kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұжымда жағымды қарым - қатынас орнату" тренингі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шағын орталық тәрбиешілері арасында жағымды қарым - қатынасты нығайту. Жағымсыз көңіл - күйден арылу, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұжымда жағымды қарым - қатынас орнату" тренингі»


Тақырыбы: «Ұжымда жағымды қарым – қатынас орнату»


Мақсаты: Тәрбиешілер арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз

көңіл – күйден арылу, өзін – өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Өткізу формасы: тренинг

Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: презентация, жапырақ стикерлері, ағаштың суреті, шарлар, бейне-роликтер,түрлі – түсті қарындаштар

Тренинг ережелері:

  • Кешікпей келу;

  • Өз атынан сөйлеу;

  • Сөзді бөлмеу;

  • Тыныштық сақтау;

Тренинг барысы:

Ұйымдастыру.

Психолог: Құрметті тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз. Алдымен сіздер үш топқа бөлініп алыңыздар. Ол үшін алдарыңыздағы түрлі – түсті кір қыстырғышты таңдап алып, түс бойынша үш топқа бөлініп алайық.

  1. Менің есімім:

Қатысушылар өз есімдерін атап, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді.

Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бір – бірімізге қарап сөйлегенде, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық.

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.

Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.

Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшін мені мұқият тыңдап алыңыздар. Мынадай нұсқау беріледі:

қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк доп салыңыз.

Жаттығудан кейін талқылау.

3.Ситуациялық сұрақтар:

1 - топ: «Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата - аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2 - топ: «Сіз кеш уақытында қалған 2- 3 балалармен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр, әкесінің ішімдік ішкенін, үйде ұрыс шығарғанын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және Сіздің тыңдап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз».

3 – топ: «Сіздің тобыңызда гиперактивті яғни бір орында тыныш отыра алмайтын бала бар.Топтағы бүкіл балаға өзі бастап тиіседі. Бірақ анасы сіз менің балама көп ұрысатын көрінесіз және балалар менің балама тиіседі екен деп сізбен ұрыса жөнеледі. Сіздің әрекетіңіз».
4. «Сергіту сәті»:

Әрбір қатысушының арқасына қағаз жапсырылады. Әрқайсысы бір – бірлерінің арқасындағы қағазға сол адамның бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Барлығы біткен соң өзі туралы қандай пікірде екенін оқып көңіл –күйі көтеріледі.

5. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту

Уақыты: 10мин.

Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.

6. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы

«Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.

Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

7. Тілек ағашы:

Вватманға ағаштың суреті салынған. Жапырақтардың орнына шарлар ілінген.Шарлардың ішінде қатысушыларға тілектер жазылған қағаз бар. Әрбір қатысушы өзіне ұнаған шарды алып, ішіндегі тілекті оқып,берілген стикерге өз тілегін жазып ағаштың жапырағы ретінде іледі.


Қатысқандарыңызға көп рахмет!





































ЖББ №20 орта мектебі









(тәрбиешілермен өткізілген психологиялық тренинг)















Шағын орталық психологы: Тоғанбек Айнұр Сабитқызы





2016 – 2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ұжымда жағымды қарым - қатынас орнату" тренингі

Автор: Тоғанбек Айнұр Сабитқызы

Дата: 12.11.2016

Номер свидетельства: 358023

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Жас келсе, іске» Жас мамандар?а арнал?ан  тренинг-саба?."
    ["seo_title"] => string(61) "zhas-kielsie-iskie-zhas-mamandarg-a-arnalg-an-trieningh-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "287465"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454493814"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Досты? 3-сынып ?зін-?зі тану "
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk-3-synyp-ozin-ozi-tanu"
    ["file_id"] => string(6) "166283"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422946031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Адал досты? 4-сынып ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(31) "adal-dostyk-4-synyp-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "166297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422946998"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Тренинг "Біз біргеміз""
    ["seo_title"] => string(24) "trieningh_biz_birghiemiz"
    ["file_id"] => string(6) "472847"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1528628846"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«Жақсы көңіл-күй жан азығы» (мамандарға арналған тренинг)"
    ["seo_title"] => string(55) "zhaksy_konil_kui_zhan_azygy_mamandarga_arnalgan_trening"
    ["file_id"] => string(6) "505867"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1554288176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства