kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Татулық- достық кілті" Оқушылар арасындадостық, бірлік, татулықты дамытуға бағытталған психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Оқушылар арасындадостық, бірлік, татулықты дамытуға бағытталған  психологиялық тренинг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Татулық- достық кілті" Оқушылар арасындадостық, бірлік, татулықты дамытуға бағытталған психологиялық тренинг»

Қазан жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі

















Оқушылар арасында достық, бірлік, татулықты дамытуға бағытталған психологиялық тренинг.











Педагог – психолог Магнұрова Мөлдір Ақылбекқызы











2016 – 2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Татулық- Достық кілті.

Мақсаты:

• Әр оқушының өз «менін», ұжымының «біз» ұғымдарын қалыптастыру.

• Баланың сенімін тұрақтандыру.

• Өз тобында өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу.

• Адамгершілік – психологиялық жағдай туғызу.

• Топта достық қарым – қатынас орнату.

Түрі: Түзете – дамыту сабағы

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті қағаздар, геометриялық фигуралар

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Тренинг жоспары:

  • «Сәлемдесу» жаттығуы 3-5 минут

  • «Достық» жаттығуы 7 минут

  • «Достық туралы» мақал-мәтелдер 10 минут

  • «Сезімдер әлемі»жаттығуы» 5- 7 минут

  • «Қатып қалу »жаттығуы. 7 минут

  • Қорытынды. 5 минут

Тренинг ережесі:

  • Тыңдай білу

  • Белсенді қатысу

  • Сөзді бөлмеу

  • Күлімсіреу

  • Сын айтпау



1. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру.

Жаттығу барысы

Қатысушылар бір –бірімен сәлемдесудің үш түрінде сәлем береді.: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, , «италиандықтар» құшақтасады.



2. «Достық» жаттығуы



     Нұсқау: 2 топ және әр топта 3 орындықтан. (3 орындықта мүмкіндігінше көбірек қатысушыларды сиғызып отырғызу керек).

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.



3. Достық, Бірлік, Татулық туралы мақал -мәтелдер.

Нұсқау: Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Балаларға ақ беттер таратылады. Қатысушылар Достық туралы мақал-мәтелдер жазуы тиіс. Ең көп мақал-мәтел жазған топ жеңіске жетеді.

Мақсаты: Ұйымшылдыққа ойын, , коммуникативтік дағдыларды дамытады.



4. Сезімдер әлемі » жаттығуы

Нұсқау: Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Оқушыларға әр түрлі эмоциялар жазылған парақтар таратылады. Оқушылар оны мимика, пантомимика түрінде көрсетіп шығуы тиіс.

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

5. «Қатып қалу »жаттығуы.

Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс.

Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді.

6. Қорытынды.

Оқушылар тренингтен алған әсері туралы, өзінің көңіл-күйінің қандай болғаны туралы жазады.















Қуаныш


Таңдану


Батылдық


Достық


Қызғаншақтық





Қорқыныш







Оқушылар арасында достық, бірлік, татулықты дамытуға бағытталған

«Татулық- Достық кілті» атты тренингінің өзіңдік талдауы


Мақсаты:

• Әр оқушының өз «менін», ұжымының «біз» ұғымдарын қалыптастыру.

• Баланың сенімін тұрақтандыру.

• Өз тобында өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу.

• Адамгершілік – психологиялық жағдай туғызу.

• Топта достық қарым – қатынас орнату.

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті қағаздар, геометриялық фигуралар

Тренинг жоспары:

  • «Сәлемдесу» жаттығуы 3-5 минут

  • «Достық» жаттығуы 7 минут

  • «Достық туралы» мақал-мәтелдер 10 минут

  • «Сезімдер әлемі»жаттығуы» 5- 7 минут

  • «Қатып қалу »жаттығуы. 7 минут

  • Қорытынды. 5 минут


Тренингке оқушылар қызығушылықпен қатысты. Оқушылардың белсенділіктеріне қарап тренинг оқушыларға ұнады деген ойдамын. Оқушылар өз ойларын толық жеткізе алды. Тренингте оқушылар сәлемдесу жаттығуын орындап, достық, татулық туралы мақал-мәтелдерді аяқтады, достық, бірлік туралы өлең жолдарын шығарып, топтық сурет салды. Оқушылар берілген сезімдерді мимика, пантомимика түрінде көрсетіп шықты.

Тренингтен алған әсерлерін стикерлерге жазды. Тренинг қызықты өтті деп ойлаймын. Қорытындылау барысында: Не білдік? Өздеріне қандай білім алдындар? деген сұраққа күткен жауабымды алдым. Оқушылардың белсенділіктеріне қарай тренингте алға қойған мақсатыма жеттім.









Педагог – психолог Магнұрова Мөлдір Ақылбекқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Мағнурова Мөлдір Ақылбекқызы

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства