kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін ?зі тану п?ні. Тренинг- саба? "Сенім - мені? серігім" 11 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?О, ?ржар ауданы "Жарб?ла? орта мектебі" коммуналды? мемлекеттік мекемесіні?  ?зін-?зі тану п?ні м??алімі Омарова Гульнара Алимкановна. Тренинг саба?ты? та?ырыбы "Сенім -  мені? серігім" деп аталады. 11 сынып о?ушыларына арнал?ан б?л саба?ты? ма?саты о?ушыларды? ?БТ-?а деген сенімдерін арттыру, дайынды?ты к?шейте отырып бір -біріне деген ?арым - ?атынасын ны?айту. О?ушыларды? ?зін тану ар?ылы, ?зіндік ба?алауын ?алыптастыру, стрессті же?уге жол к?рсету. Сіздерге ?сынып отыр?ан саба?ым бір к?де?ізге жарар деген ?міттемін. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін ?зі тану п?ні. Тренинг- саба? "Сенім - мені? серігім" 11 сынып»

«Сенім- менің серігім» тренинг- сабақ

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Қабанбай ауылы

«Жарбұлақ орта мектебі»КММ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Омарова Гульнара Алимкановна


Мақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ- ға  байланысты сенімділікке үйрету, бір -біріне деген қарым - қатынасын нығайту.

Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Құралдар: шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы, ақ парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар скотч, кнопка, желім, қайшы


Келген қонақтар есікте ілініп тұрған алма ағаштан жеміс алып, сабақ соңында тренингтің өтілуі туралы пікірін жазып қайтарып береді.


  1. Тыныштық сәті. Музыка ойнап тұрады. Оқушыларға әдемі тілек арнау


Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, кішкентай балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір - бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.

Оқушылар «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп жарқын дауыспен айтады.


Көп рахмет! Бүгінгі тренинг сабағымызды бастаймыз. Ең бірінші сіздерден тренинг дегенді қалай түсінесіздер деген сұрақ қойғым келеді. (Оқушылардың пікірлері тыңдалады.)

Дұрыс, ендеше тренинг ережесі :

бір -бірін тыңдау

уақыт үнемдеу

белсенділік таныту

достық қарым –қатынас орнату

жағымды эмоция тудыру

бір -бірімізге сенім арту.

Ендеше бүгінгі «Сенім- менің серігім» атты тренинг- сабағымызды бастаймыз


  1. «Әрқашан күн сөнбесін»

  2. Мақсаты: ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету. Оқушыларға ҰБТ-ға дайындық кезінде қандай көмек көрсету әдістері, кеңестері туралы кеңес беру. (Оқушыларға 2 плакат таратылады. Олар күннің шапағына өз ойларын жазады.) әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.


2.     «Шынын айтсам» жаттығуы. Ойларыңды не мазалап жүр соны жазасыңдар, аты-жөндеріңді көрсетпейсіңдер

Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.

Қажетті құралдар:аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.

Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.

Талдау

  1. Оқушылар, сендерге сөйлемді аяқтау қиынға соқты ма?

  2. Қазіргі таңда ең басты мақсаттарыңыз қандай? Оқушылардың пікірін тыңдағаннан кейін

түлектерге кеңес беріледі (Оқушылар интерактивті тақтадан оқиды. )

Тест .Кім екендерін анықтау «Бозторғай мен жапалақ» Бұл тесттің мақсаты әр оқушы өзінің кім екенін анықтап, өздеріне лайықты деген уақытта сабаққа дайындалу.

Денсаулық жаттығуы «А және И»

Бейнебаян «Бишілер» Бұл бейнебаян арқылы оқушыларға қиындықты қалай жеңу керек ендігін көрсету

«Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету .

Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке бойындағы жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке бойындағы жағымсыз қасиеттерді жазу керек те, ортасы қиылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады .

 «Біздің топтың жүрегі».

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.

Бейнебаян «Киви құсы» Қанаты жоқ құс екеш құс та мақсатына жетіп ұшты, мақсатқа жету үшін талмай еңбек ету ету керек. Ендеше құрметті оқушылар мен сіздерге мақсаттарыңа жету үшін еңбек етіңіздер, ерінбеңіздер, сонда ғана ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, Қазақстанның бір мықты азаматы бола аласыздар деп айтқым келеді.



Бұл жалғанда қадамыңды баса

біл нық сеніммен,

Сенім болса, өмірің де өтер

ізгі тілекпен.

Адамдықты насихаттау алға

қойған мақсатың.

Ей, жеткіншек егер соны ойға

тоқып,түсінсең....


Қорытынды.


Көңіл күйлерің қалай?

  • Тренинг көңіліңізден шықты ма?

  • Өз пікіріңіз ...

  • Смайликтер арқылы көңіл күйіңізді білдіріңіз

  • Бүгінгі сабақта сіздің ойыңызша қай оқушы белсенділік танытты?

 

Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.



Құрметті оқушылар, әр күндерің жоспарлы болсын, уақыттарыңды босқа өткізбей ҰБТ ға дайындалыңыздыр, 2015 жыл жетістік, толағай табысқа толы жыл болсын деп күнтізбе сыйлаймын. Бүгінгі тренинг өмірдегі қиындықтарды жеңуге арқау болып, көңілдеріңе зор сенім ұялатсын. «Желкенді кәмпит» өмірлерің тәтті болсын!




















ХАБАРЛАНДЫРУ!


Жұма күні 11 сыныпта «Сенім- менің серігім!» атты тренинг сабақ өтеді.

Уақыты 15-30

Өтілетін орны - АӘД кабинеті

Мұғалімі – Омарова Г



















































«Бекітемін»

Мектеп директоры Құрманов М.Б.









ТРЕНИНГ САБАҚ

«Сенім- менің серігім»







Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Омарова Г.А.









2014-2015 оқу жылы










Шынымды айтсам




Шынымды айтсам





Шынымды айтсам





Шынымды айтсам



Шынымды айтсам






Шынымды айтсам





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?зін ?зі тану п?ні. Тренинг- саба? "Сенім - мені? серігім" 11 сынып

Автор: Омарова Гульнара Алимкановна

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273107


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства