kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялы? дайындау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке            психологиялы? дайындау

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялы? жа?ынан дайындау, б?л ?азіргі та?да психология - педагогика ?ылымдарында?ы ?зекті м?селелерді? бірі болып отыр.
А. В. Запорожец, мектепке баланы? дайынды?ын былай сипатта?ан «баланы? жеке ерекшеліктеріні? бір т?тас ж?йе ретінде ?алыптасуын к?здеген. Оны? мотивациялы? ерекшеліктері, таным ?абілеттеріні? даму де?гейі, ерік - жігер механизміні? ?алыптасу де?гейіні? ?зара байланысы»

Я?ни, баланы жан - жа?ты психологиялы? т?р?ыдан дайындау болып табылады. Баланы балаба?шада ?ана дайындап ?оймай, ата - аналарында кіріктірген ж?н. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ау?ымды м?селе. К?птеген ж?мысты талап етеді. Балаба?шамен мектеп арасында ?зара байланысты орнату. К?птеген ата - аналар баланы? мектепке бару ?шін тек ?ріптерді танып, санай алса бол?аны деп т?жырымдайды. ?рине б?лда ма?ызды фактор. Баланы? мектепке психологиялы? жа?ынан дайынды?ына назар аудармайды. Б?л кезе? балалар ?шін ?те ауыр. Я?ни балаба?шадан мектепке бару. ?рине, балаба?шада да ?зіндік ?діс - т?сілдерін ?олданады, саба?тар ?тіліп, психолог - педагогта балалармен ж?мыс ж?ргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланы? жан - жа?ты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар к?п ?сер етеді.
Соны? негізінде ата - аналар?а балаларыны? мектепке психологиялы? жа?ынан дайынды?ын м?лшерлеуіне ?зіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.
Американды? психолог Джеральдин Чейпиді? ?сын?ан тестін ?олдана отырып, ата - аналар балаларын ба?ылай отырып, ?арапайым с?ра?тарды? жауабын ?орытындылай келе психологиялы? даму де?гейін шамамен болжай алады.

1. Таным ?абілетіні? даму де?гейін ба?алау
1. Бала негізгі ??ымды ме?герген бе, мысалы: о? жа?, сол жа?, ?лкен, кіші т. с. с
2. Ая?талма?ан о?и?аны? со?ын болжай алады ма?
3. ?ш н?с?ауды есі?е са?тап, орындай алады ма, мысалы: ?уырша?ты алып кел т. с. с
4. ?ріптерді танып, атай алады ма?

2. Базалы? т?жірибесін аны?тау
1. Бала?ыз сізді банкке, пошта?а немесе магазинге шы?арып сал?ан ба?
2. Бала?ыз кітапханада болды ма?
3. Хайуанаттар ба?ына, музейге т. с. с бар?ан ба?
4. Сіз бала?ыз?а ?немі ертегі немесе ?ызы?ты о?и?алар о?ып бересіз бе?
5. Хоббиі бар ма?

3. С?йлеу тіліні? даму де?гейін ба?алау
1. ?зін ?орша?ан ортада?ы негізгі заттарды атай алады ма?
2. ?лкендерді? с?ра?ына о?ай жауап бере алады ма?
3. Заттарды? не ?шін керек екендігін айта алады ма?
4. Заттарды? ?айда т?р?анын айта ма?
5. О?и?аларды немесе ертегі - ??гімелерді ??гімелеп айтады ма?
6. С?здерді аны?, д?рыс айтады ма?
7. Грамматикалы? жа?ынан с?здерді д?рыс айтады ма?
8. Бас?а балалармен ?арым - ?атынас?а о?ай т?се алады ма?

4. Эмоционалды даму де?гейін ба?алау

1. К??іл - к?йі ?андай болып ж?реді?
2. ?зін жеке т?л?а ретінде сезінеді ме?
3. К?н т?ртібі ?згерген жа?дайда тез бейімделеді ме?
4. ?з еркімен ж?мыс жасайды ма, достарымен жарыс?анды ?натады ма?

5. ?арым - ?атынас?а т?су ?абілетін ба?алау
1. Бас?а балалармен ойнайды ма, ойыншы?тарымен б?ліседі ме?
2. Кей жа?дайлар?а байланысты кезек са?тайды ма?
3. Бас?аларды? с?зін б?лмей ты?дай алады ма?

6. Физикалы? даму де?гейін ба?алау
1. Есту ?абілеті жа?сы ма?
2. К?ру ?абілеті жа?сы ма?
3. Бірнеше уа?ыт?а дейін тыныш отыра алады ма?
4. Жалпы ?имыл – ?оз?алысы жа?сы дамы?ан ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалда?пен ж?ру т.с.с
5. Белсенді, шымыр, шапша? к?рінеді ме?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялы? дайындау.»

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»

Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.
Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.
Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.

1. Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау
1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші т. с. с
2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма?
3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел т. с. с
4. Әріптерді танып, атай алады ма?

2. Базалық тәжірибесін анықтау
1. Балаңыз сізді банкке, поштаға немесе магазинге шығарып салған ба?
2. Балаңыз кітапханада болды ма?
3. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба?
4. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе?
5. Хоббиі бар ма?

3. Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау
1. Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма?
2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма?
3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма?
4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма?
5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма?
6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма?
7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма?
8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?

4. Эмоционалды даму деңгейін бағалау

1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді?
2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме?
3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме?
4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма?

5. Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау
1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме?
2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма?
3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?

6. Физикалық даму деңгейін бағалау
1. Есту қабілеті жақсы ма?
2. Көру қабілеті жақсы ма?
3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма?
4. Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалдақпен жүру т.с.с
5. Белсенді, шымыр, шапшаң көрінеді ме?

Ата аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру 

  • Өз балаңды жақсы көре біл!

Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет. 

  • Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!

Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз! 

  • Өз балаңызбен ойнаңыз!

Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді. 

  • Баламен бірге еңбектен!

Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз. 

  • Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!

Әр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі жазалау әдісі жіне шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне керіәсерін тигізеді.

 

Бала тәрбиесі - баршаның ісі. 

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Өйткені, жас ұрпақтың жан- жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір нәрсе естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Бала 1,5-2 жасынан бастап жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жастан бастап алдына мақсат қоя бастайды. «Мен өзім» деп еңбек әрекеттерінде ересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады. Бірте- бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өз әрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады. Егер ата- анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай салса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады.

Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет көрмегенсіп, білмегенсіп, қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын- оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын өнеге еткен абзал.

Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады. Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен салыстырғанда едәуір дамыған.

Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Балабақшаға балалардың мінез-құлқы, көбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды.

Тәрбие: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі болып тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны дей келіп, «балам адал болсын» дейтін ата- ана осы тәрбиелерден бастау алса деймін.

Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып өседі, ал қатал болса, олардың жоқтығын пайдаланып, өз еркімен ойына келгенін істейді.

Ұлт тәрбиесі ұлт- болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата- ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан ірілі-уақты оқиғалар: ата- ананың бір- бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез- құлқы да соған қарай қалыптасады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деген халық даналығы осыған байланысты туса керек. Шын мәніндегі өнеге, бедел ата- ананың да, мұғалімнің де бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Кейбір ата -ана беделге барынша қаталдықпен жетуге тырысады, айқайлап, ұрысу сияқты өрескел мінез көрсетеді. Шектен асқан қатаңдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті оны ауруға да душар етеді.

Көрнекті педагог А.С.Макаренко, балаға қатаң талап қою да қажет, бірақ оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сөз еткен болатын, біз бұны көбіне естен шығарып аламыз. Балаға бір нәрсе туралы бірнеше қайталап айта берсең, ол сөздің қасиетін жояды. Сондықтан баланы ең жас кезінен ата- анасын бір айтқанда -ақ тыңдап, талабын орындауға үйреткен орынды. Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен дәлелдегімкеледі. 




Бала тәрбиесі

Ата-ана мен балабақшаның ролі 

Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқасүйері де бүгінгі жас ұрпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып, өсіру міндеті алда тұр.

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.

Соңғы жылдары жалпы білім беретін балабақша, мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.

Жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе жұмысты балабақшадағы тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.

Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап ұрпақ тәрбиесін тек балабақшаға немесе мектепке ғана ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір еске салып қойсақ артық болмас.

Ата- ана балабақша ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауда ұстап отыру; балаға отбасында қалыпты жағдайдың сақталуын, білім алуына қажетті материалды қамтамасыз ету; балабақша жарғысын орындау; баланың уақытынан кешікпей келуін, себепсіз қалмауын қадағалау.

Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін назарда ұстаған жөн.

Балабақша-ата­-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

Жылауық балалар

Жылау түрлі себептен туындауы мүмкін. Сіздің тобыңызда өзге балаларға қарағанда көп жылайтын балалар бар ма? Сіз олардың қай кезде жылайтынын бақыладыңыз ба?

Жылайтын бала өзін қалай ұстайтынын байқаңыз:

  • Барша адаммдарға естірте жылайды, олардың араласуын талап етеді.

  • Өзімен өзі болуды қалайды, жылауының себебін айтпайды.

  • Жылауы ештеңеге көнбеушілікке ұласады.

Осы айтылған әрекет түрлері баланың мінезін жақсы түсінуге және оған көмекке келуге көмектеседі. Мынаны есте ұстау керек, жылау бала үшін эмоциясының қалыпты көрінісі.

Тәрбиеші баланың неден әсерленгенін сұрап білуі керек:

  • Жылауының себебін анықтау.

  • Болған жағдайды өзгертуге тырысу.

  • Балаға оның сезімін түсінгеніңізді білдірту. 

Психологтың кеңесі:

  1. Баланың жанына келіп отырып құшақтау.

  2. Баланың жылауына назар аудару.

  3. Балаға су беру, жуындыру.

  4. Жылау себептерін жою.

  5. Егер бала ұзақ жылап анасын шақырса, анасымен байланысқа шығып, баласымен сөйлесуге мүмкіндік жасау. Ата анасына ертерек келіп алуын ұсыну.

  6. Баланың жылауы тоқтамай, көнбеушілікке ұласса, психологтен кеңес алуды ұсыну.

 

Балабақша жағдайына бейімделу

(психолог кеңесі) 

Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына көнетін» және «балабақша жағдайын қабылдамайтын» балалар кездеседі.

Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:

  1. Баланы қысқа мерзімге балабақшаға беру.

  2. Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, оларды қонаққа шақыру

  3. Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.

  4. Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.

  5. Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.

  6. Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.

Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады? 

Психологтің ұсынысы:

  1. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.

  2. Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.

  3. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.

  4. Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру. 

Психологтар мынаны ұсынбайды:

  1. Баланы анасынан күшпен айыру.

  2. Тамақты еріксіз ішкізу.

3. Баланың көз жасына көңіл аудармау. 

 

Ата-аналарға арналған анкета
«Отбасындағы тәрбие стиліңіз қандай?»

Құрметті ата-ана!
Үш нұсқаның біреуін таңдаңыз.
1. Балам еркелеп,күнде жеп жүрген тамағынан бас тартады Сіз:
а) басқа тамақ бересіз;
б) стол басынан кетуін талап етесіз
в) тамағын жемегенше стол басынан тұрғызбайсыз.
2. Балаңыз аулада ойнап жүреді,бір кезлде сүйікті ойыншығын жоғалтып үйге келеді,Сіз:
а) балаңызбен бірге жоғалған ойыншық үшін көңіліңіз түседі;
в) балаңызды жұбатасыз
3. Балаңыз ұйықтаудың орнына,телевизор алдынан шықпады,Сіз:
а) сөзсіз тв сөндіресіз;
б) ұйықтау үшін не қажет екенін сұрайсыз
в) балаңыздың тыңдамағаны үшін ұяласыз.
4. Балаңыз ойнаған ойыншығын тастап,жинамай кетеді,Сіз:
а) қолы жетпейтін жерге қоясыз «шамалы қиналсын» деген оймен»;
б) жинасуға көмектесесіз
в) оны жазалайсыз.
5. Балаңызды балабақшадан алып кетуге бардыңыз,оны тез киіндіріп,почтаға соғуыңыз керек,бірақ балаңыз әртүрлі сылтаумен сөзге айналдырып сіздің мазаңызды алады:
а) ұрсасыз;
б) оның осындай тәртібі үшін жыныңыздың келіп тұрғанын айтасыз ;
в) көңіл бөлмей, тез киіндіруге тырысасыз.

Түсінік хат. 

           Алғашқы күннен бастап адам қоршаған ортаның алуан түрлі құбылыстарымен: адаммен, затпен, оқиғамен соқтығысады. Айналамен таныса отырып, адам белгілі  бір нәрсеге өзінің субъективті көзқарасын, сезімін білдіреді.

         Эмоция(лат. еmoveo-қоздырамын, толқытамын) адамды  не толқытса соның, адам үшін сыртқы және ішкі стимулдардың, ситуациялардың,оқиғалардың маңыздылығын бейнелейді. Қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын адам қабылдағанда, ол оларға әрқашанда кейде салқын да емес, тіпті парасаттылық та емес, өзгеше бір әсерленушілік танытады. Кейбір оқиғалар оған қуаныштылық туғызады, басқалары оған қанағаттанбаушылық туғызады, ол кей  адамдарды ұнатады, басқаларына немқұрайлық танытса, үшіншілерін жек көреді; кей нәрсе оны  ашуландырады, кейбір нәрседен қорқады; өзінің кейбір қылықтары үшін мақтанады; басқа бір қылықтары үшін ұялады. Қанағаттану, қуану, қайғы, қорқыныш, сүйіспеншілік- әр түрлі заттарға, құбылыстарға, адамдарға білдіретін  адамның көңіл-күйінің формалары болып табылады.

         Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады.  Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сезім бет-әлпетімізде , іс-әрекетте, ым-ишарадан көрініп тұрады.

         Бала алғаш балабақшаға келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Сондықтан үлкендер баламен жағымды  қарым-қатынас құру қажет.

         Тәрбиешілер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты- баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл- күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады.



 Мақсаты:

 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық аумағын дамыту.

Міндеттері:

  • Балаларды өзінің және айналасындағылардың эмоциялық көңіл-күйін түсінуге үйрету;

  • Эмоция түрлеріне (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу)  түсінік беру және ым ишара арқылы сезімдерді түсінуге үйрету;

  • Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара  алу қабілетін жетілдіру.

  • Балалар өз эмоция сезімдерін  және айналасындағылардың эмоциясын түсіне білуді үйренеді;

  • Өз эмоцияларын  (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу) ым ишара арқылы көрсете алады;

  • Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара алады.

Әдіс-тәсілдері:

Тест, сауалнама, тренинг, ойын, жаттығу, психогимнастика, релаксация, сурет салу, рөлдік ойын.

Өткізіледі: аптасына 1 рет. 

Бағдарлама ұзақтылығы:  1 жыл.

Жұмыс түрі: жеке және топтық. 

Күтілетін нәтиже:

Бағдарлама құрылымы және мазмұны:

 І тарау.  Кіріспе (6 сағат)

         Бұл тарауда балалар топта жағымды қарым-қатынас құруды үйренеді. Эмоция әлеміне саяхат жасай отырып, оның түрлерімен танысады. 

ІІ тарау. Жағымды эмоция түрлері (10сағат) 

         Балалар жағымды эмоция түрлерімен танысады. Жағымды эмоцияның адам өміріне пайдасы туралы  ұғынады. 

ІІІ тарау. Жағымсыз эмоция түрлері (20 сағат)

         Егер қайсы бір заттар, құбылыстар, деректер біздің қажеттілігімізге немесе қоғам талабына үйлесім таппаса, онда  жағымсыз  эмоция пайда болатыны туралы балаларға мағлұмат беру. Жағымсыз эмоциялардың адам өміріне тигізетін зияны туралы айту. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялы? дайындау.

Автор: Шайхина Анар Советовна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321033

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялы? дайындау."
    ["seo_title"] => string(57) "miektiepzhasynadieiinghibalalardypsikhologhiialykdaiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "321040"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461216147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Мектеп жасына дейінгі балаларды? таным процестерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(65) "miektiep-zhasyna-dieiinghi-balalardyn-tanym-protsiestierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "303523"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457535712"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы дамытуда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiepkie_dieiinghi_u_iymdarda_balany_damytuda_psikhologhiialyk_piedaghoghikal"
    ["file_id"] => string(6) "436441"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509690105"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Материал на тему "Мектепке дейінгі ?йымдарда ?ш тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы""
    ["seo_title"] => string(109) "matierial-na-tiemu-miektiepkie-dieiinghi-u-iymdarda-ush-tilin-ok-ytuda-oiyn-tiekhnologhiiasynyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "325537"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462978368"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(194) "ШЫ?АРМАШЫЛЫ? Ж?МЫС. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТІН ТЕАТР Т?РЛЕРІН ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(126) "shyg-armashylyk-zhu-mys-miektiepkie-dieiingi-balalardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-tieatr-turlierin-k-oldanu-ark-yly-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "155631"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421307901"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства