Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау Қалқаманұлы)
Аңыз
Жырау
Сабақтың барысы:
Жүзеге асырылатын әрекеттер:
Оқулықтағы мәтінді талдау
2. Кезеңдері:
Мәліметтерді жинақтау – 5 минут
Топ ішінде талқылау – 5 минут
Негізгі оқиғалар
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ақын-жыраулар
Сыпыра жырау(ХІҮғ) – Қазақстанның батысында өмір сүрген түркі тілдес ру-тайпалардан шыққан жырау қазақ пен ноғайға ортақ тұлға.
Ел қамын жеген қамқоршы ақсақал ретінде «Ер Тарғын», «Едіге»жырларында кездеседі.
ХІІІ-ХҮғғ өмір сүрген жыраулар – Асан қайғы, Қодан тайшы, Кетбұға
Асан қайғы – Жерұйықты іздеуші.
Ш.Уәлиханов «Қазақ-ноғай халқының философы»
Қодан тайшы – Дайырқожа бидің әкесі
Қазтуған Сүйінішұлы – 1420ж Астраханьдағы Қызылжар деген жерде дәулетті отбасында дүниеге келген.
Үш жыры жеткен, әйгілісі - «Алаң да алаң, алаң жұрт»
Доспамбет – 1490жылы Дон өзенінің төменгі ағысындағы Азов қаласында әскери билеуші шонжар тұқымынан шыққан.
Жырлары: «Айнала бұлақ басы жоқ», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, Азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын Ақ Жайық»
Шалкиіз(1465-1560жж) – Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Ноғайлының әміршісі Темір бидің жанында болған.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулары
Жиембет – алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасылардың әулетінен шыққан. Есім ханның әскербасы қызметінде және кеңесшілерінің бірі болған. 1620ж Есімханның ойраттарды жеңуге өзінің үлесін қосқан. «Әмірің қатты Есім хан» жырының авторы.
Марғасқа жырау – Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыры белгілі.
Ақтамберді Сарыұлы(1675-1768ж) – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау бойында, дәулетті отбасында дүниеге келген. 93 жасында Семей өңіріндегі Жүректі деген жерде қайтыс болған. Жүрекжота деген төбенің үстінде жартылай бұзылған күмбезі күні бүгінге дейін сақталған.
Тәтіқара ақын – Қостанай аумағындағы Сарыкөл маңында туып-өскен. Абылай ханның қасында болған. Бір ерекшелігі – ол өзінің жырларында қазақ батырларының қай ру-тайпадан екендігін хабарлап отырған.
Үмбетей жырау(1706-1778ж) – қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. «Ей, Ақтамберді, Қабанбай», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне» жырларының авторы.
Бұқар жырау Қалқаманұлы(1693-1787ж) – Баянауыл ауданының далба тауының етегінде жерленген. Абылай ханның ақылшы, кеңесшісі болған.
Ойтолғаныс
Ақын-жыраулар өлеңінен үзінділер жасырылады
«Әдебиет айнасы»
«Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер,
бұрынғыны қуыспа» - деген тіркестер кімнің шығармасынан алынған?
Асан қайғы
Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасында батыр кейпінде
бейнеленген жырау? Ақтамберді
3. «Керей, қайда барасың?» кімнің шығармасы? Бұқар жырау
4. «Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады.» - деген кім еді? Мұхтар ӘУЕЗОВ
Тарихи сұрақтар қойылады.
«Тарих беттерінен... »
1. Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың IІ жартысындағы танымал ақын? Тәтіқара
XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау? Бұқар
1490 жылы Азов қаласында дүниеге келген жырау? Доспамбет