева Макпал Азаматовна

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398661

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Денім сау болсын десең."
    ["seo_title"] => string(24) "denim_sau_bolsyn_desen_1"
    ["file_id"] => string(6) "622705"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1673362913"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Денім сау болсын десе? ..."
    ["seo_title"] => string(27) "dienim-sau-bolsyn-diesien-3"
    ["file_id"] => string(6) "299236"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456486604"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Денім сау болсын десе?"
    ["seo_title"] => string(23) "dienimsaubolsyndiesien1"
    ["file_id"] => string(6) "293026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455385153"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Денім сау болсын десе?... "
    ["seo_title"] => string(25) "dienim-sau-bolsyn-diesien"
    ["file_id"] => string(6) "182033"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425456321"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Дүниетану Денім сау болсын десең. Кездейсоқ жағдай- ол не? (ӨҚН) 3-сынып"
    ["seo_title"] => string(77) "duniietanu_dienim_sau_bolsyn_diesien_kiezdieisok_zhag_dai_ol_nie_ok_n_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "416148"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494999501"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства