Бұл тренинг ата аналардың балаларын жақсы түсінуіне көмектеседі. бала мен ата - ана арасындағы қарым қатынас нығайады
Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Бұл тренинг ата аналардың балаларын жақсы түсінуіне көмектеседі. бала мен ата - ана арасындағы қарым қатынас нығайады
3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1. «Парасатты» кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз
4. «Тапқырлық» кірпіші
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
Тақырыбы: Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны
Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата-ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететн жолдардың алдын алу.
Қажетті көрнекіліктер:
1. Бала тәрбиесі жөнініде айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер , жазылған плакаттар
2. Шарлар
3. Түрлі-түсті картоннан жасалған кубик
4. Әділ-қазылар «Сарапшылар»
5. Билет сұрақтары
6. Конверттер және оны ілетін ағаш тақта
7. Аяқталмаған мақал-мәтел жазылған түрлі-түсті қағаздар
Іскерлік ойыны
Бәріміз мектеп шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойнымыз да білім ордаларының өмірімен байланысты болғаны дұрыс. Іскерлік ойын «Сынақ» деп аталады. Ол үшін бізге сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата-ана керек. Сондай-ақ, сіздердің араларыңыздан. Іскерлік ойынға қатысатын 7 ана шығуы қажет. Егер өз еріктерімен шыққылары келмесе, былай әрекет жасау керек: әр жағы әр түсті кубикті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсаса немесе сондай түсі басым киім киген адамды ортаға шығару. Бұл ортаға шыққан 7 ата-анамыз 3 түрлі сынақтан өтеді. 1 сынақ ситуациялық сұрақтарға жауап беру. 2 сынақ – аяқталмаған мақал- мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. Үш кезектегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, мектеп жасындағы балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.
І – кезектегі сынақ. Мына стол үстінен кез- келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлеріңіз беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндеріңді толық атап өтесіздер, оны сарапшылар жазып алсын.
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектеседі.
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.
6. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету)
Мақсаты:
1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.
2.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.
3.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.
Көрнекілігі: "Тәрбиесіз берілген білім, білім емес..."Әл-Фараби.
"Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады..." Ы.Алтынсарин. Бала тәрбиесі туралы тірек-сызба.
Тренинг ережесі:
1.Тыңдай білу.
2.Сөзді бөлмеу.
3.Белсенділік.
4.Шығармашылық.
5.Төзімділік.
6.Сыйластық.
7.Түсіністік қарым-қатынас.
8.Шкафтан түсіп қалмау.
Тренинг барысы:
Нарманбет Орманұлының ғылым туралы өлеңіндегі мына:
«Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып,
Ата-ана болмасын жүзіқара…»деген жолдары ой салды Нарманбет Орманұлының ғылым туралы өлеңіндегі мына:
«Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып,
Ата-ана болмасын жүзіқара…»деген жолдары ой салды
1.Тренинг мақсатын түсіндіру.
Тренердің кіріспе сөзі
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Бала тәрбиесі баршаға ортақ".
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.
3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі
Ойын тапсырмалары;
1. «Парасатты» кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз
4. «Тапқырлық» кірпіші
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады
Мына стол үстінен кез- келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектеседі.
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.
6. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету)
Мына стол үстінен кез- келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлеріңіз беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндеріңді толық атап өтесіздер, оны сарапшылар жазып алсын.
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектеседі.
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.
6. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету)
Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
азір мен сендерге философия ғылымының профессоры өз студенттеріне көрсеткен тәжірибені көрсетемін.
Ол мөлдір шыны ыдысты алып, оны тастармен толтырды ( мен жаңғақтарды алайын). Сөйтіп өзінің студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер «Ия, толды» деп жауап берді.
Сол кезде ол бұршақтарды алып ыдысқа салып, тастардың арасындағы бос орындарды толтырды. Профессор қайтадан студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер тағыда «Ия, толды» деп жауап берді.Сол кезде ол құмды алып ыдысқа салды, әрине құм толықтай бос орынды толтырып шықты. Профессор тағы да «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Бұл жолы да студерттер «Ия» деп жауап берді. Сол кезде профессор ыдысқа аздап су құйды, студентттер күліп жіберді.
Ал профессор студенттерге былай деді: «Мен сендердің бір нәрсені түсінгендеріңді қалаймын. Ыдыс – ол сендердің өмірлерің, тастар ол сендердің ең құнды бағалы заттарың: отбасы, денсаулық, достар, балалар, махаббат – яғни сендердің өмірлеріңді толтыратындар. Сендер бәрін жоғалтып алсаңдар да, бұлар сендердің өмірлеріңді мәнді етеді. Бұршақ – ол жеке сендер үшін маңызды болып саналатындар: жұмыс, үй, көлік, ақша. Құм – ол біздің өмірімізді толтырып жүрген ұсақ-түйек заттар.
Егер алдымен ыдысты құммен толтырсақ, тастар мен бұршақтарға орын қалмай қалады. Өмірде де солай, егер бар күшімізді ұсақ-түйекке жұмсасақ, маңызды заттарға орын қалмай қалады. Сізді бақытты ететін істермен айналасыңыз: достарыңызбен ойнаңыз, жақындарыңызға көңіл бөліңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Сол кезде жұмыс істеуге, үй жинауға, көлік жөндеуге үнемі уақытыңыз болады. Ең алдымен тастармен айналасыңыз, яғни өмірдегі маңызды істермен, ал қалғанның бәрі – құм».
Бір студент қыз қолын көтеріп «Судың қандай мағынасы бар?» деп сұрапты. Прфессор күліп тұрып «Сен осы сұрақты қойғаныңа қуаныштымын. Мен мұны сендерге жәй, өмірлерің қаншалықты толы болса да, әркезде бос отыруға орын табылатынын көрсеткім келді.»
Енді сендер өмірлерің неге толы болу керек екендігін білесіңдер. Алдарыңдағы құмыраларға тағыда көз салыңыздар. Мұнда тастар қайсысы, бұршақ пен құм қайсысы екенін байқап көріңіздер. Не нәрсеге көп уақыттырыңды бөледі екенсіңдер.
«Нұр тыныштық» музыкасы қосылады да, мәтін оқылады.
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Бір-біріңізге күлімдеп көзіңізді ашып, күлімсіреңіз
4.Ситуациялық жағдайлар.
1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?
2.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?
3.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?
5. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.
Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б)қолымнан келмейді.
8. Қорытынды:
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.
"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.
Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл-қызымыз аман болсын!
Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты «Ваза» бейнеролигін көрсету арқылы ашылады.
Презентация арқылы әңгіме-дүкен ″Ата-аналар мінез-құлқы″.
Соңғы он жылдың ішінде психологтар мынаны анықтады: дәстүрлі ата-аналардың түрін
анықтап, баланың айтқандарын құлақ түруге не кедергі екендігі анықталды. (3 слайд)
Ол бас-аяғы он екі кедергі екен. Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.
— (4 слайд) Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімейтін болайын!», «Аузынды жап!».
Осы тектес бұйрықты естіген бала өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін «бақытсыздық» қалғанын сезінеді. Баланың жауабы қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжиді, қырсығады.
— Ескерту, қорқыту, үркіту: «Егер сен жылауыңды доғармасан мен кетіп қаламын», «Байқа, қазір жаман болуы мүмкін», «Егер тағы да қайталанса, таяқ жейсін», «Уақытында келмесең, өзіңнен көр» Қорқыту ешқандай нәтиже бермейді, егер де баланың басы проблемалармен қатып жүрсе. Олар оны тек қана дұрыс жолдан тайғызады. Анасы бірінші сөзден «егер де осылай баратын болсан, барлық балалар сені ұқыпсыз деп ойлайды».
Сіздерге мынадай оқиғалар таныс па? Сіз бір зат орындалмай жатса, одан әрмен үркітіп, қорқытумен айналыса бастайсыз. Ескерту мен үркітуді үнемі жасай берсеңіз оған баланың еті үйреніп кетеді де, мән бермейтін болады. Айтқан сөзді тыңдамай, оны орындамаған соң қорқытып, үркітуден күш жұмсауға көшеді, баланы жалғыз өзін қалдырып кету, не болмаса соққыға жығады.
— Ақыл айту, өсиет айту, үгіт айту: «Сен өзіңді тиісті түрде ұстауың керек», «Әр адам еңбектену қажет», «Сен үлкендерді сыйлау керексің». Балалар әдетте осындай фразадан жаңа ештеме білмейді. Жүз рет естісе де ештеңе өзгермейді. Олар өз беделін сезінеді, кейде кінә, кейде зерігу, көбінесе бәрін бірге алғанда. Жасөспірімді тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айту, сөзден гөрі отбасында жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымырақ болады. Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білетін болады. Егер ол қалыптасқан тәртіпті бұзған болса, онда жан-жағыңызға көз жүгіртіңіз отбасыңызда біреу өзін солай ұстайды немесе сондай әрекетке ұқсайтын қылық жасап жүрген шығар. Егер ол себеп расқа шықпаған болса, онда басқа жағдай болып жүр: сіздің балаңыз «қалыптасқан жағдайдан сырт шығып жүр», ол өзінің ішкі жандүниесінің күйзелісінде жүрген болар. Екі жағдайда да ауызша үгіт –оған көмектесудің дұрыс жолы емес.
— Кеңес, шешімін табатын: «Сен ал да және өзің айтшы…», «Неліктен өзіңе байқап
көрмеске…», «Меніңше, барып кешірім сұраған дұрыс сияқты», «Мен сенің орныңда болсам, есемді қайтарар едім». Көбінесе біз, ақылды балаларға көп айту керек деп есептейміз. Көбіне өзімізді мысалға келтіреміз: «Мен сенің жасыңда болғанда…» ал бала болса ондай ақылға құлақ аспайды, кейде олар ашықтан ашық қарсы шығады «Егер сен солай ойласаң, ал мен басқаша ойлаймын», «Саған айту жеңіл», «Сен айтпасанда білемін». Баланың осындай кері әрекеттерге баруына не себеп? Дербес түрде, өз бетінше шешім қабылдау тілегі. Өздеріңіз ойланып көрсеңіздер біздерге де ересектерге біреудің кеңесін тыңдау жаға бермейді. Ал бала болса, өте сезімтал болып келеді. Балаға кеңес берген сайын біз оған сен әлі кішкентайсын, біз болсақ әр істің қалай шешілетін білеміз, біздер себебі сендерден қарағанда үлкенбіз дейміз. Осындай жағдайлар балаларға ұнамайды, содан барып олар өздерінің проблемаларын айтудан бас тартады. (5 слайд)
— Айғақ, ересектердің ақыл айта бастауы: «Естен шығармаған жөн, тамақ алдында қол
жуу қажет екендігін», «Алаңдап отырсың, сосын барып қате жібересің», «Саған неше рет айттым. Тыңдамадың, енді өзін кінәлісің». Бұдан баланың жауабы бір: «Жетеді», «Неше рет қайталадың», «Енді болған шығар». Содан барып олар сізді тыңдаудан қалады, психологтар оны «тасқауыл қою» немесе «психологиялық тас керең болу» деп атайды.
— Сын, сөгіс, кінәлау: «Мынау неменеге ұқсайды», «Тағыда бәрін теріс істедің бе!», «Бәрі сенің кінәң», «Саған бекер сенген екеммін», «Ылғи осылай!..».
Сіз келісесізбе, осы тектес сөздер ешқандай тәрбие бермейтіндігіне. Ол балалардан қорғалуды қажет етеді: қарсы шығу, мойындамау, ызаландырады; немесе уайым, жабырқану, өзіне немесе ата-анасының қарым-қатынасына түңіледі.
Осындай жағдайда жасөспірімнің өз-өзіне сенуі, олар мені жаман, ынжық, сенімсізбін деп есептей бастайды. Өз-өзін бағалай алмау, ол жаңа проблемаларды тудырады.
Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіндегі әрекеті өлшеусіз, кейбір отбасыларында жасөспірімді тәрбиелеуде, ең бастысы оған бұйыра білу, оны баланың орындауы деп ойлайды.
Енді көз жүгіртіп көрейік, бала бір күнде не естиді екен: «Тұр», «Қанша уақыт иленіп жата беруге болады», «Қарашы, көйлегіңді қалай кигенсің», «Тағыда, кеше сөмкеңді жинамағансың ба?», «Есікті қатты жаппа бала ұйықтап жатыр», «Неге итті қыдыртуға шығармадың (неге мысыққа тамақ бермедің)? Өзің өсіргің келді ғой, енді өзің қара», «Тағыда бөлмеде бәрі астан-кестен», «Әлі сабақ оқыған жоқсың ба?», «Неше рет айтуға болады, өзіңнен кейін ыдыс-аяғынды жуып жүру керек деп», «Нан жайлы айтудан шаршадым», «Әлі қыдыруға шықпайсын ба?», «Неше сағат телефонның құлағында отыруға болады?», «Қашан уақытында ұйықтауға жатасың?!». Осы айтылғандардың бәрін әр күнге, аптаға, жылға көбейтіңіз, енді қарап көріңіз бала оны неше рет естиді екен. Ол өзі туралы жағымсыз ойда қалады, және оның бәрін ең жақын адамдарынан естиді. Осы жүктің бәрін теңдестіру үшін оған ата-анасы мен өз-өзіне дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет. Ең жеңіл және дұрыс жол (ата-ананың стилін еске түсіреді) – ол ата-ананың сыны, қойған талабына қарсы шығу. Егер отбасындағы жағдай тура осындай болса, оны құтқару үшін не жасау керек?
Ең дұрыс және басты жол:
— балаңыздың жағымсыз қылықтарына ғана көңіл аударып қана қоймай, оның жақсы жақтарын көруге тырысыңыз.
—Жасөспірімді тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айту, сөзден гөрі отбасында
жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымырақ болады. -Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білетін болады.
Оған айтылған мадақтаулар оны құртады деп ойламаңыз. Сіздердің қарым-қатынастарыңызға залалы тимейді. Біріншіден, бір күн ішінде баланың жақсы жақтарын көріп, мақтау айтудан бас тартпаңыз.Мысалы: «Рахмет, кішкентай бауырыңмен қыдырып келгенің үшін», «Жақсы, айтқан уақытында келдің», «Маған сенімен бірге ас дайындаған ұнайды» деген жылы сөз, жылуыңызды аямаңыз.(6 слайд)
Сөзімнің соңында Абай данамыз айтқандай: «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». .Ата-аналық рөлдер тәрбие;
-жылылық;-махаббат;-үлгілі әке;-аяулы ана
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», «Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» /Абай/. (7 слайд) «Біз кішкентай балалармыз» » бейнеролик.
Uzdikter.biz
Авторларға
Авторлар бөлімдері
Бөлім ашу
Сайт Картасы
Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.
Блог Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесінің оқытушысы Сұлтанова Ғайни
Бүгін бала, ертең-ата-ана
ЖАРИЯЛАҒАН ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ СҰЛТАНОВА ҒАЙНИ
/
25 ЯНВ 2015
ПІКІРЛЕР 3
Яндекс.Директ
Конкурсы для педагогов 2016 сразуКонкурс для педагогов и детей. Результат сразу! Диплом, медаль за 1 день!interbrig.ruАдрес и телефон |
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Бүгін бала, ертең-ата-ана»
Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері
/Авторлық бағдарлама және әдістемелік материалдар/
Облыстық «Үздік бағдарлама» сайысы- II орын
Құрастырған: Сұлтанова Ғ.Т.
Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері бағдарламасы
Яндекс.Директ
Конкурс для педагогов (экспресс)Конкурс для педагогов и детей «Рассударики» (быстрый итог за 2 дня)rassudariki.ru |
Оқытушы туралы мәлімет:
Сұлтанова Ғ.Т.- жоғары санатты оқытушы, отбасылық психолог.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі мектеп бөлімі.
Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»
Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері
(аптасына 1 сағат, барлығы 21сағат)
Бағдарлама педагогика, психология бірлестігінің отырысында қаралды.
Хаттама № ______________ 2014ж
Бірлестік төрағасы ______________ Асқарова А.Қ.
Бекітілген:
Қ.Дүтбаева атындағы колледж оқу-әдістемелік кеңесі.
Хаттама № _____________ 2014 ж
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ______________ Ізғалиқызы А..
Келісілді:
Колледж әдіскері ______________ Каментаева Г.Б.
Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары______________ Есказиева С.Т.
Құрастырған оқытушы, отбасылық психолог Сұлтанова Ғ.Т.
Отбасында адам бойындағы асылқасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Түсінік хат
ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.
«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді». Бұл – айтулы мереке күні ел президентінің қазақстандықтарды мерейлі мереке күнімен құттықтауында айтылған мәні терең сөздер. Бұл мереке қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні ғана емес, ажырасқандарды қайта табыстырар жарасым мерекесі болса дейміз.
Қазіргі уақытта отбасы үлкен қиындықтарды басынан өткеріп жатыр: Моральдық құндылықтардың материалдық құндылықтарынан кемшін бола бастауы, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы педагогикалық даярлығының төмен болуы, ата-ананың бала тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық білімінің жетіспеуі. Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік
құлдырау қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28—30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады. Ата-аналардың көбісінің, басқасын айтпағанда, балалардың жатсынуынан, дарашылдық пиғылдың етек алуынан, бетімен кетудің өсуінен байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы түсінігі аз.
Одан басқа, ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны көбейді.
Сондай-ақ, соңғы кезде бірнеше психологиялық және әлеуметтік феномен пайда болды. Біріншіден, мектепте қыздардың сыныптас ер балалардан 2-2,5жылға ерте дамып, жетілуі, ер балаларды қорғаушы азамат ретінде қабылдамауы, үстемдік көрсетіп, қыздарға тән емес күшті болып дағдылануы, жыныстық рольдерінің ауысып, болашақта жұбайларына да өктем келуіне әкелуде. Нәтижесінде отбасылық кикілжіңдер, айрылысу,отбасылық құндылықтардың азаюы, т.б. Екіншіден, жалғызбастылық көбеюде, өйткені, қазіргі кезде отбасын құра алмай жүрген жастар көп…
Баланың психикасы, мінез-құлық үлгісі, адамгершілік және әлеуметтік қағидалары отбасында қалыптасатыны белгілі. Ал ізгі, үйлесімді, мәдениетті болашақ отбасы иелерін тек отбасы мен оқу орындары біріккенде ғана тәрбиелей аламыз. Л. Ибраимованың “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі”атты оқу-әдістемелік құралында: “Бүгінгі таңда қазақ мектептері алдындағы ең басты міндет — қазақ этнопедагогикасы материалдарын үздіксіз білім беру жүйесіне ендіру, әсіресе сынып жетекшілері мен ата-аналарды отбасылық тәрбие беругедаярлауда оны пайдалану ерекше көкейкесті мәселе болыр отыр.Осы мақсатта оларды сол проблеманы шешуге және оны жүзегеасыруға дайындау қажет. Ол үшін қазақ отбасылық тәрбиесі бойынша бағдарлама құру мәселесін қарастыру керек”,— атап көрсетеді.
«Бүгін –бала, ертең — ата-ана…» жұмыс бағдарламасының атауына Нарманбет Орманұлының ғылым туралы өлеңіндегі мына:
«Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып,
Ата-ана болмасын жүзіқара…»деген жолдары ой салды.
Бұл бағдарлама студенттер мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың жоғарыда аталған психологиялық-педагогикалық негіздерін қалайды деген сеніммен құрастырылды.Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасылық сауаттылық пен жауапкершіліктерін қалыптастыруға арналған. Арнайы пән немесе факультатив сабақтары негізінде отбасы мен оқу орындарында беріп үлгермеген білім мен кетіп жатқан кемшіліктерді толықтыруды көздейді. Бұл бағдарлама студенттерге, жастарға арманы мен алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге, кездескен қиындықтардан жол таба алуға, болашаққа бағдарлануына өз көмегін тигізе алады деп сенемін.
Бағдарламаның мақсаты: жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.
Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы болмақ.
Бағдарламаның тәрбиелік міндеттері
оқушыларды тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі компоненттерімен , оның ерекшеліктерімен таныстыру;
тұлғаның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік даму аспектілері туралы көзқарастарын қалыптастыру;
оқушыларға жыныстық тәрбие беру, жыныстық қатынас мәселелері туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
жеке басының салауаттылық өмір салты мен қоршаған ортаның ықпалына төтеп бере алуын тәрбиелеу;
Отбасылық рөлдер туралы көзқарастарын қалыптастыру; Ақпараттар ағымынан керектіні ала білуге; Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтауға, әдеп пен отбасылық психологиялық білім негіздеріне ие ету.
Бағдарламаның тиімділігі оның қоршаған ортаның, соның ішінде әлеуметтік ақпараттың жағымсыз әсеріне қарсы тұрар адамгершілік тәрбие құралы бола алуында. Психологиялық білім, дағды мен ептіліктердің жетіспеушілігін толықтыру мүмкіндігінің болуы; Ата-ана мен балаларының қарым-қатынасын оңтайландыруға мүмкіндіктер.
Бағдарламаның жүзеге асу жолдары
— жас отбасылармен, үлгілі отбасылармен кездесу, оқушылармен, студенттермен семинар;кеңейтілген лекция, тренингтер,жаттығулар, жағдаяттар шешу,т.б.
— кеңестер мен зерттеулер.
— студенттер мен оқушыларға сабақтар жүйесін жүргізу
Сабақ аптасына бір рет 10-15 адаммен өткізіледі.
Сабақтарды өткізуде мынадай жұмыс формалары қолданылады: отбасылық қарым-қатынастарды зерттеу әдістерімен жұмыс, мәселені жалпы талдау, жағдаятты ойнау мен анализ, ойын және арттерапия мүмкіндіктерін пайдалану, аудио, видео материалдарын пайдалану. Жастарды әлеуметтік қоғамдармен, жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру өз отбасын құру жөніндегі ойлары мен жобаларына жақсы әсер ететін әдіс деп білемін. Олар бақылап, көргендерінен өмірінің соңындағы өзін, немесе тастанды баладан өз баласын көретіндей сезім алары сөзсіз. Сондай-ақ, өз ата-аналарына деген құнды қарым-қатынастары да артады деп ойлаймын.
Бағдарлама әдістемелері:
Интеллектуалдық және рольдік ойындар
Психологиялық тренинг элементтерімен сабақтар.
Сауалнама, «Отбасылық социограмма», т.б.суреттік проективтік тест, түрлі. зерттеу әдістемелерімен жұмыс
Отбасы терапиясының техникалары, психологиялық қорғау әдістері
Психокоррекция
Тақырыптық сыныптан тыс сағаттар
Диспуттар, пікірталас
Жағдаятты ойнау мен анализ,
Ойын және арттерапия мүмкіндіктерін пайдалану,
Аудио, видео материалдары
Медициналық қызметкерлермен кездесулер
Мектеп (колледж) тақырыптық газеттерін шығару
Ата-ана жиналыстары мен лекторийлер үлгілері, әлеуметтік қоғамдармен, жетімдер мен қарттар үйлеріне саяхат
Отбасылық сайыстар, жобалар құру
Көрмелер
Ақпараттық база және тәжірибе
2012 ж. Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу институтында білім алдым. Отбасылық Тәрбиелеу Институты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» Партиясының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Атырау қаласында мамыр айында өткен «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыру дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» республикалық бірыңғай ата-аналар семинарын жүргізуде, сондай-ақ, қыркүйек айында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» және желтоқсан айында «5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық Ата-аналар конференциясының спикері және институт түлегі-отбасылық психолог ретінде атсалыстым.
Бұл шараларда институт дайындаған бай материалдар ата-аналарға ғана емес, барлық педагогтар мен психологтарға таптырмас көмек құралдары болды. Колледж жастарымен жұмысымда аталған институттың бағдарламалары мен материалдары, қазақстандық, ресейлік, шетелдік психологтардың еңбектері мен өз іс тәжірибемнен (Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының психологы ретінде) және колледж оқытушысы, педагог-психолог қызметімнің тәжірибелерінен жинақталған «Педагогика.Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру»,«Мектеп психологының жұмыс кітабы», «Жаңаша оқыту заман талабы» құралдарының авторы ретінде де біраз материалдар жинақталды. Сондықтан осы аталған бағдарлама саналы іс-тәжірибеден туындады деуге болады.
Мазмұны
1тақырып. Жастардың отбасылық өмірден күтетіндері мен қоятын талаптары. Отбасы құру үшін лайық жар портреті.
1.Топпен танысу. Өзімді және өзгені танимын. Танысу-тренингі. «Отбасы»/Отбасы күні мерекесіне орай флешмоб/.
Кіріспе әңгіме » Менің отбасым «
Практикалық тапсырма: топтық коллаж құрастыру» Менің болашақ отбасым».
Ақпараттық хабарлама» Үйленгенге дейінгі кез: қыз кезінде бәрі жақсы…».
Диагностика. Cтудент жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеледі. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы (авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева).
«Отбасылық социограмма» әдістемесі» (Эйдемиллер, Черемисин) әдістері пайдаланылады. (қосымшада) Нәтижесін талдау.
Жаттығу » Кездейсоқ танысу». және «Жар таңдау″- Отбасы құру үшін лайық жар портреті: нағыз » жігіт пен нағыз » қыз сапалары..
Бақытты отбасы болу арманыма жету үшін не істеуім керек?/қорытындылау.
Тақырып 2. ″Ғашықтық″ қармағы
Ақпараттық блок.Ғашықтық. Махаббат. Сезімдік мәдениет.
Практикалық тапсырма. Болашақ жарыңның портреті. Тұлғалық қасиеттерінің тізімі.
″Миға шабуыл″.Ерте үйленудің мотивтері мен себептері.
Қорытындылау.
Тақырып 3. Отбасы туралы. Отбасының құқықтық аспектілері
Сабақ мақсатын хабарлау.
«Отбасы мен үшін» сауалнамасы. Нәтижесін талдау.
«Менің отбасым –қазір және ертең». тренинг.
Қазақтардың отбасы мен неке құру ерекшеліктері Отбасы жүйесі, құрылымы, қызметі және дамуы Отбасылық қарым-қатынас психологиясы. (лекция – диалог)
5.Жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру .
Қорытындылау.
Тақырып 4. Отбасылық өмірге, үйленуге дайын болу
1.Жаттығулар «Сіздің отбасыңыз?»
Зерттеу » Отбасы мүшелерінің құқықтары…»
Топтық жұмыс: Бақытты отбасын құру факторларын табу және талдау.
Практикалық- топтық тапсырма: Колледждегі студенттік отбасы (екеуі де студент) санын анықтау. 17-қараша-студенттер күніне орай «Бақытты студенттік отбасы» атты тренинг ұйымдастыру
Қорытындылау.
Тақырып 5. Ер адам мен әйелдің психологиясы.
Ақпараттық блок. ″Ержүректік пен нәзіктік ″.
2.Жаттығу «Екі әлем».
Практикалық тапсырма: Жігіттер «қыздар туралы,қыздар жігіттер туралы коллаж құрастырады.
Пікірталас ″Ер мен әйелдің бірге болуы үшін қандай ұқсастық пен ерекшелік керек?″ Практикалық тапсырма: Отбасындағы әйел адам мен ер адамның тұрмыстық міндеттеріні айырып тізім құру. Нәтижесін талдау.
Қорытынды рефлексия.
Тақырып 6. Жастық және психосексуалдық даму.
Амандасу рәсімі.
Ақпараттық блок ″Еркін жыныстық тәртіптің көлеңкелі нәтижесі″.
Практикалық «Менің қиялымдағы отбасылық өмір» тақырыбында эссе жазу.
Қорытынды. Маман кеңесі.
Тақырып 7. Салауатты өмір мен репродуктивтік саулық.
Тақырып бойынша ақпарат.
Топтық пікірталас: Қыз баланың репродуктивтік саулығын қорғау әдістері
Қорытынды.
Тақырып 8. Ана болу мен әке болуға дайындық.
Отбасын жоспарлау.
Сабақ мақсатын хабарлау.
Ақпараттық блок ″Ата-аналар мінез-құлқы″.
Әңгіме″ Отбасын жоспарлау деген не?″.
Ақпараттық блок ″Ата-аналар міндеттері″.
Жаттығу″Баланы жұбату″.
Кері байланыс.
Тақырып 9. Неке туралы. Некенің құқықтық негіздері
Сабақ мақсатын хабарлау.
Неке құру ережелері.
Жас отбасы мәселелері.
Неке туралы келісімге отыру (брачный договор) , негізгі түсініктер.
Қорытындылау.
Тақырып 10. ″Азаматтық″ неке, оның зияны мен пайдасы
Ақпараттық хабарлама.
Практикалық тапсырма тіркелмеген некенің ″плюсі″ мен ″минусы″
Топтық талдау, мысалдаркелтіру, талдау.
Қорытындылау.
2 бөлім
Тақырып 11. Отбасындағы еркек пен әйел.Отбасылық рөлдер.
Сабақ мақсатын хабарлау
«Отбасылық портрет»жаттығуы,
Ақпараттық хабарлама ″ Отбасылық рөлдер.″.
Отбасының кинетикалық суреті (Эйдемиллер)
Пікірталас «Отбасындағы әлеуметтік рөлдер».
6.Кері байланыс.
Тақырып 12. Жұбайлық үйлесімділік.
Сабақ мақсатын хабарлау
Жұптық жаттығулар.
Ақпараттық блок ″Психологиялық үйлесім″.
Әңгіме-дүкен ″Отбасылық үйлесімнің негіздері″. .
5.Отбасының бақыты-Отбасы татулығы. «Жылылық лебізі»жаттығуы
6.. Қорытынды.
Тақырып 13. Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
Сабақ мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок . » Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
Пікірталас » Отбасылық дағдарыстар «.
4.Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Тақырып 14. Отбасындағы кикілжіңдер
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок «Отбасындағы кикілжіңдер»
Себептері. Эгоизм. Қызғаныш. Жұбайының көзіне шөп салу.».
Практикалық тапсырма: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы (Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис).
Отбасындағы кикілжің жағдаяттарды ойнау, оларды шешу, жағдаяттан шығу жолдары Отбасы шиеленісін жою (тренинг).
″Отбасындағы зорлық″. Топтық талдау.
Зорлық жағдайындағы мінез-құлық түрлері.
Ереже құрастыру » Бақытты отбасы».
Сабақты қорытындылау.
Тақырып 15. Айырылысу- әлеуметтік-психологиялық феномен.
Сабақ мақсатын хабарлау
Лекция «.. Айрылысқаннан кейінгі отбасы».
Пікірталас » Айырылысу себептері».
Сабақты қорытындылау.
Тақырып 16. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок.
Жаттығу «Сенім».
Әңгімелесу «Тиімсіз отбасылық тәрбие»
Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Тақырып 17. Бала –Ата-ана қарым-қатынастары. Қарым-қатынас стильдері
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок.Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Практикалық жұмыстар:
Жаттығу ″Қамқорлық″.
Жаттығу ″ Жауапкершілікті қабылдау ″.
Жаттығу ″Қарым-қатынас модельдері. Біз қалай қарым-қатынасқа түсеміз?″
Қорытындылау.
Тақырып 18. Отбасылық қарым-қатынастың тұрмыстық-экономикалық сферасы.
Пікірталас » Отбасылық қаражатты кім, қалай жұмсағаны дұрыс?»
Әңгіме-дүкен: » Отбасылық бюджет «.
Жағдаятты талдау. ″Сіз үнемшілсіз бе?″.
Практикалық тапсырма » Отбасылық бюджетті жоспарлау «.
Шығармашылық тапсырмалар: » Үй интерьері «, » Менің үйімнің жылуы «.
Қорытындылау.
Тақырып 19. Отбасылық дәстүрлердің маңызы.
Әңгімелесу ″ Отбасылық дәстүрлердің керегі бар ма?″
Практикалық тапсырма: Отбасылық дәстүрлер тізімін жасау.
Пікірталас ″Өз отбасымдағы жаңа дәстүрлер″.
Мен 20 жылдан соң…», «Менің қиялымдағы отбасылық өмір»/эссе
Қорытындылау.
Тақырып 20. Қорытынды сабақ
″Диаграмма″жаттығуы
Диагностика » «Отбасын құруға дайындық тест-картасы «, «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» анкета » Некелік қарым-қатынас туралы көзқарасым».
″Тілек шамы″жаттығуы
Қорытындылау. «Чемодан.
Қосымшалар
Сабақтар мазмұны
№1 тақырып. Жастардың отбасылық өмірден күтетіндері мен қоятын талаптары. Отбасы құру үшін лайық жар портреті. /Отбасы күні мерекесіне орай аулада барлық студенттерді қатыстырып флешмоб өткізу/.
1.Топпен танысу. Кіріспе әңгіме » Менің отбасым »
Практикалық тапсырма: топтық коллаж құрастыру» Менің болашақ отбасым».
Ақпараттық хабарлама» Үйленгенге дейінгі кез: қыз кезінде бәрі жақсы…».
Диагностика. Cтудент жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеледі. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы (авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева).
«Отбасылық социограмма» әдістемесі» (Эйдемиллер, Черемисин) әдістері пайдаланылады. (қосымшада) Нәтижесін талдау.
Жаттығу » Кездейсоқ танысу». және «Жар таңдау″- Отбасы құру үшін лайық жар портреті: нағыз » жігіт пен нағыз » қыз сапалары..
Бақытты отбасы болу арманыма жету үшін не істеуім керек?/қорытындылау
Сабақ мазмұны:
1.Топпен танысу. Өзімді және өзгені танимын. «Мен кіммін?»
Мақсаты: Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру, өз құндылықтарын және жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.
Өзіңізді қалай бағалайсыз? «Мен» әлеміңіз қандай? Жауап беріп көруіңізге болады… Оған төмендегі әдістер көмектеседі.
(Мына шеңбердің қайсысының ішінде тұрар едің, соған «Мен» деп жаз)
Кілті: Алдыңғы үшеуі – өзіңді шамаңнан артық бағалайсың; соңғы үшеуі – өзіңді төмен бағалайсың, өз-өзіңе сенімің аз; ортаңғы (4,5) шеңбер – адекватты баға, өмірдегі өз орнын біледі.
Кіріспе әңгіме » Менің отбасым «(әркім өз отбасы туралы әңгімелейді).
Практикалық тапсырма: топтық коллаж құрастыру» Менің болашақ отбасым«.талдау.
3.Ақпараттық хабарлама» Үйленгенге дейінгі кез: қыз кезінде бәрі жақсы…».
Тау халқында бір аңыз бар. Ертеректе бір келіншек күйеуінің өзге әйелдерге көп назар салып, солардың жетегінде жүргенін айтып, мұң шағып анасына келіпті. Етегі жасқа толған қызының көзіне қарап тұрып анасы: «Күйеуіңді қайтарғың келсе, маған жолбарыстың 3-4 тал мұртын жұлып әкеліп бер», — депті. Анасының мына сөзінен шошынған қыздың түсінбеген кейпін көрген анасы тағы да қайталап айтады. Бірақ, отбасының бірлігін сақтау үшін келіншек те көзсіз ерлікке бел байлайды. Сөйтіп қолына қой етінің бір кесегін алып, ну орманның арасына кіріп кетеді. Алдынан арпылдап атып шыққан аш жолбарыстың қаһарынан қорқып, етті алдына лақтырып, өзі қаша жөнеледі.
Екінші мәрте барғанда да дала аңы әлгі әйелге қарай ұмтылғанда тағы да етті тастап орман арасынан шығып кетеді. Үшінші рет тамақ бергелі тұрған әйелдің қолындағы етке ұмтылады, бұл кезде де қалың ойға шомған күйі үйіне қайтып келіп, ертеңіне соңғы рет бағын сынап көруді ойлайды. Осы барғанында жолы болмаса, басқа қандай амал етерін білмейді. Сөйтіп, соңғы үмітін арқалап, төртінші рет орманға қолындағы қой етін алып кіргеннен бастап әлгі жолбарыс әйелдің келер жолында құйрығын бұлғаңдатып, аузын ашып қарсы алады. Оның да күткені осы еді. Дереу қолындағы ет кесегін беріп, жеп болғанын күтеді. Жолбарыс та тамағын тойдырған соң әйелдің алдына басын қойып, қалғып кетеді. Осы кезді сәтті пайдаланған келіншек 3-4 тал мұртын жұлып алып, анасына апарып береді. Сонда анасы: «Міне, сен жыртқыш жолбарыстың өзін алдап түсірдің. Оның қасында күйеуің адам баласы емес пе?! Бар да күйеуіңнің көңілін тап!», — депті. Аңыздың соңында сол секілді әр еркектің бойында бір жолбарыс жатқанын, ал әйелдің оны мейірімі мен жан жылуын астастыра отырып, алдап, арбаса, көнбейтін еркек болмайтынын айтқан. Сірә, «бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» деген мақал осындайда айтылса керек. Қызым, саған айтам: отбасының бақыты саған(дана әйелге байланысты)!
Диагностика.
Cтудент жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеледі. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, ««Отбасылық социограмма» әдістемесі» әдістері пайдаланылады Нәтижесін талдау.
«Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасының авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева.
Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?
Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Сізге бірнеше сұрақтар тізбесі беріледі. Бұл сұрақтар Сіздің отбасын құруға дайындығыңызды анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін Сіз төмендегі сұрақтарға ойланып бүкпесіз тура жауап беріңіз.
Сіздің пікіріңізше неше жаста отбасын құрған жөн?
А) 18-24 жаста
Ә) 25-31 жаста
Б) 32-38 жаста
Неше балалы болғанды қалайсыз?
А) кем дегенде екеу
Ә) жоқ балалы болғым келмейді
Б) жолдасымның қалауы бойынша
Егер көпшілік ортада (қонақта) жолдасыңның басқаға ілтипат білдіріп отырғанын байқасаң, не істер едің?
А) Мен де сондай қылықтар көрсетер едім.
Ә) ашу-ызамды отырғандардан жасырмас едім.
Б) ренішімді ешкімге білдірмес едім.
Бойыңда қызғаншақтық бар ма?
А) бар
Ә) онша емес
Б) жолдасыма сенемін
Ренжісіп қалсаңыздар татуласуға кім ұмтылғаны жөн
А) мен
Ә) ол
Б) бірде мен, бірде ол
Дәмді ас дайындай аласыз ба?
А) үйренетінім әлі көп
Ә) тек кейбір тағамдарды
Б) ас әзірлеумен айналысқанды ұнатамын.
Бүгінгі күні сезіміңізді оятқан адамнан жасырған сырларыңыз бар ма?
А) жоқ
Ә) кейде
Б) ол білмейтін сырларым бар
Егер жолдасыңыздың ішкен асын жерге қоятын әдеттері болса, не істейсіз (күйеуің футбол жанкүйері немесе әйелің сериал көргіш)
А) оны бұл әуестігінен айырар едім.
Ә) ол уақытта мен өз жұмыстарымды бітірер едім
Б) бірге қызықтар едім
Ата-анаңыздың бірін-бірі сыйлауы қандай?
А) жақсы
Ә) орташа
Б) айырылып кеткен
Болашақ жолдасыңыз өз мамандығына берілген болуы керек пе?
А) ия
Ә) бәрібір
Б) мамандықта тұрған не бар
Киім киюге деген көзқарасыңыз қандай?
А) оның айтқанынан шықпас едім
Ә) екеу болып ақылдасар едік
Б) өз көзқарасымды сақтауды қалар едім
Азаматтық некеге қалай қарайсыз?
А) дұрыс көрмеймін
Ә) бір-бірімізді білу үшін көнер едім.
Б) бұл жайлы ойламаппын
Жолдасың «көзіңе шөп салды» делік, кешіресің бе?
А) ия
Ә) ешқашан
Б) жағдайға байланысты
Отбасында кімнің көшбасшы болғанын қалайсың?
А) әрине жолдасымның
Ә) өзім
Б) еркек пен әйел тең құқылы
«Отбасылық социограмма» әдістемесі. Тесттің авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын — тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.
Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.
Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:
Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
Дөңгелектердің көлемі;
Дөңгелектердің орналасу қатынасы; Арасындағы қашықтық;
Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.
Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.
Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.
Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.
Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.
«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады.
Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:
Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген.
нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар.
отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар.
Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.
Жаттығу » Кездейсоқ танысу». Және «Жар таңдау″- Отбасы құру үшін лайық жар портреті: нағыз » жігіт пен нағыз » қыз сапалары..
Жағдай1. Жігіт қызбен танысқысы келеді, қыз бас тартады.Жігіт қайтсе де оны жаулап аламын деп мақсат қояды. (гүл,мейрамхана, киноға билет, т.б.)
Жағдай 2. Қыз көшемен келе жатып оқыр жас жігіттің портмонесінен ұсақ тиындары жерге шашылып қалғанын көрді.
Жағдай 3. Ол – ішкі істер орган қызметкері. Ол тұратын үйде әп-әсем көрші қыз тұрады. Ол қыз қылмыстық топқа тап болып, өзгере бастады.
Жігіт қызды дұрыс жолға салуды мақсат етеді.( Ойнап көру:, қызға қылмыстық айғақтарды тығуды, т.б. көмек ұсынады, сөйтіп жұмысынан айрылып қалуы да мүмкін) қалай ойлайсың, қыз оған тұрмысқа шыға ма?
Одан кейін жағдаяттарды талдау: қаншалықты тез эмоционалдық контакт жүзеге асты, «сезімнің шынайылығы: қызығушылық «қақпандары», адамшылық, жалған көкіректену, намыстану, жолы болу, актёрлік, жеңілтектік, пайда көру.
Практикалық тапсырма: Болашақ жарыңда болса деген Нағыз қыз, Нағыз жігіт сапаларының тізімін құр. Нәтижесін талдау. «Осы сапалар отбасылық өмірде қажет пе? «.
Бақытты отбасы болу арманыма жету үшін не істеуім керек?/қорытындылау-рефлексия./
№2 тақырып ″Ғашықтық″ қармағы
Ақпараттық блок.Ғашықтық. Махаббат. Сезімдік мәдениет.
Практикалық тапсырма. Болашақ жарыңның портреті. Тұлғалық қасиеттерінің тізімі.
″Миға шабуыл″.Ерте үйленудің мотивтері мен себептері.
Қорытындылау.
Сабақ мақсаты мен міндеттері: Жастардың отбасылық өмірге жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін түсіну. Некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы. Құндылық бағыттарды тәрбиелеу. Отбасы құруға дайындық болуы. Студенттерде некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы. Некелік- отбасылық қатынастар саласындағы құндылық бағыттылық ойларды тәрбиелеу. «отбасы құруға дайындық» ұғымының анықтамасы. Студенттік жастардың отбасын құруға дайындығының ғылыми негіздері. Жоғары сынып оқушылары мен оқу орындарындағы студенттік жастардың некелік- отбасылық қатынастарын құруға дайындығы. Некеге дейінгі ара қатынасына қөніл бөлудің ерекшіліктері. Үйлесімділік психологиясы. Некеге дейінгі көніл бөлудің ерекшеліктері мен сатылары.
Жастарға ғашық болу сезімінің ерекшелігі туралы, осы кезеңде кететін қателіктер мен жар таңдаудағы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ақпарат беру.
Жастар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алып келетін себептерді қарастыру, талдау.
Жұмыс формасы: практикалық тапсырмамен байланысқан лекция .
Сабақ уақыты 40-45 минут.
Күтілетін нәтиже: Қарым-қатынас құру барысында отбасылық деструкция, сәтсіздікті болдырмау.
Сабақ мазмұны
Ақпараттық материал: Ғашықтық. Махаббат. Сезімдік мәдениет.
Ғашықтық деген не? Физиологтар кейбір кезде еркек пен әйелдің бірін-бірі көргенде таңқаларлық сезім пайда болатынын, жүректері қаттырақ соғып, денесі жеңіл тартып, жаны рахатқа бөлене қалатынын зерттеп қарапты. Оның бірнеше себептері анықталыпты.
Биологиялық: адамның бойынан шығатын өзге жыныстыны тартып тұратын феромон
аталатын ерекше бір заттың болуы.
Гипноздық: бір көргенде ғашық болу үшін көз ала алмай біраз уақыт қарап қалу жетерлік.
Психоталдамалық: қыз әкесіне, ұл анасына ұқсаған әйелді іздейді және сондай адамды
көргенде ерекше сезім пайда болады.
Топографиялық: қыз бен жігіттің ең алғашқы сезімі есте сақталып қалады, сондай адамды
көргенде ерекше тартылыс пайда болады.
Онегиндік: бір көргенде ғашық болып ұмыта алмау. Бұл адамның көп уақыт жалғыздық
сезініп, өз идеалын жолықтыра алмай жүргенде болады. Ғашықтық деген тіпті сезім де емес, ол – қажеттілік, адамдардың бірге болуға деген ұмтылысы. Сезімдерді басқаратын жүйе кейіннен, 8-17 ай өткенде қосылады.
Ал бастапқыда ғашықтық – тәуелділік. Оны есірткіге елігіп қалғанға ұқсатуға болады.
Біреуге ғашық болып қалсаң, оны бірте-бірте көбірек қажет етіп тұрасың. Ғашық болып қалған адам тәуелді, оның мінезі де өзгеріп кетеді. Ғашықтық сезім ұдайы ең биікте бола алмайды. Тіптен дүниеге бала келгеннен соң да ол сол бұрынғы жаңа ғашық болған қалпында қалып қоймайды. Оны айтасыз, бір әйелден бала көрген еркек тағы бір әйелден бала көруге ынтығатын кездер де жиі кездеседі. Сол сәттен аман- есен өтіп кеткен жұбайлар тұрақты тұрмыс кешеді.
Романтикалық махаббатты ұзаққа созылатын махаббатқа айналдыратын рецепт жоқ шығар,
бірақ өзің сүйіп жейтін тәтті тортты қайта-қайта жегің келетіні, сүйіп тыңдайтын музыкаңды қайта-қайта қоя бергің келетіні екеуара махаббатты да ұзаққа созуға болатынына мысал бола
алады. Енді бір мысал айтайын: соны түсінсең,ғашықтық пен махаббаттың айырмашылығын түсінесің.
…..Бір сұлу қызға екі жігіт бірдей ғашық болыпты. Біреуі қызға келіп жақсы көретінін
айтыпты. Қыз: «Анау тұрған таудың басында түні бойы от жанып тұратын болса, саған тұрмысқа шығамын», — депті. Жігіт орындауға жөнеліпті.
Сол күні екінші жігіт те келіп қызға көңілін білдіргенде қыз: — Таудың басындағы түнде от
жанады, сол отты сөндірсең саған тиемін, — депті. Бұл жігіт те атына мініп тауға қарай асығыпты. Таңға жақын екінші жігіт тау басына шығып, оттың жанына барса, отқа салған ағаштар жанып таусылуға айналыпты, жанында бір жігіт тоңғанынан оранып отырып, қалың ұйқыға кеткенін білмей ұйықтап қалған екен. Жігіт әйелдің ниетін сонда танып, отқа таң атқанша жетерлік ағаш тастап, ұйықтап жатқан жігіттің жамылғысын қымтап, төменге түсіп кетіпті.
Үйлесімді, бақытты отбасын құру — күрделі процесс, алғашқы жылдарында дағдарысты басынан кешпеген отбасылар аз болар.
Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады.
Отбасын құрудағы басты қателіктердің бірі танысқақнан кейін «ғашықтар» болашақ жарының мінез-құлқы, жеке тұлғалық қасиеттеріне мән бермей, немесе,екі жастың әлеуметтік желі арқылы танысып, бірін-бірі жете біле бермеуінде. Бұлар отбасылық қарым-қатынаста ең қажетті нәрсе екенін білмейді. Үйленгенге дейінгі қарым-қатынас қызықты кештер, көңіл көтерулер, сыйлық жасау,т.б.(конфетно -букеточный период), қыздың боянып-сыланып, сыртқы және ішкі (мінез көрсетпей) ал жігіттің «мырза», «ойындағысын біліп, тілегін екі етпей жүрген кездерінде үйленуге бел буады. Ал тұрмыс бұның бәрін өзі «реттейді», демек ғашық болу аз, махаббат керек. Махаббат туралы жыр-хикаялардың бәрі екі адам қосылғанға дейінгі уақытқа көп көңіл бөледі. Ал ең негізгісі әрі қарайғы өмір ғой… Махаббат – екі ғашық адамды жалғастырушы, сүйіктілер мен сүйгендер тұрғанда, махаббат та шексіз. Егер екі ғашық адамның тілегі бірге, жүрегі бірге соғып, бірін-бірі тыңдап, келісіп өмір сүрсе, сол жалындары қартайғанша сөнбейді; оларды өлім де ажырата алмайды. О дүниеге өткенде де бірін-бірі сүйеді, себебі, жан өлмейді, ол – мәңгілік; ғашық адамдардың жаны жер бетінде олар бірін-бірі қандай сүйсе, о дүниеде де ажырамай, биік асқақ сезіммен қайта қауышатын көрінеді.
Практикалық тапсырма: Болашақ жарыңызға тән қасиеттер тізімін жасаңыз.
Шамамен былайша:
— түсіністік
— шыдамдық
-сенімділік
— қамқорлық
— кешіре білу
— сексуалдық
— еңбекқорлық
— шынайылық
— сену
— сыйластық
Психолог В. Зацепин, қыздар пысық,алғыр, көңілді, билей алатын, бойы ұзын, әдемі, жігітерді ұнатып, ал жарының еңбекқор, ақылды, шыншыл, адал, салмақты, қамқор етіп елестетеді дейді.
Ал жігіттер әдемі, сұлу, көңілді, биші, әзілді түсінетін қыздармен жүріп, ал жарының адал,әділ, көңілді, еңбекқор болса екен дейді.
Сөйтіп, жастар некеге белгілі бір сапалардың қажет екенін түсінеді.Бірақ, күнделікті қарым-қатынаста сыртқы түр-тұлға, қызықты көңіл көтеру маңыздырақ болып кетуі көрініс беруде.
″Миға шабуыл″.Ерте үйленудің мотивтері мен себептері.
Ақпараттық материал
Отбасы — неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990).
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл мақалды бүгінгі күні жиі қолдануға тура келеді. Мұның себебін өзіміз көріп те, біліп те жүрміз. Отбасын құрып, өмірге ұрпақ әкелу – өмір заңдылығы. Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өз теңін табады. Дегенмен, қай уақытта, қай жаста жанұя құрған дұрыс? Көп жастар шын сезім деп оның «подделкаларына» алданып қалып, үйленеді: жылулықты қажетсіну , аяушылық, достықты махаббаттан ажырата алмау, жалғыздықтан қорқу, есеппен үйлену, керек еткенге мақтаныш, кейде жай нәпсі-физиологиялық қажеттілікті өтеу. Бұл олардың отбасылық қарым-қатынасына салқынын әрине тигізеді.
Байқап жүргеніміздей, қазіргі уақытта жастардың ерте үйленіп, жастай тұрмысқа шығып жатқан тағы себептері бар. Бұған көп жағдайда қызды өз еркінен тыс алып қашу немесе олардың аяғының ауырлап қалуы себеп болып отыр.
Жалпы, ерте шаңырақ көтерген жастар ата-аналарына көп ауыртпалық түсіреді. Және мұндай жанұяда ұрыс-керіс те көп болады. Психологтардың пікірінше, ерте некелесу бұл білім алудан қол үзу, сондай-ақ жас күйеу де балалықтан толық арылмағандықтан әкелік парызын атқаруға дайын болмайды екен. Көрініп тұрғандай, мұндай неке ұзаққа бара бермейді. Алайда қазір жастар арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ үйленіп жатқандары бар…Ешкімге ауыртпалық түсірмей, өз аяқтарына тұрған кезде үй болған дұрыс екен деген ойға шомасың. Сондықтан жастар құр нәпсіге еліктеп, сезімге беріліп үйлене салмай немесе еріксіз алып қашпай, бәрін ой елегінен өткізіп алған жөн. Оның үстіне отбасын құратын жандар отбасылық жауапкершіліктің де қандай екенін, ер мен әйелге жүктелген міндеттерді де ұғып алмайынша үйленуге асықпағаны дұрыс. Сонымен, ерте үйленудің де, кеш үйленудің де қажеті жоқ. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бәрінің де өз уақытысымен болғаны дұрыс.
Қорытындылау.
№3 тақырып Отбасы туралы. Отбасының құқықтық аспектілері
Сабақ мақсатын хабарлау.
Ақпараттық блок.Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ.
«Отбасы мен үшін» сауалнамасы.
″«Менің отбасым –қазір және ертең»″. тренинг.
Қазақтардың отбасы мен неке құру ерекшеліктері Отбасы жүйесі, құрылымы, қызметі және дамуы Отбасылық қарым-қатынас психологиясы. (лекция – диалог)
6.Жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру Қорытындылау.
1.Сабақ мақсаты:
Жастардың отбасылық өмірге жауапкершіліктерін қалыптастыру. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау
Жұмыс формасы: зерттеу,тренинг,кеңейтілген лекция, жағдаяттар талдау
Ақпараттық блок.Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:
репродуктивті (ұрпақ әкелу);
шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асырау);
тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);
қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);
рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;
отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;
отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді;
отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;
отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол;
отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында қалыптасады;
отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;
кәсіп таңдауға да ықпалы зор;
Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады:
беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады;
демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады;
«Отбасы мен үшін» сауалнамасын өткіземіз. Онда отбасылық құндылықтарымызды анықтайтын сұрақтар бар . Отбасылық құндылықтарды негіздеуде 4 сұрақ құрастырылған. (СарузеноваА.Ә. АяғановаА.Ж.) Бұл сұрақтар арқылы сыналушылардың отбасы туралы елестетулері анықталады. Әдістемеде пайдаланылған әрбір 4 сұрақтың мүмкін 3 жауабы бар. Мәселен:
Отбасы құрылыс болса, онда ол- мешіт;
Отбасы әуен болса, онда ол- дәстүрлі ән;
Отбасы түс болса, онда ол —көк;
Отбасы кино болса, онда ол —қазақ ертегісі.
Кесте1- құндылықтардың көрсеткіштері.
Мәселен, 1 сыналушы «Отбасы мешіт» деп бірінші қойса – 5балл береміз, екінші қойса – 4 балл, ал, үшінші қойса- 1 балл береміз. Барлығы 10 баллды құрайды. Қалған сұрақтарда дәл осылай талданады. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.
Отбасы мен үшін
Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Отбасы туралы пікіріңізді білуге арналған сұрақтар тізбесі беріледі. Сұрақтар отбасылық қарым-қатынаста этностық құндылықтардың рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Сұрақтарға ойланып, байыппен және шынайы жауап беруіңізд сұрамйыз.
1.Отбасы құрылыс болса, онда ол
А) коттедж
Ә) мешіт
Б) көп қабатты үй
Отбасы әуен болса, онда ол
А) рок әуен
Ә) дәстүрлі ән
Б) классикалық әуен
Отбасы түс болса, онда ол
А) қызыл
Ә) көк
Б) сары
Отбасы кино болса, онда ол
А) фантастикалық фильм
Ә) романтикалық фильм
Б) қазақ ертегісі
4.Тренинг ″«Менің отбасым –қазір және ертең»″. Мақсаты: Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет:
-отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдіру;
-этностық өзіндік сананы арттыру;
-отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
-дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
-өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
-өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
-өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
«Отбасын ойнайық»жаттығуы
Мақсаты: Отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту .
Топ «отбасыларға» бөлінеді. Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді.
Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді. Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы, қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма. Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Студенттерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
«Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы
Мақсаты: Отбасы туралы жағымды елестерді дамыту
«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онда кім бар екен?». Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
Біз бір қаннан жаралғанбыз» ойыны.
Егер топта жас жұбайлар бар болса, олардың бір-біріне сұрақ қойып, өздерінің жеке қызығушылықтары мен ұқсастықтарын анықтауына болады. Олардың талғамдары, өзара қарым-қатынас, дағдылары, мінез-құлықтары арасында ортақтық бар және болашақта ортақ істері де көбейері сөзсіз. Бұл жаттығу жас жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастарын нығайтуға, бір-бірлерін тереңірек білуге мүмкіндік береді, даму мен қызметтің түрлі бағыттарында оларды біртұтас етіп біріктіретін, ортақтықты табуға көмектеседі. Бұл жаттығу арқылы олар ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК; ӨЗАРА КӨМЕК тәрізді қасиеттердің түсінігі мен маңызын көре алады.
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы
Болашаққа жоспар құру, отбасын құруға ұлттық құндылықтар негізінде дайындау мақсатында.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте студенттерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Студент өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші студентке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллажда ұлттық құндылық элементтерін қосу сұралады.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады- «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.
5.Қазақтардың отбасы мен неке құру ерекшеліктері Отбасы жүйесі, құрылымы, қызметі және дамуы Отбасылық қарым-қатынас психологиясы. (лекция)
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Қазақ ұғымыңда отбасы — өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішіңде болады да, бүкіл жайдарылық соған жағылған отқа үйіріледі. От басының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы — үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы — ырыстың ұйтқысы. Соңдықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Соның шырқы бұзылмауы үшін шара қолдануы — өзінің атқаратын адамдық борышы.
Отбасында негізгі туыстық қатынас — ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы — отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке — әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағайындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», — деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген. Қазақ жетi атаға дейiн қыз берiп, қыз алыспаған. Аталас туыстардың некеленуiне тыйым салған, мұндай заң әлемдегi халықтар iшiнде тек қазаққа қана тән екендiгiн қазақ халқының бойынан табылатын асыл қасиет деп бiлемiз. Өйткенi туысқандықты ұмытпау, зиялылықтың, көрегендiктiң көрiнiсi ауызбiрлiк мықтылығының дәлелi. Өзiн- өзi сыйлай алмағандар басқаларды да сыйлай алмайды
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген. Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу — жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы. Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Қазақтың ежелгi отбасылық дәстүрлерi соған қатысты қағида–ережелерi әдебиетімізде молынан ұшырасады. Мысалға алғанда: ата- ана құқықтары, қыз берiп- қыз алу, құда түсiп, құдандалы болу- қазақ некесiнiң ерекшелiктерi. Ал, қалың мал мәселесі: бата бұзу, қыз алып қашу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлiк мирас пен мұра, тағы басқа жайлы заңдардан бiз қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенiн, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көремiз.
6.Жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру .
Өз отбасыңды құру жөніндегі ойларың мен жобаларыңа осы жандардың тағдырларынан нендей түйін түйдіңіздер?
7.Қорытындылау
№4 тақырып.Отбасылық өмірге, үйленуге дайын болу
Жаттығулар «Сіздің отбасыңыз?»
Зерттеу: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.»
Топтық жұмыс: Бақытты отбасын құру факторларын табу және талдау.
Практикалық- топтық тапсырма: Колледждегі студенттік отбасы (екеуі де студент) санын анықтау. 17-қараша-студенттер күніне орай «Бақытты студенттік отбасы» атты тренинг ұйымдастыру
Қорытындылау.
Жаттығулар «Сіздің отбасыңыз?»
А)«Отбасы мүсіні» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін, әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады.
Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.
Ә) «Отбасы оқиғалары» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
2.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Болашақта отбасын құрған кезде Сіздің ойыңызша ерлі-зайыптылардың және баланың міндеттері мен құқықтары қандай болуы тиіс? Төменге өз ойыңызды парақ бетіне түсіруіңізді сұраймыз.
Топтық жұмыс: берілген материалдар бойынша «Бақытты отбасын құру факторларын» табу және талдау.
С.В. Ковалев бойынша, жастарда («Сіздің идеалыңыз» атты сұрақтама бойынша алынған деректер) өмірлік серігін таңдау кезінде махаббат «құрмет», «сенім», «өзара түсіністіктен» кейін төртінші орынға қойылған. Некеде «махаббатты» тықсыру айқын көрінеді. Қыз балалар мен ұл балалар отбасын өз сезімдеріне кедергі деп санайды.
В.А.Сысенко отбасылық өмірге дайындық бойынша іс-әрекеттің негізгі бағыттарын былайша тұжырымдайды:
1) адамгершілік (неке құндылығын, балаларды ұғыну т.б.);
2) психологиялық (ерлі-зайыптылық өмірге қажет психологиялық білімдер);
3) педагогикалық (балаларды тәрбиелеуге дағды мен ептіліктер);
4) санитарлы-гигиеналық (неке және тұрмыс) гигиенасы;
5) экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық.
Жасөспірімдерде отбасылық өмірге дайындықты қалыптастыру проблемаларының көптеген аспектілері ішінде қазіргі қоғамдағы отбасы мен некенің әлеуметтік рөлін дұрыс түсіндіру, азаматтық құқықтың, сананың болуы маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамда бұрын белгіленген және қоғамдық санада бекітілген отбасындағы нормалар мен мінез-құлық үлгілерін реттеуші әрекеттердің айтарлықтай әлсірегендігі байқалады. Бұл қазіргі жағдайда дәстүрлі отбасыларда маңызды рөл атқарған кейбір қажетті қызметтердің жоғалғандығымен байланысты. Бұрын күйеу-жұбайы және әйел-жұбайына тән функционалды рөлдер айтарлықтай өзгерді. Неке мен отбасы жекелеген адамдар түсінігінде интимді және формалды емес қатынастар қажеттілігін қанағаттандырудың негізгі құралы ретінде көрінеді.
Некелік-отбасылық қатынастардың тұрақтылығы неке отбасылық өмірге эмоциялық жағымды қатынасты анықтайтын тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бағытыттарының жүйесі ретінде түсінілуіне және жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайындығына байланысты.
Жасөспірімдерді ерте кезден-ақ үй шаруашылығына тартып, отбасылық міндеттерді орындауға үйрету керек. Балаларды бос уақытты отбасымен өткізуге, демалыс күндерді ата-аналармен өткізуге үйрету қажет. Ұл бала мен қыз бала міндеттерін ажыратып бөлуге болады. Бірақ, отбасылық өмірдің психологиялық жағына баса мән берген жөн.
Балада балалық шақтан қарама-қарсы жынысқа құрмет көрсетуді үйрету керек. Бозбалаға өзінен жүкті болып қалған әйелді тастап кету аморальды екендігін түсіндіру керек. Бойжеткенге жалаңаштанбай киінуді, боянып, сыланбауды, жеңілтек жүріс жүрмеуді үнемі ескертіп, өзін әдепті ұстауын айтып отыру керек. Балаларды тәрбиелей отырып, оларда мынадай қасиеттерді қалыптастыру қажет: шыдамдылық, кішіпейілдік, әдептілік, адамгершілік, инабаттылық, батылдық, жігерлік, ұстамдылық т.б. Баланы адамдармен қарым-қатынас жасай алатындай, олармен тіл табыса алатындай етіп тәрбиелеген жөн. Осылайша тәрбиеленген бала отбасылық қиындықтарды оңай жеңе алады. Отбасында бақытты өмір сүру — өте сирек қасиет. Алайда оны балалардың бойында тәрбиелеуге болады және тәрбиелеу қажет. Сіздіңше, бақытты отбасын құру факторлары қандай?
4. Практикалық- топтық тапсырма: Колледждегі студенттік отбасы (екеуі де студент) санын анықтау. 17-қараша-студенттер күніне орай «Бақытты студенттік отбасы» атты тренинг ұйымдастыру
Қорытындылау.
№5 тақырып Ер адам мен әйелдің психологиясы.
Ақпараттық блок. ″Ержүректік пен нәзіктік ″.
2.Жаттығу «Екі әлем».
Практикалық тапсырма : Жігіттер «қыздар туралы,қыздар жігіттер туралы коллаж құрастырады.
Пікірталас ″Ер мен әйелдің бірге болуы үшін қандай ұқсастық пен ерекшелік керек?″ Практикалық тапсырма: Отбасындағы әйел адам мен ер адамның тұрмыстық міндеттеріні айырып тізім құру. Нәтижесін талдау.
5«Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.
Қорытынды рефлексия.
1.Ақпараттық блок. ″Ержүректік пен нәзіктік. Ер мен әйел адам миларының табиғи ерекшеліктері Әйел мен ер адамдар табиғатынан ерекше жаратылыстар. Біреуі ісімен нәзік келсе, екіншілері жүрегімен нәзік. Әйел адамдар батылдылығын сыртқа көрсете бермейтін болса, ер адамдар нәзік болып көрінуден қорқады. Осы секілді ерекшеліктерді ескеріп, олардың миларының ерекшеліктерін талдап көрейік:
Әйел адам миының көлемі ер адамдыкіне қарағанда 10 %-ға кіші. Мұның ақыл-парасатқа ешқандай қатысы жоқ.
Ер адамның миы уақыт өте келе жылдам кішірейеді.
Бір мәселені шешу үшін олардың миларының қарама-қарсы жақтары жұмыс істейді.
Ер адам жолдан адасып қалған жағдайда ара қашықтық пен жүрген жолын есіне түсіреді, ал әйел адам оюъектілерді есіне түсіріп, жан-жақты бағдарлай бастайды. Рульде отырған кезде де ер адам жүріп өткен ара қашықтыққа мән берсе, әйел адам керісінше дүкендердің түрлі-түсті жарнамаларына басымдылық береді.
Әйел адамдар барлығын детальді түрде есте сақтаса, ер адамдар маңыздылығы мен нәтижесіне мән береді.
Ер адамдар ақпаратты жылдам қабылдап, жылдам әрекет жасайды. Алайда …
Әйел адамдар бір уақытта бірнеше ақпаратты қабылдай алады. Мысалы, кітап оқып отырып әуен тыңдау, теледидар қарау деген секілді…
Ер адамдар жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге басымдылық беретін болса, әйел адамдар гуманитарлық ғылымдармен айналысқанды ұнатады.
Әйел адамдар әңгімелескенді ұнатады. Ер адамдар көп сөздің орнын бір іспен алмастырады.
Қоршаған ортаның дыбыстары оларға әр түрлі әсер етеді.
Әйел адамдардың сеніміне оңай ие болуға болады. Олар сенгіш келеді.
Әйел адамдар бір күн ішінде ер адамдарға қарағанда 3 есе көп сөз қолданады.
Әйел адамның миы глюкозаның көп мөлшерін қажет етеді.
Олар әзілді де түрліше қабылдайды. Ер адамдар үшін әзілдің соңғы тұстары маңызды әрі күлкілі. Ал әйел адамдар үшін әзіл толығымен қызық.
Әйел адамдардың ұйымдастыру қабілеті жоғары.
Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда нашар естиді. Сол себепті әйел адамдар интонацияға да мән береді.
Ер адамдар әңгімелесу барысында логикаларына жүгініп, айтылған сөзді сол қалпында қабылдайды. Ал әйелдерге түйсіктері көмекке келетіндіктен, айтылғанды болжап қабылдайды.
Әйел адамдардың тіл табыса алу қабілеті бар. Ал ер адамдар әрдайым жарысуды жақсы көреді. Тіпті, жарысып жүргендерін сезбейтін кездері болады. Әйел адамдар еркектердің әңгімелесуге құмар еместіктеріне ренжулі.
Ер адам жерде жатқан допты көрсе, бірден теуіп жібереді. Әйел адам керісінше, оны қолына алып лақтыруды жөн көреді.
Әйел адамдардың ойы жүйрік. Олар ең алдымен әр істің нәтижесін ойлайды. Ерлер мен әйел адамдардың табиғи айырмашылықтары осы.
Енді қыздар ескерер нәрсе: Азия және Шығыс елдерінде жоғарыда айтылғандай, тарихқа сәйкес, үнемі табиғат күштерімен, ұзақ уақыт бойы жер үшін күрестер ерлікті, күшті, төзімділікті қажет ететіні ерлердің басты орында болуына айғақ бола алады. Сондықтан да, батыр-ер, табыскер ер, асырайтын ердің маңызы жоғары. Әйелдер болмашы рольде – ер адамға қызмет ету, оның ұрпағын жалғастыруға міндетті, бұл қазіргі адамзаттың даму кезеңінде де із қалдырды: бала әкесінің фамилиясында, әкесінің атымен көрінеді. Мұсылман отбасыларында әкесінің ұрпағы мен ісін, әйелі мен балаларына фамилиясын жалғастырушы ер баланың дүниеге келуін қошемет тұтады.
Әйел алу — күйеуге шығу қатынасында ер адамның жетекші рөлі байқалады. Сонымен, ер адам әйел адамды өзіне алады, отбасына кіргізеді, ал әйел мәңгілікке өз ата-анасының үйінен ғана емес, ұрпағынан кетеді, яғни шығады (сал. орыс тілінде жениться/взять жену, выйти замуж, яғни за предлогы артында, сыртында, ар жағындадегенді білдіріп, аталған жағдайда ер адамның ар жағында деген мағынаға ие).
«Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деген мәтелге көзқарасың қандай?
Жаттығу «Екі әлем».
Топ екіге бөлінеді: қыздар және жігіттер.
Екі топ бір-біріне қарап тұрып кезекпен кезек бір-біріне былай деп айтады:
Маған жігіт (қыз) болған ұнайды, себебі…
Мен жігіт (қыз) болғым келеді, себебі…
Маған жігіт (қыз) болған қиын, себебі…
Мен қыз (жігіт) болғанымды мақтан тұтамын, себебі…
Мен жігіттерге(қыздарға) қызығамын, (қызғанышпен қараймын), себебі…
Маған жігіттерде (қыздарда)ұнамайтыны…
Жігіт (қыз) болған жақсы, өйткені
соңынан: Жігіттер мен қыздар бірлесіп «Қыз бен жігіт» атты коллаж құрастырады.
Практикалық тапсырма: Отбасындағы әйел адам мен ер адамның тұрмыстық міндеттерін айырып тізім құру. Нәтижесін талдау.
«Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.
Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды.Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін,ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.
Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады.Сұрақ тақырыптары-ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы,кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?» Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды.Әр сұрақ жеке параққа жазылып,парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды.Біріншіден,қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады.Екіншіден,жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады.Демек қыз балалар,ұл балаларға үлгі бола алады.
Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады,ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып,пікірталасты бақылап отырады.Қыздар кезекпен сұрақтарды бір-біреуден қорабшадан шығарып,оны дауыстап оқып,талқылайды және оған жауап береді.Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе,қолын көтеріп,сөз берілгенше күтеді.Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін,ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды,ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.
Қорытынды, рефлексия.
№6 тақырып Жастық және психосексуалдық даму.
Амандасу рәсімі.
Ақпараттық блок ″Еркін жыныстық тәртіптің көлеңкелі нәтижесі″.
Практикалық «Менің қиялымдағы отбасылық өмір» тақырыбында эссе жазу.
Қорытынды. Маман кеңесі.
Сабақ мазмұны:
Амандасу рәсімі. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі.Біздер де бүгін әртүрлі амандасамыз.Интерактивті тақтадан амандасу туралы ақпарат көрсетіледі, қатысушылар таңдағаны бойынша бір-бірімен амандасады.
Ақпарат: Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді.
Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының «хонги» сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар «ха» рәсімін жүргізеді. «Ха» рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. «Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.
Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады. Ежелден келе жатқан «вай» сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, «мано по» деп айтады. «Мано» — қол, «по» — құрмет деген мағына береді.
Ақпараттық блок ″Еркін жыныстық тәртіптің көлеңкелі нәтижесі″.
Теріс мінез-құлық және оның факторлары.
Қазіргі таңда жаһандану жағдайында батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр. Осы орайда, батыстық өмір салттары қанымызға сіңген қазақы болмысымызға елеулі зиянынын тигізетін әдеттері мен қылықтар дендеп келеді. Айта кетер болсақ, Қазіргі күні қазақтар арасында «сожительдер»,«азаматтық неке» педофилдер шыға бастады, еркінжыныстық қатынас, кісі өлтіру, бейбастық, қарақшылық, еркін махаббат, жоспарланбаған жүктілік, тастанды бала және т.б насихаттайтын материалдар мен әйел- қыздардың жалаңаш денелерін көрсететін суреттер қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініс табуда. Осы орайда, елімізде қоғамдық өмір мен әлеуметтік қатынастарды демократияландыру ұраны бола тұра мұндай бейбастық іс-әрекеттер ұлттық тәлім- тәрбиеге, этностық қарым- қатынасқа түбірімен қарсы бағытталғанын естен әрдайым шығармау қажет. Болып жатқан осындай келеңсіз, кесірлі құбылыстарға қазақ жастары болашағының едәуір билігі елігіп, еліктеуі қанат жайып бара жатқаны бізді алаңдатары сөзсіз. Осы уақытқа дейін бұрын- соңды исі қазақ қыздарында болып көрмеген, ата салтымызға жат қылықтар, яғни, жасыратыны жоқ «түңгі көбелектің» айтарлықтай әлеметтік орта өмірінде орын алуы, кез-келген жерлерде жастардың жыныстық қатынас жасауына арналған арнайы орындардың «сауда үйіне» лайықталуы бүгінгі күні нарық жағдайында ұлттық трагедияның негізіне айналып барады. Мұндай келеңсіз әрекеттердің белең алуы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиенің рухани- өнегелік және этностық құндылық негізіне, ғасырлар бойы қалыптасып келген эстетикалық әлеуеттің некелік-отбасылық қатынастарға батыстық мәдениеттің «жүгенсіз насихаты» бел ортасынан балта шабуда. Халқымыздың болашағы болып табылатын өскелең жас ұрпақтың әлеуметтену процесіндегі қарама-қайшылықтары айқын көрініп отырғаны байқалуда. Бұл жағдай біріншіден, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани ұстанымдарына ашық түрде шабуыл жасап отыр. Қазақ халқының қанына сіңген ізеттік пен имандылық қасиеттері отбасылық қарым-қатынасты үйлесімділікке алып келіп, оның беріктігінің діңгегі болады.
Қазіргі таңда отбасылық өмірде адами қасиеттерге баса назар аудару талап етілуде. Осы орайда, жауапкершілік, өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлылық, тәртіптілік пен өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік және т.б. сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңірту әлеуметтік институттардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Сондықтан, біздің зерттеуіміздің басты міндеттерінің бірі отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындауда этностық құндылықтарды негідеу өзекті мәселенлердің бірі болып табылады.
Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындауда тұлғаның басты қасиеттерін назарда ұстау қажет. Демек, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтижесінің көрінісі, яғни, ерік-жігер сапасының дамуы. Отбасылық өмірлік берік ұстанымда, қайсарлықта, қажет кезінде жоғары азаматтықта тұлғаның ерік-жігерінің сапасы көрініс табады.
3.Практикалық тапсырма «Менің қиялымдағы отбасылық өмір» тақырыбында эссе жазу.
Қорытынды. Маман кеңесі (дәрігер).
№7 тақырып Салауатты өмір мен репродуктивтік саулық.
Тақырып бойынша ақпарат.
Топтық пікірталас: Қыз баланың репродуктивтік саулығын қорғау әдістері
Қорытынды.
Сабақ мазмұны:
Тақырып бойынша ақпарат:Салауатты өмір мен репродуктивтік саулық.
«Қазір Қазақстанда жасөспірімдерге репродуктивтік және жыныстық құқық туралы білім беретін пән оқытылмайды. Салдарынан жастар отбасылық өмірге мүлдем дайындықсыз барады. Көбіне бұл отбасынан тыс жерде тәрбиеленетін балаларға қатысты проблема. Сондықтан, біздің мақсатымыз жасөспірімдерге денсаулықты, соның ішінде репродуктивтік және жыныстық денсаулығын сақтауға көмектесетін білім беру болып табылады», — дейді «Аман-саулық» қорының президенті Б.Түменова.
Қор мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жасалатын түсіктердің 3 пайызы жасөспірім-қыздардың еншісінде. 2011 жылы 15 пен 19 жас аралығындағы 12 мың 632 қыз бала дүниеге сәби әкелген. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жас қыздардың 21,5 пайызы 15-17 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі. Ал, ВИЧ дертіне шалдыққандардың арасында инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырғандар саны көбейіп барады. Аталған індетке шалдыққандардың 43,5 пайызы 15 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар көрінеді.
Ақпарат көзі :http://kaz.gazeta.kz/news/ ([email protected])
Мақсаты — салауатты өмір салты, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау сұрақтарын талқылау үшін сұхбат алаңын ашу
“Салауатты өмір сүру салтына” 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Жалпы адамның жетілуі — оның рухани дүниесі, адамшылық қасиеттері, мінез-құлқының жетілуімен сайма-сай келеді. Мұндай қасиеттердің жетілуі адамның денесінің жетілуімен байланысты. Ал адамның денесінін жетілуі — денсаулық.
Салауатты өмір салты туралы ислам дінінің парыздары былай деген:
— әрбір мұсылман қолынан келгенше бір-біріне жақсылық қылуы керек. Ісімен болсын, сөзімен болсын, мейлі тілімен. Ең болмағанда, жақсылық тілеп тұруы абзал;
— қанағатшылыкқа, инабатқа, сабыр, ар сактауға, уағадашылық пен ынсаптылыққа ұмтылдыру;
— еңбек етіп өз отбасын асырауы;
— адам рухына, түр-түсіне, нәсіліне, байлығы мен дәрежесіне қарамай, Алла алдында тең, демек, жер бетінде де тең;
— білім алуға, бейбітшілікті сақтауға міндетті;
— адам мінезіне қызғаншақтық емес, жомарттықтың үш түріұсынады: көз, қол, көңіл жомартығы;
— маскүнемдік, есірткі, ұрлык, өтірік айту — иманның, мұсылманның жауы;
— ата-ананы, ұстазды кұрметтеу, көрші-ағайынмен тату-тәтті өмір сүру;
-гигиеналық талап өте жоғары дәрежеде дәріптеледі.
Имандылық негізінде адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, дене саулығына, салауатты өмір салтына, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге тәрбиелеу қажет.
Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:
І.Ойы саудың — жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын қалыптастыру.
2.Жаны саудың — тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
Тәні саудың — дені сау. Адамның бір байлығы — денсаулық. Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына көмектесу, багыт беру.
Ісі саудың — өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау. Жалпы адамның жетілуі — оның рухани дүниесі, адамшылық қасиеттері, мінез-құлқының жетілуімен сайма-сай келеді. Мұндай қасиеттердің жетілуі адамның денесінің жетілуімен байланысты. Ал адамның денесінін жетілуі — денсаулық.
Салауатты өмір салтын имандылық негізінде оқушылардың бойына сіңіруде ислам дінінің парыздары былай деген:
— әрбір мұсылман қолынан келгенше бір-біріне жақсылық қылуы керек. Ісімен болсын, сөзімен болсын, мейлі тілімен. Ең болмағанда, жақсылық тілеп тұруы абзал;
— қанағатшылыкқа, инабатқа, сабыр, ар сактауға, уағадашылық
пен ынсаптылыққа ұмтылдыру;
— еңбек етіп өз отбасын асырауы;
— адам рухына, түр-түсіне, нәсіліне, байлығы мен дәрежесіне
қарамай, Алла алдында тең, демек, жер бетінде де тең;
— білім алуға, бейбітшілікті сақтауға міндетті;
— адам мінезіне қызғаншақтық емес, жомарттықтың үш түрін ұсынады: көз, қол, көңіл жомартығы;
— маскүнемдік, есірткі, ұрлык, өтірік айту — иманның,мұсылманның жауы;
— ата-ананы, ұстазды кұрметтеу, көрші-ағайынмен тату-тәтті өмір сүру;
-гигиеналық талап өте жоғары дәрежеде дәріптеледі.
Топтық пікірталас: Қыз баланың репродуктивтік саулығын қорғау әдістері
Қорытынды
№8 тақырып Ана болу мен әке болуға дайындық. Отбасын жоспарлау.
Сабақ мақсатын хабарлау.
Презентация арқылы әңгіме-дүкен ″Ата-аналар мінез-құлқы″.
Ақпараттық блок ″ Отбасын жоспарлау деген не?″.
Жаттығу″Баланы жұбату″.
Кері байланыс.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты «Ваза» бейнеролигін көрсету арқылы ашылады.
Презентация арқылы әңгіме-дүкен ″Ата-аналар мінез-құлқы″.
Соңғы он жылдың ішінде психологтар мынаны анықтады: дәстүрлі ата-аналардың түрін
анықтап, баланың айтқандарын құлақ түруге не кедергі екендігі анықталды. (3 слайд)
Ол бас-аяғы он екі кедергі екен. Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.
— (4 слайд) Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімейтін болайын!», «Аузынды жап!».
Осы тектес бұйрықты естіген бала өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін «бақытсыздық» қалғанын сезінеді. Баланың жауабы қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжиді, қырсығады.
— Ескерту, қорқыту, үркіту: «Егер сен жылауыңды доғармасан мен кетіп қаламын», «Байқа, қазір жаман болуы мүмкін», «Егер тағы да қайталанса, таяқ жейсін», «Уақытында келмесең, өзіңнен көр» Қорқыту ешқандай нәтиже бермейді, егер де баланың басы проблемалармен қатып жүрсе. Олар оны тек қана дұрыс жолдан тайғызады. Анасы бірінші сөзден «егер де осылай баратын болсан, барлық балалар сені ұқыпсыз деп ойлайды».
Сіздерге мынадай оқиғалар таныс па? Сіз бір зат орындалмай жатса, одан әрмен үркітіп, қорқытумен айналыса бастайсыз. Ескерту мен үркітуді үнемі жасай берсеңіз оған баланың еті үйреніп кетеді де, мән бермейтін болады. Айтқан сөзді тыңдамай, оны орындамаған соң қорқытып, үркітуден күш жұмсауға көшеді, баланы жалғыз өзін қалдырып кету, не болмаса соққыға жығады.
— Ақыл айту, өсиет айту, үгіт айту: «Сен өзіңді тиісті түрде ұстауың керек», «Әр адам еңбектену қажет», «Сен үлкендерді сыйлау керексің». Балалар әдетте осындай фразадан жаңа ештеме білмейді. Жүз рет естісе де ештеңе өзгермейді. Олар өз беделін сезінеді, кейде кінә, кейде зерігу, көбінесе бәрін бірге алғанда. Жасөспірімді тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айту, сөзден гөрі отбасында жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымырақ болады. Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білетін болады. Егер ол қалыптасқан тәртіпті бұзған болса, онда жан-жағыңызға көз жүгіртіңіз отбасыңызда біреу өзін солай ұстайды немесе сондай әрекетке ұқсайтын қылық жасап жүрген шығар. Егер ол себеп расқа шықпаған болса, онда басқа жағдай болып жүр: сіздің балаңыз «қалыптасқан жағдайдан сырт шығып жүр», ол өзінің ішкі жандүниесінің күйзелісінде жүрген болар. Екі жағдайда да ауызша үгіт –оған көмектесудің дұрыс жолы емес.
— Кеңес, шешімін табатын: «Сен ал да және өзің айтшы…», «Неліктен өзіңе байқап
көрмеске…», «Меніңше, барып кешірім сұраған дұрыс сияқты», «Мен сенің орныңда болсам, есемді қайтарар едім». Көбінесе біз, ақылды балаларға көп айту керек деп есептейміз. Көбіне өзімізді мысалға келтіреміз: «Мен сенің жасыңда болғанда…» ал бала болса ондай ақылға құлақ аспайды, кейде олар ашықтан ашық қарсы шығады «Егер сен солай ойласаң, ал мен басқаша ойлаймын», «Саған айту жеңіл», «Сен айтпасанда білемін». Баланың осындай кері әрекеттерге баруына не себеп? Дербес түрде, өз бетінше шешім қабылдау тілегі. Өздеріңіз ойланып көрсеңіздер біздерге де ересектерге біреудің кеңесін тыңдау жаға бермейді. Ал бала болса, өте сезімтал болып келеді. Балаға кеңес берген сайын біз оған сен әлі кішкентайсын, біз болсақ әр істің қалай шешілетін білеміз, біздер себебі сендерден қарағанда үлкенбіз дейміз. Осындай жағдайлар балаларға ұнамайды, содан барып олар өздерінің проблемаларын айтудан бас тартады. (5 слайд)
— Айғақ, ересектердің ақыл айта бастауы: «Естен шығармаған жөн, тамақ алдында қол
жуу қажет екендігін», «Алаңдап отырсың, сосын барып қате жібересің», «Саған неше рет айттым. Тыңдамадың, енді өзін кінәлісің». Бұдан баланың жауабы бір: «Жетеді», «Неше рет қайталадың», «Енді болған шығар». Содан барып олар сізді тыңдаудан қалады, психологтар оны «тасқауыл қою» немесе «психологиялық тас керең болу» деп атайды.
— Сын, сөгіс, кінәлау: «Мынау неменеге ұқсайды», «Тағыда бәрін теріс істедің бе!», «Бәрі сенің кінәң», «Саған бекер сенген екеммін», «Ылғи осылай!..».
Сіз келісесізбе, осы тектес сөздер ешқандай тәрбие бермейтіндігіне. Ол балалардан қорғалуды қажет етеді: қарсы шығу, мойындамау, ызаландырады; немесе уайым, жабырқану, өзіне немесе ата-анасының қарым-қатынасына түңіледі.
Осындай жағдайда жасөспірімнің өз-өзіне сенуі, олар мені жаман, ынжық, сенімсізбін деп есептей бастайды. Өз-өзін бағалай алмау, ол жаңа проблемаларды тудырады.
Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіндегі әрекеті өлшеусіз, кейбір отбасыларында жасөспірімді тәрбиелеуде, ең бастысы оған бұйыра білу, оны баланың орындауы деп ойлайды.
Енді көз жүгіртіп көрейік, бала бір күнде не естиді екен: «Тұр», «Қанша уақыт иленіп жата беруге болады», «Қарашы, көйлегіңді қалай кигенсің», «Тағыда, кеше сөмкеңді жинамағансың ба?», «Есікті қатты жаппа бала ұйықтап жатыр», «Неге итті қыдыртуға шығармадың (неге мысыққа тамақ бермедің)? Өзің өсіргің келді ғой, енді өзің қара», «Тағыда бөлмеде бәрі астан-кестен», «Әлі сабақ оқыған жоқсың ба?», «Неше рет айтуға болады, өзіңнен кейін ыдыс-аяғынды жуып жүру керек деп», «Нан жайлы айтудан шаршадым», «Әлі қыдыруға шықпайсын ба?», «Неше сағат телефонның құлағында отыруға болады?», «Қашан уақытында ұйықтауға жатасың?!». Осы айтылғандардың бәрін әр күнге, аптаға, жылға көбейтіңіз, енді қарап көріңіз бала оны неше рет естиді екен. Ол өзі туралы жағымсыз ойда қалады, және оның бәрін ең жақын адамдарынан естиді. Осы жүктің бәрін теңдестіру үшін оған ата-анасы мен өз-өзіне дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет. Ең жеңіл және дұрыс жол (ата-ананың стилін еске түсіреді) – ол ата-ананың сыны, қойған талабына қарсы шығу. Егер отбасындағы жағдай тура осындай болса, оны құтқару үшін не жасау керек?
Ең дұрыс және басты жол:
— балаңыздың жағымсыз қылықтарына ғана көңіл аударып қана қоймай, оның жақсы жақтарын көруге тырысыңыз.
—Жасөспірімді тәрбиелеуде үйрету, жол көрсету немесе ақыл айту, сөзден гөрі отбасында
жағдай, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымырақ болады. -Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білетін болады.
Оған айтылған мадақтаулар оны құртады деп ойламаңыз. Сіздердің қарым-қатынастарыңызға залалы тимейді. Біріншіден, бір күн ішінде баланың жақсы жақтарын көріп, мақтау айтудан бас тартпаңыз.Мысалы: «Рахмет, кішкентай бауырыңмен қыдырып келгенің үшін», «Жақсы, айтқан уақытында келдің», «Маған сенімен бірге ас дайындаған ұнайды» деген жылы сөз, жылуыңызды аямаңыз.(6 слайд)
Сөзімнің соңында Абай данамыз айтқандай: «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». .Ата-аналық рөлдер тәрбие;
-жылылық;-махаббат;-үлгілі әке;-аяулы ана
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», «Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» /Абай/. (7 слайд) «Біз кішкентай балалармыз» » бейнеролик.
Жақсы ата-ана боласыздар деп сенемін!
Ақпараттық блок ″ Отбасын жоспарлау деген не?″.
Отбасын жоспарлау – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері.
Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.
Отбасын жоспарлаудың кажеті:
қалаулы дені сау баланы туу ушін;
әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.
Отбасын жоспарлаудьң әдістері
Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
Ішілетін құрама контрацептивтер.
Инъекциялық контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта).
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер.
Жатырішілік заттар.
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) — тиiмдi, қайтымды контрацепция әдісі. Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады. ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі| мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің даму қауіп-қатерін азайтады.
Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер
босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай
сайын жасап тұру керек.
Имплантанттар (норпланта) — әйелдердің иығының жоғарғы жағына енгізілетін 6 капсула жиынтығынан тұрады. Қайтымды әдіс кезінде жүкті болудан сақтану мepзімі ұзақ (5 жыл). Жүкті болу қабілеті капсуланы алған мезеттен қалпына келеді.
Әйелдердің стерилизациясы — әйелдерге арналған отбасын жоспарлаудың хирургиялық және қайтымсыз әдіci.
Презервативтер — АИВ/ЖИТС қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан, жүктіліктен қорғайды. Жыныстық серіктерде қанағаттанбаушылық ceзімі болуы мүмкін.
Жатырішілік зат (ЖЗ) — босанғаннан кейін орнатылуын, алынуын арнайы дайындалған медициналық кызметкер жүргізеді, емшекпен емізуге әсер етпейді, жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, сонан соң, ауыстырған жөн.
Қынаптық әдістер — диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы, спермицидтер, әйелдер бақылай алатын контрацепциялық әдіс, керек уақытында ғана қолданылады. Қауіпсіз әдіс. Кейбір жыныс жолымен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупінен сақтайді.
Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері — бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.
Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ)-тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 6 айға дейін қолдана алады.
Контрацепция үйлесімді әpi қayiпciз жыныстық қатынаспен өмip сүруге және өз денсаулығыңды күтуге мүмкіндік береді. Контрацепция денсаулыққа зиян келтіретін, физикалық және эмоционалдық жарақат жасайтын жасанды түсікпен байланысты болатын қауіп-қатерден сақтайды.
5.Жаттығу″Баланы жұбату″. Қойылым түрінде. Үш-үштен топ-топқа бөлінген студенттер анасы, баласы,әкесінің ролін ойнайды. Бала сөйлей алмайды. Тек дыбыс пен қимылмен жылап сұрайды. Ата-анасы не керек екенін табуы керек. Сосын қатысушылар орындарымен алмасады. Соңында не сезінгені туралы ойларын айтады.
Кері байланыс.
№9 тақырып Неке туралы. Некенің құқықтық негіздері
Сабақ мақсатын хабарлау.
Неке құру ережелері.
Жас отбасы мәселелері.(пікірталас)
Неке туралы келісімге отыру (брачный договор) , негізгі түсініктер.
Қорытындылау.
1.Сабақ «Отбасы құқығының негіздері» презентациясы арқылы жүреді.(wwwcollegy.ucoz.ru)
Неке — ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ. Қазіргі уақытта қоғамда бұрын белгіленген және қоғамдық санада бекітілген отбасындағы нормалар мен мінез-құлық үлгілерін реттеуші әрекеттердің айтарлықтай әлсірегендігі байқалады. Бұл қазіргі жағдайда дәстүрлі отбасыларда маңызды рөл атқарған кейбір қажетті қызметтердің жоғалғандығымен байланысты. Бүгін күйеу-жұбайы және әйел-жұбайына тән функционалды рөлдер айтарлықтай өзгерді. Неке мен отбасы жекелеген адамдар түсінігінде интимді және формалды емес қатынастар қажеттілігін қанағаттандырудың негізгі құралы ретінде көрінеді.
Некелік-отбасылық қатынастарды адамгершілік реттеумен қатар осы қатынастарды құқықтық реттейтін ережелер бар. Құқықтық реттеу отбасы мүшелерінің бір-біріне және қоғам алдындағы негізгі азаматтық құқықтары мен міндеттерін анықтау жолымен олардың әлеуметтік маңызын белгілеп, бекітеді.
Тұлғаны қалыптастыру тұрғысынан, индивидті некеге түсуге психологиялық дайындауда маңызды сәт оның басқа жыныстағы адаммен жақындық қажеттіліктерін жүзеге асыруға дайындық қана емес, сонымен қатар өз әрекеттерінің маңызын ұғыну, некелік-отбасылық қатынастарды реттейтін жүйедегі құқықтық нормаларды білуі де маңызды.
Некелік-отбасылық қатынастардың тұрақтылығы неке отбасылық өмірге эмоциялық жағымды қатынасты анықтайтын тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бағыттарының жүйесі ретінде түсінілуіне және жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайындығына байланысты.
Неке және отбасы құқығының қағидалары:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;
3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;
4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;
8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру.(слайд)
3.Жас отбасы мәселелері.(пікірталас) (слайд)
Неке туралы келісімге отыру (брачный договор) , негізгі түсініктер.(слайд)
Қорытындылау
№10 тақырып ″Азаматтық″ неке, оның зияны мен пайдасы
Ақпараттық хабарлама.
Практикалық тапсырма тіркелмеген некенің ″плюсі″ мен ″минусы″ Топтық талдау, мысалдар келтіру, талдау.
Қорытындылау.
Сабақ мазмұны:
1. Ақпараттық хабарлама. ″Азаматтық″ неке, оның зияны мен пайдасы
Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Заңдастырып алмақ ойлары да бар. Тіпті ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиын емес. Бұл жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген құбылыс.
«Азаматтық неке» ұғымы 1580 жылы Нидерланды елінде қалыптасқан көрінеді. Кейін 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді міне біздің елдің есігін қағып тұр.
Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар айтып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып жүр. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанатын көрінеді. Еліміздегі «Дағдарыс» орталығының мәліметіне сүйенсек, оған жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың 22 пайызы некесіз деген дерек бар.
Бір-бірімен тек ашыналық қатынаста болуды көздеген немесе жұмыс карьерасын ғана ойлап, бала табуды кейінге ысырған жастар көбіне «азаматтық некеге» тұруды құп көреді. Өйткені, бұл кез келген уақытта қосылып, кез келген сәтте айырыла салатын ең оңай ойыншық неке.
Рухани тұрғыдан қарар болсақ, некеге тұрмай жыныстық қарым-қатынасында болу адамды абырой кемістігіне соқтырады. Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды екен. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады?
Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар.
Бірақ осы кезде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдар бас тартып, яки керісінше бойжеткендер өз ішінен шыққан шаранасынан үркіп, ат тонын ала қашады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз туылған” деген жаман атақ жамалса, ал қаншама сәби жарық дүниені көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi. Мұның обалы кімге? Бұл үшін сол қоғамдағы әрбір азамат жауапты.
Некелескен ерлі-зайыптыларға көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ер азаматқа отбасын адал табыспен асырап-бағу, оларға қамқор болу секілді міндеттер жүктелсе, ұл-қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруашылығымен айналысу әйелдің еншісінде. Олар қалай болғанда да өздерінің ерлі-зайыпты екенін сезінулері керек. Ал, «азаматтық некеде» мұндай жауапкершіліктер атымен жоқ. Олар бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен өмір сүреді. Сосын дәм-тұзы жарасып жатса, асықпай үйлену тойының қамына кіріседі. Ал, бір-бірінің ойынан шықпай жатса, «біз бір-бірімізге сай емес екенбіз, мен іздеген адам басқа екен» деп күнделікті теледидардан көретін батыс киноларындағы көріністі қайталайды. (Пабло Пикассо и Франсуазы Жило азаматтық некесі, мысал)
Мұндай адамзат санасын улайтын жалған некеден миллиондаған адамдар азап шегуде. Оның салдарынан мыңдаған отбасы бұзылып, қаншама балалар тірі жетімге айналуда.
Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп қабылдап отыр.
Практикалық тапсырма тіркелмеген некенің ″плюсі″ мен ″минусы″ Топтық талдау, мысалдар келтіру, талдау.
Ой толғаныс «Менің азаматтық некеге қатынасым»
Жаттығу: «Ішіңдегі балаңды сақта»- бұл психосинтез техникасындағы жаттығу, «Фрустирленген сәби» эгожағдайды кіріктіруге бағытталған.
. Қорытындылау
2 бөлім
№11 тақырып Отбасындағы еркек пен әйел.Отбасылық рөлдер.
Сабақ мақсатын хабарлау
«Отбасылық портрет»жаттығуы,
Ақпараттық хабарлама ″ Отбасылық рөлдер.″.
Отбасылық социограмма әдістемесі (Эйдемиллер)
Пікірталас «Отбасындағы әлеуметтік рөлдер».
6.Кері байланыс.
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау:Отбасындағы еркек пен әйел.Отбасылық рөлдер
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі —
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар
2.«Отбасылық портрет»жаттығуы : «Жануарлар отбасы» проективті суретін салу арқылы отбасылық рольдерді, қарым-қатынасты анықтау. Бұл отбасы қарым-қатынасында қандай әлсіз тұстары бар екендігі,оны қалай жөндеуге болатыны туралы психологиялық кеңестер беріледі.
.3.Ақпараттық хабарлама ″ Отбасылық рөлдер.″ Отбасы адам баласының түп қазағы, алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмілеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпайынша, туған ата-анасының қол астында , қамқорлығында болмақ.
Демек, отбасы – негізгі қамқорлық мектебі.
Отбасын “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке – шеше сол орданың ұстаздары, ал ата – әже профессорлар іспеттес. Белгілі оқу орнында оқып диплом алған педогог – мамандардың да ұрпақ тәрбиесі үшін үнемі ізденіс үстінде болатындығы, әдістемелік көмек күтетіндігі қажеттілік болса, ата-ананың да баласының алдында міндеттерін түсінуі, оның болашағы үшін өз білімін көтеруі, арнайы мамандардың кеңестеріне құлақ түруі де уақыт талабы деп түсінеміз.
Қазақ отбасында әлімсақтан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктер мен отбасы мүшелеріне қойылатын талаптар бар.
Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер- азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек. Үйге табыс кіргізу, жанбасы мен мал басының қамқорлығы, өз балаларын өсіріп – тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, ағайын-туыс арасындағы байланыс ер адамның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс.
Әйел – отбасының ұйтқысы, өмірге бала әкелуден бастап, бағып-қағып, өсіріп тәрбиелеу – әйел-ананың тікелей міндеті. Үй-ішінің, отбасы мүшелерінің тазалығы, тамақ дайындау, үй-іші тірліктерін ұқсату, туған-туыстармен әлеуметтік қарым-қатынастар орнату сияқты көптеген мәселелер әйелдердің араласуымен атқарылады.
Әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Өз перзенттерінің заманға лайық білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Барлық істе өздері үлгі болады. Шын жанашырлық та туған ата-ананың көңілінен табылады.
Қазір отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен әже рөлдері. Ата беделі жағынан әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік тұрғыда тәрбие беруді меңгерген, отбасының тірегі. Әже-жанұядағы қарым-қатынасты реттейтін, балаларды өмірге бейімдеудің қарапайым түрлерін мейірім арқылы жеткізе білетін ақылшы, отбасының алтын қазығы.
Ата мен әже педагогикасы арқылы отбасында тәлім алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан баланың жан-жақты әлеуметтенгендігі мен әлеуметтік рөлдерге бейімделгендігі адамгершілік сипаттармен көрініс береді. Бұл бір жағы тәжірибелілік нәтижесі болса, екінші жағынан, тұрақты да ерінбей-жалықпай мейірім арқылы берілген тәрбиенің жемісі.
Отбасындағы ер баланың рөлі үйде басқа балалардың болуына байланысты ата-ананың талабына сай жүктеледі. Ұлдың үлкені отбасындағы балаларға жаппай қамқорлық жасайды. Ұлдың кенжесі – «қара шаңырақ» иесі. Ата-анаға жақын өседі, себебі, өскенде ата-анамен бірге тұратын — кенже ұл. Үйдегі жалғыз ұл анасынан әлпештеу көргенімен, әкесінің бірден-бір сенімді көмекшісі болуға тиіс.
Сырттың жұмыстары: отын-су әкелу, малға қарау, жем-шөп дайындау, қора-қопсы, аула тазалықтарын реттеу жүктеледі. Егер үйде қыз бала болмаған жағдайда анасының да үй-ішіндегі жүгін жеңілдетуге тырысады. Базарға, дүкенге барып азық-түлік әкелу, тұрмыстық заттарды қозғау сияқты жұмыстарға, сынған жеңіл-желпі заттарды шегелеу, жалғау, бекіту тәрізді істерді атқаруға үйренеді. Үйде ешкім болмаған жағдайда өзіне-өзі қызмет ете білетіндей (ас пісіріп ішу, кірін жуып, үтіктеу, ине ұстап, түйме қадау т.с.с) дағдылар қалыптасса айып, емес.
Қыз бала табиғатынан –ақ отбасылық жұмыстарды атқаруға бейім болып келеді. Сәби жасынан қуыршақпен ойнаудың маңызы зор. Өз ыдысын жинап үйренгеннен бастап-ақ, дастарханға не қойылу қажеттігін, қандай ыдыстарға не салыну керектігін білу арқылы үстел жасау, кір жуу, шаң сүрту, гүл өсіру, үй тазалығы сияқты жұмыстарды бірте-бірте меңгеруі тиіс. 12-13жастан бастап тамақ даярлауды үйреткен дұрыс. Іс тігу, үй-ішін көңілге қонымды үйлестіре қою сықылды жұмыстардың қыз балаға тікелей қатысты екендігін түсіндіру қажет.
Қыз балаға өмірде жүктелетін жауапкершілік аз емес. Отбасындағы басқа балаларға көмекші болып, болысып жүреді. Қызы бар үйдің өзіндік қызығы бар. Сезімталдық пен мейірімділікті отбасындағы өз рөлін меңгеруге негіз ету керек. Отбасындағы келіннің рөлі өзінің келген ортасын сыйлау, құрметтеу арқылы үй-ішінің тірліктерін атқаруды меңгерумен басталып, отбасылық қарым-қатынастың реттелуі келіннің іс-әрекетінен көрініс табады. Қайын жұрттың атын атамау, ат тергеу, үлкенге құрмет көрсетіп, бата алу, сәлем жасап, алғыс алу сияқты сыйластықтың кілті келін де болуы тиіс.
Қазақ отбасында күйеу бала рөлін алып жүрудің өзіндік қырлары бар. Күйеу балаға ғана қатысты қайын жұрттың үлкенінен кішісіне дейін тіл табысу, көңілінен шығу-құдалық қарым-қатынасты реттеудің бастысы, оның қайырымдылығына сай жүктеледі. «Күйеу атымен күл тасы» деген мәтел күйеу баланың қандай тұрмыстық жұмыстарға дейін көмектесетіндігін көрсетсе, оның сыйласымға ие болуын «әкенің жақсылығы жездедей-ақ» деп бағалаған. Қазақтың тұрмыстық өміріндегі әлеуметтік рөлдер осылайша ерекшелене түседі. Туыстық жақындықтарға байланысты қазақы этноәлеуметтік рөлдер өз сипаттарын заманға сай жақсарта отырып, ұлттық ерекшеліктерді де жоғалтпауға, құндылықтарын бағалауға, оның тәрбиелік маңызын арттыруға үлес қосады. Қазақстан Республикасын мызғымас, біртұтас мемлекет ретінде көру мұратымыз болса, онда бақытты отбасылық өмірге жасөспірімдерді баулу да басты мақсат болатыны сөзсіз. Қазақ халқының өзіне сай ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы тәрбиелеу ұлт ұрпағын жаhандану кезеңіне өз ерекшелігімен жетіліп, кемелденіп жетеді деген мүддені алуға ұмтылғанымыз жөн.
Сонымен, Ата-аналық рөлдер тәрбиесі: жылылық-махаббат-үлгілі әке-аяулы ана
Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу кажет:
Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек: отбасы суретінің құрылымын талдау;отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.
Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Баллдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін бағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.
ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі
Баланың аты-жөні_________________________________________
Туылған күні______________________________________________
Зерттеу мерзімі____________________________________________
Симптомокомплекстің баллдар сомасы
Пікірталас «Отбасындағы әлеуметтік рөлдер».
6.Кері байланыс.
№12. тақырып Жұбайлық үйлесімділік.
Сабақ мақсатын хабарлау
Жұптық жаттығулар.
Ақпараттық блок ″Психологиялық үйлесім″.
Әңгіме-дүкен ″Отбасылық үйлесімнің негіздері″. .
5.Отбасының бақыты-Отбасы татулығы. «Жылылық лебізі»жаттығуы
6.. Қорытынды.
Сабақ барысы: 1. Сабақ мақсатын хабарлау
Жұптық жаттығулар. «Тартып итер».
Топ екіден жұпқа бөлінеді. Жұптағы біреуі екіншісінің арқа тұсында тұрып, бел тұсына қолын қояды (топтағы барлық жұп бөлменің бір шетіне осылай бір-бірінің артына тұрады). Белгі берілген кезде бірінші ойыншы қарсы бағытқа қарай қозғалуы тиіс, ал оның серіктесі оны жібермейді. Жұп бөлменің қарсы жағына жетсе, екеуі орнымен алмасады.Сөйтіп бірнеше рет.
Жаттығуды талдау.Рефлексия
Ақпараттық блок ″Психологиялық үйлесім″.
Үйлесім деген, махаббаттың баянды болуы, ең алдымен, адамдардың мінезінің, көзқарасының, дүниетанымының, талғамының үйлесуі.
Жарынан айырылған жанның ойынан үйлесім дегеннің не екенін түсіне аларсыңдеп ойлаймын!
Джордж Карлин әйелі қайтыс болғанда осы сөздерді қағазға түсірген:
«Біздер парадокстар заманында өмір сүрудеміз, биік құрылыстарымыз бар, бірақ
төзімділігіміз төмен, кең магистралдарымыз бар, бірақ көзқарастарымыз тар. Көп шығындаймыз,бірақ азға ғана иеміз, көп сатып аламыз, бірақ аз қуанамыз. Үйлеріміз кеңейді, бірақ отбасы мүшелерінің саны азайды, жайлылық жақсарды, бірақ уақыт тапшы.
Жақсы білім ала ала бастадық, бірақ санамыз кеміді, білімділік артты, бірақ жағдайды
болжауымыз төмендеді, сарапшылар көбейді, бірақ проблемалар одан да көп, медицина дамыды, бірақ денсаулық төмендеді.
Өте көп ішеміз, өте көп шегеміз, жауапсыз шығынданатын болдық, өте аз күлеміз, жүрдек
көлікте жүреміз, ашу-ызаға берілу өте жеңілдеді, кеш жататын болдық, тұрғанда шаршап тұрамыз, аз оқитын болдық, теледидарды өте көп көреміз және құдайға мінәжат етуді ұмытып кете береміз.
Дәмеміз артуда, бірақ құндылықтар қысқарды.
Көп сөйлейміз, сирек ғашық боламыз және өте жиі жек көреміз. Біз сау қалудың жолын
білеміз, бірақ қалай өмір сүрудің жолын білмейміз. Адамның өміріне жыл қосуды білеміз, бірақ адамның жылына өмір қосуды білмейміз.
Айға жетіп, қайта оралдық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп, жаңа көршімізбен танысуымыз
қиын. Ғарыш кеңістігін игеріп жатырмыз, бірақ жан-дүниеміздің кеңістігін игере алмаймыз. Үлкен істер жасаймыз, бірақ олар жақсы істер ме, ол жағын ойланбаймыз.
Ауаны тазартамыз, бірақ жан-дүниемізді ластаймыз. Атомды бағындырдық, бірақ өз ырым-
нанымымызды бағындыра алмаймыз. Көп жазамыз, бірақ білеріміз аз.
Жоспарымыз көп, бірақ жетістігіміз оған сай емес. Күтуді емес, асығуды үйреніп алдық.
Ақпараттарды бұрынғыдан көп жинай алатын, оны көптеп көбейтетін жаңа компьютерлер ойлап табамыз, бірақ бара-бара аз сұхбаттасатын болып алдық.
Тез тамақтанып, жегенімізді нашар сіңіретін, үлкен, бірақ жан-дүниесі ұсақ адамдар
көбейген, табысты тез табуға болатын және қарым-қатынасы қиындаған уақыттамыз.
Қашықтықтардың қысқарып, бір рет қана пайдаланатын заттар, бір реттік мораль, бір түндік
байланыстар; артық салмақ пен барлығын жасай алатын – бізді қоздыратын, бізді
тыныштандыратын, бізді өлтіретін таблеткалар көбейген заман келді.
Сөрелер толып, қоймалар бос тұратын уақытқа тап келдік. Осы хаттың сізге жетуіне
мүмкіндік беретін, біреулермен бөліссеңіз де, «Өшір (Delete)» дей салсаңыз да болатын
технологиялар заманы болды. Есіңде болсын: кімдерді сүйсең, соған көбірек уақыт бөл, өйткені олар сізбен мәңгі бақи бірге болады.
Есіңде болсын, саған төменнен жоғарыға сүйсінумен қарап тұрғандарға жақсы сөзіңді айт,
өйткені бұл кішкентай ғана жаратылыс иесі жақында өседі және ол сенің жаныңда үнемі бола алмайды.
Өзіңе жақын адамды есіңе сақта және құшағыңа қаттырақ қыс, өйткені ол – сенің
жүрегіңмен беретін және құны қымбат болмайтын жалғыз ғана қазына.
«Сені сүйемін» деген сөзді сүйіктіңе жиі айт және есіңнен шығарма, бірақ оны алдымен
өзің сезін. Аймалау мен сүю кез-келген сүйкімсіздікті сүйкімді етеді. Бірге болғанда бір-біріңнің қолыңнан ұстап жүр және сол сәттерді бағала, өйткені бір кездер келгенде ол адам сенің жаныңнан табылмауы мүмкін.
Махаббат үшін уақыт тап, сұхбатқа және өзіңнің айтар ойыңды бөлісу мүмкіндігіне
уақытыңды аяма.Өйткені өмір тыныс алу уақытымен емес, жаныңның рахатын сезінетін сәттерден тұрады». Джордж Денис Патрик Карлин (George Denis Patrick Carlin, 12 мамыр 1937 — 22 маусым 2008) – америкалық комик, актер әрі жазушы, «Грэмми» сыйлығын төрт рет алған және Марк Твен сыйлығының иегері. 5 кітап, 20-дан астам музыкалық альбомның авторы, 16 фильмге түскен.
Әңгіме-дүкен ″Отбасылық үйлесімнің негіздері″.
5.Отбасының бақыты-Отбасы татулығы. «Жылылық лебізі»жаттығуы
Адамда өзі жақсы көретін адамдарына арналатын Махаббат Сөздері бар. Бұл сөздер әр
елдерде әр түрлі айтылады.
Қазақша: «Мен сені сүйемін!».
Орысша: «Я тебя люблю!».
Белорусша: «Я цябе кахаю!».
Украинша: «Я тебе кохаю!».
Ағылшынша: «I love you!».
Полякша: «Koham cie!».
Итальянша: «Ti amo!».
Французша: «Je t’ aime!».
Испанша: «Te amo!».
Немісше: «Ich liebe clich!».
Жапонша: «Ai shite imasu!».
Қытайша: «Wo ai nei!».
Португалша: «Te amo!».
Еврейше: «Ani ohev otakh!».
Ирландша: «Thaim in grabh leat!».
Грекше: «S’ agapo!».
Шведше: «Jag alskar dig!».
Бұл сөздерді өзіңнің сүйікті адамыңа айт.Немесе Досыңа, Туысыңа, Сыртынан сүйсіне жүретін адамыңа айт. Ізгі ақпарат таратылуға лайық. Олар бізді мейірімді етеді.
Жылу тарата жүргенге не жетсін!
№13 тақырып .Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
Сабақ мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок . » Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
жаттығу «Отбасылық өмір құндылықтары»
4.Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Сабақ барысы: 1. Сабақ мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок . » Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
Пікірталас » Отбасылық дағдарыстар «.
Дағдарыс (кризис) — мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі. Отбасылық өмірдің кездесетін дағдарыстары:1 жылдан 2 жылға дейінгі бірге өмір суру дағдарысы; 2- бірге өмір сурудің 3 жылдық дағдарысы;3- некелік қарым-қатынастардың жеті жылдық дағдарысы; 4- Отбасының «Жасөспірімдік кезең» дағдарысы.
Алғашқы некеге тұрудың өзі — дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Отбасы дағдарысы — оның «беріктігінің қорын» көрсетеді деуге болады. Дағдарыс отбасының «әлсіз жерлері» ғана емес, сонымен қатар оның «күшті де жерлері» болып табылады. «Әлсіз жерлері бұл – көбіне жиі ұрыс-керіс болатын жері», «күшті жерлері» бұл – сіздің пробламаңызды шешуге көмектесетін жерлері. «Отбасын сақтауға арналған үш қадам» – көбіне объективті түсіну, көзқарас фокусын өзгертуге көмектеседі: менің жұбайым жаман емес, мен де жаман емеспін, кезең сондай болып отыр. Кез келген отбасылық дағдарыстан шығудың жолы — төзімділік, түсіністік, жұбайыңның көзқарасына және жағдайына шыдамдылық таныту, өзара сыйластық және бір-біріне көмек көрсету.
4.Сабақты қорытындылау.
Рефлексия.:қуыршақ терапиясы элементтері бар «Кішкентай адам» жаттығуы Сулықтар(салфетка) көмегімен, қайшысыз адамның сұлбасын жасау, дайын суретке өздерінің ой-пікірлері, армандары туралы, болашақтағы саяхаттары жайлы жазу. Сосын тренингтің әрбір қатысушысы өзі жасаған адам туралы, оның тілектері туралы әңгімелеп береді.
Отбасылық өмір құндылықтары
Жағымды сезімдер
жауапкершілік; -сенімділік;
-бақытты болу;
-қамқорлық;
-сыпайылық;
-татулық;
-түсінушілік;
-келісушілік;
-сүйіспеншілік;
-көмектесу
-қуаныш;
-қолдау;
-адамгершілік;
— қарапайымдылық;
-мейірім;
шынайылық;-тіл таба білу.
қуаттау
-тірек
—
Жағымсыз сезімдер
—
ұрыс-керіс;
-реніш;
-қайғы;
-түсініспеушілік;
-алдау;
-сенімсіздік;
-жауапсыздық;
-менсінбеушілік;
-өркөкіректік;
-менменшілдік;
-эгоистік.
Материалдық
қызмет;
-қаражат;
-дүние-мүлік;
-тәуелсіздік;
-өзбеттілік
Жыныстық қарым-қатынас
—
мәдениет;
-тазалық;
-сауаттылық;
-пәктік;
-адалдық.
№14 тақырып. Отбасындағы кикілжіңдер
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок «Отбасындағы кикілжіңдер»
Себептері. Эгоизм. Қызғаныш. Жұбайының көзіне шөп салу..
Практикалық тапсырма: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы (Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис).
Отбасындағы кикілжің жағдаяттарды ойнау, оларды шешу, жағдаяттан шығу жолдары Отбасы шиеленісін жою (тренинг).
″Отбасындағы зорлық″. Топтық талдау.
Зорлық жағдайындағы мінез-құлық түрлері.
Ереже құрастыру » Бақытты отбасы».
Сабақты қорытындылау.
Сабақ мазмұны:
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок «Отбасындағы кикілжіңдер» себептері. Эгоизм. Қызғаныш. Жұбайының көзіне шөп салу..
Кикілжің ұғымы әркімге таныс. Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездеседі: ішкі тұлғалық, тұлғааралық, тұлға мен топаралық, әлеуметтік. Өмірдің қиын кезеңіне кездескен
әрбір адам одан шығар оңай жолды іздейді. Осыдан теріс ағымдарға еріп кету немесе ішкілікке салынып кету дерегі көбейді. Ал, күйзелістен жол таппаған адамдардың күн сайын өз-өзіне қол салуы туралы сұмдық жағдайларды естіп, жаның ауырады.
Көптеген зерттеулерге сүйенсек, отбасындағы ерлі-зайыптылық шиеленістер, кикілжіңдер
өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе олардың мүшелерінің біріне бірі қанағаттанбауы жағдайында туындайды. Бұл жағдайдың алдын алу үшін ең алдымен өзінің қанағаттанбаушылығын басқаруы кажеттігі алға шығады. Бұл үшін бірқатар жағдайларды назарда ұстаған жөн. Отбасылық психотерапиямен айналысушылардың пікірінше ең бастысы тітіркену фактісіне тыныш және байыппен қарау керек. Барлық жағдайда екі жақтың кикілжіңі әр түрлі себептен туады. Кей жағдайда кикілжіңнің өзі стреске әкеп соқтырады. Яғни, қорқыту, үркіту арқылы екінші адамды қысымға алып, әділетсіздік жасап отыр. Кімде — кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. Ұят деген адамның бойындағы адамшылдығы. Қысым — өз ойын зорлықпен екінші адамға мойындату, бұйыра уысынан шығармау, екінші адамды толық бақылауына алу. Стрестік жағдайда болатын сезімдер: Қобалжу, қорқу, ауыру, ызалану, ашулану, әбігерге түсу, жек көру, уайымға салыну.
Стресс дегеніміз — жүйке жүйесінің зорығуы. Ашулану — адамның өзін меңгере алмауы / адреналиннің бөлінуі, оның әсері /, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, мейірімді адам не істесе де ақылмен, ойланып істейді. Әрине бұл жағдайда ұрыстан қашқақтау үшін отбасының әрбір мүшесі тітіркенудің әрбір тетігін өз тұлғасындағы қорқыныш сипатында қарамауы тиіс. Егер отбасында ренжу сезімі туындаған жерде тітіркену мәжбүр сипатта болады. Психологиялық заңдылықтарға сүйенсек, дағдарыс, күйзелістердің ең басты себептері тұрмыстық кикілжіңдер екені анықталған, яғни туысқандардың екі жастың ортасына түсуі, жұбайының көзіне шөп салу, қызғану, балаларының болмауы және тұрмыстық ұрып-соғу бірінші кезектегі мәселелер болып отыр: Өмірде өз адамын тапқан адамның жалғыз қорқынышы – мәңгілікке бірге болуды тілеген махаббатынан айырылып қалу болса керек. Және әрқайсысымыз сүйіктіміздің де бізді сүйгенін қалаймыз. Егер де ессіз ғашық болған жанға үшінші біреу келіп киліксе ше? Өзің сүйетін адам өзіңді сүймесе ше? Қолың жетпей жүргенде басқа біреу табылып, бұрылмай кетсе ше? Қызғанышты тудыратын осы қорқыныш.
Ал әйел мен еркектің қызғанышының айырмашылығы бар ма? Көбінесе ер адамның қызғанышы «ол туралы өзгелер қалай ойлайды… жұрт не деп жүр екен?..» дейтін қауіппен қосарланып жүретін болса, әйел адамның қызғанышы ерінен айырылып қалу қорқынышымен қатар жүреді екен. Қызғаныш деген дерттің ұясы – күдік, сенбестік , қызғанышты сүйіктіңнің нақты бір қылықтары, яғни әрекеті де тудырады. Жарыңның салқын тартуы, ол үшін сенің бар-жоғың енді бәрібір болып, сені көргенде бұрынғыдай жүзі жайнап, күлімдеудің орнына қабағы қарс айырылып шыға келуі деген сықылды сан алуан себептер көп-ақ. Онда ол, мүмкін, сенің көзіңе шөп салып жүрген шығар? Қызғаныштың көкесі осы жерден басталады.
Біз қай уақытта ренжиміз? Бізді басқалары қай уақытта ренжітеді? Егер біз бір жерде осалдық танытсақ, онда біздің өзімізден жасырғымыз келген кемшіліктер сырт көзге көрінеді.
Отбасында ойын механизімін көрсетудің бірнеше тәсілдері бар:
а) жалған түсіндіру тәсілі;
ә) мәнсіз қорытынды;
б) «күдікті сейілту» тәсілі.
Отбасында әйел адамдар үздіксіз үй жұмыстарынан қажып, басқалардан қажетті баға ала алмаған отбасы мүшелеріне ұстамсыздық пен шыдамсыздық танытады.
Қорытындылай келе, отбасындағы шиеленіс жағдайлардың туындауының бірден-бір себептері төмендегідей топта көрсетуге болады:
Отбасындағы рухани және материалдық қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы;
Отбасы мүшелеріне шектен тыс талап қою орын алғанда;
Отбасылық жауапкершілікті дұрыс сезінбеуде;
Отбасы мүшелерінің мүдделері қорғалмағанда;
Отбасылық функциялардың дұрыс орындалмауынан;
Рөлдік идентификация жүзеге аспаған жағдайда;
Отбасыішілік жылылық пен махаббат сезімі болмаған жағдайда және т.б. Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір — біріне жылы сөз айтып келісімге келу — компромисс деп аталады. Компромисс — бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ бір шешімді қабылдауы. Келісім — бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның біріге күш қосуы..
3.«Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы. Бұл әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкис (2000), әдістеменің мақсаты: индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау болып табылады. «Отбасылық қобалжу»сауалнамасы 21сұрақтан тұрады. Бұл әдістемеден біз отбасына деген қатынасын, ол туралы әсерлерін анықтай аламыз. Сонымен қатар, болашақтағы отбасындағы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында мәліметтер алынады.
Жауап парағы:
Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Сізге сұрақтар тізбесі беріледі. Келіскен жауаптарға «+», келіспейтін жауапқа «-« деген таңба қойыңыз. Көп уақыт ойланып отырудың қажеті жоқ, сауалнама сіздің интеллекттік көрсеткіштеріңізді анықтауға бағытталмаған. Және Сізді шынайы жауап беруге шақырамыз. Сынаққа қатысқаныңыз үшін алдын-ала рахмет.
Маған отбасы мүшелері жиі риза емес, көңілдері толмайтынын білемін.
Қалай істесем де бәрібір менің айтқанымдай болмайды сеземін.
Мен көп нәрсені орындауға үлгермей жүрмін.
Отбасында болатын келеңсіз жағдайға,неге екенін білмеймін барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.
Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін.
Отбасында мен көп күйгелектенемін.
Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.
Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.
Үйде болған кезімде, барлық уақытта мен бір нәрсені уайымдаймын .
Отбасы мүшелерінен жиі дағдарыс көзқарасын сезінемін.
Үйге келе жатқанда, мен жоқ кезде қандай жағдай болды екен деп қорқамын.
Үйде жүргенде мен бәрін істеп үлгеруім керек, деп сезінемін
Үйде көп жағдайда өзімді артық (бөтен) сезінемін.
Үйде сондай күрделі жағдай, қимылға келуге менде ешқандай күш болмайды.
Үйде көп жағдайда мен, өзімді ұстап тоқтатып отыруым қажет.
Егер де мен жоқ болып кетсем, онда мені ешкім іздемейтін сияқты.
Үйге келе жатқанда, орындайтын жұмысымды жоспарлап келемін ал үйге кіргеннен кейін тіпті басқа жұмысқа ауысып кетемін.
Отбасылық жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.
Отбасы мүшелері, кейбір кездері мен үшін ұялатын сияқты.
Көп уақытта барлық тірлікті жақсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.
Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, мен оны жасырын ұстап көрсеткім келмейді.
Отбасындағы кикілжің жағдаяттарды ойнау, оларды шешу, жағдаяттан шығу жолдары Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 — 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір — біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата — ананың сөзі заң
11. Ата — ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым — қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге — ізет, кішіге — құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.
«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ым ишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.
″Отбасындағы зорлық″. Топтық талдау.
Зорлық жағдайындағы мінез-құлық түрлері.
Ереже құрастыру » Бақытты отбасы».
Сабақты қорытындылау.
№15 тақырып . Айырылысу- әлеуметтік-психологиялық феномен.
Сабақ мақсатын хабарлау
Лекция «.. Айрылысқаннан кейінгі отбасы».
жаттығулар » Айырылысу себептері».
Сабақты қорытындылау.
Сабақ мазмұны:
Сабақ мақсатын хабарлау
Лекция «.. Айрылысқаннан кейінгі отбасы».
Айрылысу – ғашықтар қаламайтын қорытынды. Дегенмен, махаббатта айрылысу көп ғашықтардың басынан өтетіні тағы белгілі. Болмашы нәрселер үшін айрылыса салу – бұл махаббаттың әлсіздігі, сүйіспеншіліктің таяздығы ғана. Мейлі, қалай деген күнде де, айрылысу екі жаққа да жеңіл бола қоймасы анық.
Алайда айрылысуға шынымен бел буған ғашықтар көп жағдайда екінші махаббат өмірін бастап жатады. Ондай жағдайда алғашқы махаббаттың әсерін ендігі сүйгеніңіздің өміріне бірге ала келу үлкен қасірет. Ол сіздің өткен күндермен барлық қарым-қатынасыңызды үзгеніңізді қалайды. Ал шынымен де ұмыта алмасаңыз, оның қасына қайта барыңыз. Мені қабылдай қояр ма екен деп күдіктенбеңіз. Ол қабылдамаған күнде де, сіз оған орай бере алдыңыз. Сол үшін өкінбейсіз. Ал одан айрылып екінші өмір бастауға бекіндіңіз бе, алда болар қасіреттен сақтану үшін өткен күндерге қайта айналып соқпағаныңыз абзал. Ал өткен сәтсіз махаббат сезіміңіздің жүректегі қалдығын, өміріңізге тигізер әсерін қалай жеңуге болатынын психологиялық жақтан талдап көріңіз.
Одан кек алуды ешқашан ойлай көрмеңіз. Махаббатыңыз саған алдымен опасыздық жасаса да, үнемі одан кек алу ойында жүрсеңіз, бұл тек сіздің ұсақшылдығыңызды ғана дәлелдеп береді. Ал оның ештеңесі де өзгермейді. Түбінде шаршайтын, азаптанатын, қайғыратын тек өзіңіз ғана екенін ойлағаныңыз жөн. Өткен күндерді қадірлеңіз. Өшпенділік дейтін жегі құртты өткен ләззатты күндеріңізге айырбастамаңыз. Одан қарымта қайтару мақсатында, кек алу ниетінде екінші біреуге сөз сала көрмеңіз. Бұлай ету өзіңізге тәуелді азап теңізіне екінші біреуді сүйреп әкелумен бірдей ғана.
Одан біржола кетіңіз. Мүлде хабарласпаңыз. Мейлі, телефонда да, интернет желісінде де оны мүлде жауып тастаңыз. Достарыңызбен кездескенде, арадағы өткен күндерді айта бермеңіз. Ол жайлы тіс жармаңыз. Себебі, сіздің достарыңыз – бұрынғы махаббатыңыздың да жақын досы болуы әбден мүмкін ғой.
Сылтау іздемеңіз. Онымен қайта кездесуге, тілдесуге ешқашан сылтау таппаңыз. Барлық нәрселеріңізді оның қасына қалдырмай алып кетіңіз. Сезімнің ақылға ерік бермейтін сәттері көп. Сондай сәттердің бірінде оның қасында қалған затыңызды сылтауратып, қайта кездесуге талпынудан сақтаныңыз.
Не үшін қоштасқаныңызға талдау жасай біліңіз де, сол арқылы өзіңізді жігерлендіріңіз. Ешқашан оған немесе оның достарына өкініп жүрген кейіп танытпаңыз.
Өткен күндердің азабында қалқып жүре бермеңіз. Жалғыз қалып, ол үшін деп ішімдікті ауызға ала көрмеңіз. Көбінде достарыңызбен көңілді күндерде бірге болуға тырысыңыз.
Оған қатысы бар деген заттарды ешқашан жаныңызда сақтамаңыз. Сурет, телефон нөмірі, сыйлықтар бәрі-бәрін де көзіңізден таса етіңіз.
Өзіңізді кінәлай бермеңіз. Өзіңізді кешіруге тырысыңыз. Басыңыздан өткізген істер мен айтқан сөздеріңізді еске алып өкінбеңіз. Сезім иесінің өткен күндерді өзгертуге дәрмені жетпейді. Дегенмен, сол қателіктерді қайталамауға тырысыңыз.
Оны кешіріңіз. Ол оны кешіріп, қайта жарасыңыз дегендік емес. Оның өткізген қателігін көңіліңізге түйіп алмаңыз. Кішіпейіл, кешірімді болыңыз.
Мұның бәрі де мезеттік қасірет. Екінші рет шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, өткен күндер тек жымиып қана еске алар елестерге айналады. Сол үшін де оның көңіліңіздегі орнын өшіргенге дейін, жүрегіңіздегі қасірет жарасы жазылғанға дейін осылай жасағаныңыз абзал. Ақыл емес, психологиялық кеңес деп білгеніңіз жөн.
жаттығулар «Отбасының құрылымы және оның бұзылуы» (авторы Л.Д. Лебедева «Менің отбасым гүл түрінде» және авторы Г.В.Новикова «Түймелер» әдістемелерін пайдалана отырып жасалатын жаттығулар). Мақсаты: некеге тұрғысы келетін жастарға отбасын құруға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету; тұлғааралық қарым-қатынастар саласында жастардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
№16 тақырып. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок.
3.Жаттығу «Сенім».
«Отбасылық оқиға»,»Тиімсіз отбасылық тәрбие»
«Мынау кімнің сөзі» атты сауалнама
Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Сабақ мазмұны:
1.Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі
Қазіргі өзгермелі, даму үстіндегі қоғамымыздағы ынтымақты және бақытты, берік отбасының негізі жастарға дұрыс тәрбие беруден басталады. Өзара сыйластық пен түсіну, махаббат пен достық, адамилық жоғары ұстаным болмайынша бақытты отбасының болуы мүмкін емес. Осы тұста Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деген болатын. Бұл ұрпақ тәрбиесі мен адамзаттың үйлесімді тұлға болып өсуінің болашағы отбасы жағдайын жақсартудан басталатынын дәлелдей түседі .
Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата-анадан, отбасы – ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата-анасынан алған өнеге балаларда тұлғалық қасиеттер мен отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз береді.
Жаттығу «Сенім». «Өзара әрекеттесу» тренингі
Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту. Бағдарламада Т. Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И. Лебедеваның, Г.И. Исуртнканың жұмыс тәжірибелері қолданылады. Тренинг Марковскаяның (2000) еңбегіне негізделеді.
Бағдарлама міндеттері:
Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
Отбасындағы коммуникацияны белсендіру. «Әке, мені биге шақыр» бейнеролигі
«Тиімсіз отбасылық тәрбие«немесе Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.
Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
5.«Мынау кімнің сөзі» атты сауалнама ұсынамын,кейіпкердің атын және шығарманы атауларың керек):
1.…Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?..
2….Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын — әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды…
3….Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма
4.…Текес, сен мені балығыңмен асыраған, шынықтырған анам болсаң және бір мені осы жарық дүниеге алып келген анам үйде хал үстінде. Ол-дағы өзің секілді аяулым, қимасым еді. Сол асыл анам бұл дүниенің тізімінен сызылуға жақын жатқан секілді. Осы бір мен үшін тіл жетпес ауыр кезеңді мен оның шырағы жалп етіп сөнген шағын көзбен көріп, шыдай алар емеспін….
5.…Құдай жолыңды түсіріп, келіп қалған екенсің. Тай мінгізіп жіберер ек, шама жоқ. Тым құрса, жейде киіп кет. Ана жылы Сарыбастауда оқып жүргеніңде ашумен үстіңнен қара шапанды сыпырып алған едім. Қайтейін, қу жоқшылық адамға не істетпейді? ….Құдай қосса, әлі-ақ адам боласың. Адам болды деген міне, осы…
6.…О, жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып амалсыз бара жатырмын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей тығып алам…
Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді… (Миллат, «Менің атым Қожа»)
Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
№17 тақырып . Бала –Ата-ана қарым-қатынастары. Қарым-қатынас стильдері
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ақпараттық блок.Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Практикалық жұмыстар:
Жаттығу ″Қамқорлық″.
Жаттығу ″ Жауапкершілікті қабылдау ″.
Жаттығу ″Қарым-қатынас модельдері. Біз қалай қарым-қатынасқа түсеміз?″ «Анасы мен қызы», «Менің әкем» бейнероликтері көрсетіледі.
4.Қорытындылау.
Сабақ мазмұны:1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
2.Ақпараттық блок.Отбасылық жауапкершілік. Отбасылық қатынастардың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Академик, психология ғылымының докторы А.В. Петровскийдің ата-ананың бала тәрбиелеу стилін (диктат, қамқоршы, конфронтация, бейбіт өмір сүру, ынтымақтастық) бала психиатры М.И. Буяновтың отбасы тәрбиесінің біржақтылыққа апаратын кемшіліктер типімен салыстырыңыз.
а) «золушка» типіндегі тәрбие.
ә) «отбасы кумирі» типінде тәрбиелеу.
б) ерекше қамқорлықта тәрбиелеу (бала үшін бәрін үлкендер шешеді)
в) қамқорлықсыз тәрбие (бала өзімен-өзі)
г) кронпринц типіндегі тәрбие (материалдық жағдайы жақсы отбасылар)
Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, отбасы тәрбиесінде осындай стильдер мен кемшіліктердің кездесетінін дәлелдеңіз
Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».
Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылданған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді.
Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:
— баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани – адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;
— оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;
— оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;
— әлеуметтенуіне көмектесу – қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;
— еңбек тәрбиесі;
— мамандық таңдауға көмектесу,
— бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;
— айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;
— жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;
— жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді жұмысқа дайындығына бағыттау;
— өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.
Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.
Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін.
Ата-аналарға өздерінің ата-аналық қызметін орындауда көмек көрсету халықаралық терминмен «ата-ананы тәрбиелеу» деп аталады. Көмек әр түрлі үлгіде болуы мүмкін, бірақ ең бастысы, баланың қалыптасуы мен дамуына отбасының ықпалы мәселесі бойынша ата-аналарға қажетті білім беру.
Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық міндеті – әрқайсысына сауатты, өзінің құндылық бағыттарын, ұстанымдары мен күтулерін, өзінің ата-аналық сезімдерін және мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсер тигізетіндерін түзете білетін ата-ана болуына көмектесу.
3.Практикалық жұмыстар:
Жаттығу ″Қамқорлық″.
Жаттығу ″ Жауапкершілікті қабылдау ″.
Жаттығу ″Қарым-қатынас модельдері. Біз қалай қарым-қатынасқа түсеміз?″
Тренинг
«Бала тұлғасының құқығы»
Мақсаты: тұлғаның психологиялық құқығы ұғымымен таныстыру; баламен теңдік арақатынасты орнату қажеттілігін түсіндіру; туған мәселелерді шешу үшін «Мен- өз пікірімді білдіремін» қолдану дағдысын меңгеруге үйрету.
Психологиялық жаттығу: «Ең мейірімді тілектер».
1- Жаттығу. «Жұптасып отыру»- қатысушылар бір-біріне арқасын бұрып тұрады. Қолдың көмегімен жұптар отырып-тұрады, бұл екі қатысушының жүктемесін бірдей бөлуіне байланысты.
2- Жаттығу: «Мен кімге қамқорлық жасаймын»- қатысушылар кімге көмек көрсетіп, қамқорлық жасайтын адамдардың тізімін құрастырады. Қатысушылар көбінесе осы тізімге өздерін кіргізуге ұмытады.
3- Жаттығу: «Жауапкершілікті қабылдау»- қатысушылар екі тізім құрастырады- бірінші- «Балаға деген менің міндеттерім», екінші- «Баланың маған деген міндеттері». Екі тізімді салыстырып, туған жағдайдың әділеттік дәрежесін талқылайды.
4- Жаттығу: «Ми дауылы»- Топ екі командаға бөлінеді. Әр команда белгіленген уақыттың ішінде «Өзіңді күт, біз өз отбасымызды күтеміз» тезисы бойынша деректерін келтіреді.
5- жаттығу: «Көшкін»- осы жаттығу Ф. Зимбардоның кітабында суреттелген.
«Демалыс күндері сіздің үйіңізді қар жапқанын елестетіңіз, сіз шыға алмайсыз да, дүйсенбіге дейін ешкімді көмекке шақыра алмайсыз. Сіз мүлдем жалғызсыз, маза келтірмейтін ешқандай жұмысыңыз бен міндеттеріңіз жоқ. Уақытыңызды көңілді өткізу үшін осы қиын жағдайды қалай пайдаланасыз? Сізде пайдалы тағам, музыка, кітаптар, ойындар, ыстық су, қалам мен қағаз бар, бірақ теледидар мен үнтаспаңыз жоқ». Жұмыс аяқталған соң қатысушыларға осы жоспарларын келе жатқан демалыс күндері « Үйлерін қалың қар жапқанын күтпей» жүзеге асыруға ұсыныс беріледі.
Осы жаттығуды талқылау.
4.Қорытындылау. «Анасы мен қызы», «Менің әкем» бейнероликтері көрсетіледі.
№18 тақырып. Отбасылық қарым-қатынастың тұрмыстық-экономикалық сферасы.
Пікірталас » Отбасылық қаражатты кім, қалай жұмсағаны дұрыс?»
Әңгіме-дүкен: » Отбасылық бюджет «.
Жағдаятты талдау. ″Сіз үнемшілсіз бе?″.
Практикалық тапсырма » Отбасылық бюджетті жоспарлау «.
Шығармашылық тапсырмалар: » Үй интерьері «, » Менің үйімнің жылуы «.
Қорытындылау.
Сабақ мазмұны:
Пікірталас » Отбасылық қаражатты кім, қалай жұмсағаны дұрыс?»
Отбасы – шағын мемлекет. Ал мемлекеттің бюджеті болуы тиіс. Біздің жағдайда отбасылық әмиян болуы қажет. Әмиян – жанұялық қаржы, отбасылық ақша. Кезінде ата-бабамыз отбасының байлығы ретінде мал басын есептесе, қазір байлық ақшада болып тұр. Шортанбай ақын: «Сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты» деген екен. Бүгін, міне, сананы тұрмыс билеген заманға тап болдық.. Әрине, басты сұрақтан ауытқымайтын болсақ, отбасылық әмиянның иесі кім? Бүгінде көптеген шаңырақта әйел де, еркек те табыс табуда. Отбасылық әмиянды кім ұстаған жөн? Өз ойларыңызды айтып, мысалмен дәлелдеңіз.
(Бұл жерде не әйел, не ер деп бөлудің қажеті шамалы, қаржыға қырын емес, ақшаны тиыннан құрайтын жанның басты рөлде ойнауы қажет. Ақша да үнемді ұнатады.)
Әңгіме-дүкен: » Отбасылық бюджет «. Дәстүрлі түрде бюджеттің үш түрі бар деп саналады: бірлескен, бірлескен-жеке және жеке бюджет. Бюджеттің түрін таңдауда отбасы мүшелерінің барлығының пікірі ескерілуі тиіс. Әйтпесе кикілжіңдер туындауы мүмкін.
Отбасылық бюджеттің ең кең тараған түріне бірлескен түрі жатады. Отбасылық бюджеттің бұл түрін әдетте табыс деңгейі тең болмаса зайыбы жартылай немесе толықтай күйеуінің асыруында болатын жұптар пайдаланады. Мұндайда ерлі-зайыптылар қолда бар соманы қалай жұмсау керектігін бірігіп шешеді және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп жоспарлайды. Жеке бюджет түрінде ерлі-зайыптылар керісінше бюджеттерін дербес түрде құрастырады. Бюджеттің бірлескен-жеке түрінде ерлі-зайыптылар үй шығындарын бірге көтереді, бірақ одан қалған ақшаларын әркім өз қажеттілігіне жұмсайды.
Шығындар мен кірістерді есепке алу.«Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді береді. Тұрмыстық деңгейде бұл сөз ақша шығыстары мен кірістерін есепке алуды білдіреді. Бюджет екі бөлікке бөлінеді – кіріс және шығыс. Қаржылық әл-ауқатқа жетудегі ең маңызды қадам — іс жүзіндегі жасалынған шығындардың көлемін анықтау. Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтастыра білу қажет: қажетті шығындар мен уақытша шығындар. Кейініректе бірінші санаттың шығындарынан азықтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту сияқты отбасылық бюджеттің негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады. Уақытша сипаттағы шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл-күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар жатқызылады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарта бастау қажет, себебі олар отбасылық бюджетке орны толмайтын нұқсан келтіріп жатады. Сіз өз шығындарыңызды нақты білетін болсаңыз, сіз оларды жоспарлап үйренесіз, соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз.
Отбасылық бюджетті жоспарлау мәселелерін зерттеумен айналысатын аналитиктердің көпшілігінің пікірінше, шығындар мен кірістерді жүйелі түрде есепке алу шығындардың 20%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді, жылына бұл сома отбасының екі айлық жалақысын құрауы мүмкін. Бұл қаражаттарды үнемдей алсаңыз, оны сіз адал еңбекпен таптыңыз деуге тұрады, себебі үнемделген теңге еңбек етіп тапқан теңгеге тең болады. Бұл ақшаны сіз тиімді түрде инвестициялап, келешекте қандайда бір табысқа қол жеткізе аласыз.
Жеке қаржылық жоспар
Тағы бір пайдалы кеңес – кез келген табысыңыздың 10-20%-ын сақтап қойыңыз. Осылайша, сіз өз тұрақтандыру қорыңызды немесе, қарапайым тілмен айтқанда, ақша қорын жинақтайсыз. Бұл соманы мысал үшін депозитке сала отырып, сіз, біріншіден, күтпеген шығындар туындаған кезде өз қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, екіншіден, бұл ақшалар енді өз бетінше жұмыс жасап сізге табыс әкелетін болады.
Сондай-ақ, өз ақшаларыңызды жинақтай отырып, сіз жоспарлы түрде, отбасы бюджетіне нұқсан келтірмей, жеке қаржылық жоспар көмегімен өз қаржылық мақсаттарыңызға жете аласыз.
«Жеке қаржылық жоспар» дегеніміз адамның НЕГЕ және ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН қол жеткізгісі келетіні. Мысалы, бұл автокөлік делік. Айта кететін жайт, мақсат қою жеке қаржылық жоспар құрудың алғашқы сатысы болып есептеледі. Мақсат жалпы болмауы тиіс, оны ұқыптылықпен нақтылау қажет. Автокөліктің моделін, түсін, жылын, құнын нақтылаған жөн. Бұдан кейін мақсатыңызды өз табыстарыңыз және мүмкіндіктеріңізбен салыстыру қажет. Бұдан кейін көз алдыңызда бүтін бейне пайда болады – ай сайын сіз қанша қаржы қалдырып тұруыңыз қажет және қаржылық мақсатқа қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болып табылады. Мақсатты отбасылық бюджеттің мүмкіндіктерін есепке ала отырып түзетуге болады. Жеке қаржылық жоспарды құрудағы соңғы қадам – мақсатқа жету жолдарын анықтау. Бұл кезеңде «Қанша ақша қалдырып тұру қажет?», «Ақшаны қайда салуға болады?» және «Қашан бастау қажет?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет.
Өз бюджетіңіз бен жеке қаржылық жоспарыңызды басқару идеясынан бас тартудан бұрын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
Сіздің отбасыңыз жыл сайын құрылатын бюджетті ұстанады ма?
Сіздің отбасыңыз жыл сайын азық-түлікке, киімге және тұрғын үй үшін қанша ақша жұмсайтынын білесіз бе?
Бүгінгі күн, ағымдағы апта, ай, жылға қойған қаржылық мақсаттарыңыз бар ма? Сұрақтардың кемінде біреуіне теріс жауап берсеңіз, өз қаржыларыңызды басқару мен бақылау туралы ойланатын уақыт келді деген сөз. Отбасы бюджетін басқару деген – жеке өнер. Негізі бұл – әдетте бір ай мерзіміне құралатын отбасының ақшалай шығыстары мен кірістерін реттеуге бағытталған жоспар. Сіздің келешектегі әл-ауқатыңыз кірістер мен шығыстарды басқара алуыңызға тәуелді болады.
Жағдаятты талдау. ″Сіз үнемшілсіз бе?″. Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені жақындарыңнан, достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.
Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелділік.
Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.
Практикалық тапсырма » Отбасылық бюджетті жоспарлау «.Топ қалаулары бойынша «отбасыларға» бөлінеді, отбасы өз айлық бюджеттерін есептеп,қорғайды./Тұрмыстық қажеттіліктер, білім, денсаулық,демалыс, кездейсоқ шығындар,т.б. ескеру./
Шығармашылық тапсырмалар: » Үй интерьері «, » Менің үйімнің жылуы «.(бояумен,коллаж, компьютермен,т.б. презентациялау)
Қорытындылау.
№19 тақырып. Отбасылық дәстүрлердің маңызы.
Әңгімелесу ″ Отбасылық дәстүрлердің керегі бар ма?″
Практикалық тапсырма: Отбасылық дәстүрлер тізімін жасау.
Жоба ″Өз отбасымды құрғанда болатын жаңа дәстүрлер″.
Жаттығу Л.Д. Лебедеваның арттерапия әдістемесі бойынша «Менің отбасым гүл түрінде» суретін салады.
Әңгімелесу ″ Отбасылық дәстүрлердің керегі бар ма?″ келесі сұрақтар төңірегінде:
Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? Сипаттап беріңіз.
Отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау қандай рөл атқарады?
Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз? Олар қандай? Сіздің бастамаңызды жақындарыңыз қолдай ма?
Мысалы, өзім өсіп –өнген отбасымның дәстүрі, Сұлтановтар отбасылары жан-жаққа отау құрып кеткенмен, ардагер әкеміз көзі тірісінде әр жылы 9- мамыр «Жеңіс күні» жиналып, бір шаңырақ астында бұл мерекені бірге өткізетінбіз. Ал, қазіргі кезде сол әкеміздің қаза болғанына көп жыл болса да, әлі күнге дейін, 7ағайынды жанұялар немере, шөберелерімен 9 – мамыр «Жеңіс күні» жиналып, әкеміздің бейітіне барып, еске алып, мерекені атап өткіземіз… Отбасылық дәстүрлердің ересек үшін де, бала үшін де, орасан зор маңызы бар, олардың көмегімен ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастық, ата-ана мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас сақталады.
Дәстүрлер отбасының берік, ынымақтастықта болуына көмектеседі, отбасы мүшелерін біріктіретін «цемент» рөлін атқарады.
Ұл немесе қыз өскен кезде, өздерінің балалық шағын, туған шаңырағын, отбасылық мерекелерді, серуендерді жылылықпен естеріне алады. Жаңа отбасын құрған кезде олар үлгі тұтар, сүйенер нәрселері болады.
Ал сіздерде ше?
Практикалық тапсырма: Отбасылық дәстүрлер тізімін жасау.
Қазіргі кездегі қазақстандық отбасыларда сақталған үйлену, бала туу және бала циклі – отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар. Олардың қатарына келесілер жатады: «кіндік шеше», «ат қою», «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке отырғызу» — діни наным-сенімге байланысты ғұрыптық сүндетке отырғызу салты. Дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бүгінге дейін мынандай дәстүрлер сақталған: қалыңдықты көру (көрімдік беру), қалыңдықтың жасауын көру, жастарға шашу шашу, келіннің отқа май құюы, күйеу жігітке төс тарту, құдаларға құйрық-бауыр жегізу, жар-жар және бет ашар айту, киіт кигізу және т.с.с.
3.Жоба ″Өз отбасымды құрғанда болатын жаңа дәстүрлер″, Бірлескен шығармашылық жұмыс «Мен 20 жылдан соң…», «Менің қиялымдағы отбасылық өмір»/эссе , «Біз қалай өмір сүреміз және біздің неше баламыз болады» қиял әлеміне саяхат. Болашаққа жолдау.
Жаттығу Л.Д. Лебедеваның арттерапия әдістемесі бойынша «Менің отбасым гүл түрінде» суретін салады.
Қорытындылау.
№20 тақырып. Қорытынды сабақ
″Диаграмма″жаттығуы
Диагностика » «Отбасын құруға дайындық тест-картасы «, «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» анкета » Некелік қарым-қатынас туралы көзқарасым».
3.,» Бақытты отбасы заңдары «жаттығуы «.″Тілек шамы″жаттығуы
Қорытындылау. «Чемодан»
. ″Диаграмма″жаттығуы
Қатысушылардың алдында еденде горизонталды сызық сызылады.Сол жақ шетіне «0»деп белгі қоямыз. Оң жақ шетіне – «100!»
Жүргізушінің айтқан ойына,естігеніне қаншалықты келіскенін осы едендегі сызыққа 0 мен 100-дің аралығына тұрып көрсетуі керек.
Егер толық келіссе -100, егер идея ешбір қабылданбаса, тіптен келіспесе- 0.
Қалған қабылдаулары- — 0 ден 100-ге дейін аралықта.
Жүргізуші сөйлемді айтқан соң,ойлануға уақыт береді. Сосын неліктен дәл осы аралық, басқа емес деп сұрайды.
Айтылатын ойлардың шамамен үлгілері:
Сіз мынаған келісесіз бе:
— «Жақсылықты жаулап алуға болады?
-еркек — бас, әйел — мойын?
-хан жарлығынан қатын жарлығы күшті?
-баланы — жастан, әйелді — бастан?.
-кәрі қыз ер тандамайды, өлген ер жер тандамайды?
-жаман да болса ағамыз, жақсыны қайдан табамыз?
— көршің болсын, бар болсын, мейлі сараң, тар болсын?
-ақымаққа бақ қонса, ақылды болады. Ақылды басын шұлғып, нанын тауып жейді?
-елде отыз ұлың болғанша, жаныңда жалғыз шалың болсын?
— күнделікті тірлік,тұрмыс- отбасы бақытының қас жауы?
— сүйіспеншілік бар жерде жеккөрушілік те бар.?
— баланы сүйе отырып, қатты тәрбиелеу керек?
— ата-аналар үйленген жастардан бөлек тұруы керек?
— сыртта «көңіл көтергенде» тұрған ештеңе жоқ, ол қатынасымызға «тұздық» қосады, тек екінші жартың біліп қалмаса болды…?
— еркектің негізгі міндеті- отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз ету?
— азаматтық неке- бұл қарым-қатынастың шынайылығын тексеру?
— отбасының ажырасуының бір себебі- баланың болмауы?» т.б.
Талдау.
Қайта диагностикалау » «Отбасын құруға дайындық тест-картасы «, «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» анкета » Некелік қарым-қатынас туралы көзқарасым«.(материалдар қосымшада, жоғарыда берілді)
«Бақытты отбасы заңдары «жаттығуы: Бақытты отбасы болу үшін:
— Әдет пен қызығушылықтарының ортақтығы
-Кикілжіңде «жеңуге» тырыспау.,әсіресе, өзің інәлі болсаң…
-Отбасылық, тұрмыстық қызметті, міндетті тең орындау.
-Балаларды екеуара қамқорлап, тәрбиелеу.
-Қажет кезде бір-біріне көмекке келу.
-Қалтаңа қарай көсіл демекші, қанағатпен өмір сүру.
-Жарыңа орындала қоймайтын талап қоймау.
-Ынтымақтаса отырып барлық мәселені шешуге болады.
″Тілек шамы″жаттығуы
Біздің ішкі жан дүниеміздің бір жерінде кішкентай ғана жып-жылы жарық бар. Ол бізге қолайлылық пен жылы жайлылық сыйлайды. Ал біздің жанымызда адамдар жүр және олардың әрқайсысының өзінің жан жылуы болады. Сіз өз жүрегіңізді адамдарға қаншалықты кеңірек ашсаңыз, бұл жарық – сіздің жаныңыздың жылуы, соншалықты жарқын әрі жылы болады. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Бір — бірімізге мына шамды бере отырып осы сабақтардан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Қорытындылау. «Чемодан». Барлық сабақтарды қорытындылайтын жаттығу.
Мақсаты: Қатысушыларға кері байланыс жасау, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету.
Әр қатысушы бір-бірден сыртқа шығып кетеді, қалғандары оған «чемодан» жинайды. Ол чемоданға қатысушының ұжымға сіңуіне, үйренуге көмектескен не кесел келтірген сапаларын жазып салады. Салу барысында ережелер орындалады:
жағымды және жағымсыз қасиеттерінің саны бірдей болуы керек;
жұмыс барысында ғана көрінген қасиеттерді көрсету;
түзетуге болатын ғана қасиетті көрсету.
Жүргізуші бұл жиынға араласпайды. Таңдап сайланған хатшы айтылған қасиеттерді қағазға
тіркеп жазып отырады. Чемодан иесі түсінбегенін хатшыдан сұрайды.
Әрбір қатысушы өз чемоданына ие болады.
Құрметті жас дос! Үйде өз бетіңмен жұмыс жаса: (Менің Педагогика: студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру Алматы,2007., Мектеп психологының жұмыс кітабы оқу құралдарымнан)
ӨЗІҢЕ БІР АДЫМ
( практикалық жұмыс)
Өзің туралы кітап жаз
Ол үшін сен өзің туралы үшінші жақта жазасың. Бұл саған өзің туралы көбірек білуге және түсінуге көмектеседі.
Мұндай мәтін адам өзін толық және қорқынышсыз көрсетуіне жол ашады. Бұдан бөлек сен өз арманыңды ашық жеткізіп, оны орындалғандай етіп есептейсің. Кейде бұл өз дегенімізге жетуге көмектеседі.
Өзіңді және өміріңді суретте. Сен өзің қандайсың, қандай отбасында , қайда тұрасың. Кайда оқисың, кіммен араласасың, нені ұнатасың, нені ұнатпайсың, өзіңе не тілейсің, …-бәріне жақын досыңның көзімен қарап отырғандай елестетіп жаз. Мысалы, Жазира Атырауда тұрады. Оның шашы қара, көзі де мойылдай, сұңғақ, жіңішке қыз. ..
Қаласаң, сурет сал .
Өзіңе әңгімелесетін адам тап. Оған сырыңды хат етіп жаз.
Ақыл сұра . Сол адам болып өзің «оған» жауап бер.
Өзіңнің сезіміңді суретте.
Күнде жеткен жетістігің мен кемшілігіңді бір парақты қақ жарып екі жағына тізіп жаз. Қайсысы көп? Неліктен? Не істеу керек?
4.Жоспар құр. «Менің кемшілігімді түзету жоспары.»
Көмекші адамдардан ақыл сұра. Өзіңнің жақсы қасиеттеріңнен «ақыл сұра» олар не дер еді?
«Мен өзімді жақсы көремін!» деген ойды бар денеңмен сезінуге тырыс. Өзіңе комплимент айт, айнаға күлімсіре, бар денеңе рахмет айт.
Өзің жайлы ұнамды ой сенің нашар қасиетіңді жеңуге көмектеседі.
Сені не нәрсе бақытты етер еді?
Соған жетесің!
Ол үшін ерінбе, белсенді бол! Жоспар құр! Мақсат қой! Ізден! Іске кіріс
«Мен және менің әлемім» әдістемесі
Көрсетілген суреттерді өз еркіңізбен кез келген реттілікте, өзіңіздің қалауыңыз бойынша А, Б, В, Г деп әріптермен белгілеңіз.
Көлденең жолақты бірінші етіп таңдасаңыз – мінезіңіз байсалды, салмақты, өзгені ішкі жан дүниеңізге жібере бермейтін сақ, көбіне үйде болуды ұнататын адамсыз.
2.Тік жолақ сіздің таңдауыңызда 1-ші ретпен тұрса – мінезіңіз тік, ашушаң, өзіңізге ұнамсыз ортаға қарсылық көрсететін адамсыз.
Бірінші етіп конверт суретін таңдасаңыз, өзіңіздің ішкі жан дүниеңізбен үйлесімдігіңіз аз, бірнәрсені ойлап, айтасыз да басқаша істейсіз, яғни сөзіңіз бен ісіңіз сәйкес келмейтін адамсыз.
Мына суретті бірінші етіп қойсаңыз, үйлесімді, тәртіпті жақсы көретін білімге ұмтылатын адамсыз. Сондай-ақ, салған суретіңіздің көлемі (үлкен не кіші екені) сіздің өзіңізді қалай бағалайтыныңызды көрсетеді.
«Мені сипаттайтын нәрсе»
Ақ қағазға өз ойыңызбен сізді сипаттайтын, сізге үйлесімді 5 заттың не құбылыстың аттарын жазыңыз. Содан кейін қасыңыздағы серігіңізбен тізімдеріңізбен алмасып, оны талдап пікірлесіңіз. Содан соң бір-біріңіз туралы қалған тыңдаушыларға авторлық тізімге сүйене отыра, әңгімелеп беріңіз. Тізім жазылған қағазды әшекейлеп, суреттермен толықтыруға болады.
«Жеке таңбам»
Ішіне символикалық белгі, сурет немесе сөздерді пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беретіндей жеке өз таңбаңызды салыңыз:
— Өз бойыңыздағы қандай үш сапаны (қасиетті) жоғары бағалайсыз?
— Өзге адамдарда ше?
— Сіздің дамуыңызда ерекше рөл атқарған кім?
— Сіз бәрінен де не нәрсені жақсы орындайсыз?
— Өзгелерді не нәрсеге үйрете аласыз?
— Өзіңіз туралы қандай үш сөз естігіңіз келер еді?
(Жеке жұмысқа 10 минут, содан кейін түсіндіру. Өзге тыңдаушылар қол шапалақтап қатынасын білдіріп отырады)
«Жалпы және ерекше»
Топ 4 адамнан бөлінеді. Әр топқа үлкен парақ қағаз бен түрлі-түсті маркер таратылады. Топтағы әр мүше өзі туралы не айтқысы келсе соны әңгімелейді: қайда, немен айналысады, қызығуы, отбасы жағдайы, т.т.
Берілген қағаздың ортасына алынған ортақ ақпаратты (барлығына тән ортақ ақпарат) жазып не суретпен бейнелейді. Ал беттің әр бұрышына өзін өзгелерден ерекшелендіріп тұрған сапасы туралы белгімен не сөзбен жазады.
(Презентация: плакатты ерекше мәнерде, қызықты етіп қорғау, түсінік беру)
(«Мен және менің қатынасым» әдістемесі)
Әр клетканың ішіне кез келген жан-жануардың (үй жануары болсын, дала жануарлары болсын) атын жазыңыз. Одан кейін оларға мінездеме беріңіз. Мысалы, 1-ші клеткада ит тұрса, ит – иесіне берілген, адал, өзгелерге қатал, жақсы көрген адамына еркелейді, көңіліне жақпаса қауып алады, шыдамды, қысылтаяңда көмек беруге дайын, кейде өзге үшін жанын пида етеді…(Бұл Сіздің балаға деген қарым-қатынасыңыз).
Кілті:
Сіздің балаға қатынасыңыз.
Сіздің отбасыңызға, жарыңызға қатынасыңыз.
Қоғамға, ортаға қатынасыңыз.
Жұмысыңызға қатынасыңыз.
Міне, бұл тек кейбір ғана әдістер, мұндай әдістердің неше түрі бар. Әркім оларды іздеп, тауып, өзін-өзі және көмек қажетсінетін өзгелерге де қолданып кіммін, қандаймын деген сауалға жауап табуға көмектесуі тиіс. «Познав самого себя, никто не останется тем, кто он есть» деп Т.Манн айтқандай, адам әуелі өзін-өзі танып, өзінің жетістігі мен кемшіліктерін біліп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік алады. Ал тәрбиелі адамның құрған отбасы бақытты отбасы болады.
Артық емес, білгенің…
Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі – әйел» деген тұңғыш туындысын әйел-ана тақырыбына арнаған. Сол кезде Мұхаң 20 жаста екен.
«Адам баласы, — депті ол, — тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ал балаларының бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Соған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген – әйел». Болашақ ұлы жазушы осы сөзімен әйелдің қоғамның ұйтқысы екенін, еркек түзде жүргенде әйел төңірегін уыздай ұйытып, балаларын бірлікке, ұйымшылдыққа баулитын, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылдық та күрмеулі болатынын қадап айтып, егер қазақ мешел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, әйелдің халін түзе,» – деген мәңгілік идея ұсынған еді.
Артық емес, білгенің…
Үндістанда жауапты жорыққа аттанатын жауынгер анасының аяғының астынан топырақ алып, тұмар қылып мойнына тағып алатын болған. Александр Македонскийден: «Қайсысын жоғары бағалайсың? Анаңды ма, әлде ұстазыңды ма?» – деп сұрапты. Сонда даңқты қолбасшы: «Анам маған Жан берді, оны қайтып жерге береді, ұстазым рух, білім берді, ол сені аспанға шығарады. Анам – бірінші ұстазым ғой», — деген екен.
Артық емес, білгенің…
Өмірінде көп күнә жасадым деп ойлаған жан имамға келіп:
Күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперші,– депті.
Сонда имам:
Сенің жаның бес арықтан лай суға ағып құйылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен.
Біріншісі – сенің көздерің, көрінгенге орынсыз көз сүзбе;
Екіншісі – сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариғат қаламағанды ішіп-жеме.
Үшіншісі – сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арыл;
Төртіншісі – сенің аяқтарың, көргенсіз жолға баспа;
Бесіншісі – сенің құлағың, өсек пен кеселді сөзді терме, естімеген бол.
Тек сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнықталады, сенің жаның мен жүрегің тазарады, сені күнәларыңнан мен арылта алмаймын, өзің арылтасың, – депті.
Түйін: баласы нашар болып өскен әке баласына әсер ететін барлық тәсілдерді таусылған соң, есік алдына бір бағана орнатып, баласының әрбір нашар ісі үшін оған бір шегеден қаға беріпті. Біраз жылда бағана әбден шегеге толыпты. Бұл балаға әсер етіп, түзеле бастапты. Енді әке баласының әрбір жақсы қылығы үшін бір шегеден суыра беріпті. Ең соңғы шегені суыратын мерекелік сәт келгенде бала жылап жіберіпті. «Неге жыладың?»– дегенде, «Шеге жұлынып таусылғанмен орындары үңірейіп тұр ғой,» – деген екен.
Кемел Мырзагелді. Абзалдық әліппесі. Алматы, Әл-Фараби, 1998, Б. 15, 22.
Халық айтқан екен
Ұлтты қыз сақтайды.
Бақыт кілті – ананың табанының астында.
Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
СарузеноваА.Ә. / жетекшісі АяғановаА.Ж./Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Кикілжіңді дұрыс шешу жолдарын мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар.
Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы
1-қадам. Кикілжіңнің себебін табу.
2-қадам. Эмоцияны қадағалау
3-қадам. Негізгі ережелер бойынша келісімге келу
4-қадам. Ұстанымдарды анықтау
5-қадам. Жасырын қажеттілік пен қызығушылықты анықтау.
6-қадам. Баламалы варианттар ұсыну.
7-қадам. Өзара тиімді варианттарға келісу
Өмірде бізде одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түсетін қасиет ол – махабат.
Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Тапсырма. Тренингілік жаттығу
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
3-кезең. Қарсы ұғымдарды іріктеу.
4-кезең. Ұғымның артықшылықтарын анықтау.
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
5-кезең. Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытқа жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды тұырымдау.
Махаббат – бұл …
Сонымен, махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.
7-кезең. Өзара әсер рефлексиясы
Жүректен жүрекке
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады- дей келе сабағымызды қоырытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қ.Р. Неке және отбасы туралы заңы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
Бала құқықтары Декларациясы.
Амонашвили, Ш. А. Размышления о гуманной педагогике М. :ЛОГОС-ПРЕСС, 2001.
М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005
Выготский Л.С. «Психология развития ребенка» Москва Эксмо. 2006 г
Вачков И.В.Психология тренинговой работы: Содержательные, организационные и методические аспекты ведения тренинговой группы / М.: Эксмо, 2007
Варга А.Я. Системная семейная психотерапия. Краткий лекц.курс. СПб: Речь, 2001
Винникот Д.В. Разговор с родителями. – М.: Независимая фирма «Класс», 1994.
Жақыпов С.М. ,Ф.Бизакова. Білім беру мекемелерінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер Тараз,2006-448.
ЖақыповС.М.,Ф.Бизақова Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. Тараз,2007-256.
Корчак Я. Как любить ребенка – М., 1992;
Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-А.,1997.
Қоңырбаева С. С. Отбасы: бала мен ата-ана.-Алматы-2006.
Карольцева Н.Ф. .Подготовка молодежи к семейной жизни». Центр социальной помощи семье и детям. 2008г.
Коляева М.В.Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007. – 184.
Кемел Мырзагелді. Абзалдық әліппесі. Алматы, Әл-Фараби, 1998, Б. 15, 22
Лебедева Л.Д.Проективная методика « Рисунок семьи в образах цветов» Национальный психологический журнал Выпуск№ 1 / 201
Намазбаева, Ж. И. ,Сангилбаев О. С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік — Алматы : Print S, 2005.
Олифович Н.И, Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.
Осипова А.А справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.
Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360
Рабочая книга практического психолога. Авторский коллектив. -М., 2006.
Сатир В. Психотерапия семьи. – СПб: «Речь», 2001.
Селевко Т.К., Селевко А.Т. Социально-воспитательные технологии – М., 2002
Сейталиев Қ.Тәрбие теориясы.-А., 1986.
Сұлтанова Ғ.Т. Педагогика.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.Алм.2007
Сұлтанова Ғ. Т.Мектеп психологының жұмыс кітабыАлм. «Педагогикалық шеберлік»2008
Соқпақбаев Б.Менің атым Қожа.-Алм.1957
СарузеноваА.Ә. / жетекшісі АяғановаА.Ж./Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Становление готовности старших учащихся к семейной жизни в условиях деятельности психолого-педагогического отделения реабилитационного центра
[дисс… канд. пед. наук./ О. Н. Гноевая. – Петропавловск-Камчатский, 2006.
32.Шаг к себе, шаг от себя.метод. пособие под ред. В.Т. Тихомировой.- Алматы. 2004.
33.Хухлаева О.В. Кризисы взрослой жизни. Книга о том, что можно быть счастливым и после юности. М.: Генезис, 2009.
34.Хухлаева О.В.. Кризисы взрослой жизни. М.: Генезис, 2009.
35.Цветкова Наталья Афанасьевна Семейная жизнь без кризисов. М. Центрполиграф, 2010 г.
36.ЭйдемиллерЭ.Г, И.В Добряков., И.М. Никольская. Семейный диагноз и семейная психотерапия: Учебное пособие для врачей и психологов.СПб., 2003
37.Эйдемиллер Э.Г, В.В. Юстицкис Психология и психотерапия семьи. СПб., 2000..
Мой мир1
Вконтакте1
Одноклассники
Google+
|
|
|
|
Яндекс.Директ
Конкурс для учителей (итог сразу)Диплом за 2 минуты! Блиц-олимпиады для учителей. Результат сразу (ФГОС)!umnata.ruАдрес и телефон |
Конкурсы для педагогов (медали)Медалинград - Всероссийский конкурс для педагогов и детей (медали, дипломы)medalingrad.ru |
Пікірлер саны 3Пікір қосу
Alma 29.04.2015 в 6:28 пп
rahmeeeeeet Gaini apai)))) avtorlyk jumysynyz magan kop komektesti))))
Аймереке Сматқызы 08.09.2015 в 11:47 дп
Ғайни апай сіздің авторлық бағдарламаңызды оқып, сізге қатты риза болдым. Қандай еңбек!!! Мұғалімдерге. психологтарға көп көмек деп ойлаймын. Қазіргі «қағазбасты» заманда шығармашылықпен айналысуға уақыт бола бермейді. Өзім де ұлттық тәрбие, ұрпақ тәрбиесі жайлы көп ойланам, көп ізденем.»Жүрек пен ақыл тәрбиесі» деген атпен жоғары сынып оқущыларына арналған адамгершілік-жыныстық тәрбие бойынша бағдарлама бастап қойғанмын. соның әр сабағын сіз сияқты мазмұнын ашып жазып бастасам деймін. Ол бағдарлама әл-Фараби ілімдеріне алынған Советхан ағамыздың методологиясына негізделген: адамзат тәрбиесінің бастауы ұрпақ тәрбиесініен бастау алатындығын дәлеледейтін Мұхамед пайғамбарымыздың хадистері мен бабаларымыздың ілімдеріне сүйену маңыздылығы…Осылар жөнінде айтқанымда барлық саналы адам қызыға тыңдайды..
Мектепте психолог болып істеймін, көбінесе жұмысымның бағыттарын этнопсихологияға негіздеймін. Сізге көп рахмет, сіз осы еңбегіңізбен мені шабыттандырдыңыз. Әрине қазір мектепте балалармен жұмыстан гөрі қағаз басу көп уақыт алады оны өзіңізде білетін шығарсыз..Сізге Алла қуат берсін, жұмысыңыздың жемісін көріп, шапағат пен махаббатқа бөлене беріңіз!!! Аймереке сіңіліңіз
Ғайни 29.10.2015 в 12:56 дп
Алма, Аймереке, сіздерге рахмет, біріншіден, салғырт еместіктеріңе(пікір қалдырып, ой бөлістіңіздер, бұл екінің бірінің қолынан келмейді), екіншіден, жылы сөздеріңе!
Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер, тікендер гүлге айналып шыға келер, деген ғой Саади, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, іске сәт!
Пікір қалдыру
Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Начало формы
Атыңыз (Міндетті)
Mail (Ешкімге көрінбейді) (Міндетті)
Пікір
Конец формы
| |||||
Cмартфон нового поколения Эксклюзивно в нашем магазине! Meizu MX4 - 50% | Точная копия Tag Heuer Grand Carrera по сверхнизкой цене! Сейчас... Настоящая классика, для настоящих мужчин | ||||
ВЫПАДЕНИЕ ВОЛОС можно остановить! Есть простой домашний рецепт... Чтобы ВОЛОСЫ стали ГУСТЫМИ | Cамый мощный смартфон Meizu MX4! Две сим-карты, 3400 mAh, 4 Гб... Этот смартфон стал хитом в Казахстане! | ||||
Крест Доминика Торетто! Шикарный подарок! На складе осталось 11 штук по цене... | Смартфон Meizu MX4 по невероятной цене! Только сегодня! Скидка 50%. Осталось 20 телефонов! |
Жаңа Мақалалардан Барлығынан Бұрын Хабардар Болыңыз!
Начало формы
Конец формы
Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016
object(ArrayObject)#851 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(59) "«?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»" ["seo_title"] => string(35) "u-rpak-t-rbiiesinin-tirieghi-otbasy" ["file_id"] => string(6) "251395" ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu" ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia" ["date"] => string(10) "1447240023" } }
object(ArrayObject)#873 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(50) "Мені? ба?ытым - мені? отбасым" ["seo_title"] => string(30) "mienin-bak-ytym-mienin-otbasym" ["file_id"] => string(6) "316489" ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi" ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie" ["date"] => string(10) "1460100510" } }
object(ArrayObject)#851 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(40) ""Отбасы - ба?ыт тірегі!"" ["seo_title"] => string(19) "otbasybakyttirieghi" ["file_id"] => string(6) "317700" ["category_seo"] => string(9) "biologiya" ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia" ["date"] => string(10) "1460437763" } }
object(ArrayObject)#873 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(40) "коркем адебиет Отбасы" ["seo_title"] => string(22) "korkiemadiebiietotbasy" ["file_id"] => string(6) "276012" ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1452670574" } }
object(ArrayObject)#851 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(45) "Отбасы туралы ашық сабақ" ["seo_title"] => string(25) "otbasy_turaly_ashyk_sabak" ["file_id"] => string(6) "460983" ["category_seo"] => string(7) "prochee" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1520399457" } }
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт