Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дәстүр мен инновация»
11.05.2016
Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор.
Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін психологиялық процестерін ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие.
Тренинг сабағының тақырыбы : Дәстүр мен инновация
Мақсаты: Ата – аналардың мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу;
- Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру;
ата-аналарды білім мекемесіндегі сан алуан қызмет саласына араластыру;
ата-аналарға балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруды үйрету;
ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру;
әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету;
баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ата – аналардың мектеппен байланысы артады. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алуға дағдыланады;
Психологиялық-педагогикалық білім алады, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесі артады
ата-аналар білім мекемесіндегі сан алуан қызмет саласына араласады;
ата-аналар балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруды үйренеді;
ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар болады;
ата- аналардың психологиялық – педагогикалық мәдениеті көтеріледі;
ата – анамен мектеп арасында тығыз қарым – қатынас орнайды;
Тренингтің барысы:
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Жаңаша даму, тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын. Сіздер тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтасыздар. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді, сіздермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.
Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы- кішкентай адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады..
Нақ отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге
(ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Топқа бөлу( геометриялық фигуралар )
1 Миға шабуыл.( Сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)
Ата-ана болу –бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?
Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.
Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?
1. Кім мені мақтаса- сол менің жауым ( корей мақалы)
2. Өзіңді мақтаған адамға сенбе ( жапон мақалы)
3. «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.
«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак
4. «Қылмыскерді емес, істеген әрекетін кінәла» Жапон мақалы.
«Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» Фин мақалы.
5. «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.
6. « Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.
7. «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.
Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.
Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі қайткенде нәтижелі болмақ? Әрине, бұл сұраққа әркім әрқилы жауап беруі мүмкін, алайда олардың басым бөлігі «Мұғалім мен ата-ана бірлесе жұмыс атқарғанда» дер едім. Шынында да, бала тәрбиесіне мектептен өзге оның ортасы мен отбасының күшті ықпал ететінін ескерсек, онда мектептің ата-аналармен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру мақсатында мектеп- ұжымы ашық есік күндерін, тәрбие сағаттары мен семинарларын, спорт жарыстары мен табиғат аясында демалыс шараларын өткізуі де пайдалы деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» -делінген.
2 Ойтолғау ( Сұрақ -жауап ) (ата-аналарға сұрақтар беріледі, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)
Қазақ отбасындағы мәдени құндылықтарға нені жатқызады?»
“Сіз қандай ата-анасыз?”
“Сіз және сіздің балаларыңыз?”
“Ата-ана, бала, мектеп”
Сонымен , қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»
тәрбиелеу.
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы».
4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
5. Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.
3« Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» Егер:
- Баланы сынап отырса , ол ... (жек көруді) – үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол... (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы қолдап отырса, ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).
4 Психологиялық тренинг Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)
Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет.
Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы-төкпелі сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, этнопедагогика арқылы сіңетіні ақиқат. Ондай болса, ұлт болашағына алаңдап жүрген жандар айтпақшы «білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуді» шынымен, мықтап қолға алу керек шығар.
Рефлекция:Сізге тренинг ұнады ма?(парақшаға кері байланыс жазады)
Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.