kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?зімді не ?шін білуім керек?» (тренинг)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?зімді не ?шін білуім керек?» (тренинг) «?зімді не ?шін білуім керек?»  (тренинг) Сынып:8-9 Ма?саты: О?ушыларды? ?зін-?зі тану себептерін туындату. ?зін-?зі тану?а ж?не рефлексия?а жетуге да?дыландыру. ??рал-жабды?тар: Д?птер, ?алам, ?арындаш, т?рлі-т?сті кесіндісі бар ?ораптар, 6 т?рлі-т?сті жола?пен желімделген болуы керек. Саба?ты? мазм?ны:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?зімді не ?шін білуім керек?» (тренинг) »

«Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг)



«Өзімді не үшін білуім керек?»  (тренинг)



Сынып:8-9



Мақсаты:



Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату.



Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.



Құрал-жабдықтар:



Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.



Сабақтың мазмұны:



1. Сабаққа бағыттау.



«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.



- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.



Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.



«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.



Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.



2. Үйге берген тапсырманы талқылау.



Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?



Психолог максимальды пайызды атайды.



 



Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?



Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.



Ал кім өзін жақсы біледі?



Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?



Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?



Өзіңді білу қажет пе?



3. Тақырыппен жұмыс.



Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»



Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:



Мен ойлаймын, себебі мен ...



Басқалар ойлайды, себебі...



Менің болғым келеді, себебі ...



Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген  сөздер тізімінен алуға болады.



Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.



Жаттығу « Ыстық орындық »



Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.



Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады  және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.



4. Сабақты талдау.



Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?



Қандай қиындықты өткердіңдер?



Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма

Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы.



  Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға  бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.



Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.



Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау.



Міндеттері:



1.            Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.



2.             Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.



3.             Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.



4.            Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.



5.            Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.



6.            Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.



7.            Бейімделу деңгейін казан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.



8.            Өткізген жұмыстарға анализ жасау.



 Іс-шаралардың жоспары

1.     Танысу.-1 сабақ. (сәуірдің 1-ші аптасы. )



4 сыныппен танысу, сабақта не істелінеді, мақсатын, кездесіп отыру.



2.     Диагностикалық минимум.-1 сабақ. (сәуір 2-ші аптасы.)



Өзіне деген көзқарасы. Өз-өзін бағалау Лонг әдістемесі.Зейін деңгейі. Ақыл-ойының жұмыс істеу қабілеті. Ақыл-ойының даму деңгейі.Замбицявичене тесті. Мотивация ерекшелігі.Лусканова әдістемесі. 



3.     Дамыту сабақтар. –Аптасына 1 рет.



4.     Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.



5.     Психолого-педагогикалық ойын. Алда 5-інші сынып.



6.     Психолого-педагогикалық ойын. Ақ жол. (кыркүйекте)



7.     Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.



Оқушылардың бейімделуі, жас ерекшелігі туралы кеңес беру.



8.     Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.



9.   Бейімдеу сабақтары.- 1 рет.



10.   Диагностикалық минимум.- Мектепте мазасыздану. Филлипс тесті.



1  Бақылау диагностикасы. – Сәуірде.



Өзін-өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы.



  Мұғалімдерге дәріс.



  Тақырыбы: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.



Мақсаты: 5-ші сыныпқа орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.



  Сабақ жабдықтары:



  1.           Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай  талаптар бойынша.



2.           Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».



3.           Қасиеттер жазылған үлестірме кағаз.



4.           Психогеометриялық тесті. 8 түсті үлестірме кағаз.



5.           Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.



  Сабақ барысы.



  I.                   Кіріспе сөз.



-Бүгін біз семинар-тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге



жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге кажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп  сенеміз.



  II.                Қатысушыларды сергіту.



Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстын жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.



  III.             Еске түсіру.



-         Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?



Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.



  IV.            Бірыңғай талаптар.



Мұғалімдерге сұрақтар.



-Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, нешежол қалтыру қажет?



- Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?



- Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?



- Сонымен мұғалімдердің қойятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы  осындай сәтте нені сезінеді?  Мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?



  V. Ассоциация.



өзіне сенімді                      өзіне сенімсіз      шындық



көнушілік                          ашулы                қайсарлық



біреуге тәуелді                  белсенді              мінезі ашық



Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.



-Енді біз бесінші сынытың ассоциациясын ілеміз.Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.



Егер сіздер жақсы немесе жаман  эмоционалдық қарым-қатынас деңғейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.



Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?



VI. Басқаға ауысу.



–Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық.Егер жоғары болса-отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса-тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.



 VII. Жұмыс орындау динамикасы.



Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.



Жұмыс орындау механизмінің циклі.



3-5 минут – дайындық



15-20 минут –  оптимум



20-шы минуттан кейін қажу



Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?  



VIII.      Баға қою қауыпсыздық ережесі.



Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата-анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы сезіну керек.



Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.



Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.



 IX. Қорытынды жасау.



«Мен және біз»



Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тренинг-сабақтар.



Ата-аналарға жадынама



·        Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңімелеп көңілін көтеріңіз.



        Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.



·        Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.

·        Өз балаңыз оқитын мектептің еркшілігін, бағдарламасын біліңіз.



·        Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.



·        Мектепте нені оқытатынына баланың  қызғушылығын арттыруға көмектесіңіз.



·        Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз. 





Сабақ 1 Танысу



Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау әдістерін талдау.



Сабақ барысы



Кіріспе



Жаттығу. Аты және қасиеті. Допты кезекпен бір-біріне лақтырып өзің де айтып шығады.



Бізге ереже қажет. Талдау.



Оқушылар сабаққа неге келеді?



Сабақта тәртіп ережесі бар ма?



Негізгі бөлім.



Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір- бірін тыңдау.



Екінші-басқаға кедергі жасамау.



Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір-бірін ренжітпеу.



Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.



Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.



Қорытынды.



Менің көңіл-күйімнің түсі.



Қоштасу ритуалын келісіпорындау.



Сабақ 2. 5-інші сынып деген не?



Мақсаты: Бейімделу себептерін алдын-ылу.



Сабақ барысы



Кіріспе



Жаттығу Ұжыммен санау. Бір-біріммен келіспей санау.



Жаттығу Кім ...



Тәттіні жақсы көреді



Кімде мысық бар



Кім футбол жақсы көреді т.б.



Сәлемдесу рәсімін тандап алу.



Сурет Мектеп жол 1-11 сыныпқа дейін. Талдау жасау.Маған бастауыш мектепте ең жақсы есімде қалған. Шеңбер бойынша әңгімелейді.



Мен 5-інші сыныптан күтемін.



Негізгі бөлім.



Мектеп жолының негізгі бөлімі 5-9 аралығында.



Ойын. Комплимент.



Сабақ 3 Біз және біздің жақын жандар.



Мақсаты:Қоршағандар ең негізгі көмекшілер екенін түсіну



Сабақ барысы



Кіріспе



Ойын Алтыншы. Ассоциация.



Саған басқалар қандай көмек көрсете алады, сен ше?



Талдау. Шеңбер ішінде Мен деген жазу, 2-отбасы, 3-достар,4- мұғалімдер. Қорғаушы, тірек болатын қайсысы? Жақын жандар.



Өзерің басқаға қандай көмек бере аласыздар?



Мен істей аламын. Менің автопортретім күн сәулесінде. Сурет салу.



Жаттығу. Менің көңіл-күйім түстермен.



Сабақ 4.    Біз және біздің көңіл-күйіміз.



Мақсаты: Өз көңіл-күйін реттей білу.



 Сабақ барысы



Кіріспе. Ойын. Қандай санды айтамын сонша адам тұрындар.



Жағдаяттар. Орындағын келмейтін істі орындау



Егер біреу оған кемшіліктерін айтса.



Себепсіз кінәләу



Уәдесін орындамаса т.б.



Түстермен көрсету.



Негізгі бөлім



Адамға көңілсіз күйін жеңуге бола ма?



Көңіл-күй-ол ... параққа жазу



.Көңілсіз күйді қалай жеңіп шығуға болады?



Талдау.



Қорытынды.Кемпір-қосақ түстерімен.



  Сабақ 5.     Біз және біздің әдеттеріміз.



Мақсаты: Күн тәртібін жасау, оны орындау өздігімен жұмысын жоспарлай білу.



Сабақ барысы



Кіріспе. Ойын. Мұрын-еден-төбе. .Кемпір-қосақ үстімен.



Әдет-дегеніміз... талдау.



Кім сабағын келе сала орындайды, кім демалып алған соң. Күн тәртібінің қажеті.Менің жұмыс аптам. Кесте құру. Күндерді түсті қағазбен орындау.



Қорытынды.Күн тәртібі немен ассоциацияланады.



 



 



 



Мектеп  және отбасы



      Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту. Мектеп  өмірімен таныстыру, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары.



Қажетті заттар: музыка жазылған таспа, қағаз – қаламдар, түрлі түсті қағаздар, шарлар.



         Дайындалу шеңбері: 1-сынып оқушыларының    ата-аналарын күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз. Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бір-бірімізді жақын тану үшін жасалынып отыр. Қазір орындарыңыздан тұрып өздеріңізге серік көрші таңдаймыз. Ата-аналар орындарынан тұрып өздеріне серік    көрші таңдайды. Бір-бірімен танысып білуіне 5-минут беріледі, сосын   біртіндеп көршілерін таныстырады.       



Жаттығу «Көпір». Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диаганаль бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір». Желден теңселген, тартылып байланған көпір, төменде сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады. Әрі артқа шегінуге немесе қайтып кетуге жол жоқ. Бір- біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам. Екі адам екі ұлттың өкілі, бір – бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.



 Талқылау



-         Тапсырма ненің көмегімен орындалды?



-         Қатысушылар бір – біріне көмектесті ме?



-         Осы жағдайда қарым – қатынастың қандай құралдары маңызды?



 



     Жаттығу «Зағиптар»



Жүргізуші: Шеңбер ортасында тұрып зағиптар ойыны ойнатылады.                                                              



Мақсаты: Белсенділерді анықтау. Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады.



Жүргізуші: ойынға қатысуларыңызға болады дейді. Қатысушылардың көздері матамен танылады, содан соң зағиптар жан-жаққа апарып тұрғызылды  .



 Жүргізуші мені естіп тұрсыңдар ма? - Енді бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар .Әдетте жаттығудың орындалуына 10-15 минут керек.Жүргізуші менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді, қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі.



Жүргізуші: Қалай қимыл іс әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Қарап отырғандар не бітірді? Мәз болып күлді. Зағиптарға көмектесу ешкімнің ойына келмеді. Күліп қарап отыра бердіңдер.



«Жаттығуға бәріңіз қатысуға болады» - деп ескерттім. Енді бәріңіз қалай қатысқаныңыз жөнінде ойланыңыздар...



           Бұдан былай бір-біріңізге көңіл бөле жүріңіздер(ортақ шеңбер, пікір алмасу, қорытынды сөз).



1-сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру, он екі жылдық білім беру жөнінде талқылау.



Ата – аналар психологиялық кеңес тыңдап, өз пікірлерінде қосып отырды.



 Жүргізуші ; Енді ата-аналар  ,     «Табиғатсыз адамдардың  күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш   енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.



Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек   отыруымыз керек.Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).



Жүргізуші: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.    



Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы» тамырды, «діңгек тобы» - діңгекті, «жапырақ тобы» - жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам – қағаздар).



Ұстаздарыңызға деген талап – тілектеріңізді «тамыр тобы» – тамырға, «діңгек тобы» – діңгекке, «жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар.      



Жүргізуші: Осы ағаштың тамыры - ата – ана, діңгегі – сынып жетекшісі, бұтағы – пән мұғалімі. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс берді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларымыздың қызығын көрейік!



         Музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу.



         Жүргізуші: «Қай жұп күшті?Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып береді. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір-бірін құшақтап шарды жарады».         



Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»



Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру. Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімдерін жазады.



Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады. (Әр жұп сайын қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тырады.)



Жүргізуші: Бүгінгі тренинг барысында алған әсерлеріңіз туралы ой бөлісіңіздер, талқылау, кері байланыс жүргізу керек. Оқушыларға, ұстаздарға, ата – аналарға сәттілік тілеп, музыкалық сүйемелдеу арқылы қоштасу.



 



Орта буынның сабақтастығы бойынша психолого-педагогикалық консилиум



“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие



беру керек, тәрбиесіз берілген білім-



 адамзаттың қас жауы, ол келешекте



 оның өміріне зиян әкеледі”.



 

                                                                   Әбу Насыр әл - Фараби



Психологиялық тұрғыдан 5 сыныптардың ұйымдастырылуын,



сабақтастығын тексеру, бейімділігін (адаптациясын) зерттеу



5 сынып оқушыларында кездесетін қиын жағдайлар:



Әр түрлі мұғалімдер көп (барлығын есте сақтап олардың талаптарына үйрену керек);



Үйреншіксіз жаңа сабақ кестесі (жаңа режим);



Көптеген жаңа кабинеттер, олар әртүрлі жерде орналасқан;



Сыныпта жаңадан келген оқушылар пайда болып жүреді;



Жаңа сынып жетекші;



Жоғары сынып оқушыларымен тіл табыса алмайтын кездер болады (асханада, үзілісте).



Бейімделу кезеңіндегі проблемалар



Соматикалық проблемалар – баланың деңсаулығындағы ауытқулар;



Эмоционалдық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі проблемалар туралы уайымдау;



Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі дезадоптацияға әкеледі, яғни бала өз еркімен  қиыншылықтарға төзе алмауы;



Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;



Өз сыныптастарынан  даму жағынан қалып қоюы;



Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;



Коммуникативтік проблемалар – үлкендермен өз құрдастары мен қарым-қатынас жасай алмауы.



Қобалжуды қалай тануға болады.



-Бейімделуде қиыншылықтар бар болса мынадай белгілер арқылы білуге болады:



–Баланың сыртқы келбеті шаршаған, шалдыққан.



–Өткен күн туралы айтпайды



–Мектептен тыс басқа тақырыптарға әңгімелесіп кетуі



–Үй жұмысын орындауға еріну



–Мектеп атына, мұғалімдерге, оқушыларға кір келтіріп сөйлеу.



–Мектепке байланысты кейбір оқиғаларды жамандау.



–Тұрақсыз ұйқы.



–Таңертең тұрғанда қиналу.



–Үнемі өзін жаман сезіну.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?зімді не ?шін білуім керек?» (тренинг)

Автор: Басанова ?сем Нургалиевна

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235582

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Тренеинг "?зімді не ?шін білуім керек?" "
    ["seo_title"] => string(43) "trienieingh-ozimdi-nie-ushin-biluim-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "184847"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426098190"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?зімді не ?шін білуім керек? /тренинг/ "
    ["seo_title"] => string(41) "ozimdi-nie-ushin-biluim-kieriek-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "112634"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1408791875"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "“Жар?ын болаша? иесі-б?гінгі жас маман”атты психологиялы? тренинг"
    ["seo_title"] => string(67) "zharkynbolashakiiesibughinghizhasmamanattypsikhologhiialyktrieningh"
    ["file_id"] => string(6) "292382"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455273852"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама  Саба?та  жа?а технологияларды  тиімді пайдалану "
    ["seo_title"] => string(62) "baiandama-sabak-ta-zhan-a-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "184893"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426104373"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "жо?ары сыныптар?а арнал?ан Психологиялы? тренинг"
    ["seo_title"] => string(50) "zhogarysynyptargaarnalganpsikhologhiialyktrieningh"
    ["file_id"] => string(6) "288694"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1454666562"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства