kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу

Нажмите, чтобы узнать подробности

зорлық-зорбылықтың әлеуметтік-психологиялық табиғатын айқындау арқылы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы психолог жұмысының ерекшеліктерін анықтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу»

Семинар-практикум

Жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін психологтің көмек көрсетуі”



Күні: 01.02.2017

Семинардың өткен орны: «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Семинардың мақсаты: Зорлық-зомбылықтың әлеуметтік психологиялық табиғатын айқындау арқылы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы психолог жұмысының ерекшеліктерін анықтау.


Міндеті:

1.Оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету және жыныстық тәрбие беруде жағымсыз әрекеттерден сақтандыру;

2.Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерінің ерекшеліктерімен таныстыру;

3.Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын алдын алуда психологтың атқартын жұмыс түрлерін анықтау


Семинардың барысы


І. бөлім. Ұйымдастыру кезеңі


Семинарға қатысушыларды тіркеу.


Кіріспе сөз “Креатив” тобының жетекшісі С.В. Бабаканова


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.  Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.



Көңілді кимылдар” жаттығуы Л.А. Жунуспаева

Мақсаты : қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жақсы қарым-қатынас орнату, достық пен сыйластыққа баулу.

Жаттығу шарты: Қатысушылар өздерінің есімдерін айтып, қимыл-қозғалыс көрсетеді. Келесі адам көршісінің атын және қимылын қосып, өз атын-қимылын көрсетеді. 


ІІ бөлім. Оқушылармен жұмыс


«Сағат бойынша достар» жаттығуы Л.А.Жунуспаева

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар.

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

  1. Күлімсіреңіз

  2. Қолын қысыңыз

  3. Арқасынан қағыңыз

  4. Комплимент айтыңыз

  5. Қол бұлғаңыз

  6. Көзіңізді қысыңыз

  7. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

  8. Бір тілек айтыңыз

  9. Послать воздушный поцелуй

  10. Массаж жасаңыз

  11. Арқаларыңды сүйкеңдер.

  12. Құшақтаңыз.


Жағдаяттар шешу Б.С. Жумаханова


  • Мақсаты: Кез келген қиын жағдайдан шығуға үйрету, балаларының құқығының сақталуына, балаларына дұрыс көңіл бөлуге баулу

    Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүруі үшін қандай болуларың керек?

  • Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар?

  • Ата-аналарыңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?

  • Көршің өз баласына күнде зорлық-зомбылық жасауда, сенің әрекетің қандай?



Арт-терапия Ш.А. Турымбекова

"Әрбір бала - суретші.

Балалық жастан өтіп, суретші 

болып қалу - басты қиындық"

                                                                                        Пабло Пикассо.

Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. Психодиагностикалық, психопрофилактикалық.психокоррекциялық қызмет атқарады.  “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу).

Мақсаты: қиялды дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, психоэмоционалдыкөңіл - күйге ықпал ету.

Керекті құрал - жабдықтар: А4 қағаз, су, қылқалам, түрлі - түсті бояулар.

Нұсқау: балаларға А4 форматтағы қағаз таратылады.Оларға жағымсыз ойлардан арылу мақсатында, қағазды барынша мыжу ұсынылады. Содан кейін алдарында тұрған таза суға салып, қазғазды екінші А4 форматтағы қағаз бетіне қоюлары керек. Сол мыжылған бетке түрлі - түсті боялармен сурет салу қажет. Сурет аяқталғаннан кейін балалар бір - бірінің суреттеріне атау қояды.



Рефлексия “Мөлдір бұлақ” Ж.Е. Қарсыбекова

Мақсаты: Бала бойына бұлақтың таза суы арқылы жақсы тілектер мен жағымды көңіл күй сыйлау.

Барысы: Көк материалды жоғарыдан төмен жіберіп, екі қатарға балалрды тұрғызып бір бірден бұлақтан су алып жақсы сөздермен оқушы бойына құю.



Кофе-брейк


ІІІ бөлім. Коучинг

(педагогтар мен ата-аналарға арналған жұмыстар түрі)


Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелері

С.В. Бабаканова, С.Н.Нихамбаева


Отбасылық зорлық- зомбылықтан зардап шеккен балаларға

әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету

Зорлық- зомбылықты бастан кешкен балалармен

жұмыс жасауда қолданылатын когнитивті-бихевиоралды тәсіл


Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды оңалту үшін әр-түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Арт-тарапия, құмды терапия, ойын терапиясы және когнитивті –бихевиоралды әдіс - тәсілдер ең тиімді деп саналады. Когнитивті – бихевиоралды әдістер мамандар тарапынан зорлық-зомбылық белгілері байқалған кезде қолданылатын ең тиімді әдіс боп бағаланады, сондықтан әр түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек көрсетуде қажет.

Когнитивті - бихевиоралды тәсілдің негізін адамның ойы, эмоциясы, іс-әрекетінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелді болуы құрайды және осы құрылымның біреуіне әсер ету басқалардың өзгеруіне әкеледі.

Когнитивті - бихевиоралды тәсілдің аясында зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды оңалтудағы басты міндет төмендегідей сипатталады:

  1. Балаға эмоцианалды, когнитивті және мінез-құлықтағы жарақат салдарын жоюдағы көмек. Көмек көрсетудегі басты тұжырым болып табылатын терапевтік жұмыстар бастан кешкен зомбылықты басты назарда ұстайды. Зомбылық жарақатымен жұмысты кейінге қалдыру – ең басты қателік.

  2. Қауіпсіз терапевтік ортаны қалыптастыру барысында бала зорлық-зомбылыққа қатысты әңгімелерді қайталап есіне түсіру арқылы ішкі жарақатын сыртқа шығарады, стресстен арылып, үрей деңгейін төмендетеді.

  3. Жарақатымен байланысты барлық сезімдері мен бастан кешкендерін баланың анықтай алуы мен бейімделген күйде жеткізе алуына жағдай жасалады.

  4. Жарақатпен байланысты жағдайларды анықтау, бастан кешкен стрессті оқиғаның әсері мен байланысын әлсірету. Бұл баланың басынан өткен зорлық-зомбылықты үрейсіз, ұялусыз жеткізуіне әсер етеді.

  5. Баланың зорлық-зомбылық туралы бұрмаланған когнитивті түсінігін зерттеу және түрлендіру, өзі, болған жағдай, басқа да адамдар туралы дұрыс пікірдің қалыптасуы үшін көмек көрсетеді. Сонымен қатар, болған зорлық-зомбылық үшін кінә мен жауапкершілік үлкен адамдарға артылатынын балаға жеткізу маңызды.

  6. Бала бойынды үлкен адамдар мен өз қатарластарымен қарым-қатынаста қажетті іс-әрекеттер мен әлеуметтік дағдыларды дамытады ( қашықтықты сақтау, қиын жағдайларда көмек сұрау т.б.)

  7. Баланың өзіне деген сенімділігін қолдау.


Осылай балаларды когнитивті - бихевиоралды оңалту шеңберінде эмоцианалды, когнитивті және мінез-құлық деңгейінде бірізді жұмыс жасау қарастырылады.

Эмоционалды аямен жұмыс. Жеңу тәсілдерін жаттықтыру.

Баланың зорлық-зомбылық барысында алған жарақаты, оны қарама-қарсы, шатасқан, айта да жеткізе де алмайтын ауыр эмоцияларды басынан кешіруіне әкеледі (сезімдердің шатасуы). Сондықтан, сезімдерді дұрыс жеткізе алуы мен тану әдеттерін дамытуда баланың эмоционалды жағдайы басты назарда болуы шарт.


Зорлық -зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс істеу кезінде белсенді тыңдау әдістерінің қолданылуы


Тәсілдер

Мақсаттар

Жүзеге асыру

Мысалдар

1

2

3

4

Қолдау

Вербалды және вербалды емес құралдар арқылы ұғымы мен қызығушылығын байқату;

Диалогке ұмтылысын қолдау



Мейірімді көзқарас, қызығушылық байқалатын қалып, алдыға ұмтылу, бас изеу, бұйыра сөйлемеу, ашық түрде келісу немесе келіспейтініңді байқатпау, қызығушылықтың болуы

«Мхм ...»

«Солай....»

« Ия....»

«Ия, әрине...»

Қайталау

Сезімдерін, жағдайы мен үрейін сипаттауға, жеткізуге ұмтылдыру

Бүкіл сөйлемді немесе оның бір бөлігін «ашық» интонациямен қайталау

-Үйге барғым келмейді.

-Сенің үйге барғың келмей ме...

-Ия, өйткені маған нашар бағаларым үшін ұрсады

Сөзді алмастыру

Әңгімелесушіге оны тыңдап отырғаныңызды, ойын қабылдайтыныңызды, тек дұрыс ұғып отырғаныңызды тексергіңіз келетінін байқату;

Сөйлеушіге өзін жақсырақ түсінуіне мүмкіндік беру.

