"Татулық-достық кілті" тренингі Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында өткізуге болады. Психологиялық ойындар арқылы қатысушыларды бір-бірімен тату қарым-қатынас орнатады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Татулық-достық кілті" тренингі»
“Татулық-достық кілті”
(психологиялық тренинг)
Мақсаты:Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Психологиялық ойындар арқылы қатысушыларды бір-бірімен тату қарым-қатынас орнатуға шақыру.
Тренинг ережесі:-біз тыныштықты сақтаймыз;-бір-бірімізді тыңдаймыз;-өз ойларымызбен бөлісеміз;-сезімдерімізді сыйлаймыз;-уақытымызды үнемдеп, қысқа да нұсқа жауап береміз;-тәртіппен, өз кезегімізбен сөйлейміз;-белсенділік танытамыз;
1тапсырма“Сәлемдесу”
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді:
“Татулық”, “Сыйластық”, “Ынтымақ”
Шарты:Қазір мен сіздерге түрлі тәсілдермен амандасуды ұсынамын. Сіздер оң және сол жақ көршілеріңізбен дәл солай амандасуларыңыз керек. Амандасу кезінде бір-бірлеріңізден қал-жағдайларыңызды сұрауды ұмытпаңыздар. Сонымен, көзбен..., қолмен..., тіземен..., иықпен..., арқамен..., баспен..., аяқпен..., т.б.
2. «Достық үйі» мінездеме беру
Нұсқау:берілген «Достық үйіне» өзіңіздің қай этажда тұрғыңыз келетінін
белгілеңіз. Сол арқылы сіздің қандай жеке тұлғалық ерекшелігің бар екенін
байқаймыз.
ІҮ қабат-Сенімді адам
ІІІ қабат-Көмегін аямайтын адам
ІІ қабат-Шыдамды адам
І қабат- Сабырлы адам
«Біз - татумыз» топтық жұмыс
4.«Ауа-райы жаттығуы»
Шарты:Қатысушылар ауа-райын белгілі бір іс-қимылмен көрсетеді. Қатысушылар алдыңғы адамның арқасына қолы жетерліктей жақын отыруы керек.
5.«Менің белгім»анкета толтыру
Мынадай төрт сұраққа жауап жазады. (сөзбен, сурет салу арқылы): Менің отбасым. Жақын досым. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім. Ұнататын түсім. Оқушы ол-..............
6.«Тату алақан»жаттығуы.
Шарты: Әр қатысушы өз парағына алақанның суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жақып шығады .