Сабақтың мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
«Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға, мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысың өз есімдеріңді айтып, есімдеріңнің бас әрпіне сай келетін өз бойларындағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар, біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Ал, іске сәт, бастайық, балалар».
1.Адамның әдептілігін қалай білуге болады?
2«Әдептілік – әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамның айналамен қарым қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілік пен көрсете алуы әдептілікке әкеледі.
Әдептілікке елгезктік, тіл алғыштық сыпайылық, көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілділік және басқа да жақсы сүйкімді қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен, құрметпен қарайды. Әдеп сақтау- адамгершіліктің белгісі.
Өнегелі істер
Мұқағали Мақатаев “Көшеде”
1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Ақын адамдар арасындағы қандай қарым-қатнасты көрсеткісі келген?
3.Ізеттілік, сыпайылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер