Просмотр содержимого документа
«Денің сау болсын десең»
Денім сау болсын десең
Сабақ мақсаты : Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.
Міндеті:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу .
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру
Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Зиянды заттардың адам өміріне тигізетін зауалы қандай?
Қиындықтар кездескенде олрды қалай жеңуге болады?
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?мысал келтіріңдер.
Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде - Қазақстанның мықты тірегі, басты байлығы дені – сау ұрпақ деп атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.
-Бірінші бағыт -”Темекі шегуді тоқтату” -Екінші бағыт -”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес” -Үшінші бағыт -”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
Дәйек сөз:
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат
жемісі
Нақыл сөз
Әңгімелесу
«Денсаулығың өз қолыңда» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Салауаттылық – саулық негізі» деудің мәні неде?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
«Сатып алған ауруға дауа жоқ» дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
Шығармашылық
жұмыс
Жағдаятты талдау
«Денсаулықтың 10 құпиясын» есте сақтау қажет. 1 - ақыл – ой тазалығы.2 - дұрыс тыныс алу.3 - денені шынықтыру.4 - дұрыс тамақтану.5 - күлкі.6 - тынығу, демалу күші.7 - уақытты тиімді пайдалану.8 - таза қоршаған орта.9 - сенім күші.10 - сүйіспеншілік күші.
Топпен ән айту.
«Әрқашан күн сөнбесін» өлеңі.
Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл – суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бұл сөзі:
Қайырмасы:
Кешқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Үй тапсырмасы.
Оқулықта берілген Абай Құнанбаевтың “Он жетінші”қара сөзі.
Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталайық.
. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Бағалау.
Сабаққа ат салысып қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!