kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Суицид ?о?ам індеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Суицид - ?о?амны? жаппай індеті. Суицидпен бірге к?ресу керек

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Суицид ?о?ам індеті»

Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу 
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. 
Бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Десек те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. 
Латын тілінен аударғанда суицид мағынасы – өзін-өзі өлтіру, яғни өз өміріңе балта шабу, саналы түрде өмір сүруді тоқтату дегенге саяды. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді дейді

Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі 
"Суицидтік жастың үдеуі” кезеңі /17-24 жас аралығы/; 
Адамның өз ойларымен оңаша болатын таңертеңгілік және кешкі уақыт; 
Жанұядағы немесе айналадағы моралдық-психологиялық жағдайдың қиындығы. 
Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары: 
Стерске қарсыласа алмау, түңілгендік сезімі, шешімсіздік (шындықты жеткіліксізқабылдау); 
Жағдайды өзгертуге қабілетсіздік (алдағы уақытта оң өзгерістерге үміт жоқ); Мәселені шеше білу дағдыларының болмауы (тұйыққа тірелу); 
Тек "өзімді өлтіру бәрін шешеді”деген ойға сенімділік. 
Қиындықтан құтылудың жалғыз жолы – өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшу болмаса керек. Оны «ойланбастан шешім қабылдаудың салдары» деп түсінген кезде оны шешудің жолдарын таба алмай, осы дертке шалдығып жатады. 
Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу бойынша педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.
Жұмыс келесі бағыттарда жүргізілуі қажет:
суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау 
суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу 
аталған сұрақтар бойынша денсаулық сақтау мамандарымен өзара әрекеттесу 
білім беру мекемесінің барлық оқушыларымен бірге өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысу.
Бастапқы алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу қажет. Негізгі мақсаты – өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күюдіңалдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.)
Алдын алу жұмыстарының ұсынылатын түрлері: 
«Мен өмірді таңдаймын» акциясы, «Өмір тамаша» сынып сағаты, «Менің сезімдері мен эмоцияларымның әлемі», «Өзіңді түсін» тренингтік сабақтар, «Өзіңе ие болуға үйрен», «Психологиялық қысымды жою тәсілдері», «Стрессіз емтихандар» тақырыптарындағы психологиялық-педагогикалық топтық кеңестер, «Мен және менің отбасым» отбасылық спартакиадасы, «Стресспен күрес әдістері» тақырыбындағы профилактикалық лекторий, психологтарды, психотерапевттерді, суицидологтарды және т.б. тартумен ата-аналар жиналысын өткізу. Білім беру мекемлерінде, басқа да мекемелер мен ұйымдарда жедел психологиялық көмек алу, сондай-ақ қалалық «сенім телефоны» арқылы жедел көмек алу үшін оқушыларды ақпараттандыру білім беру мекемесінің ақпараттық стендтері, интернет-сайты, бақ арқылы жүзеге асырылуы қажет. Екінші алдын алудың мақсаты өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау болып табылады, яғни қиын өмірлік жағдайдағы және суицидтік пиғылдарын білдіретін қауіп тобымен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу. Бұл топ үшін тереңдетілген диагностикалық зерттеу жүргізу керек. Шиеленіскен суицидтік қауіпті анықтау жағдайында дәрігер мамандарға (психиатрларға, психотерапевттерге, суицидологтарға) жүгіну ұйымдастырылуы қажет. Терең диагностика нәтижесі және әлеуметтік жағдайды талдау бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек қадамдары анықталады. Мүмкін шаралар: жеке және топтық түзету шаралары (эмоционалды қысымның жоғары деңгейіне жауап беру). Әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру; кәсіпті бағдарлау және еңбекпен қамтамасыз етуде көмек көрсету (жоғары сынып оқушылары үшін); бейімділікті қалпына келтіруге жәрдемдесетін тақырып бойынша тренингтік топтарға оқушыларды қосу (сәтті әңгімелесу, кәсіби бағдар және жеке диагностика, даусыз мінез-құлық қабілеттерін қалыптастыру және т.б.).
Ондай жасөспірімдерді психологиялық-әлеуметтік түзетудің ең оңтайлы әдістері топтық түзету жұмысына қосу болып табылады, онда олар қиын өмірлік жағдайларды құрылымды шешуді үйренеді.
Түзету тобына қоспас бұрын жасөспіріммен суицидтік талпыныс қауіпін төмендету мақсатында бірнеше кеңес әңгімелесулерін өткізу қажет. Кеңес беруде келесі ережелерді ұстану қажет.
Тыңдау. Жасөспірімді өзінің пиғылдары жиі мазалайды, сондықтан ол сөйлесуге ықыласты. Оған сөзін бөлмей, дауласпай, сөйлегенше, сұрақ көбірек қоя отыра, еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн. 
«Қарабайырлық» – бейнеттің ерекшелігі туралы көзқарасты жою. Суицидентке оның мәселесі жиі түрде ғаламдық және еркше болып көрінеді, оның көңілі жабырқаңқы және оған сын көзбен қарауға дәрменсіз. Жасөспірімдер оған өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінен жәненәтижесінде барлығы өтеді деген түсіністіктің болмауынан бейім. 
Эстетикалық тәсіл. Жасөспірімдерді олардың сыртқы тұрпаты мазалайды, тіпті өлімнен кейінгі де. Суицидтің алдын алудың нәтижелі тәсілі оның мүрдедегі тұрпатын сипаттау. 
Жақындармен байланысты және міндеттерін еске салу. Жасөспірім айналасындағы өзінің әрекетімен жанын ауыртқысы келмейтін жақынды іздеу. 
Жақсы жаманды таразылау. Өзекті жағдайдың теріс жағына ғана назар салмай, оның өміріндегі жақсы жайттар туралы «естеліктерін жандандыру». 
«Қарама-қарсы қою». Адамдар егер де басқалар көп тауқымет көретінін білсе, өз бейнеттерін жеңіл өткереді. Жасөспірімге оған қарағанда қиын жағдайдағы адамдардың қайраттанып, күресін жалғастырып жатқандарын үлгі ретінде көрсету қажет
Мәселелерді шешуде бар тәжірибені пайдалану. Жасөспірімге оның мәселелерді шешу қабілеттеріне ие екендігін еске салу және осы жағдайды шешу үшін өткен тәжірибеге тарту қажет
Потенциалдың (күштің) оянуы. Жасөспірімге өзіндегі оған тірек болатын энергетикалық бастаманы табуға көмектескен жөн: күш жігер, физикалық күш, шыдамдылық.
Позитивті болашақ. Болашаққа деген позитивті жоспарларды құруға көмектескен жөн, жасөспірім жүзеге асыру үшін ұмтылатын қалаулары мен армандарын анықтау. 
Құрылымды әрекет. Жасөспіріммен бірге жуық уақытқа жоспар құруды ойластырып, балаға оны ұстануды ұсыну қажет. 
Басқаларға қамқор болуға назарын аудару. Көптеген адамдар өз мәселелер өзінен әлсіз және қорғансыздармен араласу арқылы ұмытуға қабілетті. Жасөспірімгеондай объектіге үй жануарлары, інілері мен қарындастары болуы мүмкін. 
Қызығушылық танымын арттыру. Жасөспірімге оның назарын аударатын, қуантатын істі іздестіру қажет. Спортпен шұғылдануды, үйірмелерге қатысуды, ұжымдық шараларға қатысуды талқылауға болады. 
Суицидке жақын балалармен жұмыста педагогтардың рөлі. 
Ысылмаған педагогты суциденттермен жұмысты жүктеу оны қиын жағдайға қалдыру болып табылады: көмектесу қажет, бірақ қажетті білімдер жоқ. 
Педагогке мұндай жасөспірімдермен жұмыс жасауда өзіндік рөлін белгілеуден бастайық.
Бұл рөлді келесідей белгілеуге болады: осындай балаларды анықтауда көмек көрсету және бастапқы алдын алу. Мұндай балаларды уақытылы анықтауда педагогтың көмегі келесіде болуы мүмкін, баламен жиі қарым-қатынас жасай отыра, ол проблемалық жағдай белгілерін байқауы мүмкін: шиеленіс, енжарлық, агрессиялық және т.с. Педагог мектеп дәрігерінің, ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің назарын осы жасөспірімге аудартуы мүмкін.
Есейген жасөспірімге ол түсіндіру әңгімесін жүргізіп, оның жағдайын байқағанын және психологқа, психотерапевтке жүгінуге кеңес бере алады, себебі оның жағдайы маманның жұмысын талап етеді. 
Педагогтың осындай рөлі де өз жемістерін береді. Педагогтың бұл жұмысқа азадаған шынайылық пен жан жылуын қосса болғаны.
Педагогтерге жеке және топтық кеңестер жүргізген дұрыс, оның мақсаты дағдарысты ахуалды өткеру кезеңінде қауіп тобымен өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеу болып табылады, ата-аналар үшін жекелеген кеңестер ұсынылады.
Суицидті сипатқа ие балалар педагогтардың ерекше есебінде болулары қажет. Педагогикалық этиканы сақтау өте маңызды, баланың мәселелерін сынып, мектеп талқылауына шығаруға болмайды.
Өскелен ұрпақты белсенді, өмірлік оқиғаларға толы өмірге еліктіруге қызығушылық танытқан қоғамдық, діни және қосымша білім берудің басқа да ұйымдарымен өзара қатынасты жақсарту қажет.
Педагогикалық көмекті ұйымдастыру: 
Бала тұлғасының дамуы үшін жайлы жағдай жасау; 
Білімдегі, икемділіктегі және қабілеттегі олқылықты үнемі қадағалап, қосымша білім алу, көмек және кеңес беру жүйесін анықтау; 
Жетістік, мақұлдау, қолдау, мейрімділік жағдайын жасау; 
Оқушылар қызметінің, олардың жетістіктерінің нәтижелерін талдау; 
Оң өзгерістерді көтермелеу; 
Авторитарлық педагогикадан ынтымақтастық және қамқорлық педагогикасына ауысу; 
Ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету. 
Шығармашылық бос уақытты және іспен қамтылуын ұйымдастыру
Балалардың қызығушылықтарын және қабілеттерін зерттеу, қоғамға пайдалы қызметке, секцияларға, үйірмелерге тарту; 
Отбасы тарапынан қажетті күтім мен бақылауы жоқ балаларға мезгілдік лагерьермен ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру. 
Суицидке бейім жасөспірмдердің жанындағы адамдарға арналған ұсыныстар: 
Қалыптасқан жағдаймен толғансаңызда, егер ол сізбен мәселелерін бөліскісі келсе, бетін қайтармаңыз; 
Аталған индивидте суцидтік белгілерлі сезсеңіз өз ішкі сезіміңізге сеніңіз, ескерту белгілерін елеусіз қалдырмаңыз;
Қолыңыздан келмейтінді ұсынбаңыз; 
Көмектескіңіз келетінді көрсетіңіз; 
Оның не айтқанына қарамастан, тыныштықты сақтап, сынға алмаңыз; 
Шынайы сөйлеңіз, қауіпті қаншалықты қатерлі екенін анықтауға тырысыңыз: суицидтік ойлар туралы сұрақтар өмірмен қоштасу талпыныстарына әкелмейді, шындығында мәселені түсінгендіктен жеңілдетеді;
Әрекет жоспарын біліп алуға тырысыңыз, нақты жоспар – шынайы қауіптің белгісі; 
Оны көмек алу үшін жүгінуге болатын нақты адамның барлығына сендіріңіз; 
Оңайлатылған шешімдерді ұсынбаңыз; 
Сезімдер туралы сөйлескіңіз келетініңізді түсіндіруге тырысыңыз, оны осы сезімдері үшін сынамайтындығыңызды байқатыңыз; 
Қатты стресс жағдайды нақты бағалауға кедергі болатынын түсінуіне көмектесіңіз, басқа шешімді қалай табуға болатынын және күйзеліс жағдайын қалай басқару керек екеніне тұспалдап кеңес беріңіз
Өткерген стрессті төмендету үшін қажетті адамдарды және орынды табуға көмектесіңіз; 
Оған шарасыздық сезімінің мәңгілік емес екендігін түсінуге көмектесіңіз. 
Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі психологиялық 
қызмет бағыттары 
- Психопрофилактикалық жұмыс 
Жоғарыда аталған факторларды жоюда жасөспірімдерге көмек, қолдау көрсетуге бағытталады. 
-Психологиялық ағарту("тек тәуекел тобымен ғана емес”) экстремальды 
Күй, жағдайларда жасөспірімдерге 
Психологиялық көмек көрсетуге бағытталады; 
Жеке кеңестер бұл мәселе бойынша 
Үлкен такт және қатаң құпиялықпен 
Жасөспірімдерге көмек көрсетіледі; 
-Психодиагностикалық жұмыстар суицидтік әрекеттерді, көңіл-күй, ойды анықтау мақсатында жүргізіледі; 
-”Сенім телефоны” немесе "Сенім жәшігінің” жұмыс жасауы; 
Психодиагностикалық – түзету әдістемелері 
- Басс-Даркидің агрессивтілікті анықтау әдістемесі; 
- С.Розенцвейгтің Фрустрацияны анықтау әдістемесі; 
-В.Зунге, Т.Н.Балашовтың субдепрессия және түсіңкі көңіл-күй шкаласы; 
-Үй, ағаш, адам; 
- Дүниеде кездеспейтін жануар; 
-Менің жанұям; 
- Социометрия; 
Егер,суицидке бағдарлы ой білінсе: 
- "Суицид жөнінде не білесіз?” сауалнама; 
- "Сіздің өлім туралы ойларыңыз” тесті; 
- "Суицидке бейімділігіңіз” тесті; 
-"Тәуекел картасы” әдістемесі 
Жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндеті 
- Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау; 
- Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу; 
- Балаңызды жаңа істерге жетелеу; 
- Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу 
- Баланың күн тәртібін қадағалау 
- Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру 
-Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну 
Балаларда суицид болмас үшін мұғалімдер жасайтын іс-әрекет 
- Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру; 
- Белсенділігін арттыру 
- Түсіністік және жанашырлық таныту; 
- Баланың тәртібін қадағалау,оның өз қатарындағылармен қарым-қатынасын сараптау 
-Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилін қадағалап, мән беріп отыруы 
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім – тәрбе бер», деген қағида бар. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз керек. 
Мектептегі тұлғаралық қарым-қатынасты жандандыру 
-Мәдени іс-шаралар жоспарлау 
-Спорт сайыстарын өткізу
- Өнер байқауларын ұйымдастыру 
- Ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту 
Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет. 
Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә. Өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне рас. Ендеше өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн. 
Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Суицид ?о?ам індеті

Автор: Т?легенова Салтанат Ке?ес?ызы

Дата: 30.05.2016

Номер свидетельства: 331261

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Адам ?мірі - басты ??ндылы?. "
    ["seo_title"] => string(27) "adam-omiri-basty-k-u-ndylyk"
    ["file_id"] => string(6) "238652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444618087"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "доклад для педсовета "
    ["seo_title"] => string(23) "doklad-dlia-piedsovieta"
    ["file_id"] => string(6) "191451"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427305042"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Е.Умирбаев"
    ["seo_title"] => string(11) "ieumirbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "312513"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459349953"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства