kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?дептен озбайы? "т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                              1-сынып         28.02.2014ж.

   ?дептен озбайы?

Ма?саты:?дептілік туралы ??ым ?алыптастыру,?дептілік,инабаттылы?  жайында о?ушыларды? ойын дамыту,?о?амды?ортада ?зін-?зі ?стай білуге,ізгілікке,м?дениеттілікке,?лкенді сыйлау?а,кішіге ?лгі бола білуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Сахнаны безендіру.

   Саба? барысы:        

Ерасыл:

«А?ыл жастан, асыл тастан

Шы?ады» деп дарынды

Халы? айтса, халы? с?зі

?р?ашан да нанымды.

Сол ?нерді? жолын ?у?ан

Осы сынып атынан,

?абылда?ыз шын ж?ректен,

С?лем сізге жалынды!

О?ушылар хормен:  Жалынды с?лем!

  Айшаг?л:  Ата-ана тілегі

Ата-ананы? тілегі-

Адам болып ?скені?

?дептілік дегені?-

?р?ашанда керегі?.

Досымжан: Атам мені? ?манда

«?депті жан бол» деген.

Ата с?зі санамда,

Жас ?лкенге жол берем.

Алдын орап кісіні?

Кесіп ?тпей к?лдене?,

Ізетімен кішіні?

С?лемдесіп ?ол берем.

Жанболат:

Сыйлап с?лем беремін

К?ршілерді к?ргенде

Ізетпен бас иемін

?депсіз деп с?кпесін

Анама айтып ?кпесін.

Ж?ргізуші: ?уаныш?а б?ленген ?р к?німіз,

                    Ба?ыттымыз, балалар, барлы?ымыз.

Хор: Біз - ?мірді? г?ліміз.

 Ж?ргізуші:  «Білсін деп ?аза? ?ланы.» б?ліміне кезек береміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?дептен озбайы? "т?рбие са?аты »

1-сынып 28.02.2014ж.

Әдептен озбайық

Мақсаты:әдептілік туралы ұғым қалыптастыру,әдептілік,инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту,қоғамдықортада өзін-өзі ұстай білуге,ізгілікке,мәдениеттілікке,үлкенді сыйлауға,кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнаны безендіру.

Сабақ барысы:

Ерасыл:

«Ақыл жастан, асыл тастан

Шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Осы сынып атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды!

Оқушылар хормен: Жалынды сәлем!

Айшагүл: Ата-ана тілегі

Ата-ананың тілегі-

Адам болып өскенің

Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Досымжан: Атам менің әманда

«Әдепті жан бол» деген.

Ата сөзі санамда,

Жас үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Жанболат:

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде

Ізетпен бас иемін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

Жүргізуші: Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Хор: Біз - өмірдің гүліміз.

Жүргізуші: «Білсін деп қазақ ұланы.» бөліміне кезек береміз.

Әлия:

Кіреріңде есікті

Тарсылдатып қақпа.

Шығарыңда есікті

Тарс еткізіп жаппа

Тұрар:

Ақты әсте төкпейді,

Итаяқты теппейді.

Асыранды күшікті

Жұртқа тастап кетпейді.

Нүрсәт:

Оттың орнын баспайды

«Қасиетімді қашырар»деп

Күлді қолмен шашпайды

«Ел бүлініп шашырар» деп


Ажар:

Сөз өнерін тыңдасаң:

Бекіте сөйле,бос айтпа

Көпіре сөйлеп кісіге,

Саусағыңды шошайтпа.

Рахат;

Өспеген көкті жұлмайды

«Көктей орыласың» деп

Малды басқа ұрмайды

«Киесіне жолығасың» деп

Ернұр:

Адамды қолмен санамайды

«Сарапқа түсер күн болар» деп

Құс ұясын тонамайды

«Ұрпағыма мін болар» деп

Аякөз:

Ақиқатты күндеген

Әділетке жарымас

Ана тілін сүймеген

Анасын да танымас

Міне осыларды есте сақтау, бізге көп пайдалы екен.Олай болса есте сақта!

Жүргізуші: Жақсы болу -өзіңнен,

Жаман болу -өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен - демекші кезекте «Есіңде сақта» бөлімі.

Досымжан: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Ажар: Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

Нүрсәт: Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны ұста сол қолмен.

Бақдәулет: Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Әлия: Саусағыңды сормағын,

Салдыр- салақ болмағын.

Тұрар: Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлып түймені.

Ернұр: Ашуланып, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Рахат: Құр бекергше қылтима,

Болмашыға бұртима.

Жанболат: Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Айшагүл: Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің-

Әуре –сарсаң әлегің.

Жүргізуші: Тренинг бөлімі «Санамақ»

Марал: Қыз балаға.

Мен қызбын –гүлмін,әдемі боп жүрмін.

Айнаға қараймын,

Көйлегімді киіп, шашымды тараймын.

Анама көмектесуге жараймын.

Үйді жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Ешкіммен ұрыспаймын,

Төбелесіп жұлыспаймын.

Өзімді дұрыс ұстаймын.


Бақытжан: Ұл балаға.

Мен ұлмын – ермін,

Тірегімін туған жердің,

Тілегімін туған елдің.

Әкемнің ізіне ердім,

Ер болам деп сендім.

Мен азамат жігіт болам,

Батырлардай өсіп толам.

Жануарларды ұрмаймын,

Қыздарды қорғаймын,

Жаман жігіт болмаймын.

Хормен: Уәде береміз.

Жүргізуші: Күндей гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық – нық басып.

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып.

Биші қыздарымыздың «Қуыршақ» биін қабылалыңыздар.

Жүргізуші: Кезекті «Біз болашақта» бөліміне берсек.

Бақдәулет: Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Рахат: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ерасыл: Сәлем сөздің анасы

- Сәлематсыз бе, ағай! – деп,

-Сәлематсыз бе, апай! – деп,

- Есенсіз бе, әже! - деп,

- Амансыз ба, атай! – деп,

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Жанболат: Мектепке барғанда

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң» деймін мен.

Әлия: Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін.

Жүргізуші: Сахналық көрініс «Үш ұл»

Жүргізуші: «Ақылдыдан шыққан сөз» бөліміне мән берсек..

Рахат: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Аякөз: Аға әдепті болса, іні әдепті,

Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті,

Жанболат: Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Бақытжан: Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый дәметпе.

Әлия: Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

Ернұр: Әдептілік ар,ұят-

Адамдықтың белгісі.

Бақдәулет: Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені.

Ерасыл: Кішіпейілділік кішілік емес,

Кісілік қасиет.

Ажар: Әдепті дегенше,

Әдемі десейші.

Тұрар: Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал.

Досымжан:Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Айшагүл: «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

Нүрсәт: Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.

Марал: Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

Жүргізуші: Сәлем берудің түрлерін көрсету:

  1. Ата мен баланың сәлемдесуі.

  2. Әже мен қыздың сәлемдесуі.

  3. Құрдастардың сәлемдесуі.

Тренинг «Болады, болмайды»

Үлкеннің ақылын тыңдауға

Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге

Жасы үлкенге орын беруге

Адамдармен амандасып жүруге

Өтірік айтуға

Оқулықты жыртуға

Біреуді мазақтауға

Сабақтан кешігуге

Сабақты тек беске оқуға

Жүргізуші: Ортаға биші қыздарымызды шақырсақ. «Саржайлау» биін қабылалыңыздар.

Олай болса мен сендердің мінездерің қандай екенін білгім келіп отыр.

Тренинг «Мінезің қандай?»

Рахат:Адал бол деп балдырған,

Әділдікке баулыған.

Жүрегінде махаббат,

Асыраған, сақтаған.

Тілегіңе мархабат,

Аналарға мың алғыс!

Бақдулет: Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Аналарға мың алғыс!

Хомен: Аналарға мың алғыс!

Жүргізуші: Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерін анаға бағыштайды.

Ән: «Сенің анаң алтын» Орындайтындар:..............................................

Бақдәулет:Дос сарала ойыңды,нені ұқтың,

Көңіліңе нені алдың, нені бұқтың?

Айтарым тек өзіңе бір-ақ ақыл;

Бойыңды жамандықтан аулақ жыққын.

Аякөз: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі шуақты күндерде кездескенше аман-сау болыңыздар!


«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиындағы 1- сынып оқушыларының өнерлерінің жоспары.


Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдарлы , жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен «Соңғы қоңырау » түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

Бақдәулет:Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңызды.

Аягөз: Құрметті 11- сынып бітіруші ағалар мен әпкелер!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз.ҰБТ- тен сүрінбей өтіп 100 бал жинап.оқуға түсіп кетулеріңізге тілектеспіз.

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған

Ағалар мен әпкелер,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

Бақытжан: Мектебім мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

Ән. «Мектебім, аяулы мектебім» орындайтын Қуанышбек Бақдәулет.

Рахат: Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,

Еліме лайық болу ұранымыз.

Бақытты елдің ұл – қызымыз

Әркімнің маңдайындағы жұлдызымыз.

Елдерді бір – бірімен жалғайтұғын.

Болашақтың ертеңгі құндызымыз.

Ән: «Тәй – тәй» орындайтын Барлыбайқызы Ажар.

Марал: Мұнда біреу жымияды қызына,

Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.

Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла,

Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.

Ол кім десең,

Қуаныштан езулерін жыймаған,

Ол ата – ана, әлемдегі сыйлы адам.

Ата – аналардың құрметіне «Әкешім - анашым» әнін қабылалыңыздар.

Орындайтын: Құдас Аякөз

Рахат: Бағып – қағып мәпелеген,

Болғаның жоқ анадан, әкеден кем.

Ұстазым керек десең самғап барып.

Көктегі күннің нұрын әперер ем.

Барлық ұстаздар қауымына арналған ән «Ұстазым»

Ортаға Ақтай Досымжан және 1- сыныптың бишілер тобын шақырамын..

Мұғалім: Білім қуып алысқа кетерсіздер,

Үмітін ақтап мектептің жүрерсіздер.

Дүниенің төрт бұрышын аралаған.

Балашақ жас маман боларсыздар.- деген, ниетпен 1- сынып оқушыларының мектеп бітіруші аға - әпкелеріне арнаған арнауларын қабыл алыңыздар.

Рахат: Қазына әпкеме

Мектептің атын шығарған,

Бар ұстазға ұнаған.

Жолың болып өмірде

Сәттілік болсын сыбағаң.

Бақдәулет: Жәнібек ағама

Өнеге болған кішіге

Болаттай берік ісіне.

Келешекте де көп іс атқар

Осы абыройыңды түсірме.

Аягөз: Әскербек ағама

Әскербек ағам өте пысық,

Әрбір істі тереңнен ойлайтын.

Маман болыңыз болашақта

Комьпиютердің құлағында ойнайтын.

Бақытжан: Рабиға әпкеме

Бақ шаба ма, бап шаба ма

Жансын сіздің бағыңыз.

Ұлттық тестте құдай қолдап

Жоғары бал алыңыз.

Жанболат: Айболат ағама

Сабырлы әрі салмақты

Айболат аға ардақты.

Қияға қиялменен қарыштайды,

Өмірін мұнай- газға бағыттайды.

Ажар: Тоқтар ағама

Айыңыз туып оңынан

Әруақтар қолдасын.

Ұшқыш болуға бел буыпсыз,

Жолыңызды Алла оңғарсын.

Ерасыл: Жұмаш Жібек әпкеме

Он саусағыңды майыстырып

Өнер берген құдайым.

Сол бақты енді бағалап

Қызмет қыл елге ылайым.



Досымжан: Таңсұлу әпкеме

Таңсұлу әпкем өнерлі

Билейді мың бұралып.

Атақты биші болыңыз

Ауылдың атын шығарып.

Әлия: Салы Жібек әпкеме

Ақылына көркі сай

Хор қызының өзіндей.

Дизайнер болам депсіз онда

Өтіңіз сыннан сүрінбей.

Нүрсәт: Ақсымбат әпкеме

Он саусағынан өнер тамған,

Ақсымбат әпкем жан –жақты

«Ас адамның арқауы» - деп

Аспазшылықты таңдапты.

Тұрар: Таңшолпан әпкеме

Биікті үлкен бағындырып,

Асулардан асыңыз.

Физика ғылымының докторы боп

Жаңалықты да ашыңыз.

Айшагүл: Ерқанат ағама

Қаршадайдан еңбек етіп

Әкеге болған қолғанат.

Ауыл шаруашылығының дамуына

Үлесін қоспақ Ерқанат.

Ернұр: Мадина әпкеме

Инабатты, ибалы деп

Көпшілік берген бағасын.

Мадина әпкем болашақта

Емдемек тәннің жарасын.

Рахат: Асхат пен Нұрсұлтан ағаларға

Өз ісінің маманы болса

Халық жақсы бағалар

Пайдалы кәсіп таңдапты

Асхат пен Нұрсұлтан ағалар.

Марал: Болысбек ағама

Болысбек ағам елгезек

Ауылға тигізер мол көиек.

Мал дәрігері атанып

Төрт – түлікті емдемек.

Бақдәулет: Салтанат әпкеме

Білім - өнер бәріне бар талабы,

Әрқашан да ашық жарқын қабағы.

Салтанат әпкем дәрігер боп бір күні

Мәңгі , мәңгі есімізде қалады.

Ерасыл: Елдос ағама

Өзі білер ойлап жүрген ой санын,

Бір басында шаруасы бар сонша мың.

Елдос аға болашақта педагог

Саласының бас маманы болмақсың.

Әлия: Ынтымақ ағама

Қолыңнан келген істі атқарып,

Ата – анаға салмақ салмаған.

Ынтымақ ағам ақылды,

Пайдалы мамандық таңдаған.

Айшагүл: Біржан ағама

Ой озық талғамы бар жан – жақты,

Сыныптастар арасында ардақты.

Басқалардан аз сөйлеп, көп тыңдаған,

Біржан аға сабырлы да салмақты.

Марал: Нұрдәулет ағама

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Үштамның ол сүйкімді баласы,

Барлық ісек тиянақты қарайды

Мақтан етем нүрдәулет ағамды.

Аягөз: Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Хормен: Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын!

Бақдәулет: Сіздерге арналған ән «Ақ көгершін» Өмірдегі бейбіт құсына теңелетін ақ көгершіндей тек биіктерден самғай беріңіздер.Орындайтын: Шыныбек рахат.

Мұғалім:

Айналайын, жас түлектер жайнаған,

Сендер үшін, ертең үшін ойланам.

Еліміздің батырлары болыңдар

Тәуекелге бекем белді байлаған.

Білімді алған өмірінде басты деп,

Биік шықсаң өз үлесін қосты деп.

Айта жүрер ұстаздарың ұмытпай.

Ұлы күнде жолың болсын, жас түлек!

Өмірлеріңізге бақыт, асқақтаған арман мен биік мақсаттарға жетіңіздер және ҰБТ – тен сүрінбей өтіп, жоғары бал жинауларыңызға шын жүректен тілектеспіз.- дей отырып 1- сыныптың ән – шашуы аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?дептен озбайы? "т?рбие са?аты

Автор: Расиллаева ??ралай

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 199993


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства