Ма?саты: психофизиологиялы? кедергілерді жою, топты біріктіру. Н?с?ау: Бір – бір а? бет алы?ыз ж?не е? жа?ымды т?сті карандаш алы?ыз. Мен ?ол со??аннан кейін, тілегі?ізге ?арай сурет салу?а кірісесіз. Та?ы ?ол со?сам суреті?ізді сол жа? к?рші?ізге бересіз, ол суретті толы?тырыпсалады. Содан со? та?ы ?ол со?амын, сурет ?рі ?арай ше?бер бойынша келесі ?атысушы?а беріледі, жатты?у сурет е? бірінші иесіне жеткенше жал?асады М?мкін ?з сурет толы?тыр?ысы келетіндер бар болса, ?згерткісі келсе м?мкіндік беріледі.
Талдау: Туынды сізге ?нады ма? Сезімі?із, к??іл – к?йі?ізбен б?лісі?із. Бас?а адамны? суретін, ойын жал?астыру ?иын болды ма?
«?ндемейтін ж?не с?йлейтін айна» жатты?уы. Б?л жатты?уды? авторы Г.И.Марасанов. Ж?ргізуші топ ішінен ?з еркімен шы??ысы келетін ?атысушыны орта?а шы?арады, ол айна?а ?арайтын болады. Ойыншыны? міндеті екі айнаны? к?мегімен артына келіп т?ратын адамды табу болып табылады. Б?л айналар ?рине тірі айналар болады. Біреуі ?ндемейтін: ол ?атысушы?а артында т?р?ан адам туралы, оны? кім екенін мимика, жест ар?ылы к?рсетеді. Екінші айна – с?йлейтін айна: ол ?атысушы?а артында т?р?ан адамн? есімін атамай, он? ?андай адам екенін айтады. ?атысушы ?з
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Развивать навыки и связи учеников »
Тақырыбы: Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығу. Мақсаты: Оқушылардың өзара бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту. Оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке үйрету.
Менің тренингтік есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қортындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
Құпиялылық
Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
Белсенді боламыз
Бір-бірімізге ренжімейміз
«қазір» және «осында» принціпі
Суретті аяқта және жалғастыр» жүйке – психологиялық күшті түсіру тәсілі
Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру. Нұсқау: Бір – бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті карандаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырыпсалады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады Мүмкін өз сурет толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.
Талдау: Туынды сізге ұнады ма?Сезіміңіз, көңіл – күйіңізбен бөлісіңіз.Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?
«Үндемейтін және сөйлейтін айна» жаттығуы. Бұл жаттығудың авторы Г.И.Марасанов. Жүргізуші топ ішінен өз еркімен шыққысы келетін қатысушыны ортаға шығарады, ол айнаға қарайтын болады. Ойыншының міндеті екі айнаның көмегімен артына келіп тұратын адамды табу болып табылады. Бұл айналар әрине тірі айналар болады. Біреуі үндемейтін: ол қатысушыға артында тұрған адам туралы, оның кім екенін мимика, жест арқылы көрсетеді. Екінші айна – сөйлейтін айна: ол қатысушыға артында тұрған адамнң есімін атамай, онң қандай адам екенін айтады. Қатысушы өз еркімен топ ішінен өзіне үндемейтін және сөйлейтін айна таңдап алады.
Қатысушы таңдау жасағаннан кейін жүргізуші «айналарға» ойын ережесін түсіндіреді. Айналар қабырғаның жанында тұрады. Негізгі ойыншы олардың алдында тұрады. Қалған барлық қатысушылар оның артқы жағына жайғасады да біртіндеп шуламай оның артына келіп тұрады. Бірінші үндемейтін жұмыс істейді. Егер негізгі ойыншы оның артында кімнің тұрғанын таба алмаса, онда сөйлейтін айна жұмысқа кіріседі. Ол тек бір ғана сөйлем айтады. Егер ойыншы тағы да таба алмаса, үндемейтін айна қайта түсіндіреді. Осылай жалғасып кете береді.Ойыншның мақсаты – артында тұрған адамды неғұрлым тез арада табу.
Сыйлық беру. Әрбір оқушы өз сыныбындағы құрбыларна оның жақсы қасиеттерін айта отырып сыйлық береді
Жаттығу «Жүретін орындықтар»
Мақсаты: топпен біріге жұмыс істеуге ынталандыру, кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бірі біріне бөгет жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірде баяу, бірде жылдам қозғала отырып, белгіленген межеге жетулері керек. Кім басқаларды итермей, межеге бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.
«Сәлемдеме хат» Тренингті қортындылау
Мақсаты: Топ ұйымшылдығын, эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл – күй қалыптастыру. Нұсқау: Мен әрқайсыңыздың өз сәлемдемеңізді қағазға жазып, қобдишаға салуды ұсынамын. Содан кейін мен араластырамын, әрқайсыңыз кез – келген сәлемдемені алып, топқа дауыстап оқисыз және бүгінгі күннен естелік ретінде өзіңізде қалдырасыз. Талдау: Сәлемдеме жазу қиын болды ма? Әркім өзіңіздің сәлемдемеңіз оқылып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
Үйге тапсырма: «Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын?» (Эссе).
Қорытындылау. «Тілек шамы» Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. - Міне, қоштасатын да сәт жетті, оқушылар. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Арықты орта мектебы.
Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығу.