kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Өнеге - отбасынан басталады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Бозтал орта мектебі  Мерзімі: 10/02.2017ж. 

Тақырыбы: Өнеге – отбасынан басталады.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру, кешіре білу, адалдық.

Мұғалім: Аскарова Мейрамгуль Жалеловна 

Сынып: 7           Оқушылар саны: 14

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Өнеге - отбасынан басталады"»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Бозтал орта мектебі Мерзімі: 10/02.2017ж. № сабақ

Тақырыбы: Өнеге – отбасынан басталады.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру, кешіре білу, адалдық.

Мұғалім: Аскарова Мейрамгуль Жалеловна

Сынып: 7 Оқушылар саны: 14

Сабақтың мақсаты:Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: 
-отбасындағы жарастық, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

-отбасында өзара сыйластық, кешіре білу дағдыларын дамыту;

-отбасына деген адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, топты түгендеп шығу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:















































  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында өз ойымен бөлісу.

3.Дәйексөз.
Отбасы тату болса, байлықтың да керегі жоқ.

Нақыл сөз
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу.

Патриция Сент-Джонның әңгімесі (ағылшын жазушысы)
«Ақ орамал»

Автобус аялдамасы өтетін жол жиегінде отырған адам жолдағы тастарға тесіле қарап қалған.Оның қырынбаған бет-аузы,салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтеңкесі аялдамада топталып тұрған адамдардың назарын өзіне аударды,бірақ әлгі адамның өзіңе
қадалған жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңке елеместен ол өзі және өзінің өмірі туралы қалың ойға батып кеткен еді.
Ол өзінің қызыл кірпіштен салынған үйде тұрған кішкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесі алдындағы гүлді, әкесі бұған қарастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп үйренген жолды сағынышпен есіне түсірді. Бұған велосипед алып беру үшін, ата-анасы еңбек – ақыларын бірнеше ай бойы жинаған еді.
Содан бері аттай жиырма жыл өтіпті! Мүмкін, үйді баяғыда бұзып тастаған шығыр....
Жігіттің бүкіл денесі дір етті, естеліктің айқындығы сондай, олар мұның жан дүниесін ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды.
Ол кезде бұл екі велосипедін мопедке ауыстырып, үйінде аз бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар еді. Әкесі мен шешесі бұған кері және мезі қыларлықтай көрінді, ол көбіне уақытын сыраханада көңілді өткізген еді.
Бірақ, ашығын айтқанда, оның жиылып қалаған қарыздары мұны ата-анасының үйіне қайтып оралуға мәжбүр еткен. Анасы баласының келгеніне қуанып, тамағын әзірлеп жүр. Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды, бұдан шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды, бұл әкесінің ақшаны қайда сақтайтынын жақсы білетін, ата-анасының баққа шыққан сәтін пайдаланып, әкесінің жинаған ақшаларын қолына түсірді. Ол ата-анасын ең соңғы рет көруі еді, өзі істеген әрекеттен кейін ол үйіне келе алмайтын болды. Көп кешікпей шетелге кетті.
Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсіп сандалғандығы мен түрмеде өткізген жылдары жөнінде ештеңе білмеді. Бірақ ол түнде жатқанда, ата-анасы жайында көп ойланатын. Кейде оның жүрегін қайғы мұң басатын. Егер ата-анасы әлі тірі болса және мұны көргілері келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесуді қандай армандады десеңші....
Жазасын өтеп, бостандыққа да шықты. Туған қаласына асығыс бет алды. Автобустан түскенде жол бойындағы гүлдерді, әткеншектегі немесе велосипед тепкен баланы қызыл кірпіштен салынған үйлерді көргенде мазасы кетті. Ол үйінде бір тиынсыз бос қалтамен келеді, сондықтан жолдың көп бөлігін жаяу жүріп өтті. Оның ертерек жетуі де мүмкін еді, бірақ туған қалашығына жиырма шақырымдай қалғанда, мұның бойын кенет бір күмән жайлап алды.
Ата-анасына осылайша оқыстан баруға мұның қандай қақысы бар?
Бірақ олар осы алба-жұлба кезбеден бір кездері өздері сүйген, бұлардың үміттерін қатігездікпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Осы күні бойы дерлік ағаш саясында отырды. Кешкісін өзіне қанша ауыр тисе де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: «мені көргілерің келетініне ешқандай үмітім жоқ екенін білемін.... Шешім сіздерде. Мен бейсенбі күні көшенің аяғында таңертең ерте күтемін. Егер үйге келуімді қаласаңыздар, менің жататын бөлменің терезесіне ақ орамал іліп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемін, көрмесем ескі үйге «қош бол» деймін де, өз жолыммен кетемін ...», - деген сөздермен аяқталған еді.
Міне, бейсенбі күні де жетті. Адасқан ұл белгіленген жерге келді. Өзінің ескі көшесі! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзімі жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы тастарға көз тікті. Бұл істі кейінге ысыра беруге болмайды, тәуекел ету керек, түптеп келгенде, олардың көшіп кетуі де мүмкін ғой... Егер терезеден ақ орамалды көрмесе ше... Ал ата-анасы әлі бұрынғыдай осында болып, әншейін мұны көргісі келмейтіндей жағдайда болса... өзіңе не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзін-өзі жұбатуда. Орнынан әзер көтерілді, көпір астында өткізген түннен кейін денесінің бәрі қақсап ауыра бастады.
Суықтан дірілдеген кезбе баяу басып, ескі шынар ағашқа бет түзеді, сол жерден үй алақандағыдай айқын көрінетін. Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қармаймын деп шешті. Шынар ағашының қасына таяғанда ғана тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзінашқанда,оның жанары құмарта алға тігілді.Қызыл кірпішті үйдің шатырына кун сәулесі түсіп тұр екен,оның жүрегі дүрсілдеп қоя берді....бірақ мынау не өзі?
Әрбір терезеге жастықтың тысы,сүлгі,дастархан,қол орамал және асхана салфеткалары ілінген.Шымылдық терезе желдеткішімен бүкіл шатырға созылған.Таңғы күн сәулесінде жарқыраған қар тәрізді.
Оқыс қателікке жол бермес үшін,ата-анасы қолдарынан келгеннің бәрін істепті! Ақшақардай аппақ болып жарқыраған өз үйін көрген ұлдың еңсесінен ауырлық түсіп,бойы жеңілдеп,кеудесін қуаныш кернеді.
Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт орнынан тұра жүгіре,өз үйінің айқара ашылған есігіне қарай құстай ұшты.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Ұлының ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебі неде?
2.Оның сағынышын қалай түсіндірер едіңіз?
3.Ата-анасының ұлына деген сүйіспеншілігі сипаттап беріңіздер?

5. Бейнефильм көру «Әке мен бала»


6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І – топ «Сыңарын тап» ойыны

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

ІІ – топ «Кім тапқыр?» тапсырмасы

1.Балдан тәтті? (Бала)

2.Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала)

3. Балаға кім сыншы? (Ата)

4. Әкен балаға берілетін зат? (Мұра)

5.Үйдегі алтын адам кім? (Ана)

6.Бес дұшпаның... (өтірік,өсек,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

7.Тәрбие мен білімнің ортасы (Мектеп)

7.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы? (Сара Назарбаева)

8. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (Достық)

9.Бес асыл іс (Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

ІІІ – топ «Ойды аяқта....» тапсырмасы

  • Мен ата-анамның....

  • Мен әжемнің....

  • Мен үшін ата-анадан...

  • Өз отбасымды....

  • Менің отбасымдағы...

  • Анам мен үшін ....

  • Отбасымның мен...

  • Әкеден артық

  • Туған туыстарым әрқашан...

  • Біздің үйде....

  • Айналайын анашым...

  • Ініме мен...

  • Достарым...

  • Отбасым менің...

  • Барлық баланың...

  • Алғысымды...








































7.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр. Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін жинадың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық қоштарың өзіңе арнаған


Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің

Самал жел саябақ құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын


Өтеуге борышын анашым жан сырым

Іздедім сен үшін әлемнің асылын

Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені

Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді


Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым, қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал

Караоке «Ана туралы жыр»

8.Үй тапсырмасы
Төмендегі берілген тақырып бойынша шағын эссе жазу:
1.«Мен және отбасым».


9.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қосылады. Бойымызды тік ұстап, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақта өткен тақырбымызды, құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Барлығыңызға рахмет!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ "Өнеге - отбасынан басталады"

Автор: Аскарова Мейрамгуль Жалеловна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392796

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Адамгершілік - отбасынан басталады" "
    ["seo_title"] => string(35) "adamghiershilik-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "206413"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430160806"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "т?рбие са?аты. Отан отбасынан басталады. "
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-otan-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "148482"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419743337"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ашы? саба? Отбасы "
    ["seo_title"] => string(18) "ashyk-sabak-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "180978"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425288798"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? саба? Б?йтерек"
    ["seo_title"] => string(19) "ashyksabakbitieriek"
    ["file_id"] => string(6) "294966"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769394"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Технологиялық карта "Жақсылық-отбасынан басталады""
    ["seo_title"] => string(54) "tiekhnologhiialyk_karta_zhak_sylyk_otbasynan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "379849"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484542715"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства