kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланы тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы "таяқсыз" да тәрбиелеуге болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланы тәрбиелеу»


Баланы «таяқсыз» да тәрбиелеуге болады

Баланы қалай тәрбиелеген дұрыс - таяқпен бе әлде мақтаумен бе? Кейде айтқан сөз бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кететін балаға не жаза қолданарыңды да білмейсің. Бәрін қолданғаныңмен де әйтеуір бір кемшілігі байқалады да тұрады. Әдетте жүйкеге әбден тиген бала үшін майқұйрықтан салып жіберу немесе желкеден түйіп жібергеннен басқа ештеңе көмектеспейтін сияқты. Сондықтан, көптеген ата - аналар тәрбиенің осы бір «саласына» көбірек үйіріледі. Таяқ жеп өскен бала біреуге әлімжеттік жасағысы кеп тұрады.

Ата - анасының желкеден немесе құйрықтан берген «жазасы» баланы өзінен кішілерді ренжітуге, оларға күш көрсетуге және үлкендердің сөзіне құлақ аспау мен әлімжеттік жасауға бейім болады. Сонда баланы қалай жазалау керек? Жалпы, осы жазалау керек пе? Ата - анаға, ересектерге сөзсіз бағынатын бала аз. Сондықтан кез - келген отбасында бала тәрбиесінде теріс қылықтары үшін жазалайтын сәттер міндетті түрде болады. Онсыз мүмкін емес. Себебі, баланың болашақта мінез - құлқы және ақ пен қараны ажырата алатындай санасы қалыптасуы үшін қажет - ақ. Бірақ қалай жазалау керек? Жас ата - аналардың тұйыққа тірелетін, ойын сан - саққа жүгіртетін сауалы да осы. Кішкентай сәбиді тыңдата білу қиын. Еркелеткің де келеді, бірақ шектен шығып кете ме деген қауіп те басым түседі. Кішкентай ғана «бақытты жанды» өкпелетіп, көңіліне қаяу түсіргің келмейді. Әрбір ата - ана балаға дауыс көтермей, қол жұмсамай - ақ тәрбиелегісі келетіні анық. Ешкім де өз баласының жылағанын, ренжігенін қаламайды. Бірақ кейде амал жоқтай көрінеді. Сонда баланы жазаламай - ақ тәрбиелеудің жолы қайсы? Тым ерке етпей, сонымен қатар ата - ананың сөзіне құлақ аса білетін баланы қалайша тәрбиелей аламыз? Ата - ананың маххабаты мен бала тәрбиесіндегі салғырттықтың (баланы бетімен жіберудің) шекарасы қайсы? Ол үшін мына кеңестер кез - келген ата - анаға көмек бола алады.

1. Балаға ата - анасы көшбасшы.
Ата - ана мен баланың арасында екі түрлі көзқарас болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы қалыптаспаған, жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Ата - анасы көш бастайтын көсем болуы қажет бала үшін. Демек, ата - ана әрбір іс - әрекетіне мән беруі қажет. Білікті, білімді, қайсыбір жағдай болмасын, сабырмен қабылдап, нені болмасын, сабырмен қабылдай алатын көшбасшының (ата - ананың) соңынан ереді бала да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама - қайшылықты анық көретін боласыз. 4 - 5 жасында - ақ өз қалауын ата - анасына сөзсіз орындататын бала ерке. 2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана) ата - ана үшін заңды. Одан кейінгісі - еркелік. Демек, уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып, бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс. 4 - 5жасқа келгенде бала ата - анасының неге рұқсат етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс. Егер осы жасқа дейін ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен түсініспеушіліктер болмайды.

2. «Болатын» және «болмайтынның» шекарасы.
Балаға берілетін дұрыс тәрбие «болатын» және «болмайтын» іс - әрекеттерді айқындайтын нақты шекарадан тұрады. Бұдан бала, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екендігін, қандай іс - әрекеттердің оң, қай қылығының теріс екендігін анық ұғып өседі. Егер кеше балаға тырнақты тістемеуді немесе қолын аузына салмауды ескерттіңіз бе, ол әрекетін бүгін де байқасаңыз, тағы да ескертуге ерінбеңіз. «Ой, қанша айттым, тыңдамайды бәрібір» деп бір - екі күннен соң қол сілтей салсаңыз, бітті. Сіздің бала бойындағы көптеген қателіктерге түйсікті түрде баруға болатындығына жол бергеніңіз. Сонымен қатар, баланың алдында емес, соңынан жүруді ерте бастан - ақ қалыптастырғаныңыз. Ата - ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей « жалтақ» болып кетпейді. Шекара - бала өмірін жеңілдетеді, болашақта қандай - да бір үлкен қателіктерге жол бермеуге үйренеді. Керісінше жағдайда, яғни шекара болмаған отбасында бала адасады, оның өмірі қиындайды.

3. «Болмайды!» деп айғайлауға болмайды.
Бала да ата - анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым - қатынасында да шекара болуға тиіс.
Егер баланың қандай да бір іс - қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.

4. Іс - әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз.
Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, «болатын» және «болмайтын» іс - әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей - ақ өз бетінше орындаған баланың ісі - мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде - ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген қызығушылығын оятасыз. Себебі, кез - келген бала мақтауды сүйеді. Ол үшін жақсы әдеттер санын арттырғысы келеді, талпынады. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі - оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды. Ал оған ұрысып не болмаса өзге де жазалау түрін қолданып жатсаңыз, демек оған назар аударғаныңыз. Балаңыз ол әдетін тағы да қайталайды деген сөз.

5. Түсініспеушілікті баламен бірге шешуден қорықпаңыз.
Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей - кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. «Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?» деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір - біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық болмайды.

Есте сақтағаныңыз дұрыс:
- Баланы жазалау кезінде ата - ананың жүйкесі тыныштанғаннан басқа ешқандай пайда жоқ. Таяқ жеген бала келесі кезекте де қалай әрекет жасайтынын білмей, бір жасаған қателігін екінші рет қайталайды. Оған түсіндіріңіз және түсіндіріңіз!
- Қол жұмсамай - ақ жазалаудың түрі жеткілікті. Мысалы: бала қанша жаста болса, сонша минут бұрышта тұру, орындықта қимылдамай отыру, сол күнгі балмұздақ немесе тәттіден қағу. Дұрыс көтеріп, жүйке жұқартудың оң нәтижесі мүлде болмайды.
- Өзіңізге өзіңіз сырттай назар салыңыз. Сабырлы болыңыз! Бала бірдеңені дұрыс істемеді ме, алдымен түсіндіріңіз. Ол нәтижесін бермесе, ескерту жасаңыз. Ол да көмектеспесе ғана за қолданыңыз. Баланың сізге айтқанын жасатуға жол бермеңіз. Сонда ғана кішкентай ғана бауыр етіңізге қол жұмсамайтын боласыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Баланы тәрбиелеу

Автор: Таласова Гүлжанар Қазиқызы

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444228

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""?ыз баланы  т?рбиелеу-?лтты  т?рбиелеу" баяндама"
    ["seo_title"] => string(43) "kyzbalanytrbiielieuulttytrbiielieubaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "263799"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449594270"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы дамытуда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiepkie_dieiinghi_u_iymdarda_balany_damytuda_psikhologhiialyk_piedaghoghikal"
    ["file_id"] => string(6) "436441"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509690105"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "баяндама "?иын бала""
    ["seo_title"] => string(20) "baiandama-k-iyn-bala"
    ["file_id"] => string(6) "288267"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454602343"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Эссе  «?р бала - керемет к?ш иесі»"
    ["seo_title"] => string(34) "essie-r-bala-kieriemiet-kush-iiesi"
    ["file_id"] => string(6) "247600"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446578683"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "ата-аналар жиналысы "Бала-бауыр еті?""
    ["seo_title"] => string(32) "ataanalarzhinalysybalabauyrietin"
    ["file_id"] => string(6) "285223"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454119965"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства