kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен өмірді сүйемін»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен өмірді сүйемін»»


«Т.Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»КММ


Бекітемін:

Мектеп директоры:





Тренинг сабақ:

«Мен өмірді сүйемін»




Мектеп психологы: Нельдыбаева Ш.Н






2018-2019 оқу жылы






Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны 
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 
Міндеті: 
- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; 
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; 
- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; 
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. 
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары 
Жұмыс түрі: топтық жұмыс 
Көрнекілігі: баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, А4 қағазы, ватман, гүл шоқтары. 

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастырушылық кезең 
Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір-бірімен сыйластықта болуы керек. 
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. 
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.




1. «Мен және өмір» жаттығуы 
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады. 

2. «Өмір» жаттығуы 
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат. 
Өмір- өзен... 
Өмір-м... 
Өмір-і... 
Өмір-р... 

Негізгі кезең 
3.«Екі бақа» туралы аңыз 
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен. Осыдан кейін мынандай «Сенімділік» жаттығуын қолдануға болады. 
1.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім. 
Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады. 
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы: 
Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. 
Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б. 

4. «Ойланып көрейік» жаттығуы. 
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. 
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер: 
Адам не үшін өмір сүреді? 
- Үлгілі отбасын құру үшін. 
- Білім алу үшін. 
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін. 
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін. 
- Өзін өзгелерге таныту үшін. 
Өмірден өз орнын табу деген не? 
- Жоғары атаққа ие болу. 
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету. 
- Тату және берік отбасын құру 
- Адал достар көп болу. 
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу. 
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? 
- Еңбекқор, адал, әділ болу 
- Қабілетті, дарынды болу. 
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу. 
- Адамдармен тіл табыса білу. 
Оқушылардың сөздері қорытындыланып, бейнеролик көрсетіледі. 

5. «Гүлдер» релаксациясы(Әуен ойнап тұрады) 
Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып, оны елестетеді. 
Терең демалып, дем шығарайық, сендер сыныптарыңмен орман ішінде демалып жүрсіңдер, адарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің гүлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қоныңдар. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күлімдеңдер. 

6. «Мен бақытты боламын» жаттығуы 
Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (Қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (Балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне, осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға тілек айтып сыйлаңыздар. Балалар шеңберде тұрып бір - бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп, хормен мына сөзді қайталайды: Біз өмірді сүйеміз! 
Талдау: Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіздер?Көңіл-күйлеріңіз қалай?Жаттығу бойларыңыздағы қатаюдан құтылуға көмектесті ме? 

Психологтың сөзі: Әрқайсыңыз бір-бір үйдің, отбасының жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер. Олай болса, сіздердің осы өмірде өз орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап одан әрі жайқалып өсе берулеріңізге тілектеспіз! 

7.Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз: 
Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз, 
Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. 
Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз- олардың көбі пайдасыз. 
Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз. 
Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз. 
Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз. 

8. Сергіту жаттығуы(оқушылар орындарынан тұрып, бейнероликтегі қимылдарды қайталайды) 

Қорытынды бөлім 
Рефлексия. Келген қонақтарға рефлексия қағазын тарату, оқушылардан бүгінгі тренинингтен алған әсерлерін сұрау. Бүгінгі тренинг-ойын сабағы ұнады ма? Қандай әсер алып, өздеріне қандайда бір сабақ алдыңыздар ма? 
Қорытынды психолог сөзі: Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» тренинг-сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын! Мен өмірді сүйемін !






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мен өмірді сүйемін»

Автор: Нельдыбаева Шара Нурмаганбетовна

Дата: 12.02.2020

Номер свидетельства: 539345

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Мен – өмірді сүйемін!"
    ["seo_title"] => string(20) "mien_omirdi_suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "360121"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1479468915"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Мен ?мірді с?йемін "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-omirdi-suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "180594"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425215174"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Мен ?мірді с?йемін"
    ["seo_title"] => string(19) "mienomirdisuiiemin2"
    ["file_id"] => string(6) "313563"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1459505453"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Мен өмірді сүйемін» тренинг 6-8 сынып"
    ["seo_title"] => string(36) "men_omirdi_suiemin_trening_6_8_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "503895"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1553079375"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Мен ?мірді с?ю ?шін келгенмін""
    ["seo_title"] => string(31) "mienomirdisuiuushinkielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "305622"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457969162"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства