Просмотр содержимого документа
«Мұғалімге арналған психологиялық семинар тренинг»
Мұғалімдерге арналған тренинг
Ботагөз Есенова Серікболқызы
Қазалы қаласы № 17 Ғ.Мұратбаев атындағы
мектептің педагог-психологы
Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту. Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті әдіс. Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.
Тренинг сағаттың барысы: 1. «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғ,ыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
2. «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. (Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
3. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық» Мақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу. Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі керек. Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті. Агрессиялық әрекет: Сенімсіз әрекет: Сенімді әрекет: (Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінеде ойнап береді)
4. «Психогеометриялық фигура» Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру. Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады». Талдау: 1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба? 2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды? 3. Қандай әсерлер болды?
5.«Ойлы болсаң тауып көр!» Мақсаты: ойлау деңгейі мен шығармашылық потенциялын дамыту. Нұсқаулық: «Алдарыңызда Т әрпі құрастырылуы тиіс. Ал қазір сіздерге Т әрпінің қиынды бөліктері беріледі. Осы бөліктерден Т әрпін құрауымыз керек» (Қағаздан жасалған қиынды фигуралардан Т әрпін құрастырады)
6. «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді. Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз?
7. «Әнді жалғастыр!» Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу. Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады.
8. «Сен білесің бе?» Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу. Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз». 9. Қорытынды. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнін айту.