kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сенім менің серігім тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Аудандық семинар

Тренинг сабақ тақырыбы:Сенім менің серігім

Мақсаты:ҰБТ-ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

Дайындаған: Бұрма ЖОББ мектебінің

                        психологы Дөрбөдхан Б.

2015-2016 оқу жылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сенім менің серігім тренинг»

ҰБТ-ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

Тренинг сабақ

Сынып: 11

Тренинг тақырыбы: «Сенім менің серігім»

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру

Міндеттері:
- Стреске қарсы шығуды;
- Сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыруды;
-эмоцияларды,ерік-жігерді дамыту,
- эмпатия сезімін қалыптастыру;
- ішкі резервтерге суйене отырып, өзін бақылау дағдыларын дамыту;
- өзінің қылықтарына жауапкершілігін сезінуге көмектесу,өзіндік талдау жасау.

Құрал – жабдықтар: интерактивтік тақта, доп, дүрбі, жіп, май шам, жайлы музыка, көзін байлайтын байлам, ақ қағаз, ватман,орындық.

Ереже:

  • белсенді қатысу

  • тыныштық сақтау

  • бірін – бірі тыңдау

  • ойын ашық айту

  • ынтымақтастық

Тренинг барысы:

1) «Жүректен жүрекке жалынды салем» жаттығу

2) Релаксацияға арналған жаттығу «Теңіз жағасында».

3) «Лимон» жаттығуы.

4) «Бойына қарай сапқа тұру» жаттығуы

5) «Ауа, жер, су» жаттығуы

6) «Өткел» жаттығу.

7) “Суретті жалғасытырып әрі қарай жібер” жаттығу.

8) «Дыбыстық» жаттығу.

9) «Шеңбер» жаттығу

10) «Күлдіру» жаттығу

11) «Дүрбі» жаттығу

12) «Сыйқырлы ғажайып орман» жаттығу

13) «Қай ағашты таңдайсыз?» психологиялық тест

14) «Сенім» жаттығу

15) «Біздің топтың жүрегі» жаттығу

16) «Тілек шамы»

17) Қорытынды рефлексия









1)“Жүректен жүрекке жалынды салем” жаттығу


1) Ресейдегідей – қол алысып амандасу;

2. Германиядағыдай – көзге тік қарап қол алысу;

3.Қытайдағыдай-кеудесіне қолдарын айқастырып бас ию.

4. Малайзиядағыдай-саусақтарының ұшымен қол алысу.

5.Жапониядағыдай-қолын жанында ұстап жай ғана бас ию.

6. Индиядағыдай-қосылған алақандарын маңдайының алдында ұстап, бас ию;

7.Эскимостар сияқты- мұрындарын бір-біріне тигізу.


2) Релаксацияға арналған жаттығу «Теңіз жағасында»

- Ыңғайланып отыр да көзіңді жұм. Үш рет терең дем ал. Өзіміздің ішкі тыныштық нүктеңді тап – ондай орын сенің Жан дүниен, сен онда тыныш та жайбарақат күйге енесің. Егер сен жақсылап құлақ салсаң, онда толқындар жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисің. Біраздан кейін толқындардың жағаға ығысқанын естисің. Теңіз толқын ырғағы бірқалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегістегендей,біздің ақыл-ойымызды тыныштандырады және айқындайды.


- Сен теңіз жағасында отырғаныңды елестет. Отырған жеріміздің құмы құрғақ, сен жағада жалғыз екеніңді байқадың. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түстерге боялды. Кеудеңе көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды исін сезін. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сен шағаланың дауысын естисің.


- Өзіңе маңызды сұрақ қою үшін сен теңіздің тыныштығын пайдаланасың.Қазір мен өзіңді жайбарақат сезінесің. Өз сұрағыңа қарапайым да,түсінікті сөздер тап. Сен өз сұрағыңды жайлап айтып жатқанда теңізге қара, теңіздің саған жауап беруіне дайын бол. Мүмкін сен толқынның жағаға ұрғанын естірсің ... Мүмкін теңіз саған бір сурет немесе бейне көрсетер. Мүмкін сен дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңнен бір күшті сезімді сезінерсің... Өз сұрағыңды анық та, түсінікті етіп құруыңа теңіз,көмектесер.


-Енді сен түкпіріндегі тыныш та, жайбарақат, кез-келген уақытта, маңызды мәселелерді ойларда сен осы орынға келе аласың. Қазір сен осы орынмен қоштасып, бөлмеге жайлап келесің. Қолыңды соз, терең дем ал, көзіңді аш та, жақсы қуанышпен осында қайт.


Рефлексия. Рахмет! Сендерге ұнады ма?


3) «Лимон» жаттығуы.

Мақсаты: Бұлшық еттің жиырылуын және босаңсуын басқару. Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңде, алақандарың жоғарыда болсын.

Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған,көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, Лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босаңсыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта.Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт.Тыныштықта отыру рахатын сезін.

Рефлексия. Не сезіндік?







4) «Бойына қарай сапқа тұру»

Барлығы шеңберге тұрады, көздерін жұмады, содан соң жаттықтырушының айтуымен өз айналасында үш рет айналып түседі. Содан соң жаттықтырушы: «Көздеріңді ашпастан, сөйлеместен, дыбыс шығармастан бойларыңа қарай сапқа тұруларың қажет», - дейді.

Тапсырманы күрделендіруге болады – екі топқа тізілу. Жаттықтырушы қалаған жағдайда ойнайды.


5)«Ауа, жер,су» жаттығуы


Нұсқау: жеткіншек қолындағы допты кез-келген қатысушыға лақтырып, «СУ,ЖЕР, АУА» стихияларының бірін айтады. Допты қағып алған қатысушы аталған стихияда тіршілік ететін жануарды атап, допты келесі қатысушыға басқа стихияны атап лақтырады.

Ескерту: жануарлар қайталанбауы тиіс.

6) «Өткел» 

Қажетті құралдар: бор
Ережесі: Жерге иректелген жолдар сызылады. Жол біресе шағын біресе үлкейтіліп бейнеленеді. Қатысушылар қарама-қарсы қолдарынан ұстап жолдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп өтулері керек. Топ мүшелері түгел өтіп болғанша ойын жалғаса береді. Мына видеода табиғат аясында жасалған бір түрі. Осылай да істеуге болады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады



7) «Суретті жалғасытырып әрі қарай жібер»

Мақсаты: психофизикалық күйзелісті төмендету, топты біріктіру.

Нұсқау:

а) ақ қағазбен ең жағымды түсті қарындашты алыңыз. Менің шапалақ соққанымды естігеннен кейін сіздің ойыңызға келген кез-келген суретті саласыз. Келесі шапалақтан кейін сіз қарандашпен суретті сол жақтағы көршіңізге бересіз,ол суретті жалғастырады. Солай әр шапалақ естіген сайын сурет көршілерге жылжи береді де, кейін өзіңізге қайтып келеді. Сурет өзіңізге қайтіп келген соң,оны толықтырып немесе өзгертуге болады.

ә) Орындарынан тұрып,бір-бірінің арқасына саусақтарымен сурет салады. Екінші адам не түсінді сол суретті келесі адамның арқасына салады. Соңында бірінші оқушы не салғанын айтады.

8)Дыбыстық жаттығу

Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» – барлық ағзаға жайлы әсер береді;

«Е» – қалқанша безге әсер етеді;

«И» – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

«О» – жүрекке өкпеге әсер етеді;

«У» – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

«Я» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«М» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«Х» – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.





9) «Шеңбер» жаттығу

Қажетті құралдар: үлкен арқан

Ережесі:

Алдымен арқанның екі ұшы байланып,топ мүшелеріне беріледі. Қатысушылар арқанды ұстап шеңбер құрады. Нұсқаушының айтуымен аяқтың өкшесін көтеріп, арқанды керген күйінде отырып тұрулары қажет. Егер өкше тұрған аяқтары жерге тиіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. 
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады


10)«Күлдіру» жаттығу

Барлығы шеңберге тұрады да, байсалды дене қалпында қалшиып қалады. Жүргізуші шеңберде жүріп, тұрғандарды қалай болғанда да (бет-аузын тыржыңдатып, дене қимылдарымен және т.б.) күлдіруге тырысады. Тек адамды қозғауға және қытықтауға болмайды. Күліп қойған адам өзі жүргізеді. Бұл сергіту жаттығуының нұсқасы – күліп қойған адамдар жүргізушіге қосылады да, қалғандарының «сыйқырларын жояды».


11) «Дүрбі» жаттығу

Бұл ойын үшін ұзындығы 5-6 метр жіп пен дүрбі қажет болады. Жіп жерге, бірақ тік сызық түрінде емес, иректеліп тасталады. Әрбір қатысушының міндеті – аяқтарымен жіпті басуға тырыса отырып, әрі дүрбімен оған заттар кішірейтіліп көрсетілетін жағынан қарай отырып, жіптің бойымен өту.


12) «Сиқырлы ғажайып орман»жаттығу

Мақсаты: Сену мен эмпатия сезімін дамыту.

Нұсқау: Қазір біз ғажайып орманға айналамыз,онда әрқашан жақсы және көңілді жағымды әр түрлі ғажайып оқиғалар болып жатыр.Екі топқа бөлініп: орман және тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз-ағаштың бұтақтары болып саналады. “Орман ішінен” өткен адамдарды “нәзік бұтақтар” аялайды.Ал енді әрқайсымыз кезекпен осы “сиқырлы орманнан” өтеміз,сол кезде “бұтақтар” (қолдар) біздің басымызды,арқамызды,қолдарымызды сипайды.
























13) Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 

15) «Сенім» жаттығу

Бұл жаттығу «психологиялық тренингтің" барлық жаттығуларынан өткеннен кейін жасауға болады. Жаттығуға қатысу ерікті. Зорлап жасатуға болмайды. "Сенім" деп аты аталып тұрғандай, қатысушы команданың қолдауына сүйенеді. Қауіпсіздік ережесін мұқият сауқтау қажет.









14) «Сау бол» жаттығу

Мақсаты: қолайлы әдіспен күш салуды қалай төмендетуге болатынын үйрету.

Нұсқау: Алдарыңыздағы газетті уқалап,өзіңіздің бүкіл зейін күшіңізді салыңыз да,алыс жерге лақтырыңыздар.Өзіңіздегі жағымсыз күштен осылай арыласыз.


15)«Біздің топтың жүрегі».

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.


16) «Тілек шамы» жаттығу

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.



17) Қорытынды рефлексия

- тренинг сабақта қандай сезімде болдыңыздар?

- бұл сабақ несімен ұнады?

- бұл тренингтен өздеріңе не алдыңдар?

- қазір қандай сезімдесіз?



























«Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ














Аудандық семинар


Тренинг сабақ тақырыбы:Сенім менің серігім


Мақсаты:ҰБТ-ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау












Дайындаған: Бұрма ЖОББ мектебінің

психологы Дөрбөдхан Б.










2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сенім менің серігім тренинг

Автор: Дөрбөдхан Бахыт

Дата: 13.11.2016

Номер свидетельства: 358549

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Психологиялык  сабак: "Сенім  менін  серігім!!!!""
    ["seo_title"] => string(42) "psikhologhiialyksabaksienimmieninsierighim"
    ["file_id"] => string(6) "262100"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449253199"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "«Сенім» мен «К?дік»  тренингі"
    ["seo_title"] => string(25) "sienimmienkudiktrieninghi"
    ["file_id"] => string(6) "263809"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449595334"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Сенім мені? серігім"  тренинг "
    ["seo_title"] => string(33) "sienim-mienin-sierighim-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "205581"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429941167"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?зін ?зі тану п?ні. Тренинг- саба?  "Сенім - мені? серігім" 11 сынып"
    ["seo_title"] => string(67) "ozin-ozi-tanu-p-ni-trieningh-sabak-sienim-mienin-sierighim-11-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273107"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452157459"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства