«Үшағаш негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологы: Жумаева Нурия Сафиоллақызы
Мақсаты: Әрбір оқушыны сол топтың мүшесі
екендігін сезінуі.
Көршіңді сол жақтан құшақта,
Көршіңді оң жақтан құшақта
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы ,
Біз үлкен отбасы!
Шеңбер бойымен отыру.
Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің
қолынан ұстап, мына сөздерге жауап алуы тиіс –
«Бүгінгі пікір алысу кешінен не алғыңыз,
не көргіңіз келеді?»
әрі қарай шеңбер бойымен осылай
жалғаса береді.
*Оқушылардың мамандық таңдауытуралы
ойларын кеңейту, нығайту;
Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал
ететіндей, мамандықтар түрлеріне
мүдделерін арттыру;
* Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық
талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта
тәрбиелеу;
* Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру.
Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай
алуын дамыту;
Сабақтың мақсаты:
· Оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.
Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей,
мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.
· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға,
бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу
· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру.
Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту
Кездесу сабақ
пікірлесу, сұхбаттасу
Нақыл сөздер
1. «Білім - бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы»
2. «Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан...»
Абай Құнанбаев
3.«Қазақстан өздерің сияқты жас
мемлекет, біздің болашағымыз
да жастар...»
Н.Ә.Назарбаев
Шақырылған қонақтармен сұхбат (Сұхбатты мұғалім жүргізеді)
1. Сіз өз мамандығыңызды қашан таңдадыңыз?
2. Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?
3. Мамандық таңдауда сізге ықпал болды ма?
Кімдердің ықпалы көбірек болды?
4. Өз балаңыздың мамандық таңдауына
ықпалыңыз бар ма?
5. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не
қажет?
6.Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз
болды ма? Не себепті таңдауды өзгерттіңіз?
7. Біздің оқушыларға мамандық таңдау
туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?
8. Адамның өз мамандығына қанағаттануы
дегенді қалай түсінесіз?
1.Қандай мамандық таңдауға
кеңес берер едіңіз?
2.Осы мамандықты таңдауыңызға
не себеп болды?
3.Сіздіңше мамандықты дұрыс
таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
4.Ұстаз болу сіздің бала күнгі
арманыңыз ба еді?
1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?
Мамандық таңдау не үшін керек?
2.Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі
не керек?
3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың?
Қорқынышты ма?
4.Өзіңді мамандықтар әлемінде табу
дегенді қалай түсінесің?
5.Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе
мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің
келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?
6.Мамандық таңдау сеніңше қалай
орындалады?
7.Өз таңдаған мамандығыңның адамға қояр
талаптары мен оқу шарттары туралы білесің бе?
Нәтижесінде:
5 оқушысы, яғни 75%-ы
” толық хабардармын”,
2 оқушысы, яғни 10%-ы
” аз ғана хабардармын”,
3 оқушысы, яғни 15%-ы
“ хабарым жоқ”.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің
сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің
болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін
айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен
ертеңі жас ұрпақтыңеншісінде болғандықтан
сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті
болуларың үшін өзмамандықтарыңды
дұрыстаңдап, дұрыс игеріп өмірден өз
орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!
Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын
мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
· ӨЗІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ;
· ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛУ;
· ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БОЛУ;
· ӨЗІН- ӨЗІ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДІ,
ҰЖЫМҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУШЫ;
· ПІКІРТАЛАСТА ӨЗ ОЙЫН БІЛІП ӨЗ
ОРНЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН;
· ТӘЖ і РИБЕДЕН ӨЗІНЕ ПАЙДАЛЫСЫН
АЛА АЛАТЫН;
· ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШЕ АЛАТЫН;
· ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ
АЛАТЫН ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ;
· Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне
назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше
қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.
· Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет
тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді
игергенің аса пайдалы.
· Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық
емес екендігін есіңде сақта!
· Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да
ұнайды деген ойдан аулақ бол!
· *Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі
мамандық етіп таңдағанпайдалы екенін
есіңде ұста!
* “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер
саған бір адам ұнаса, оның меңгерген
мамандығын мен де таңдауым керек деген
қортынды жасауға болмайды.
* Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар
ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар
басып жатыр.Сондықтан қосалқы
таңдаған мамандығың болуы шарт.
* Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған
мамандығыңның өз денсаулығыңа сай
келетін- келмейтіндігі жөнінде
Дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!
*Өзіңмен алдын –ала психологиялық
зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам
жасаптаңдай беруге болатын
бірде- бір мамандықтың жоқ
екендігін есіңде сақта!
Қонақтардың пікірлерімен және мұғалімнің
қортынды сөзімен:
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда
қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау,
екіншісі – мамандық таңдау» деп
М.Мақатаев айтқандай, мамандық таңдау –
жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды
шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға
келген қонақтарымызға рахметімізді айта
отырып, бұл кездесу оқушылардың болашақта
өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне
сәйкес келетін мамандықты анықтауға,
кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға
үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз.
Біздің жаттығуымыз аяқталуға жақын қалды.
Мен сендердің барлығыңызға қатысқандарыңыз
үшін ризамын.
Ал қазір мен май шамды жағамын.
Барлығымыз бір-бірімізбен жұмыс жасағанымыз
үшін бір-бір жылы сөз айтып ,майшамды беріп
отырамыз.
Қоштасуға майшамды алғанымыз , жарық деген
жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық,
жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі
тренингімізді аяқтаймыз.