kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата - ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін нығайту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»»

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау

гуманитарлық колледжі» МКҚК





Бекітемін»

Директордың оқу-әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

___________Кайболдиева Н.Ж.

«_____»_________ 2018 ж.







Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда облыстық on-line тәжірибе алмасу




Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»



























Ақтау -2018ж.

Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»
Мақсаты:

  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты орната білу және оны жақсарту;

  • ата-ана мен бала арасында кикілжіңнің болмауын және оның алдын алу жолдарын анықтап, көрсету;

  • ата-ананың балаларына зейінін көбірек бөлу арқылы баланың бойында сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббат сезімдерін қалыптастыру арқылы отбасы мүшелері өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну;

  • отбасылық қиындықтарда дұрыс шешім қабылдай отырып, дұрыс әрекет жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг - сабақ.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, жіп, ситуациялық –сұрақтар, бейнетаспа,

А- 3қағаз, конверт,жүрекшілер,жемістер.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: . «Өрмекші әдісі», «Кластер» әдісі,

Сұрақ-жауап, аяқталмаған ой әдісі, релаксация әдісі, махаббатқа толы хат, бағдаршам әдісі,ән.

Пәнаралық байланыс: музыка, педагогика, әлеуметтік психология, өзін – өзі тану, жас ерекшелік психологиясы.

Тренинг барысы:

1. «Өрмекші әдісі»
2. Бейнебаян «Ақшаға өлшенген уақыт»

3. «Кластер» әдісі

4. «Мейірімділік шуағы» релаксация жаттығуы 
5. «Аяқталмаған ой» әдісі

6. «Махаббатқа толы хат»

7. Кері байланыс. « Бағдаршам әдісі».

8. Бағалау. Үй тапсырмасы.

9.Қорытынды.

10. Ән «Әке-Ана»

Ұйымдастыру кезеңі.

«Жемістер әлемі»

(жемістер арқылы топқа бөлу).

1. «Өрмекші әдісі».

Мақсаты: жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.

Психолог: қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен дамуының көп қырлы күрделі үрдісі.

Берілетін сұрақтар:

1. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалай түсінесіз?

2. Отбасындағы баланың, ата-ананың атқаратын рөлі қандай?

3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіз. Бақытты отбасының құпиясы неде?

4. Өз отбасыңыз жайлы не айта аласыз?

2. Бейнеролик «Ақшаға өлшенген уақыт»

Сұрақтары:

* Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасы қандай?

* Бала тәрбиесі жайлы не айтар едіңіз?

* Бала сағынышын көрген әкенің ойының өзгеруіне не себеп болды?

*Бейнетаспадағы әкесі мен анасының іс – әрекеттерін қалай бағалайсыз?

3. «Кластер» әдісі ( постер қорғау)

Мақсаты: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау,

тұжырымдау.

1 - жағдаят: Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуміз де жұмыссыздар қатарындамыз.Оқта – текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалады? Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды.Дегенмен де балаларымызда қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз. 5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағым жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді.Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен... Сұрақ: Сіз қандай кеңес берер едіңіз? Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз? 2 - жағдаят: Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болсашы? Біздің үй үнемі ұрыс – керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады.Ал өзім болсам мектептен шаршап келгенімде анам маған: «Күні бойы үйде болмайсың.Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні – түні ішкені ішімдік, үйдің берекесін қашырады. Осындай жағдайлардан соң, сабақ оқу қайдан болсын? Ата – анаммен бірге тұрудан шаршай бастадым, үйден безіп кеткім келеді? Не істерімді де білмеймін...

Сұрақ: Мұндай жағдайда не айтуға болады? Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?

3 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.

Сұрақ: шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?

Қандай қателіктер бар?

Баланың қандай құқығы бұзылды?

4 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

4.«Мейірімділік шуағы» релаксация жаттығуы. 

Көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасайымыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан - дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді көздеріңді ашыңдар.

«Аяқталмаған ой» әдісі .

Сөйлемді аяқтап, түйіндеңіз 
• «отбасы жарастығы»… 
• Отбасы бақыты… 
• Отбасы қуанышы… 
• Адам отбасында сыйластыққа қол жеткізе алады… 
• өзіңіз шешім таба аламағанда дұрыс шешім табу үшін ата-анаңызбен еркін сыр бөлісе аласыз ба? 
• Мен ата-анамды қуанышқа бөлеген сәтім… 

5. «Махаббатқа толы хат» . Студенттер өз ата –аналарына өздерінің қаншалықты жақсы көретіндігін жүрекшелерге жазып, казпочтаның қызметкері арқылы жазған хаттарын ата-анасына жібереді.

7. «Кері байланыс» Бағдаршам әдісі.

Жасыл – өте жақсы

Қызыл – жақсы

Сары – орташа

8.Бағалау. Үй тапсырмасы (ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтауға арналған тест, сауалнамалар. )

9.Қорытынды: Баламен қарым-қатынас жасағанда ата-ана шын қөңілмен ниет таныту керек. Қарым қатынаста баланың сыртқы жағдайына ғана емес, баланың ішкі жан дүниесіне көңіл аударуы тиіс.

10.Ән «Қос бәйтерегім»

Қос бәйтерегім

Әні мен сөзі Роза Әлқожа

Әкешім пана болған биік шыңым

Үйреткен мына өмірдің барлық сырын

Жер бетін кезгенменен

Сендердің көздеріңнен

Төгілген жылылықты

Ешкімнен сезбедім мен

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген

Кешірген көп кетсе де қате менен

Анамның алақаны

Әкемнің қарағаны

Ұқтырды біз екенін

Бақытқа балағаны

Сендердің арқаларың жүргеніміз

Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз

Менің қос бәйтерегім

Сендерсіз қайтер едім

Әрқашан бірге болсаң

Түгел ғой бар керегің




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»

Автор: Мусрепова Хадича Культасовна

Дата: 03.05.2018

Номер свидетельства: 468308

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "психологиялы? тренингтер"
    ["seo_title"] => string(30) "psikhologhiialyk-trieninghtier"
    ["file_id"] => string(6) "263566"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449572871"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Баяндама Мектепті? педагогикалы? ?жымы"
    ["seo_title"] => string(42) "baiandamamiektieptinpiedaghoghikalykuzhymy"
    ["file_id"] => string(6) "286983"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454421697"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Т?л?а аралы? конфликт ж?не оны? шешілу жолдары"
    ["seo_title"] => string(54) "tu-lg-a-aralyk-konflikt-zh-nie-onyn-shieshilu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "280312"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453361301"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Ашы? саба?. "?ос жынысты ж?не дара жынысты г?лдер.Г?л формуласы" 6 класс "
    ["seo_title"] => string(77) "ashyk-sabak-k-os-zhynysty-zh-nie-dara-zhynysty-ghuldier-gul-formulasy-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "141332"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418105442"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства