kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "Маманды? та?дау-ма?ызды іс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Во внеурочном мероприятии была рассмотрена тема выбора професии для старшеклассников, куда пойти учится и какой выбрать предмет для выбора той или иной специальности. Здесь описывается тест Климова о людях- специальностях.

Ма?саты: о?ушылар?а болаша? маманды? ж?не о?у ба?дарын та?дауда к?мектесу, маманды? ?лемі ж?не оны? ерекшеліктері туралы д?ниетанымын ке?ейту; маманды? та?дау м?селесін белсенді арттыру, маманды? ?лемі туралы а?парат алу ар?ылы ж?не ?зін тану шекарасын ке?ейту ар?ылы маманды? ба?ытын та?дауда жауапты шешім ?алыптастыру.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему "Маманды? та?дау-ма?ызды іс"»



Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау-маңызды іс
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:топқа бөліну

ІІ. Негізгі бөлімі

Мұғалім:Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі сабағымызда біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау-маңызды іс» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
«Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз».

«Әзір ас жоқ дүниеде,

Сабақ өзі оқымайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры-біз,

Екі қол мен ақылымыз!

Мамандық алғың келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.»

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
«Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан»,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Казіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
1.компьютерді білуі
2.бірнеше тілді,ағылшын тілін білуі
3.адамдармен қарым-қатынас жасай білуі
4.өз тауарын,қызметін өткізе білуі
5.тез шешім қабылдап,бастамашылық жасау
6.үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы болуы мүмкін ,өз досынын ықпалы болуы мүмкін.Мамандық таңдауда ең бастысы не қабілет , не дарындылық болу мүмкін.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

ІІІ.Оқушы деген мамандық бар.Ол дегеніміз-мектептен оқушы өзін дайындайды, мамандығына сай пән таңдайды.

Биология таңдағанда 19 мамандыққа мүмкіндігі бар:

1.мектепке дейінгі оқыту, 2.педагогика; 3.дефектология;4.биология,профилактикалық іс;5.психология; 6.экология; 7.биотехнология;8.агрономия;9.зоотехника;10.медецина; 11.аң өсіру және аңшылық;12.балық шаруашылығы; 13.емдеу ісі;14.медико-химиялық; 15.педиатрия;16.стоматология;17.шығыс медецина;18.медико-биологиялық; 19.ветериналдық;20.топырақтану

Химия 5 мамандықты таңдатады:

1.биоорганикалық заттардың химикалық технологиясы; 2.органикалық заттардың химикалық технологиясы; 3.азық-түлік тағамдары; 4.өңдеу-өндірістер технологиясы; 5.фармацептика

Дүние жүзі тарихы 9 түрлі мамандыққа жол ашады:

1.тарих;2.философия;3.мәдениеттану;4.социология;5.мұражай ісі; 6.дінтану; 7.археология және этнология; 8.құқықтану және қоғау қызметі; 9.саясаттану.

Қазақ әдебиеті 4 мамандық таңдауға жол ашады:

1.қазақ тілі мен әдебиеті;2.филология;3.кітапханатану; 4.баспа ісі

Шет тілін таңдасаңыз:

1.шетел тілі;2.халықаралық қатынастар;3.аударма ісі; 4. Халықаралық құқық; 5.аймақтану.

География таңдағандар үшін:

1.құқық және экономика;2.әлеуметтік жұмыс; 3.география;4.кәсіптік білім; 5.тұрмыстық қызмет;6.экономика; 7.менеджмент;8.туризм;9.есеп және аудит; 10.қаржы;11.мемлекеттік және жергілікті басқару; 12.маркетинг; 13.гидрометерология; 14.геодизия және картография; 15.су ресурстары

Физиканы таңдағанда 14 мамандыққа мүмкіндік бар:

1.автоматтандыру және басқару; 2.ақпараттық жүйелер; 3.есептеу техникасын бағдарламалық қамтамасыз ету; 4.геология және пайдалы кен орындарын барлау; 5.мұнай-газ ісі; 6.металлургия; 7.көлік,көлік техникасы және технологиялары; 8.ағаш өңдеу технологиясы; 9. Жеңіл және тоқу өнеркәсібі;10.құрылыс материалдарын,бұйымдарын және конструкцияларын өндіру; 11.стандарттау; 12.метрология; 13.агроинженерия

ІV.Әр топ мамандыққа бөлініп отырғанына қарай постер жасайды.



V.Қорытынды

«Еңбек етсем,ертеңгі-бақытыма сенемін

Мақсатыма жеткізер-уақытыма сенемін

Достық іспен қасты да-жеңеріме сенемін

Ақыл,сана,білім мен-өнеріме сенемін

Арым-таза, ақ көңіл-адалдыққа сенемін

Абыройлы ақ ниет-адамдыққа сенемін»

Қорытында келе,мына «Ең жақсы» ойынын ойнап көрейік: қонақтар мен оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті – бизнесмен

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық,егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

VІ.Рефлексия

№273 орта мектеп







АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ:

(өтілген күні:16.11.2015ж)



Сынып жетекшісі:Тажибаева Марал















Байқоңыр қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
конспект урока на тему "Маманды? та?дау-ма?ызды іс"

Автор: Тажибаева Марал Шмановна

Дата: 24.12.2015

Номер свидетельства: 270053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства