kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Стресс - Кризис

Нажмите, чтобы узнать подробности

Стресс - Кризис подросткам для учащихся 10 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Стресс - Кризис»

Безопасное поведение детей в сети Интернет. Встреча психолога с родителями. Заметки к слайдам.

«Стресс және дағдарыс». Психологтың оқушылармен кездесуі.

СЛАЙДТАРҒА МӘТІН

1 -слайд

Қош келдіңдер, қымбатты достар!

Бүгін уақытымызды қызықты әрі пайдалы өткіземіз деп үміттенемін! Ол үшін өздеріңде бар жақсы көңіл-күй, белсенділік, бірнеше парақ қағаз, маркерлер, қарындаштар керек.

2 -слайд

Кездесуіміздің негізгі тақырыбы бойынша жұмыс жасауды бастамас бұрын сендерге «бой жазуды» ұсынамын.

1. Екі қарындаш немесе фломастер және бір парақ қағаз алыңдар.

2. Бір уақытта екі қолмен де сурет салып көріңдер. Екі қолмен де бір уақытта бастап, біра уақытта аяқтаңдар. Бір қолмен шеңбер, екінші қолмен үшбұрыш салыңдар. Шеңбер мейлінше бірқалыпты дөңгелек, ал үшбұрыштың бұрыштары сүйір болсын.

3. Ал енді 1 минутта мейлінше көп шеңберлер мен үшбұрыштар салыңдар.

Не істеу керек екені бәріне түсінікті ме? Сонымен? Бастаңдар!


(Балалар бастағаннан кейін бір минуттан соң)

Қалай, балалар? Қолдарыңнан келіп жатыр ма? Өздеріңе баға беріп, нәтижелеріңді анықтаңдар:

Егер 5 пішіннен аз сала алсаңдар – нашар;

5-7 – орташа

8-10 – жақсы

10-нан көп – өте жақсы.

Осы жаттығу зейіндеріңнің деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Ал оны іс арасында, сабақ арасындағы үзілістерде немесе демалыс кезінде жасасаңдар, ерікті зейіндеріңнің тұрақтылығын және көлемін айтарлықтай дамытасыңдар.

3 -слайд

Ендеше, аздап бой жазып алық. Ал енді біраз сөйлесейік...

Кездесуіміздің негізгі тақырыбы – «Стресс және дағдарыс». Әрқайсың осы ұғымды білесіңдер, «Стресс» тақырыбымен байланысты сұрақтар мазалады деп ойлаймын.

Ол не? Сонымен, стресс - ағзаның түрлі қолайсыз факторларға (аштық, суық, физикалық немесе психикалық жарақаттар, т.с.с.) қорғаныш реакциясы ретінде көрсететін асқан ширығу күйі.

4 -слайд

Әрқайсың үшін осы ұғымға қатысты өз байланыс сөздерің бар деп ойлаймын, балалар. Стресс тақырыбын талқылау кезінде сендерде ойларыңа келетін байланыс сөздермен және өз пікірлеріңмен бөліссеңдер.

(Балалар байланыс сөздерді чатта жаза алады немесе микрофонмен айта алады.)

 

(Келесі слайдты көрсетерден бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)

Сендерде ширығу немесе мазасыздық сезімдерін тудыратындардың барлығы стресске алып келе ала ма?

Айтыңдаршы, қандай жағдайлар стресс тудыра алады?

(Келесі слайдтағы мысалдарды көрсетпес бұрын талқылауа біраз уақыт беріңіз)

5 -слайд

Иә, стресс пен дағдарысқа кез-келген адам шалдығуы мүмкін.

6 -слайд

(Психолог жасөспірімдерді стресс үнемі жағымсыз бола бермейтіні туралы ойлануға итермелеуі керек, себебі, кейде жағымды жайттар да стресс болуы мүмкін.)

Балалар, қалай ойлайсыңдар, стресс әрдайым жағымсыз ба? Стресс жағымды да болуы мүмкін екен.

«Стресстен толығымен қашып құтылудың жолы жоқ, бірақ деніміз сау болуы үшін ондай жолдың қажеті де жоқ. Белгілі бір стресс деңгейі қажет. Ол сендерге әлдеқайда сақ болуға көмектеседі және шын мәнінде стимулятор (ынталандырғыш) ретінде әрекет етеді. Бірақ тым ұзақ уақыт бойы тым көп стресс кешу денсаулығымызға зиян тигізеді».

7 -слайд

Адамдар стресске әртүрлі қарайды. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда үлкен көлемдегі стрессті көтере алады. Өздеріңді мұқият тыңдап, қандай көлемдегі стрессті көтере алатындарыңды түсінетіндеріңе көз жеткізіңдер.

Сендер үшін қандай жайттар стресс тудыратынын анықтап және түсініп көріңдер, содан соң, сол нақты жайттарды еңсерудің ең дұрыс жолын біліп алғанға дейін олардан аулақ жүруге тырысыңдар.


(Келесі слайдты көрсетпес бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)

Ал қазір сендерден чатта қандай стресс белгілерін білетіндеріңді жазуды сұраймын. Ағзаларың стресс кезінде қандай реакция көрсетеді?

8 -слайд

(Содан кейін слайдтан стресс симптомдарын көрсету керек).


(Келесі слайдты көрсетпес бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)

Барлығымыз өмірде түрлі дағдарыстан өтеміз. «Дағдарыс» деген не екенін білесіңдер ме?

 

(Психолог біраз уақыт бойы жасөспірімдермен ой-талқы жүргізіп, артынша келесі слайдты көрсетіп, дағдарыс деген не екенін және қандай жайттар дағдарысты болуы мүмкін екенін түсіндіреді.)

9 -слайд

Дағдарысты әрдайым дерлік зерделеуге болады, сонда дағдарыс өтіп кетеді. Кейде дағдарыс сендерді мықтырақ ете түседі, әрі әрдайым дерлік өздерің туралы ойлануға мәжбүрлеп, сендерді тұлға ретінде жетілуге жетелеуі мүмкін. Ол сонымен қатар сендерге болашақта басқа адмдардың басына түскен қиындықтарын түсінуге көмектесе алады.

Өздерің жеңе алатын немесе шеше алатын кейбір стрессті және дағдарысты жайттар бар. Мысалы, егер кездесіп жүрген адаммен айырылыссаңдар, осы туралы достарыңмен сөйлесу жеткілікті болуы мүмкін. Ал отбасы мүшесінен айырылуы сияқты жағдайда сендерге көп адамның қолдауы мен көмегі қажет болуы мүмкін және сол адамдармен бірге қаза болған адам туралы ұзақ уақыт бойы айтасыңдар, қайғырасыңдар, сағынасыңдар.

 

(Келесі слайдты көрсетпес бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)

Балалар, келесі сұраққа жауап беріп көрейік: «Мен стрессті немесе дағдарысты қалай жеңе аламын?»

1 0-слайд

Барлық мәселелеріңді өздерің шеше аласыңдар деген пікір жалған, көп жайттар сендердің бақылауларыңнан тыс, мысалы, сыныптағы немесе елдегі немесе аумақтағы қоршаған орта немесе тіпті кейбір жеке басқа қатысты жайттар. Басқа адамдардардан көмек пен қолдау сұрау маңызды, олар құнды ақпарат беруі мүмкін, әрі мәселелеріңді шешуге көмектесіп те қалар.

Өз мәселелеріңді өздерің шешу керек және адамда соны істеу үшін жеткілікті күш пен батылдық бар деп көп айтылып жатады. Бірақ шын мәнінде біз үшін басқалардың көмегі қажет болатын жағдайларды анықтау және тиісті адамдардың көмегіне жүгіну әлдеқайда батылдырақ және ақылдырақ болады.

1 1-слайд

Стресспен және дағдарыспен күресте отбасының қолдауы, достармен араласу, ұйықтау, дәмді тамақ, музыка, фильмдер көмектесе алады дедік...

Оған қоса эмоциялық күйлеріңді өзгерте алатын арнайы тәсілдер бар, олар – өз тәртібін өзі реттеу техникалары.

1 2-слайд

Өз тәртібін өзі реттеу туралы айтқанда біз әдіс-тәсілдер тым көп екенін түсінуіміз керек. Солардың ішінен дәл сендерге лайықтысын таңдап алу керек.

Осы және келесі слайдтарда жаттығу кешені берілген, оларды шектен тыс эмоциялық ширығу, шаршау, стресс кезінде жасай аласыңдар.

Ұсынылған кешендердің біреуін бірге жасап көрейік. Түрегеп тұрыңдар немесе отыра беріңдер. Көздеріңді жартылай жауып, бұлшық еттеріңді босаңсытыңдар. Демді ішке алып жатып 1-2-3-4 деп санап, ішімізді алға қарай шығарамыз. 1-2-3-4 деп санап, тынысымызды кідіре тұрамыз да, 4-ші секунда демді сыртқа шығарып, ішімізді ішке қарай тартамыз. Содан кейін тынысымызды 8 секундқа кідіре тұрамыз. Жаттығуды кем дегенде 8 рет жасаймыз.


Денелерің мен хал-жағдайларыңда өзгеріс бар ма?

Чатта жауап жазсаңдар болады немесе микрофонмен айтыңдар. 

1 3-слайд

Кешен 3. Ширығу мен шаршаудан арылу үшін жасалады

1. Креслоға ыңғайлы қалыпта отырып, босаңсып, көзімізді жұмамыз.

2. Ойша екі қолымыздың саусақтарын бір-бірден қарап шығып, оларды толығымен босаңсыған күйде елестетеміз, содан кейін дәл осылайша білектеріміз пен иықтарымызды қарап шығамыз.

3. Бет пен иық бұлшық еттерін ойша қарап шығамыз, қысылып тұрған жерлерін босаңсытуға тырысамыз.

4. Дәл осылайша аяқтарымызды және кеудемізді қарап шығамыз.

5. Әдетте өздеріңді жақсы сезінетін жерде жүргендеріңді елестетіңдер, мысалы, орманда, тауда, теңіз жағасында. Шөптің иісін сезуге, жапырақтың сыбдырын, толқын дыбысын, шағаланың даусын естуге тырысыңдар.

6. Бар жігермен бой жазып, бұлшық еттерді ширықтырып, орындарыңнан тұрыңдар.


Кешен 4. Стрессті жағдай (қорқыныш, ширығу) кезінде жасалады

1. Ешкім мазаламайтын орын тауып, отырыңдар.

2. Бір қолды ішке, ал екіншісін кеуде тұсына қойыңдар. Тыныстарыңды тыңдаңдар. Демді тек мұрын арқылы кіргізіп, шығарыңдар. Егер тыныстарыңды естіп тұрсаңдар, онда өте ауыр тыныстап тұрсыңдар.

3. Диафрагмамен тыныстауға зейін қойыңдар. Демді мұрын арқылы алып, сыртқа ауыз арқылы баяу және сабырлы шығарыңдар.

4. Тура алдыға қарап, көздерің ашып тұрыңдар. Демді ішке алып, сыртқа шығару арасында кідіріс жасаңдар.

5. Денелеріңе табиғи жолмен босаңсуға, ширығудан толығымен құтылуға мүмкіндік беріңдер.


1 4-слайд

Ширығудан арылу үшін пайдалана алатын тағы бір жаттығу «Лимон» деп аталадыү

Ыңғайланып отырыңдар: қолдарыңды тізелеріңе (алақандарыңды жоғары қаратып) қойыңдар, иық пен бас төмен түсірілген, көз жұмулы. Ойша оң қолдарыңда лимон бар деп елестетіңдер. Лимонды ішіндегі бүкіл шырынын «шығарғанша» баяу қыса бастаңдар. Босаңсыңдар. Не сезінгендеріңді есте сақтаңдар.

Енді лимон сол қолдарыңда деп елестетіңдер. Жаттығуды қайталаңдар. Қайтадан босаңсып, не сезінгендеріңді есте сақтаңдар. Содан соң, жаттығуды бір уақытта екі қолмен орындаңдар. Босаңсыңдар. Сабыр күйінен ләззат алыңдар.


Қалай, ұнады ма? Керемет.

1 5-слайд

Жағымсыз жайттарды қайта-қайта ой елегінен өткізе беретін кездер болады. Біз миымызды орын алған жайтты дәл осындай тәсілмен қабылдауға жаттықтырамыз. Бірақ уақыттан кейін тысқары оқиғалар, ішкі бағалаулар мен эмоциялар «жабысып» қалады – біртұтас болып кетеді. Біз өзімізді «осылай» қабылдауға үйретеміз.

Осындай ойларды жеңу үшін «КЕРІСІНШЕ жағдай» атты мини-техниканы ұсынғым келеді, ол сендерге жағымсыз жайтқа беретін өз бағаларыңды өзгерту мүмкіндігін береді. Ол үшін:

  • Түйіткілді жағдайды – ойша, ауызша немесе жазбаша – керісінше тәртіпте сипаттаңдар.

  • Жағдайдың өзі туралы ғана емес, өз сезімдерің мен берген бағаларың туралы егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңдар.

  • Осы жағдай туралы фильмді соңынан басына қарай көріп жатқандай сипаттаңдар.

  • Бейтарап немесе жағымды сәттермен аяқтауға тырысыңдар – үнемі ашу мен реніш сезінген жоқсыңдар ғой.

1 6-слайд

Жүйке қозуынан және стресстен арылудың өмірлік маңызы бар, әрі мейлінше қажет.

Бұл, мысалы, тіс тазалау сияқты күнделікті нормаға айналуы тиіс.

Өздеріңе демалыс беріңдер, ара-тұра «үзіліс» жасап тұрыңдар. Өздерің жақсы көретін, жағымды, босаңсуға көмектесетін іспен бес не он минут айналысыңдар.

1 7-слайд

Сонымен, балалар, дәрісіміз аяқталайын деп қалды. Осы уақытты сендермен сүйсіне өткіздім. Сендер де сондай ойдасыңдар деп үміттенемін. Жағдайларың қалай? Егер дәріс ұнаса, чатта «+», ал ұнамаса, «-» белгісін қойыңдар, ал егер кімде-кім дайын болса, микрофондарыңды қосып, не ұнады, не ұнаған жоқ, кездесуге қатыспаған достарыңмен қандай ақпаратпен бөлісулерің мүмкін екенін айтып бере аласыңдар.

1 8-слайд

Егер қойылмаған сұрақтарың қалса немесе көмек керек болса, менімен (мектеп психологымен немесе колледж психологымен) хабарласыңдар.



1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Стресс - Кризис

Автор: Бекишева Гульаим Муратбековна

Дата: 02.11.2020

Номер свидетельства: 562153

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Стресс в семье и способы совладения с ним." "
    ["seo_title"] => string(46) "striess-v-siem-ie-i-sposoby-sovladieniia-s-nim"
    ["file_id"] => string(6) "187330"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426503127"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Итоговое родительское собрание в 1 группе раннего возраста на тему "Кризис 3 лет""
    ["seo_title"] => string(80) "itoghovoie_roditiel_skoie_sobraniie_v_1_ghruppie_ranniegho_vozrasta_na_tiemu_kri"
    ["file_id"] => string(6) "379451"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484463200"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "" Возрастные кризисы пубертатного периода""
    ["seo_title"] => string(39) "vozrastnye_krizisy_pubertatnogo_perioda"
    ["file_id"] => string(6) "510142"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1557813664"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "СОЦИАЛЬНО – ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ  ПОДДЕРЖКА ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ В КРИЗИСНЫХ СИТУАЦИЯХ "
    ["seo_title"] => string(88) "sotsial-no-piedagogichieskaia-poddierzhka-dietiei-i-podrostkov-v-krizisnykh-situatsiiakh"
    ["file_id"] => string(6) "129860"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415784960"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(197) "Статья на тему: «ГИБКИЕ НАВЫКИ» КАК УСЛОВИЕ ПРОФИЛАКТИКИ СИНДРОМА ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ВЫГОРАНИЯ У ПЕДАГОГОВ"
    ["seo_title"] => string(80) "statia_na_temu_gibkie_navyki_kak_uslovie_profilaktiki_sindroma_professionalnogo_"
    ["file_id"] => string(6) "652647"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1718181060"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства