kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұқыпты бала үлгілі бала

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұқыпты бала үлгілі бала»

 

Тақырыбы: Ұқыпты бала үлгілі бала

Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық! Әрбір адам Оқушы - туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ Оқушы - үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің Оқушы - тірлік, терек, адамдық
Әрбір сөзің Оқушы - шындық, бірлік, адалдық
Осы жақсы қасиеттерді бойымызға дарыта отырып, оқушы қандай болу керек деген сұраққа сөзжұмбақ шешу арқылы жауап іздеп көрейік.

Сонда балалар оқушы қандай болуы керек екен? Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүру керек. Кішіге ізет, қамқоршы болу.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»-деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1.Атам маған әманда 
Әдепті жан бол деген. 
Ата сөзі санамда - 
Жасы үлкенге жол берем.
2.Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.
3.Атам маған әманда 
Кішіпейіл бол деген. 
Ата сөзі санамда - 
Мақтанбауды жөн көрем. 
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Тренинг «Күлкі сыйлау». 
Мақсаты: Көңіл-күй сыйлау, ұжымды біріктіру. 
Нұсқау: -Балақайлар, қолымызды ұстап шеңберге тұрайық. Қазір біз бір-бірімізге есімімізді атап шеңбер бойымен күлкімізді сыйлаймыз. Мен бастаймын. «... мен саған өзімнің күлкімді сыйлаймын, ал сен оны келесі оқушыға сыйла».


















































та-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. 
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі елағаларына байланысты. 
Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Қазақ халқы 7 атаға дейін, мүмкін болса өз руының қыздарына үйленбеуге тырысады. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Атам замандарда қазақтар ұлдарын 13 жасында отау иесі деп дайындаған. Қазіргі заман басқа, заң бойынша 18 жасқа толғасын некеге отыра алады. Ең дұрысы Отан алдындағы әскери міндетін атқарып келгесін 20-22 жаста ата-баба салт-дәстүрі бойынша үйленген жөн. 30-ыңда орда бұзбасаң, 40-да қамал ала алмай қаласың деген бекер айтылмағанында ескерген дұрыс.
Үйленер алдында жастар толық дәрігерлік тексерістен өтеді. Келіншегінің екі қабат кезінде не ішуге болмайды, неден сақ болу керек, үйленгеннен кейін баланы 9 ай көтеру керектігі, ол үшін анасының денсаулығы зор болуы т.б. сұрақтарын алдын ала дәрігермен кеңесіп шешіп алғандары жөн. Әйел екі қабат екенін білмей, соның кесірінен байқамай арақ-шарап, сыра, беталды дәрі-дәрмектер ішкеннен т.б. ауру балалар пайда болатынын жас ана білгені дұрыс. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, кім перзентханадан көтеріп алып шығады, бесікке кім бөлейді т.б. сол адамға тартады деген ырымға байланысты әке-шешесі ойластырып, ата-әжелерімен, дәрігерімен ақылдасып беделді, елге сыйлы ел аналарын дайындайды.
Бір ғана баланы жастан деген сөздің астарынан қазақ халқының бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, адамның бақыты — балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жан-ұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дейді дана халықымыз. Ер баланы 6 жасқа дейін хандай көтер, сыйла, 6 жастан 16 жасқа дейін құлша жұмса, 16 жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөз бар. 
Бұл сөздің мағынасы бала дүниеге келгеннен бастап қорға, қамқорла, қалауын жаса, мүмкіндігіңше ұнатқан ойыншығын, қажет нәрселерін алып бер, ойын арқылы баланы тәрбиелеуге болатынын есіңнен шығарма дегені. Қазақтың ұлттық ойындары асық, тоғызқұмалақ т.б. ойындардан бастап, қазіргі заманға сай, балаға қажет деген ойын түрлерін үйрет. Баланың сүйікті ойыны арқылы да, икеміне қарай, болашақта кім болатынын да болжауға болатынын ата-бабаларымыз білген. Баланы бесікке бөлеу, дәрігермен ақылдасып дене шынықтырулар жасау, еңбектеуіне мүмкіндік беру, тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кесу – бәрін уақыты жеткенде жасау. Бір ескеретін жай бала еңбектеп жүргенде күштеп жүргізуге болмайды. Еңбектеу арқылы тізесі, аяқ сүйектері әбден дамуы қажет. Ерте жүргізу әрекетін жасасаңыз, баланың аяғының бұлшық еттері өсіп, сүйек, сіңірлері тартылып қалады. Баланы дәрігер 1 жасқа дейін үйге қеліп қарайды, балаң жөнінде дәрігердің берген кеңесін мұқият тыңдат, жазып ал. Баланы ойнап жеңуге болатынын ескеру арқылы кішкентайынан тәртіпке көндіре білу өте маңызды. Баланы жасына қарай тәрбиелеу керектігін естен шығармау қажет. Мысалға: тойға, немесе қыдырып жүргенде ауа-райына сай, баланың жасына қарай киіндір және 2-3 таза киім алып шық. Балаға отыр десең де отырмайды, бала 7 жасқа дейін жерден таяқ жейтінін ұмытпа, сүрініп кетіп үстін лас қылса жұрттың көзінше ұрыспа. Үсті лас болып қалса, бетін, қолын сумен шайып, таза киімін ауыстыра салсаң болады ғой. Бала еркіндікті, ата-анасының жылуын сезініп өсу керек. Баланы үлкен адамша киіндіріп, қақайып тұр деп қорлауға болмайды. Бала еркін ойнап өссе ғана, үлкен азамат болатынын ескерген жөн.
6 жастан бастап 16 жасқа дейін құлша жұмса дегені, балаға өнер үйрет, икемі, игеруіне қарай еңбекке баулы, тәрбиеле, оқыт дегені. Қазақша күреске бер, балуан болмасада денесі шынығып өссін. Домбыра үйірмесіне бер, әнші, күйші болмасада, өнерден нәр алсын. Қазақтың терме, мақал, баталарын, Құран сүрелерін жаттат, әдеби кітаптар оқуға әдеттендір. Жабағы, тай, атқа мінгіз, қазақтың ұлттық ойындары көкпар, ат шабыс, қыз қуу т.б. ұлттық ойындарымызды көрсет, қатысамын десе батаңды бер. Ұлттық, шет тілі, техникалық, т.б. қалауына, мүмкіндігіне қарай үйірме, курстарға бер, 8 қырлы, 1 сырлы болсын. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек, өскенде бәрі балаға қажет болады. Бұған кейбір ата-ана жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрысады. Бұл дұрыс емес, өте қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Ата-ана ұл-қыздармен үй шаруасын істеп жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге де болады. Жан-ұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, негізсіз айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя – мектеп екенін естен шығармау керек. 
16 жасқа, яғни кәмілетке толғасын досыңдай сыйлас, санас, ақылдас дегені. Балаңа еркіндік бер, арман, мақсаттарының орындалуы жөнінде кеңес. Сені сенімді дос санайтын болсын. Сен жақсы дос, үлгі тұтатын әке болсаң, балаң саған адал дос, қолдаушың болады. Мамандық таңдауға көмектес, мамандық таңдағанда баланың нені жақсы көретініне, не қолынан келетініне, неге икемі барына, алған біліміне, таңдаған, яғни жақсы көретін пәніне, нені ұнататына мән берген жөн. Завод, фабрика және әр түрлі мекемелерде қарапайым жұмысшыдан бастап басшысына дейін қандай мамандар жұмыс жасайды, сол жөнінде де ақыл бер. Балаңыз суретті жақсы салатын болса, оған әнші бол деп қыйнап не керегі бар. Немесе мұғалім болғысы келетін балаңызға, дәрігер бол деп, инженер механик болғысы келетін балаңызға, заңгер бол деп, қаржыгер болғысы келетін балаңызға, мал дәрігері бол деген орынсыз екенін түсінген жөн. Қазақша бұны буынсыз жерге пышақ ұрма дейді. Ер баланың әскер қатарында болып келгені өте жақсы, бірақ, барғысы келмесе, мамандығы бойынша жұмыс жасағысы келсе баланы босқа қыйнамай әскери курстардан өткізіп алса да болады. 
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезді, әжелеріміздің сөзімен айтқанда, күн жаумай-ақ үсті су боп жүретін ынжық балалардың жиірек ұшырасуы алаңдатады. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары деседі. Расында да, үйде анасының ғана тәрбиесін көрсе, мектептегі мұғалімдердің 80-90 пайызы әйелдер болса, ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қашанда қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Бұл – ген арқылы келетін ұмтылыс. Кішкентай ұл үшін әкесінен асып түсер мықты жоқ: ол машина айдайды, күші көп, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештемеден қорықпайды т.б. Бала өзінің де әр қылығы, әр қимылы әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Тіпті оның қырынып жатқанына да қызыға қарайды. Бірақ осы талпыныс бірте-бірте басылып қалуы да мүмкін. Егер әке жұмысбастылықты, жеке қызығушылықты, көшедегі ойын-сауықты отбасыдан жоғары қойып, ұрпақ тәрбиесіне ұқыпсыз қарайтын болса. Бала тәрбиесіне – әке де, ана да бірдей айналысуы тиіс күрделі міндет. Балалар есейген сайын ата-ана мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түспек. Есі кіріп қалған жасөспірімдер енді ата-ана сөзіне, айтқан ақылына ғана емес, істеген ісіңе де мән беріп қарайды. Егер айтуың бір басқа, атқаруың мүлде бөлек болса, бала ондай жалғандықты, көлгірсуді бірден байқайды. Яғни, оларға айтар ақыл-кеңесімізбен ғана емес, ұқыпты тындырылған тірлігімізбен де үлгі көрсеткеніміз жөн.
Әке мен ананың отбасындағы өзіндік рөлі болатынын да ұмытпаған дұрыс. Әрине, перзент үшін екеуі де – ардақты, ақылшы, қамқоршы. Алайда бәрібір әкенің отбасылық қарым-қатынастағы орны бәрінен биік тұруы қажет. Кей үйлерде осындай табиғи тәртіптің өзі бұзылған. Яғни, түпкі сөздің тізгіні, шаңырақтағы билік әйелдің қолына көшкен. Оның түрлі себептері болуы мүмкін (ері жұмыс істемейді, әйелінің табысы көбірек, күйеуінің иі жұмсақ т.б.), бірақ бұл жағдай сол отбасындағы балалардың психологиясына, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына кері әсер етеді. Ертең олар да ата-анасының ізімен жүріп, күйеуін басынған, сыйламайтын, арсыз, ұятсыз әйел, ынжық еркектердің, күшік күйеулердің қатарын толықтырып ағайындарының, ел-жұртының абыройын айрандай төгеді.
Қайсыбір ерлі-зайыптылардың балаларының көзінше айқайласып, жан-жалдасып, тіпті бір-біріне қол көтеріп жатады. Немесе бір-бірін кемсітіп, мұқатып, бала алдындағы абыройын жұрдай қылады. Бұл перзент санасына соққы боп тиетіні өз алдына, мұндай ата-ананы бірте-бірте балалары өскенде тек амалдың жоқтығынан ғана сыйлайтын болады, не тастап кетеді, не қарттар үйіне өткізіп жібереді.
Нағыз қазақ отбасысы абыройлы әке, қамқор ана, тәрбиелі қыздар, тәлімді ұлдар. Үстел басындағы төрде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім де отырмайды. Дастарханның етек жағындағы ананың өзіндік орны да солай. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң барып тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орнындарынан тұрады. Бұл – қазақ халқының салт-дәстүр сабақтастығы, тәрбие жалғастығы. Демек, олар өздері өніп-өскен шаңырақтан алған өнегені, ата-анасынан көрген тәлімді енді өз перзенттерінің бойына сіңіруде. 
Әке – үй-іші немесе әулет басшысы, отағасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы, қорғаушысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. 
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой – деп мақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта, мамандықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай өзі таңдаған мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әке-шешесінің басты міндеттерінің бірі. 
Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ), 030012, Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 200-а, Телефон: 8(7132)55-04-22(басшы), 544114(есепші), 55-02-84(тіркеуш

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар,біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан өзгеше, себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Кәне, барлығымыз өз білгенімізді қысылмай ортаға салайық.
Сонымен, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз “Өмірің өз қолында!” деп аталады. Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә. Арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні деп аталады. Сонымен бірге қоғамдағы басты індет темекі, арақ, нашакорлық болып отыр.
Қазір біз “Балалық” теңізіне ақ кеме арқылы саяхатқа шығамыз. Теңіздің арғы жағында “Үлкен өмір” елінде “Азамат” атты алып терек бар. Бірақ жолдағы аралдарды қарақшылар мекендеген. Егер сендер өздеріңе берілген сұрақтарға жауап бере алмасаңдар, ақ кеме қарақшылар қолына түседі. Егер дұрыс жауап берсеңдер, “Үлкен өмірдегі” алып терек “Азаматқа” аман- сау жүзіп барасыздар.
Оқушылар сұраққа жауап берген кезде ақ кемені жылжытып отырады.
Сұрақтар:
1. СПИД ауруы туралы не білесіз?
2. Арақ пен темекі адам үшін қауіпті ме? Өз ойыңды айт.
3. СПИД-ті жұқтырған адам сол күннен бастап неше жыл өмір сүре алады?
4. Арақ, темекі туралы қандай нақыл сөздер білесің?
5. СПИД ауруымен ауырып, жер шарында неше миллионға жуық адам дүниеден өтіп, неше млн. бала жетім қалды?
6. СПИД ауруы қорқынышты ма? Қалай ойлайсың?
7. Не себептен балалар темекі шеге бастайды деп ойлайсың?
8. Есірткі қолданып, оны тартқан адамдарды заңға тарта ма?
9. “Салауатты өмір салты” дегенді қалай түсінесің?

Жақсы, балалар, сіздер “Азамат” атты алып терекке жеттіңдер. Енді тақтаға қарайықшы, ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Темекінің суретін көріп тұрмыз.
Темекі әртүрлі ауруларды туғызатын, еңбекке қабілетін жоятын, денсаулықты әлсірететін, адам баласының өмірін қысқартатын жегі құрт.Темекінің түтіні шегушінің өзіне ғана емес, сондай- ақ оның айналасындағыларға да қатерлі. Бір ғана шылымқордың шеккен шаласынан бір мезгілде оның айналасында отырған 4 адам бірдей зәбір шегеді екен. ХХ ғасырда темекінің салдарынан 100 млн. адам көз жұмған.
- Тақтадағы келесі суретке назар аударайық. Нені көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Арақтың суретін көріп тұрмыз. 
Қазақ халқының осыған дейін көрген қасіреті- кешегі кеңес үкіметі тұсындағы “шаш ал десе бас алатын” ұр да жық саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын- сүргін, жерді де, елді де тоздырған тың көтеру, экология тағы басқалар. Сол апаттардың бәрінен де қауіптісі, адамзаттың санасын улаған жауыз қасірет бар, ол- арақ. Бұл адам баласының өзі тілеп алатын, өзі сатып алатын айықпас дерті.
Оқушылар орындауындағы арақтар мен қымыз арасындағы айтыс ұсынылады. 
(Оқушылар арақтың суреті салынып, аттары жазылған арақтың шынысы тәріздес қиылған қағазды ұстап оқушылар шығады.)

“Аяжан” арағы.
Атым нәзік болғанмен,
Өзім дағы алыппын.
Тоңсаң мені іш,
Көптен сізбен танысып.

“Өмірбек” арағы.
Өмірде бар сан-сан түрлі қиындық,
Солардың бәрі адамды қояр дел- сал ғып.
Қайғырғанда мені іш, ей, адамзат,
Бір пәлеге жолықтырамын жынды ғып.

“Ақтөбе” арағы.
Иелендім есімін ірі қаланың,
Қалайша мен шеттеу тұрып қаламын.
Ұялшақсың ба, мені ізде, мені іш.
Батыл болып шығасың сен, ағайын.

“Бүркіт” арағы.
Бойымда менің күші бар алып қыранның,
Көңіліме жақпағанды қырамын.
Ыржаңдатып күлдіремін, қисаңдатып жүргіземін,
Ар- ұяттан әп-сәтте айырамын.


“Райымбек” арағы
Иелендім батыр баба есімін,
Сондықтан да көп болады әл- күшім.
15 тәулік айықтырғышқа қонасың.
Ештеңе де болмайды, мені ішкін.

Қымыз.
Ей, нәлеттер, аулақ кеткін, аулақ кет!
Өз түбіңе,эжексұрын-ау, өзің жет.
Адамзаттың есімін сен қор қылма.
Райымбек баба атынан садаға кет!
Ұрпағымның санасын улатпаймын,
Бар денесін жауызға жайлатпаймын.
Кет деген соң, тфу, кәпір кет енді,
Қазағымның жүрегін жаралатпаймын.
Кет! Кет! Кет!

Мұғалім: Шынында да , балалар қазіргі таңда қымыз бен боза, шұбат, айрандар сирек кездеседі, ал керісінше, арақтан аяқ алып жүргісіз болдық. Арақ ішсең әп- сәтте быт- шытын шығып, аңға, хайуанға айналасың. Барлық қайғы, сор, ұрлық- бәрі арақтан басталады. Зерттеу барысында мерген 100 ұпайдан 96 ұпай алу керек болса, 50 гр. Арақтан кейін 100 ұпайдан 26-ақ ұпай алған.
Міне, 50 гр.арақтың өзінің зиянын осыдан көруге болады.
Сондықтан бос уақыттарыңызда карта ойнап, темекі тартып, магнитафоннан шетелдік әуендерді тыңдап, босқа уақыт өткізгеннен гөрі пайдалы іспен, әдеби кітап оқумен, спортпен шұғылданған тиімді де пайдалы.
- Балалар , енді тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік:

С
А
Қ
Т
А
Н

1. ХХІ ғасыр індеті.(СПИД)
2. Спирт ішімдігі құрамындағы зат.(алкаголь)
3. Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық (қылмыс)
4. Көп таралған ауру.(туберкулез)
5. Маскүнемнің “сусыны”(арақ)
6. Темекідегі улы зат.(никатин)



- Балалар, сіздер “Байлық” деген сөзді қалай түсінесіңдер?


Ал енді “Денсаулық” сөзін қалай түсінесіңдер?


Сонымен, балалар, қандай мақал бар еді?
- Дұрыс айтасыңдар. Денсаулық- зор байлық.
Дені сау адам өмаірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын.
Кесір сумен санаңды сен улама,
Көкірек қапқан көк түтінге жолама.
Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.
Саулық керек, өмір керек адамға.
Ей, адамзат!
Өмір керек саған да, маған, оған да,
Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның
Тамырына, ұрпағым, балта шаппа! 
Осымен бүгінгі “Өмірің өз қолында!” атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
дам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты.

Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр.

Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін дамыта алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды.

Қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік өмірде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. Ал, ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, өзіңмен басқалардың қалай қарым-қатынас жасағанын каласаң, өзінді де нақ солай ұста деген ұстынға негізделеді.

Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ, тұлға-мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Оның ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.

Халқымыздың қоғамдық моралында адамдар арасындағы шынайы адамшылык. катынастар: тең құқықтық пен жолдастық, өзара сыйластық және жақын адамдарға камқорлық жасау қатынастары көзделеді. Мінез-қүлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған.

Адамдардың орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек.

Қоғамда бір адамға жүктелген міндет басқа адамның міндетімен тікелей байланысты. Бұл тізбекті зәрулік - қоғамдық құрылыс. Оның әрбір адамның әдептілігіне тікелей қатынасы бар. Олай болса, қоғамға зиян тигізбеу үшін әрбір адам басқа адамға нұқсан келтірмеуі қажет. Яғни бір адамның әдептілікті бұзуы қалғандарға міндетті түрде әсер етеді. Бұл егер жалпы халықтық сипат алса, онда ол қоғам тығырыққа тіреледі, берекесі қашады. сондықтан адам әдептілік нормаларын орындай отырып және оның талаптары негізінде өмір сүре отырып қана коғамның сенімін ақтай алады. Олай болса, тірі пендеге жамандық жасамау, кісі көңілін себепсіз калдырмау, адамға жазықсыз жапа шектірмеу қоғам үшін аса қажетті әдептілік іс болып табылады. Аталарымыз: "Жақсылық қолыңнан келмесе, жамандык жасаудан сақтан. Өйткені жамандық қашан да қайта айналып иесін табады", — деп бекерге айтпаған ғой.

Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі.

Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек.

Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.

 

б) Әдептіліктің өркениеттілікке әсері

 

Ғасырлар бойы заман өзгергенімен, адамның негізгі сипаттары көп өзгере қоймағандығын қатаң қағида деп қабылдауға болмайды. Себебі адам мәңгі өзгермейтін қатып қалған субстанция емес. Адам да өзгереді, бірақ бұл - сапалық өзгерістер. Қалай дегенмен де, адамзат бірде баяу, бірде жылдам карқынмен үнемі даму үстінде.

Біз асыққанмен ол даму өз ырғағынан жаңыла қояр емес. "Тездетеміз, басқаларды басып озамыз, бірер онжылдықта жаңа адам жасап шығарамыз" деген сияқты әдептілікке жатпайтын өркениетке талпынушылықтың адамзатты ұшпаққа апармайтынын кеше ғана көрдік емес пе? Өйткені өркениет әдептілікке негізделгенде ғана жүзеге аспақ. Қаншама экономикалық-мәдени дамудың жоғарғы сатысына жеткенмен, қоғам өмірінде халықтың өзіндік әдептілік-инабаттылық үрдістері, өзіндік ұлттық тарихы және психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері сұрыпталып, сақталып, өз көрінісін таба алмаса, ол ел толыққанды өркениетке ие бола алмайды. Олай болса, халкымыздың ғасырлар қойнауынан бастау алып, өзімен бірге келе жатқан әдептілік қағидаларын, игі салт-дәстүрлерін, ұлттық бояуға толы қайталанбас үрдістерін саралап, жетілдіріп, келешекке жеткізе білудің маңызы оте зор.

Адамдар арасындағы өркениеттілік катынас толық үстемдік кұрған кезде сұрқай көріністер көзге оғаш көрініп, көпшілікті жирендіретін атавизмге айналып, коғам, отбасы мүшелері және лауазымды адамдар бір-бірімен заң жүзінде де, іс жүзінде де сыйластықта болуына жол ашылады. Ондай жағдайда жеке адамдар, жеке адам мен ресми орындар және әлеуметтік-саяси топтар арасындағы шиеленіс-қайшылықтар тіке тіресу, керек болса, күш қолданып, бірін-бірі міндетті түрде еріксіз мойындатып жеңумен емес, ең алдымен, жан-жақты ерінбей түсіну, заңға, ұжданға жүгіну арқылы келісімді, ортақ шешімге келіп отыруы сол қоғамның, мемлекеттің бүлжымас қағидасына айналады.

Ізгілік пен жауыздық, қатыгездік пен мейірімділік, адалдық пен арамдық, кішіпейілділік пен өр көкіректік, шындық пен өтірік, турашылдық пен көре алмаушылық, ақ ниеттілік пен қызғаншақтық, қанағат пен ашкөздік -адамзаттың тал бойынан магниттің екі полюсіндей әманда табылып келе жаткан қасиеттері. Олардың арасындағы күрес те толассыз. Соның өзінде аталған касиеттердің жағымсыз түрлері неше алуан әдістер арқылы көбінесе үстем болып, ізгілік, адалдық, мейірімділік, әділдік сияқты жалпы жұрт мойындап, қабылдаған анық адами сипаттар қорғансыз, әлсіз, аяусыз ашық майданда жеңіліс тауып жатады.

Себебі жағымсыз қасиет пен теріс қылықтар сан түрлі түске боялып, өмірге, ғылым мен ойдың өсуіне сай тез бейімделіп, жетіліп, күшейе түсіп отырады. Соның кесірінен әділдік пен жақсылықтың салтанат құруы үлкен қиындық, көп қүрбандық, мол шығынмен келеді және көбінесе ұзақ уақыт түрақтай алмай, кайтадан жеңіліске ұшырап отырады. Бұл күрес - бітіспес күрес, ол адамзат дамуының ажырамас серігі, процестің негізгі белгісінің өзі, әрі себебі, әрі салдары, әрі ішкі қозғаушы күші. Түптеп келгенде, ол - өркениет үшін күрес.

Демек, өркениеттілікке жету үшін ең бірініші кезекте, әдептілік, имандылық, инабаттылық, ибалыққа қол жеткізу керек, бүл жолда күрестен тайынбау қажет. Иә, табаны берік, түғыры биік мемлекет деңгейіне көтерілу, өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін шалқар материалдық байлықпен бірге зор рухани байлық, аскақ рух керек. Сезімі биік, рухы берік ел ғана өркениетке жете алады.

 

в) Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері

 

Әдептілік — адам өмірінің рухани ұйытқысы. Мұның өзі әдеп-инабаттылықтың қаншалықты  қажеттігін, оның адам болмысымен біте қайнасып жататынын және оның ғұмырлық маңызын түсінуін білдіреді. Оның мәнісі әдептілік сананы қалыптастыру, оның жоғарғы корінісі — ар-ожданға, яғни, әдеп-инабаттылық өлшемдерінен бас тартқызбайтын ар-ұжданға ие болу дегенді ұқгырады.

Әдептілік адам бойында турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш-қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға  қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шьңдайды.

Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп "Адам" деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге ауадай қажет рухани игілік болып табылады. Бұл бізге инабат жолын үйренудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырғандай. Әдептілік адамның рухани өміріне судай сіңіп, балдай батуы керек. Ол әдептілік те ата-баба дәстүрінен бастау алуы тиіс. Сонда ғана әдептілік қағидалары өз нәтижесін бере алады.

Иә, халқымыз әспеттеген ар-намыс, ұят, ынсап, жанашырлық, адалдық, ақ пейілділік, бір сөзділік және жауапкершілік сынды ұғымдар адам жанын түгелдей көмкеріп, оның руханиятында берік орын тепкеңде ғана экономика да, мәдениет те, білім беру де үделі жерден шықпақ.

Әдеп — адамды адам ететін қасиетті нәрсе. Ол болмаса адам атаулының жануар тақылеттес болары хақ. Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес пе?!

Әдептілікті сақтау адамның арына байланысты. Қандай да бір әдептілік қағидасына немқұрайды қараған адам міндетті түрде қандай да бір жазамен жазаланбайды. Бірақ, ол елдің көзінде жағымсыз күйде қалады. Міне, адамды күйіндіретін де осы мәселе. Яғни оның ары кісіні әдепті болуға итермелейді. Әдепсіздікке жүгінген жағдайда өз ар-ұжданының азабына ұшырайды. Әдептіліктің адамға рухани әсері осында жатса керек.

 

г) Әдепсіздік қылықтары

 

Адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан өзінің бұл жаман қасиеттерін жеңе білуге тиіс. Сонда ғана ол жамандық атаулыға аяк аттап баспайтын болады.

Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байкамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады.

Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау — басты міндет.

Әдет — адамның қандай да бір қасиетті өзіне үйреншікті етіп алуы. Бүл егер жаман қасиет болса, онда оньң жазылуы қиын дертке шалдыққаны. Сондықтан бір нәрсені әдетке айналдырған кезде оның жақсы-жаман екеніне нақты көз жеткізген дүрыс.

Темекіні әдетке айналдыру — сондай жаман қасиеттердің бірі. Ең алғаш сол темекіні ауызға алған кезде неге ойланып қарамасқа? Темекінің зиянын, оның жеке басына және қоғамға әкелетін кеселдерін неге әуел баста ойламасқа? Бұны ойлаған жандар одан ат басын аулақ ұстайды.

Темекі әдетке айналғаннан кейін оны тастау кісіге қиынға соғады. Әттеген-айлар басталады. бірақ темекіге тәуелділіктен құтыла алмай, әуре-сарсаңға түседі. Темекі адамға өз үстемдігін орнатады және адам оның шылауында осылай кете барады.

Шылымға бой алдырған адам одан мүлде құтыла алмайды емес. Ол үшін адамға төзім, шыдам керек. Адам қандай да бір жетістікке төзім арқылы жетеді. Өзінің мақсаттарына жету жолында кездескен барлық қиындықтарға төтеп беріп, сабырлылық және салмақтылық танытқан адам ғана көздеген мұратына жете алады. Ал, әдептілікке бой ұрып, темекімен ат құйрығын кесісу де - адам үшін үлкен жетістік.

Темекі сияқты жаман кеселдердің бірі -ішімдік. Бүл да адамның басына үлкен қасірет әкеледі. Бұдан жалғыз адам ғана емес, бүкіл қоғам касірет шегеді. Отбасының шырқын бұзатын да осы ішімдік. Ішімдік адам баласына нендей жақсылық әкеліпті? Жоқ, ол жамандықтан баска еш нәрсе әкелмек емес. Олай болса, адам озіне жамандык әкелушімен күресуге тиіс. Оны өзінің қас жауы екенін ұғуы керек.

Данышпанның бірі былай депті: "Ішімдік адамды төрт күйге түсіреді. Ә дегенде адам тотыға ұқсайды да, жұрт көзіне түсуге тырысады. Содан саң ол маймылдың қылығын шығарады да, елдің бәрімен қалжындасып, қылжактай береді. Одан кейін арыстан кейпіне кіреді де, тәкаппар, паң, өз күшіне сенген өр көкірекке айналады. Ақыр аяғында ол шошқаға ұқсайды да, батпакка аунап кете барады". Олай болса, адамның мұндай күйге түсуден сақ болуы керек-ақ.

Бүгін етек алып келе жатқан тағы бір дерт бар. Ол – нашақорлық. Ол — темекі мен ішімдік сияқты адамның қас жауы. Адам шыныменен бұл өмірді осы үш дұшпанымен бетпе-бет өткізеді. Адам оны жеңуге әбден қабілетті. Өйткені оның бойында ғаламат күш бар. Иә, осындай күшке ие адам баласы өзінің өмірін кеміріп бітірушімен неге күреспеске? Ендеше, адам өз өміріне балта шабушыға міндетті түрде қарсы шығуға тиіс. Денсаулық зор байлық емес пе? Ал, бұл байлыққа нсмқүрайды қарау, оның қадірін түсінбеу жетесіздік болса керек. Жетесіз болмас үшін өзіміздегі бар байлыкты көзіміздің қарашығындай сақтауға мүдделіміз.

Сүйген жар үйленгеннен кейін жолдасының ішімдікке салынғанын көріп, өмірін өксітсе, балалар әкесінің немесе шешесінің бұл күйіне намыстанып, жұрт бетіне қарағысыз күй кешеді. Ал, ата-ана ұлының немесе қызының ішімдікке, темекіге үйір болганьн көріп өмірден жылап өтеді. Яғни бала, әке, шеше, жар қасіретке толы ғұмыр кешеді.

Сонымен қатар, бұл үш дұшпан адамды ақыл-естен айырады, қан тамырларын тез тоздырып, оны өкпе, жүрек және басқа да ауруларға шалдықтырады. Яғни, адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындатады. Жалпы адамның өмірі қысқарады. Олай болса, адам өз ажалына өзі жетпес үшін бүл үшеуінен аулақ болуы керек.

Тепсе темір үзетін азаматтардың немесе сүп-сүйкімді қаракөз қыздардың қор болып, ел көзіне түсуі, ақылы бола тұра ессіз кейіпке түсуі кімді де болса қынжылтары хақ. Азаматтың азамат атына лайық, кыздың кыз атына лайық болуы керек емес пе? Әркім бұны жете түсініп, озінің табиғи қалпын сактағаны жөн.

Бұл орайда Ислам дінінің қағидаларына мойынсұнған дұрыс. Өйткені, Ислам діні адамдардың мұндай жаман қасиеттерден аулак болуын уағыздайды. Ең басты нәрсе - Алланың бар екеніне сену. Сенген адам өзінен-өзі Алланың өмірлеріне қарсы келе алмайды. Алланың көрсеткен жолымен өз ғұмырын нәрлендіреді.

Ислам дініне бет бұрған отбасылардың өзгерген өмірлерін көргенде еріксіз қайран қаласың. Өйткені кеше ғана ішімдіктен құты қашқан шаңырақтың Алла жолына түсуі арқылы отбасында береке-бірлік орната алғанын көргенде калай сүйсінбейсің?! Демек, гәптің бәрі Алланы мойындауда жатыр.

Әрбір адам темекінің де, арақтың да, есірткінің де адам өміріне қауіпті және зиянды екенін жақсы біледі. Бұлардың адамды ешқандай жақсылыққа, бақытка жетелемейтінін де жете үғады. Адамды адамдық қасиеттен жұрдай ететінін де түсінеді.

Ендеше, біліп және түсініп қана қоймай, оны күнделікті өмірде көрсете білу керек. Ал, ол тек әдептілік аркьілы ғана жүзеге аспак,

Кісі елге сыйлы бола алуы үшін ең әуелі әдеп-ибамен сусындауы қажет. Онсыз ел арасында қадірлі бола алмайды. Ол тек қана әдептілігімен жұртқа жағымды, елге сүйкімді, халыққа қастерлі келеді. Ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран және құрбы-құрдастар да кісіні тек әдептілігіне карай сыйлайды, инабаттылығымен құрметтейді, ибалылығымен жоғары тұтады, ізеттілігімен бағалайды. Ал, кісінің ел алдындағы абыройын төгетін келеңсіз жайт — әдепсіздік. Кісіні жұртқа сүйкімсіз ететін, оның жаман атын жалпақ жұртшылыққа шығаратын, бүкіл таныстарымен ара- қатынасын бұзатын да — адамның әдепсіздікке бой алдыруы.

Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз                                                      адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудің
иненің жасуындай да артықшылығын көре алмау,
елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу — бұлар ең
жаман пасық әдеттер.

Кісі өзінің өсекке таңылып, жамандалуын қаламайды, өзін біреудің қызғанғанын, көре алмағанын ұнатпайды. Сондықтан бұл айтылған барлық жаман қылықтарды ешбір адам өз бойына дарытпағаны дұрыс. Өйткені, "Өзің үшін тілемегеніңді өзгеге де тілеме" қағидасы бойынша әрбір адам өз басына да, басқаға да еш қиянат жасамауы керек.

Біреу дана адамнан сұраған екен: "Аспаннан кең не? Мұздан суық не? Оттан ыстык не? Темірден қатты не? Жетімнен қор не?" Сонда данышпан адам былай деп жауап қайырыпты: "Аспаннан кең — адал іс, жерден ауыр — кінәсізді балағаттау, мұздан суық — айналаға кек сақтау, оттан қызу — досқа қаскөйлік, темірден қатты — жаманның көңілі, жетімнен қор - өсекші". Байқалғандай, адамға және қоғамға зиянын тигізетін, тыныш өмірдің берекесін кетіретін, тек кайғы-қасірет қана әкелетін бұл жаман қасиеттер адамды еш ұшпаққа апармақ емес. Демек, адам бұлардан сактануға тиіс.

Жалған сөйлеу, жалған ант ішу және өтірік айту - бүлар екіжүзділіктің нәтижесі. Адамның бүл қылығы жексұрындық, сұмпайылық болып табылады. Өмірде алдағаннан жаман нәрсе жоқ-мұндай адамдарды халқымыз: "Тіліп жіберсе бетінен қан шықпайтын тірі өлексе" деп атаған. Осындай ауыр сөз естігенше қара жер жамылып жатқан артық емес пе? Намыс деген адамды жібермеуге тиіс. Олай болса, намысы бар адам мұндай оқыс қылықтарға аяқ баспауы қажет.

Кісі ертең ел бетіне қарай алатындай болуы керек. Егер оның айтқан сөздері өтірік, жалған, өсек болып әшкереленіп жататын болса, ол жұрт алдында қандай күй кешпек? Оның абыройы айрандай төгіліп, масқарасы шығады емес пе?

Осыдан кейін ол елге сенімсіз болады және бұған қоса оған өсекші, суайт, бетсіз деген сияқты басқа да айыптаулар тағылады.

Мүндай келеңсіз жайттарға тап болмас үшін осындай кеселді қылықтардан аулақ болу керек. Демек, қоғамда абыройлы, беделді, қадірлі және сыйлы бола алудың жолы — кісінің бүгін істеген өз ісіне ертең халық алдында жауап бере алуында жатыр. Мұндай адам текті де тәрбиелі, инабатты да мейірімді, кайырымды да сезімтал келеді.

 

 

 

Жадыңда сақта!  

ЕЙ, АДАМ . . .

Ей, адам! Өзіңді өмірдің қуаныштарынан және сый-сияпаттан айырмау үшін жоғалтқаныңды ойлап, уайым-қайғыға салынба, босқа қасірет шекпе. Мұндай жағдайда сен танып-білуге және алдыңа қойған мақсатыңажетуге қажетті қуат-күшіңді әлсіретіп аласың.

Пифагордың айтқанына сүйенсек, екі түрлі іс-әрекеттен адамның бейшаралығы және дәрменсіздігібайқалады: Біріншісі — пайдасыз іс жасау және ол түралы көп әңгімелеу. Екіншісі — өзінен сұралмаған ісжайлы көп әңгіме шерту. Егер шешеннің сөйлеген сөзі алтын болса, онда үнсіздік — інжуге орнатылғанлағыл.

Егер алдап түсіру үшін құрылған торды көріп тұрып, оны болдырмауға тырыспасаң, сен алдауға қатысушыәрі сатқын болып есептелесің.

Ей, адам! Сені адамдар арасында жала жапқыш, өсекші, шағыстырғыш, бейпіл ауыз және жылпос ретінде танытуы мүмкін іс-әрекеттен жалтарып, бойыңды аулақ ұста.

Істі шешу кезінде ешқашан алдап-арбау мен қулыққа барма. Бұл кесірлі қасиеттерді адамдармен араласудың, өзіңнің тілегің мен талабыңды қанағаттандырудың, мақсатыңа жетудің құралына айналдырма.Өмірлік көзқарас: "Өтірік деген нәрсе үмітке деген сенімді өлтіреді",- дейді. Бұл — жоққа шығарылаалмайтын қағида. Ендеше, өтіріктен аулақ бол.

Шектен тыс көп және жиі ант берме. Құдайдың атын ант берген кезде немесе әңгіме арасында ауызға ала берме. Әйтпеген жағдайда Құдайдың қаһарына ұшырайсың да, атақ-даңқың мен игі істерің зиян шегеді. Абыройлы және ақ-адал атың ұмытылады да қалады.

Сенің алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе кедергі келтіретін ең қауіпті дұшпандарың арақ, темекі, есірткі. Бұлармен өміріңнің ешбір кезеңінде дос болма.

Ей, адам! Жиындарға қатысушылардың, ғалымдардың және білгір, зерделі азаматтардың арасындағы өзіңнің орныңды және шамаңды біл. Мәжіліске қатысушылардың арасындағы өз орныңды белгілеген кезде әділеттілік, теңдік және кішіпейілділік тәртібін сакта. Басқаға лайык, орынға көз тігіп әуре болма. Дінімізді жетік меңгерген жандар былай деп жазған: "Алла Тағала өз орнын білетін және оны бұзбайтынадамдардың күнөсін кешіреді".

Ақылыңның күшінен және карапайым пайымдауыңнан сенің барлык істеріңнің сұлулығы, олардың ашык, таорасан зор пайдасы байқалып тұрады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ұқыпты бала үлгілі бала

Автор: Камелова Жадра Адильбековна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386868

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Мен үлгілі баламын"
    ["seo_title"] => string(20) "mien_ulghili_balamyn"
    ["file_id"] => string(6) "447121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514437039"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:  "?депті бала- арлы бала" (1сынып) "
    ["seo_title"] => string(57) "t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-diepti-bala-arly-bala-1synyp"
    ["file_id"] => string(6) "202401"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429245341"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "М ен үлгілі баламын"
    ["seo_title"] => string(21) "m_ien_ulghili_balamyn"
    ["file_id"] => string(6) "447125"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514438535"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "“Аквариумдағы балықтар”"
    ["seo_title"] => string(21) "akvariumdagy_balyktar"
    ["file_id"] => string(6) "491132"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545015063"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Доклад на тему: "Бала т?рбиесі баршы?а орта?" "
    ["seo_title"] => string(46) "doklad-na-tiemu-bala-t-rbiiesi-barshyg-a-ortak"
    ["file_id"] => string(6) "162898"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422426367"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства