Просмотр содержимого документа
«Баланың мектепке дайындығын диагностикалау»
Баланы ң мектепке дайындығын диагностикалау
Мақсаты:
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, даму деңгейін, ойлау қабілетін анықтау.
«Құлақ- мұрын» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушының зейінін тұрақтандыру.
Барысы: Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші: «Құлақ»-деп мұрнын ұстайды.
Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс.
Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын
тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
«Дұрысын белгіле» тапсырмасы.
Барлық қызыл түсті «А» әріптерін қызыл
сызықпен қорша. Барлық көк түсті
«М» әріптерін көк сызықпен қорша.
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балаға қарама-қарсы отырып, допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған кері лақтыру қажет.
Лимон ащы, ал қант......
Шөп жасыл, ал аспан.....
Ағашты аралайды, ал шегені......
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар.....
Кеме жүзеді, ал машина ......
Шиені жейді, ал шәйді.....
Түнде қараңғы, ал күндіз....
«Орныңды тап» жаттығуы.
Мақсаты : Есте сақтау қабілетін дамыту.
Барысы : Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығады.
«Үй құрастыру»тапсырмасы.
Оқушылар әр түрлі фигуралардан қиылған қима қағаздардан өздеріне керек фигураларды таңдап алып үй құрастыру керек.