Айтылған ойды басқа сөздермен алмастыра жеткізу; маңызды сөздер мен ұғымдарды қолдану

«Басқа сөзбен айтқанда, сенің айтайын дегенің...»

«Егер мен сені дұрыс түсінсем, онда ...»

« Мен сені дұрыс түсіне алсам...»

«Менде қалыптасқан сезіммен, сен..»

Қайталай көрсету

Бала сезімін эмпатиялық тұрғыда түсінуді сипаттау және оны қабылдау мүмкіндігі;

Өз сезіміңді айтушымен сәйкестендіру;

Сезімнің жиілігі мен күшін әлсірету;

Басты мәселені назарда ұстау

Бала айта алмаған, бірақ вербалды емес деңгейде жатқан немесе оның сөздеріннің астарынан байқалатын сезімді елестете алу;

«Саған бұны айту жағымсыз екенін мен байқап отырмын...»

«Менің естігенімдей...»

«Сен ағаң туралы айтқанда өте қатты ренжитіндей болып көріндің...»

Анықтау

Өзіндік ойын жеткізе алуы мен ашылуына қолдау көрсету;

Нақты бір заттар және белгілі бір жағдайға байланысты негізгі фактілерді анықтау, баланың оған қарым-қатынасын, оның сезімдері мен ойын байқау

Анықтау барысында ашық сұрақтар қою:

-мазмұны

-сезімі

-сөздің мағынасы

«Не болғанын айтшы..»

«Содан соң не болды..»

«Бұл көгерулер қалай пайда болды...»

«Бұл туралы айтқанда өзіңді қалай сезінесің...»

Жалпылау

Барлық маңызды ойлар мен фактілерді жүйелеу;

Ары қарай талдау мен іс-әрекет барысы үшін негіздеме жасау


Негізгі сезімдер мен ойларды жалпылау және қайталау

«Сенің бүгінгі айтқандарыңның ең бастысы...»

«Егер мен дұрыс түсінсем, бүгін ең бастысы...»


Төрт сурет” әдістемесі А.М.Рамьянова


Мақсаты: Адамның төрт негізі қажеттілігін анықтау проективті-методикасы.

Нұсқау: Сыналушыларға 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .

Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады. 

Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді. 

 Зергерлік бұйымда – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді. 

Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.


Кір жуу” жаттығуы Г.Е. Абдрахманова


Мақсаты: Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу барысындағы ата-ана бойындағы ашу ыза рениш, қызғаныш, жек көру және жағымсыз естеліктерді көңілді қимыл қозғалыстар арқылы жою.

Көңілді музыка ойнап тұрады. Көтеріңкі көңіл- күй орнату үшін

Құрметті әріптестер XXІ ғасырға рахмет, бәрі автоматтандырылған, бәрін техника жасап жатқан жайымыз бар. Енді, бәріміз бірге осыдан 20 жылға кейін шегініп, бойымыздағы қанымызды жүгіртіп, кір жуамыз. Қолымызға ойша тазик аламыз, ішіне су құямыз сабынмен кірді езіп – езіп жуамыз. Кір суды төгіп таза су құйып шаямыз. Жақсылап қатты қағамыз да алысқа апарып жайып қоямыз. Кірді жуып тастадық, рахмет сіздерге, өзіміз үшін біздің қолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз.


Сезімдер қайда ұялайды?”-арт-терапия Ш.А. Турымбекова






"Сезімдер қайда ұялайды?"

А4 формат қағазында адамның бейнесі бейнеленген.

Нұсқау:

1. Осы адамды өзіңіз деп елестетіңіз.

2. Денеңіздің қай жерінде қуаныш сезімі ұялаған?Сіз оны қалай сезінесіз ? Бұл сезімді қандай түспен бояр едіңіз? Егер ұстап көруге болса , ол қандай деп елестетер едіңіз? Осы сезіміңізді адамның денесіне салыңыз.

3. Ал қайғыру сезімі туралы не ойлайсыз? Қайғы сезімін денеңіздің қай жерімен сезінесіз, сол жерді бояңыз.

4. Дәл осылай өкініш, қорқыныш, реніш, махаббат, ризашылық сезімдерін түрлі - түсті бояулармен бояңыз.


Түстер

Қызыл – махаббат

Жасыл – реніш

Қара- мәселелер (проблемы)

Сұр- шаршау

Көк – аландаушылық

Сары- сағыну (туыс, жакын)

Алқызыл (розовый, оранжевый) – қуаныш

Ак түс- бейтараптылық (безразличие)


Нұрлы су” жаттығуы Ж.Ж. Рустемова


Мақсаты: оптимизм еңгізу, көңіл күйді жақсарту, өз-өзіне деген сенімді арттыру, жағымды сөз бен тілек адамның жан жарасын жазатының дәлелдеу

Қажетті құралдар: табиғи су, екі стақан, қасық

Тренинг барысы:

І. Салемдесу

ІІ. Нұсқау

Өз еркімен сыртқа үш адам шығарылады, екі стакан су әкелінеді. Бір стақандағы суға барлығы жылы тілек айтады: мысалы, денсаулық, мейірімділік, шыдамдылық, бақыт және т.с.с. екінші стақанға еш әрекет қолданылмайды. Үш қасық дайындалынып қойылады. Енді кезекпен бір адам кіргізіледі де, екі судан дәм татқызылады, қай су нұрлы, жұмсақ деген сұрақ қойлады, олайтады. Келесі екі адаммен де осылай жүргізіледі. Үш қатысушы да өз ойларын айтқан соң анализ жасалады. Анализ барысында аудиториядағы 3-4 адамға дәмін татқызып көрсетуге болады.

Қорытынды ой түйін:

Ойдың суға әсер еткені жайлы тарихтан да мысал келтіруге болады. Мәселен, 1881 жылдың қысында «Лара» кемесі Ливерпульдан Сан-Францискоға жолға шығады. Сапардың үшінші күні аяқастынан кеме өртке оранады. Кемені тастап жансауғалағандардың арасында капитан Нейл Кери де бар еді. Аман қалған жолаушыларды шөл қысты. Жолаушылардың қиналысы сағат сайын арта түсті. Теңіз қиыншылығын тартудай-ақ тартқан жолаушылар әупірімдеп жағаға шыққанда өздерін шөлден аман алып қалған жайтты таңғалыса былай деп тілге тиек етісті: «Біз тұщы суға зар болдық. Шіркін-ай, мына теңіздің суы тұщы суға айналып кетер ме еді» деп армандаумен болдық. Мен бар жан-тәніммен соны қалап, судан іліп алып ішкенімде ол су тұщы боп шықты!»

1472 жылы аббат Карл Гастингстинг жалған айыпталып, түрмеге қамалды. Оған күніге бір тілім қатқан нан мен бір кесе борсыған су берілетін. Арадан бір айдан аса уақыт өткенде әлсіреудің орнына тұтқынның күш-қуат жинай бастағаны байқалды. Түрме басшылары Карлды қинағанда, ол әр әкелген сайын  суға дұға оқып, осындай қиындықтар берген Құдайға шүкір етіп барып сол судан ішкенін мойындаған. Ол дұға оқығанда судың дәмі де, иісі де өзгеріп сала берген.

Демек, айтылған жағымды сөз, қандай бір дұға асқа-суға міндетті түрде әсер етеді. Ендеше, суға дем салудың да бір ғылыми астары осында жатқаны күмәнсіз.


Рефлексия «Жас психологтар» еріктілер тобы

ІV бөлім. Қорытынды


Қорытынды. «Еркін микрофон» жаттығуы кері байланыс.

Осы тренингтен алған әсерлері жайлы қатысушылар ортаға салады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу

Автор: Рустемова Жулдыз Жумабаевна

Дата: 02.03.2017

Номер свидетельства: 397172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "ЖАС?СПІРІМДЕРДІ? АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-??Л?ЫНЫ?  АЛДЫН - АЛУ Ж?МЫСТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "zhasospirimdierdin-autodiestruktivti-miniez-k-u-lk-ynyn-aldyn-alu-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "201804"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429116418"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Жас?спірімдерді? ?ылмыс?а бару себептері ж?не алдын алу жолдары"
    ["seo_title"] => string(73) "zhasospirimdierdin-k-ylmysk-a-baru-siebieptieri-zh-nie-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "330017"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464090471"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Жас?спірімдерді? ?ылмыс?а бару себептері ж?не алдын алу жолдары"
    ["seo_title"] => string(63) "zhasospirimdierdinkylmyskabarusiebieptierizhniealdynaluzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "330026"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464091805"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "О?ушылар арасында суицидті? алдын-алу жолдары "
    ["seo_title"] => string(49) "ok-ushylar-arasynda-suitsidtin-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "196429"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428056312"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Зорлы? зомбылы?сыз балалы? ша?" апталы?"
    ["seo_title"] => string(35) "zorlykzombylyksyzbalalykshakaptalyk"
    ["file_id"] => string(6) "286761"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454397536"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства