Тренинг тақырыбы:Топтық жұмыстыұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққақызығушылығын арттыру Мақсаты: Топтық жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдерімен танысады. Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын нақтылайды. Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру туралы пікірлерін кеңейтеді
Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын түсінеді;
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауға үйренеді. Өз ойларын сыни тұрғыдан білдіруге үйренеді, берілген тақырып бойынша түрлі идеяларын сыни тұрғыдан дәлелдей біледі.
Оқу нәтижесі:
Сыни тұрғыдан ойлауға жаңа көзқарастарын қалыптастыру және оны оқытуды пайдалануға қадам жасауы. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, бағдарламаға деген қызығушылықтары артады.
Түйіндіидеялар:
Мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау және кері байланысты қамтамасыз ету. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.
Сабақтақолданылатынматериалдар:
А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері:
ОүБ және оқуды бағалау, АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалог, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Оқу нәтижелері: Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалана алады .Өз сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады. Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді. Негізгі идеялар: Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Мектепте топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру.
Өту барысы: 1.Психологиялық тренинг (5 мин.)
«Жақсы тілек – ақ пейілдің шашуы»
(Жолдастарына жақсы тілегін арнау, тілектердің қайталанбау шарты қойылады.)
2.Топтастыру кезеңі (2мин) Смайликтердің түсіне байланысты 2 топқа бөлеміз 3.Бейнеролик қарау (3мин) «Құмырсқалар әрекеті»
4. Тақырыптыанықтату, мақсатын тапқызу (4 мин)
Бүгінгі тренинг тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын қалай арттыруға болады?» Тренинг барысында біз топтық жұмыс туралы білетінімізді жетілдіреміз, топтарды қалай ұйымдастыруға болатынын, топта оқытудың негізгі ережелерін құрастырамыз. Жұмыс барысы топтарда өтеді Әр топ алдында А4 ақ қағаздар, маркерлер, стикерлер, желім жатыр.
Топпен жұмыс:
1-топ. Мінсіз оқушының моделін жасау
2-топ: Мінсіз мұғалім моделін жасау
Әр топқа плакат беріліп, соған өз ойларын түсірту.
Әр топ «галареяны шарлау» арқылы басқа топтардың жұмыстарымен танысады және оларға «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға береді. Әр топтың көшбасшылары, баяндамашылары тағайындалады.
Сергіту сәті: 3 мин
2. Әр топқа түрлі сұрақ жазылған парақтар таратылады.
Миға шабуыл әдісі: әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топқа сұрақтар: Дарынды оқушы деген кім?
СТО-ға қандай анықтама берер едіңіз?
2-топқа сұрақтар: АКТ-ның оқу процесіндегі рөлі қандай?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек?
Әр топ тапсырмаларын постер арқылы қорғайды, басқа топ оларға «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға береді.
3. «Рөлдік ойын»
Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша сценарий құрып, рөлде ойнайды, ал екінші топ ол қандай рөл екенін табуы керек.
1-топ «Қатал мұғалім»
«Дарынды оқушы »
2 -топ «Үлгерімі төмен оқушы»
«Талап қойғыш мұғалім»
Қорытынды: Рефлексия:
Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсыру және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазуды тапсыру.