| | Мерзімі:15.05.2014 |
Коучинг тақырыбы | Топтық жұмысты ұйымдастыру |
Сілтеме | Мектептің даму жоспары № 2 |
Жалпы мақсаттар | Мұғалімдердің бағдарламаның негізгі идеяларының бірі топтық жұмысты дамыту туралы түсініктерін қалыптастыру. Топтық жұмыстың ұйымдастырылуымен таныстыру. |
Оқыту нәтижелері | Әлеуметтік өзара қарым –қатынысты дамытады Алынған ақпараттарды ойластыруға және талқылауға тырысады Өз пікірлерін ортаға салуға үйренеді Топта көшбасшы анықталады Топ мүшелері өз қызметтерін атқарады Бір-бірін құрметтеуге үйренеді Әркімнің пікірі құнды Ортақ шешімге келеді Мәселені бірлесіп шешуге тырысады Мұғалімдердің бір-біріне деген сенім қалыптасады. Уақытты тиімді пайдаланады. |
Түйінді идеялар | Әр мұғалім бағдарламаның негізгі идеяларымен танысып, зерделейді. |
Ресурстар | Презентация, бейнематериалдар, ПШО нұсқаулық, флипчарттар |
Көрнекі құралдар мен жабдықтар | Интерактивті тақта, бағалау парақшалары, стикер, тапсырмалар |
Тапсырмалардың түрлері | Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер: постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу |
Коучингтің өтілу барысы | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Уақыты |
Психологиялық ахуал | Жақсы көңіл-күймен коучингке қатысушыларды қарсы алады. | Мұғалімдер бір-бірімен амандасады. | 8′ |
Коучинг туралы түсінік беру | Тренер коучинг туралы түсіндірме береді. «Топтық жұмыс туралы нұсқаулықпен» таныстырады. | Мұғалімдердің коучинг туралы алғашқы түсініктері қалыптасады. |
Алғашқы рефлексия | Коучингке қатысушыларды жемістер арқылы топтастырады.. І топ:«Алма» ІІ топ:«Алмұрт» ІІІ топ:«Апельсин» IVтоп: «Киви» | Мұғалімдер жеке топтарға бөлінеді. Жемістердің психологиялық тұрғыда түсініктері беріледі. | 5′ |
Топ белсенділерін белгілеу | 1. Топ басшысының, хатшының, таймкипердің міндеттерін түсіндіреді. 2. Қатысушылардың қаламдарын жасыру арқылы топ басшылары белгіленеді. | Топ белсенділерінің міндетін біледі Белгіленген топ басшылары міндеттеріне кіріседі | |
Топ ережесін құру | Тренер әр топқа топтың ережесін құруды ұсынады. | 1. Әркім топтық жұмыс туралы пікірлерін қағазға түсіреді, өз ойын жазып алады. 2. Бір-бірімен топта өз ойларын бөліседі. 3. Топта талқылап, ең қажетті деген ережені қағазға жазады. 4. Басқа топтарға өз шешімдерін білдіреді. 5. Пікірлесу арқылы топ ережесі құрылады | 6′ |
№ 1 тапсырма | Топтарға ашық сұрақтар беріледі. 1.Топтық жұмыс ерекшеліктерін қалай түсінесіз? | 1.Әркім өзі жеке ойланады, өз ойын жазып алады. 2. Бір-бірімен өз ойларымен бөліседі. 3.Топта талқылап, ең қажетті деген ойларын қағазға жазады. | 6′ |
№ 2 тапсырма Ой шақыру (Постермен жұмыс) | № 1 тапсырма бойынша қорытынды жасап, өз ойларын постерге түсіру тапсырмасын береді. | Мұғалімдер «Сіз үшін қандай шешім маңызды?» сұрағына топпен бірлесе отырып жауап беріп, өз ойларын постерге түсіреді, қорғайды. | 14′ |
Топты бағалау | Постерге баға беру үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолдануды ұсынады. | Топтар бір-бірінің постерлерін бағалап, «Екі жұлдыз, бір тілек» айтады. | 5′ |
Тренинг сергіту | Мұғалім сергіту жаттығуын көрсетеді. | Сергіту жаттығуын жасайды. | 5′ |
Коучингті бағалау | Мұғалімдерге коучингті бағалау үшін «Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?» кестесін және де «Бағдаршам » стратегиясын қолданады. | Мұғалімдер параққа коучинг барысында білетінін, үйренгенін, білгісі келетінін жазады, бағдаршам түстерін көрсетеді. | 5′ |
Рефлексия | Коучингке белсене қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет! | Мұғалімдер стикерлерге өздерінің коучингтен алған әсерлерін жазады. | 3′ |