kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өмір- шексіз керуен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп психологы М.Н.Сандыбаева тарапынан оқушылардың  өмірге деген  құштарлықтарын арттыру мақсатында 8-11 сыныптар арасында  "Өмір шексіз керуен" тақырыбында ашық шара өткізілді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өмір- шексіз керуен»

Ашық шара

Тақырыбы: «Өмір – шексіз керуен!»

Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету Өтілу түрі: ойталқы, сахналау,

Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, бейнебаян

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру;

ІІ қызығушылықты ояту.

Кіріспе сөз Құрметті ұстаздар, Оқушылар! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Адамның жастығы дегеніміз - тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір - ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы.
Жастық шақ адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезеңі. Болашақ бүгіннен басталады десек, ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың - қоғамға ойы таза, санасы сергек, заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техникасын меңгерген қыздар мен жігіттердің басқаратыны сөзсіз. Еліміздегі әрбір адам өмір сүруге құқылы. Дегенмен, өмір туралы басқалар қалай ойлайды, соны бүгінгі кездесуімізде талдап, ойымызды ортаға салайық.

Жүргізушілер: 10 «Ә» сынып оқушысы Қали Рауан және 8 «А» сынып оқушысы Таболат Асылды қошеметпен ортаға шақырайық.

Рауан:


Армысыздар құрметті ұстаздармен оқушылар, бүгінгі біздің «Өмір шексіз керуен» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер дей келе ашық шараны бастауға рұқсат етіңіздер!!!

Асыл:

Өмір - кеме, жүзем онда демеңіз,
ізгіліктен жасалмаса кемеңіз дей келе 10 «Ә» сынып оқушысы Оқас Мадинаның орындауында толғау «Пай-пай, өмір»



Рауан:


Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді демекші «Өмір туралы өлеңдер». Орындайтын 8 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары.


Асыл: Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады, - дей келе, 10 «А» сынып оқушысы Тұрсынбек Дінарайдың орындауында күй - «Көңіл толқыны»

Рауан: Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туып дамиды екен, олай болса 10 «Ә» сынып оқушысы Рахымжан Әсельдің орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздар!

Асыл:


Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – денсаулық.

Құрметті көрермендер 10 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Өмірдің мәні неде?» тақырыбында көріністі тамашалаңыздар.


Рауан:

Ән көңілдің ажары демекші, келесі тамашалайтын әндеріңіз 10 «Ә» сынып оқушысы Рахымжан Әселдің орындауында ән «Ақ бұлақ»


Асыл:

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

Ішпектүгіл ауызын да шаймаған

Алла бізге «Арам» - деді арақты




Зияны көп болғаннан соң пайдадан, демекші 10 «А» сынып оқушылары Ақмар мен Ақылжанның орындауында Зиянды әдеттер оның ішінде ішімдік туралы көріністі тамашалаңыздар.


Рауан:

Осы көріністен алған әсерімізді ортамызға салып көрейік. /Сұрақ-жауап, пікірталас/


Асыл:

Өнер қуып ой түзе,

Жұмыс қылып бой түзу - дей келе мыңбұралған бишілеріміз 8-ші сынып қыздарының орындауында «Қазақ биі»


Рауан:

10 «Ә» сынып оқушысы Оқас Мадинаның орындауында өмір туралы толғау


Асыл:

Әр халықтың биіне қарап, сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез-құлқын көруге болады – дейді өнер адамдары. Демек 9 «А» сынып оқушыларының орындауында орыс халқының биі «Хуторянка»


Рауан: Қорытынды сөз кезегі мектеп басшыларына беріледі.


Асыл: Шараның қорытынды сөз кезегін мектеп психологы Сандыбаева Маржан апайға береміз.



Пед.психолог: М.Н.Сандыбаева

Н.О.Сулейманова

Аруп Р.









Қорытынды Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай? Қайратыңды жігерге жанығандай. Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып Достықтарың жарасып дәл осылай. Шыдамдыны мына өмір ұнатады, Бірде қуантып, бірде жылатады, Сүріндіріп кейде сені құлатады. Жылатып тұрып жұбатады. Дұшпандарға кейде сені сынатады, Қатал тағдыр бірақта шыдатады, Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.

Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащыда, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам барма?" деген сұраққа кім болсада: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Дені сау, құрыш білекті, салауатты өмір салтын қолдайтын, өнер мен білім қуған көк байрақты еркін Отанымыздың нағыз патриоты, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болыңыздар деп кездесуімізді аяқтаймыз.

Барлықтарыңның қатысқандарыңа рахмет балалар !!!











Құрметті ұстаздар, Оқушылар! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Адамның жастығы дегеніміз - тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір - ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы.
Жастық шақ адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезеңі. Болашақ бүгіннен басталады десек, ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың қоғамға ойы таза, санасы сергек, заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техникасын меңгерген қыздар мен жігіттердің басқаратыны сөзсіз. Еліміздегі әрбір адам өмір сүруге құқылы. Дегенмен, өмір туралы басқалар қалай ойлайды, соны бүгінгі кездесуімізде талдап, ойымызды ортаға салайық.

Неліктен пікір алмасуымыздың тақырыбын «Өмір – өмір сүру үшін беріледі» деп атағанымызды кеш барысында түсініп, соңында жауабын айтамыз. Пікір алмасуымыздың мақсаты: темекі, арақ, нашаның зияндары туралы білімдерін тереңдетіп, сұраққа жауап беру барысында ой - қабілеттерін дамыту, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 - бағыт – «Темекі шегуді тоқтату».
2 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
3 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес».
Ал, енді өмір туралы, денсаулық туралы ойлап көрейікші.

І. Қызығушылықты ояту
1. Өмір деген не? – деген сауалға жауап беріп көрелік. Өмір - адам туғаннан бастап өлгенге дейінгі физиологиялық күйі. Адам өмір сүру үшін айналасындағы ортамен үнемі зат алмасуы арқылы тығыз байланыста болуы керек. Өмір - теңіз! Осы үлкен теңіздің асау толқындарында, күшті дауылдарында адасып қалмау үшін өмірімізді неден бастап, қалай адасып қалмауымыз керек. Мен енді барлықтарыңыздың ойларыңызды жинақтап, қорытындысын шығарып көрейін. Адам баласына бір - ақ рет берілетін өмір, бұл – бақ, байлық, береке.
2. Денсаулық туралы пікірімізді білдірейік.
Денсаулық - зор байлық! Осы мақалдың мағынасын түсіндіруге тырысайық.
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» - дейді данышпан халқымыз, бұл туралы ой - пікірлерімізді ортаға салыңыздар.
4. «Өмірімізді қысқарту да, ұзарту да өз қолымызда» десек, шындыққа жата ма, жоқ па?
Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады - ау танауынан түтін шығып.
Уланған темекімен қайран қыздар,
Тартқанда қыз - келіншек денең мұздар.
Жараса ма темекі нәзік жанға?
1. Темекінің адам денсаулығына қандай зияны бар?
2. Темекі білместіктен тартыла ма, әлде сәндік үшін тартыла ма?
3. Ең жақын адамның темекі тартқанын қалар ма едіңіз?
4. Темекіні тастауға бола ма?
Иә, балалар адамның әдемі де ұзақ өмір сүруіне кедергі келтіретін зиянды әдеттер бар: темекі, маскүнемдік, нашақорлық. Темекі тартудың басты себебі неде: еліктеу, ересек болуға тырысу, темекінің зиянын білмеуінен деп жатамыз. Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз. Заман ағымына қарай, адамзаттың тұрмыс тіршілігі өзгеріп отырады. Адам өзінің жаны тыныш болу үшін қаншама жайлы жағдайлар жасамады дейсіздер?... Жақсылық пен жамандық қатар жүретін «цивилизация» аталатын осы заманда қай жаңалық қай жағынан шығатынын біліп жарымайсың. Соның бірі - нашақорлық жылдан жылға көбейіп келеді.
1. Нашақорлық, наша, есірткі туралы не ойлайсыздар?
2. Есірткі егіп көргенің, ажалдан бұрын өлгенің» мақалын түсіндіру.
3. Өзіне - өзі адам неге қол жұмсайды?
Нашақорлық - грек сөзі, аудармасы «ессіздік» ал осы сөздің өзі айтып тұрған жоқ па, нашақорлықтың қайда апаратынын.
Нашақорда жақын жоқ,
Апиында ақыл жоқ.
Құмартып наша шеккенің,
Ар, намысты төккенің.
Нашар жігіт – нашақор!
Нашаға ілесіп кесел жүреді,
Көкнарға ілесіп кесел жүреді.
Наша тартқан кесел болады,
Көп ұзамай кесел болады,
Ақырында мешел болады.
«Қара пима» бейне ролик. (Ұ. Есдәулетов). Шығармадан қандай ой түйдіңіздер?
1. Арақтың зияны?
2. Зиянды екенін біле тұра, неге арақты ішеді?
3. «Ұзартқың келсе ғұмырыңды, таста арақ пен шылымды» - деген сөзді қалай түсінесіздер?
Абдул Фарадж деген философ «Ішкілік адамға төрт түрлі қасиет береді. Адам алғашқыда назданып тотыдай сыланады, содан кейін жеңілтектеніп, маймылша қылмыңдайды, әркімге бір тиіседі, арада біраз уақыт өткенде арыстандай айбат шегеді, ақырында шошқаша лас жерге аунайды» деп ішкен адамға мінездеме берген.


Міне, балалар адам өмірге келгеннен кейін ең алғашқы құқығы – ол өмір сүру, оның өміріне қол сұғатын ешкімнің де құқы жоқ. Сондықтан темекі, арақ, нашаның зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруіміз керек. Ол үшін не істеуіміз керек?
Ал салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы өте тамаша болады, ұзақ өмір сүреді және ол адамның жүріс - тұрысы жарасымды, сымбатты көрінеді.
Балалар, пікірталасымды неге «Өмір – өмір сүру үшін беріледі» деп алғанымызға ой - пікірлер айту барысында жауап айтылды ма, жоқ па?
Пікірталасымызды «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылаймыз. Дені сау, құрыш білекті, салауатты өмір салтын қолдайтын, өнер мен білім қуған көк байрақты еркін Отанымыздың нағыз патриоты, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болыңыздар деп кездесуімізді аяқтаймыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Өмір- шексіз керуен

Автор: Сандыбаева Маржан Нурлыбаевна

Дата: 02.03.2017

Номер свидетельства: 397272

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«?мір –шексіз керуен»"
    ["seo_title"] => string(20) "omirshieksizkieruien"
    ["file_id"] => string(6) "300525"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456747603"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?мір – шексіз керуен" "
    ["seo_title"] => string(22) "omir-shieksiz-kieruien"
    ["file_id"] => string(6) "209392"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431107980"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Өмір -шексіз керуен"
    ["seo_title"] => string(24) "omir_shieksiz_kieruien_2"
    ["file_id"] => string(6) "445719"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513849812"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?зін-?зі тану п?ні "?мір-шексіз керуен""
    ["seo_title"] => string(34) "ozinozitanupniomirshieksizkieruien"
    ["file_id"] => string(6) "282739"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453731152"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "?зін-?зі тану п?нінен "?мір шексіз керуен"  саба?ы                 11-сынып"
    ["seo_title"] => string(62) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-omir-shieksiz-kieruien-sabag-y-11-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "324236"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462380537"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства