kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?ні "?мір-шексіз керуен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Омарова Гульнара Алимкановна ?зін-?зі тану п?ні м??алімі. "Жарб?ла? орта мектебі"КММ Ш?О, ?ржар ауданы,  ?абанбай ауылы. Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? ?мірге деген к?з?арастарын ке?ейту, ?мірді с?юге т?рбиелеуге ?йрету. Адамгершілік ?асиеттерін дамыту. Ізгілікке, с?йіспеншілікке т?рбиелеу. Міндеттері: о?ушылар?а ?мір ??ндылы?ы  туралы тере?ірек  білім беру; ?мірге ??штарлы?тарын арттыру; ?мірді? м?ніне т?сіне ?арау?а ба?ыт-ба?дар беру; ?мірден ?з орнын табуды ма?сат етуге  ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?ні "?мір-шексіз керуен"»


Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Өмір- шексіз керуен»

Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарастарын кеңейту, өмірді сүюге тәрбиелеуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерін дамыту. Ізгілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Міндеттері:

  • оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

  • өмірге құштарлықтарын арттыру;

  • өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;

  • өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.

Көрнекі құралдар: слайд, бейнебаян, конверттер, парақтар, ватман қағаздары, фламастер, карточкалар, журналдар, қайшы, желім.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті оқушылар бүгін ерекше сабақ, ашық сабақ, бізге қонақтар келіп отыр, сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге сабақтың ережесін айтып өтейін.


  • Белсенді қатысу;

  • Тыныштық сақтау;

  • Бірін-бірі тыңдау;

  • Ойын ашық айту;

  • Бір-бірін сынамау;

  • Бірігіп жұмыс істеу.


  1. Сергіту сәті 

 Оқушылар “Заман” тобымен бірігіп “Өмір-өзен ” әнін орындайық 

(Оқушылар бейнеклипті көре отырып, «Өмір-өзен» әнін орындайды)

Оқушылар, әнді тамаша орындадыңдар, рахмет!

  1. Кіріспе

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, бақытты балалық шағын, мектептегі, студент кезіндегі естен кетпес жастық шағын, отбасын құрып, табыс тауып бала-шағасын асырау, әдемі қарттық өмірін кешу сөйтіп аллаһтың берген жасын жасау сияқты алдында тұрған үлкен белестер адамның өз қолында. Өмір – шексіз керуен сияқты бола тұра қамшының сабындай қысқа . Шәкәрім Құдайбердиевтың өлең жолдарын сабағыма өзек етіп алып отырмын.

Дүние қу,

Бір ағын су,

Түстік одан көп болып.

Күнде ағамыз

Сандаламыз

Бейнетіміз көп болып

Кейде тасқа

Кейде ағашқа,

Соқтығамыз дөп келіп.


  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сіздерге Ш.Сариев ағамыздың әдемі өлеңін алып келдім. Бірінші өлеңді тыңдайық.

«Өмір деген тұрмайды қап – қарадан»
Ш. Сариев

Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күндесеңде, тірлікті түндесең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі – екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап – Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әркез ашық Күн, Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!


  1. Ойталқы.

Оқушыларға сұрақтар қоямын

Ақын “АҚ” және “ҚАРА” деп нені отыр?

Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?

Адам баласы не үшін өмір сүреді?

Өмір деген несімен қымбат?

Сенің өмірдегі мақсатың қандай?

Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?


  1. Бейнебаян Бейнебаянды тамашалағанда не түйдіңдер? (Қандай қиындық болса да адамдар мойымай еңбек етіп, бақытты өмір сүруге талпыну керек.Әрқашан мақсатыңы жете білу керек.)

  2. Мәтінді оқу Қазір екі қатардың балаларына екі түрлі мәтін беріледі. Осы мәтінді оқып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңыз.

  3. Дәйексөз

Сағаттың шықылдағы емес ермек, 
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. 
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, 
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. 
Сағаттың өзі ұры шықылдаған, 
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. 
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, 
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…, – десе Абай атамыз,

шығыстың шайыры Ахмад Шауһи: 
Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман, 
Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан. 
Ескертемін, ей адамзат, өмірің 
Минуттар мен секундтардан құралған… – деген екен

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый.

Ендеше осы дәйексөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  1. Жаңа ақпарат

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. 
Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы.Сондықтан, қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек



Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді.

  1. Назар аударыңыз!

  • 63 жыл өмір сүрген адам

  • Күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.

  • Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.

  • 6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы сапарларға,

  • 2 жылы телефонмен сөйлесуге, кететін көрінеді.

  • 1 тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді. Осы уақытты

  • 1 жылға көбейтетін болсақ, жылына 365 сағатыңыз желге ұшады

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.

 

  1. Есіңізде болсын!

  • УАҚЫТТЫҢ ЖАУЛАРЫ 

  • •  Түсініксіз мақсаттар;

  • •  Тыңдай білмеу;

  • •  «Жоқ» деп айта алмау;

  • •  Асығыс шешімдер;

  • •  Бәрін бірден орындауға үмтылу;

  • •  ¥мытшақтық;

  • •  Толық ақпараттың болмауы;

  • •  Өзіндік тәртіптің жоқтығы;

  • • Жоспарлай білмеу;

  • •  Тосын шешімдер;

  • •  Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Мына өмірде бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

  • Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

  • Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

  • Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

  • Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

  • Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды. Жастық шағыңды білім мен ғылымға арна!

  • Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Егер ұнаса алдарыңыздағы текшелерді көтеріңіздер

Оқушының пікірі тыңдалады.



  1. Үй тапсырмасы: «Өмір- шексіз керуен» тақырыбына эссе жазу

  2. Оқушыларды бағалау: Белсене қатысқан барлық оқушыға бүгін алғысымды білдіремін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?зін-?зі тану п?ні "?мір-шексіз керуен"

Автор: Омарова Гульнара Алимкановна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства