kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балалардың жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп қалыптастыру." Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама

Тақырыбы:Балалардың жеке қасиетін аша отырып,тұлға етіп қалыптастыру,өз-өзің дамыту қабілеттерін жетілдіру

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балалардың жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп қалыптастыру." Баяндама»

Баяндама

Тақырыбы:Балалардың жеке қасиетін аша отырып,тұлға етіп қалыптастыру,өз-өзің дамыту қабілеттерін жетілдіру

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогтың тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
— педагогикалық іс — әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

— педагогикалық кәсіби білгірлігі;

— педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;

— педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:

— пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

— тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

— әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

— іс — әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;

3. Ситуацияларды меңгеру;

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.







































Сыныбы:5А

Тақырыбы: Эмоция


Сабақ мақсаты:
-Ой - өрістерін,өмірге деген көз қарастарын қалыптастыру.Эмоция туралы түсінік беру.
-Зиянды заттыңағзаға тигізетін әсерін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
-Оқушыларды денсаулықты сақтауға,салауатты өмір салтына, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

түсіндіру,сұрақ -жауап,тест,көрнекіліктер,суреттер,сызба нұсқа,тест сұрақтары,слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу.
Б) Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару.

ІІ Жаңа сабақ

Ой қозғау.Біз әртүрліміз.Біздің көзіміз,шаш үлгіміз,бойымыз,,жасымыз әртүрлі,әйтседе бір жағдайда барлығымыз ұқсаспыз:көңілді болғанда күлеміз,көңілсіз жағдайда жылаймыз.Адамның ұқсастығы көңіл күйге байланысты.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Эмоция” деп аталады.Адамның денінің сау болуына психикалық денсаулықтың алатын орны ерекше.Іштей өз-өзіне сенімді болу,уайымға берілмеу,айқын мақсатқа жетуге жігерлі болу психикаға тікелей байланысты.

Эмоция дегеніміз-адамның қоршаған орта жағдайларына тәуелді болатын,оның тікелей әсеріне байланысты күйі.Көңіл күй адамның сезімін бейнелейді. “Эмоция” терминінің аудармасы-толғандырамын,күйзелтемін деген мағына білдіреді.Адам қорқынышты,ашу ызаны білдіруді оқып үйренбейді.Мұндай эмоциялық адам туа салысымен ие болады. Олар тіршілік иесінің эволюциялық даму үдерісінде қалыптасады.адамның күшіне,белсенділігіне ықпал етуіне қарай эмоцияларды бірнеше құрамдас бөліктерге бөлуге болады.

Жағымды эмоция - көңіл күйді көтеріп,денсаулыққа жайлы әсер етеді

Жағымды:

- Қызығушылық

- Шыдамдылық

- Қуану

- Сергектік

- Дұрыс тамақтану

- Масаттану

- Зиянды заттардан аулақ болу

Жағымсыз эмоция – адамда депрессия туғызып,түрлі ауруларға шалдықтырады.

Жағымсыз:

- Үрейлену

- Қайғы

- Ашу ыза

- Қорқу

- Күйзеліс

- Кикілжің

- Зерігу

Эмоциялық денсаулықтың бұзылуына алдын алу ережелері:
-ағзаны шынықтыру
-жүйке жүйесін тынықтыру
-өзіне деген сенімділігін арттыру
-ұстамдылық пен шыдамдылық қалыптастыру
-массаж жасау
-өзін өзі сендіру
-ойша санау
Осы ережелерді күнделікті өмірімізде қолдана білсек,онда эмоциямызды басқара аламыз.Жағымсыз көңіл күй адамды артқа тартады,мінез құлқының өзгеруіне себепкер болады.

1«Көңіл-күйімізді жаттықтыру»

Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күйімізді

жаттықтыра алуға арналады.

Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет

десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.


1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер.

2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан

түсіп қалған балапан сияқты, мысықтан қорыққан тышқан сияқты

және иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету қажет.

3. Жылап тұрған адамды көрсету

4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету


ІІІ. Тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ойын дамыту

Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе  сыныптасыңды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?

Суретте – гномдар бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз.Есім – сезімді жаз. Өзіңе ұнаған гномды дөңгелектеп сыз.

1 “Бет адамның айнасы” тақырыбында суреттегі кескін-келбеттерге қарап адамның көңіл-күйін анықтау.

Селсоқтық,Жанжал,Қуану,Қатты ашулану,Мұң,Ұялу,Өзін өзі нашар сезіну,Ашу,Қатты қуану,Мұңаю,Сын көзімен сенімсіздік таныту,Қайғы.

2. «Менің жағымды,жағымсыз жақтарым» оқушы өзінің жағымды,жағымсыз жақтарын айтады.

Менің жағымды жақтарым: Менің жағымсыз жақтарым:



3. «Менің көңіл-күйім» тесті

1.Менің жиі көңіл күйім түсіңкі,жылаймын.

2.Адамдармен кездескенде,оның көзіне тіке қараудан қысыламын.

3.Мен ашулы,салым суға кеткендей көрінем.

4.Өзімнің айналымдағы адамдардың көпшілігіне көңілім қалды.

5.Көпшілігі үшін өмірде ең маңызды нәрселер (спорт,жұмыс,айналадағылар көзқарасы ) мені тіпті қызықтырмайды.

6.Соңғы уақытта менің көңіл күйім түсіңкі болып жүр,тіпті күлмеймін.

7.Әлсіздікті жиі сезінем,туыстарым мен таныстарыма шағымданам.

8.Дәл қазіргі уақытта менің көптеген сұрақтар бойынша өзіндік позициям жоқ.

9.Мен әдетте жай сөйлеймін,сондықтан мені адамдар нашар түсінеді.

10.Маған қойылған сұрақтардың көпшілігіне қалай жауап беру керектігін білмей,иығымды көтеремін.

Тест кілті.

1-2 ұпай.Біршама өмір қиындықтарына қарамастан сіз өмірге көзсіз сеніммен қарайсыз.Бұл жаман емес.

3-6 ұпай.Сіздің өмірге деген көзқарасыңызды тұтастай қарасақ,қалыпты,бірақ белгілі бір әлсіздік,сенімсіздік сезіледі.

7-10 ұпай.Сіз болып жатқан өмір өзгерістерін жағымсыз қабылдайсыз.Сіздің өміріңізде шынымен де қуанышты сәттер жоқ па?


4. Сурет арқылы көңіл күйді табу керек.

1- сурет. Шуақты күн.Адамның көңіл күйі кейде көтеріңкі болады,ондай кезде адам айналасына қуанышты көзбен қарап,күлімдеп,құстай ұшып,барлық іске қиналмай кіріседі, ән салғысы,би билегісі келеді.

2- сурет.Бұлтты күн.Адамның көңіл күйі тұнжырап,салы суға кетіп,көңілсізденіп,оқшауланып өзімен өзі болады.

3- сурет. Жауынды күн.Адамның көңіл күйі тұнжырап,еш нәрсеге көңілі соқпайды, көзге жас келеді.Мұндай көңіл күйді жауынды күнге ұқсатуға болады.

ІV. Сабақты бекіту.

-Эмоция дегеніміз не?

-Эмоцияның құрамдас бөліктері қандай?

-Эмоциялық денсаулықтың бұзылуының алдын алу ережелері қандай?

Қорытынды.

Эмоциялардың барлық пайдалы және зиянды жақтарын жақсы ажырата білген жөн.Одан соң пайдалы жақтарының көп болуына ұмтылу қажет.Алайда эмоцияның пайдалы жағы дегеніміз ешбір уайым -қайғысыз, ештеңені ойламай тып -тыныш өмір сүру емес, пайдалы эмоциялар- бұл қиын күрестен кейінгі жеңіс.


Егер көңіл күй нашар болса, оны қалай көтеруге болады, не көмектеседі?

Айнаға қарап,мынадай жаттығу жасаңдар.Қасты көтеріп,қайта түйіп,көзді қатты жұму,содан соң көзді барынша ашу.Ауызға ауа толтырып,ұртты томпайтып,ауаны шығару.Күлкінің көмегімен көңіл күйді жақсартуға болады.Адам күлгенде қанға көтеріңкі көңіл күйге көмектесетін ерекше гармондар бөлінеді екен.

IV. Үйге тапсырма.

«Мектептен кейінгі көңіл күй» деген тақырыпқа сурет салып келу.





А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің Педагог-психологі: Токжанова Аймгуль Бактыгалиевна


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Балалардың жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп қалыптастыру." Баяндама

Автор: Токжанова Аймгуль Бактыгалиевна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406902

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу""
    ["seo_title"] => string(86) "baiandama-alg-ashk-y-skieri-daiyndyk-sabak-tary-ark-yly-otansuighishtikkie-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "289647"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454848912"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«О?ушыларды? ?зіндік іс-?рекетін ?алыптастыру» ,баяндама"
    ["seo_title"] => string(58) "ok-ushylardyn-ozindik-is-riekietin-k-alyptastyru-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "307763"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458416190"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Ата-аналар жиналысына баяндама: "Отбасындағы және балабақшадағы бала тәрбиесі""
    ["seo_title"] => string(79) "ata_analar_zhinalysyna_baiandama_otbasyndagy_zh_ne_balabakshadagy_bala_t_rbiesi"
    ["file_id"] => string(6) "506045"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1554382349"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(210) "Баяндама "Балалар кітапханаларында о?ырмандар?а ?ызмет к?рсетудегі ?арым-?атынас аспектілері ж?не оны шешу жолдары" "
    ["seo_title"] => string(132) "baiandama-balalar-kitapkhanalarynda-ok-yrmandarg-a-k-yzmiet-korsietudieghi-k-arym-k-atynas-aspiektilieri-zh-nie-ony-shieshu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "205208"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429816372"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Баяндама. ?азіргі заман талабына сай жа?а инновациялы? ?діс - т?сілдер енгізу . "
    ["seo_title"] => string(83) "baiandama-k-azirghi-zaman-talabyna-sai-zhan-a-innovatsiialyk-dis-t-sildier-ienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "183151"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425741470"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства