Жырау дегеніміз - ?з жанынан жыр шы?арып айтатын, суырып салма а?ынды? ?асиет пен шешендік ?асиеті ?атар са?талып жататын дарынды а?ын, дуалы ауыз шешен, а?ылг?й дана, ойшыл адамдар. Жыршы– жыр айтушы, таратушы, к?птеген эпосты? жырларды жат?а білетін, дайын репертуары бар айт?ыштар.Жыршылар домбыраны? не ?обызды? с?йемелдеуімен, ма?аммен, ?нмен айтады.
«Жыр-(к?не т?ркі тілінде «иыр») деген с?зінен шы??ан. Жыраулар ?з шы?армаларын а?ыл-на?ыл, ?сиет т?рінде айт?ан. Жыраулы? – ?здіксіз жал?асып келе жат?ан к?не ?деби д?ст?р. Жыраулы? - ?рісі о?ыз-?ыпша?, берісі но?ай -?аза? д?уірінен бері ?арай ?здіксіз жал?асып келе жат?ан к?не ?деби д?ст?р. ?аза?та?ы «жыр», «жыршы», «жырау» с?здеріні? ар?ы тегі бір, м?ны? б?рі «жыр айту», «жырлама?» ??ымымен тере? астасып жатыр. Жырауларды?, к?бінесе, елдік, ?о?амды? м?ні зор аса ірі ?леуметтік м?селелер т??ірегінде ой тол?ап, б?гінгі мен болаша?ты болжап айтатын ма?ал-м?тел іспеттес т?йінді т?жырымдар ар?ылы таби?ат пен адам ?мірін ?зара астастыра, шендестіре жырлайтыны м?лім. Б?л пікірді ?аза?ты? ?лы ?алымы Шо?ан У?лихановтан бастап, М.?уезов, ?.Мар??лан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Ма?ауин, З.Ахметов, Х.С?йінш?лиев, ?.Дербіс?лин т?різді ?дебиет тарихына ?алам тарт?ан зерттеушілерді? б?рі де т?гелдей ма??лдайды. Жырау ?дебиетіні? негізгі ?кілдері: Асан ?ай?ы, ?азту?ан, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Мар?ас?а, ?азыбек, А?тамберді, Б??ар ж?не т.б.
« Жыраулар поэзиясы» та?ырыптары бірнеше са?ат?а берілген. Мен сол са?аттарды жина?тап, 7 модульге ы?палдастырыл?ан, Блум таксономиясы бойынша саба?тарымды т?мендегі ?лгі бойынша ж?ргіздім.
“ Жыраулар поэзиясын инновациялық бағытта оқыту” тәжірибемнен
Есенбекова Гүлбану Даулетбайқызы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Ф.Энгельс атындағы жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жыраудың сөзі мақсатсыз болмайды.
Не айтса да көптің мұңы ,көптің жайы туралы,
не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады.
М. Әуезов
Жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар . Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады.
«Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Жыраулық – үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр. Жыраулық - әрісі оғыз-қыпшақ, берісі ноғай -қазақ дәуірінен бері қарай үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр. Қазақтағы «жыр», «жыршы», «жырау» сөздерінің арғы тегі бір, мұның бәрі «жыр айту», «жырламақ» ұғымымен терең астасып жатыр. Жыраулардың, көбінесе, елдік, қоғамдық мәні зор аса ірі әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой толғап, бүгінгі мен болашақты болжап айтатын мақал-мәтел іспеттес түйінді тұжырымдар арқылы табиғат пен адам өмірін өзара астастыра, шендестіре жырлайтыны мәлім. Бұл пікірді қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтан бастап, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Мағауин, З.Ахметов, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин тәрізді әдебиет тарихына қалам тартқан зерттеушілердің бәрі де түгелдей мақұлдайды. Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық, Суырып салма жағы артық, Айтады олар ойланбай, Сыпыра жырау, Шортанбай, Үмбетей мен Марабай, Алды-артына қарамай, Соққанда жырды суылдап, Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында "терең сыр" барын таниды. Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір судың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" – бар -баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда , Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр, – деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы – халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.
Алған тақырыбымның мен үшін маңыздылығы – сөз құдіретін түсініп, шешен сөйлету болған соң , сыныбымдағы оқушыларымның өз ана тілінде жатық сөйлеуіне көңіл бөлу деп шештім. Сыныптағы А, В, С деңгейлі үш оқушыны сабақ барысында зерттеу басты мақсатым болды. Себебі оларды жаңа үлгідегі сабақ үстінде алға қарай талпындыруға мол мүмкіндік бар. Жаңа форматтағы сабақтарды ұйымдастырмас бұрын, дәстүрлі сабақтарымдағы іс-әрекеттерді ой елегімнен өткіздім.Бұл жерде мен нені байқадым? Оқушылар берілген тапсырмаларды мұғалімнің қатаң бақылауымен орындайды. Сабақ барысында оқушының іс-әрекетін мұғалім ғана бағалайды. Айтылған ой-пікірлерінде өмірден мысалдар алынып, байланыстырмайды. Жеті модульдің әдіс-тәсілдері сабақ барысында ықпалдастырылып, тиімді дәрежеде қолданылмайды.Топпен, жұппен жұмыстар жүргізілмеді. Оқушыларға жаңа тақырыпты өзім түсіндіріп, барлық оқушыларды сабақ барысына тартып, бағалауға тырыспадым. Сабақ барысында қиындық келтіретін оқушыларға бақылау жасамадым. Жаңа бағыттағы сабағымда топпен жұмыста барлық оқушылардың белсенді жұмыс істей алуы, біршама болса да өз ойларын топ оқушыларымен талқыға сала бастағаны мені қуантты. Топ арасында оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдап, ортақ пікірге келуде біршама еңбек еткені, ізденіс үстінде шығармашылықпен жұмыс істеуі осы топпен жұмыстың бір ерекшелігі екенін айтпай кетуге болмас. Жұппен жұмыста қатар отырған екі оқушының бірігіп тапсырманы орындауы - бұрын үнсіз, салғырт отыратын оқушыларға ой салғандай болды. Кез -келген сабақта ынтымақтастықпен, топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімді екенін оқушылардың іс-әрекетінен, олардың сабақтан кейінгі білімдерінен-ақ байқауға болады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Ал топтық жұмыста оқушыларды белсенділендіру кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы жасалады.
« Жыраулар поэзиясы» тақырыптары бірнеше сағатқа берілген. Мен сол сағаттарды жинақтап, 7 модульге ықпалдастырылған, Блум таксономиясы бойынша сабақтарымды төмендегі үлгі бойынша жүргіздім.
«Қарлы кесек», «Егер сен XXI ғасырдың жырауы болсаң...»
Оқулық, плакат, түсті қалам
Білімді жинақтау
Ой бөліс «Жеті қалпақ»
Слайд
Қорытынды сабақ
«Инсерт»
Слайд , плакат, түсті қаламдар
Сабақтарыма жаңа технология элементтерін үнемі қолданамын, соның ішінде Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясын, М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын және Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолданамын.
«Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы сабақтарымды инновациялық технологияны кеңінен қолдану арқылы өткіздім. Сабақ бірнеше кезеңдерден тұрып, уақыттар өлшеніп берілді. Кітапханамен, тарих, география, музыка және қазақ тілімен байланыс жасалып, оқушылар біршама шығармашылық жұмыстар орындады. Ізденді, тарихтың өткеніне көз жіберді, жыраулардың шығармаларынан көп мәлімет алды, жер-су атауларын таныды. Сөздік қоры молайып, толғау мәтініндегі сөздердің мағынасын тануға ұмтылды. Көнеріп бара жатқан сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсінді, т. б.
Оқушы белсенділігін зерттеу олардың пәнге, сабаққа немесе сабақтың бір кезеңіне, белгілі бір әдіс бойынша жасалынатын тапсырмаларға қызығушылығы қаншалықты екеніне бақылау жасаудан басталды. Өз түсінгендерін тек баға алу үшін ғана айтып шығатындықтан, өзгеге түсіндіруге сенімі әлі аз екені көрінді. Ал мәтінді талқылауға қызығушылығы жаңаша оқытуға дейін орташа, кейін жоғары болғаны келесі сабақ жоспарын жасауға жаңа идеялар қосуға итермеледі. Мені қуантқаны – олардың топтық жұмыстарда идея қосып, жауапкершілікті сезініп, білімін өзгелерге үйретуде белсенділік танытқаны. Осының өзі оқушының бойында топтық жұмыстар арқылы сабққа деген қызығушылықтың оянғанын білдіреді.
Нәтижесінде:
Ұстаздың нәтижесі:
Пәнге қызықтыру көздерін таба білдім.
Тапталған бірсарынды сүрлеуді айналып өтіп, жаңалыққа бет бұрдым.
Оқушының терең білім алуына ықпал еттім.
Заманның тынысын ұғынып, шәкірттің бойындағы өзгерістерге, өмір талабына сай болуға тырысқан тоқтамдарына қолдау көрсете алдым.
Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиеледім.
Шәкірт нәтижесі:
Ізденді.
Терең білім алды.
Шығармашылық қабілеті артты.
Өмір жаңашылдығын таныды.
Бәсекеге қабілеті артты.
Тыңдады, сыйлады, көмектесті.
Өзінің білім деңгейін бақылады, байқады, сәйкестендірді.
Өзін-өзі бағалай білді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2010 жыл
2.«Қазақ әдебиетін оқыту» методикалық нұсқаулық.
3.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2000.
4.Сатылай кешенді талдау- оқытудың төл технологиясы» .2010.
5.Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005.
6.Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1984.
7.Деңгейлі бағдарлама, Деңгейлік курс ресурстары материалдары
1. А,В,С оқушылардың сабақ кезінде тапсырма орындауға қатысқандығының көрсеткіші.
оқушылар
Дәстүрлі сабақта жеке тапсырма орындағанда
Дәстүрлі сабақта жалпы тапсырма орындағанда
А
әрқашан
кейде
В
кейде
кейде
С
кейде
әрқашан
Топпен жұмыста жеке тапсырма орындағанда
Топпен тапсырма орындағанда
А
әрқашан
әрқашан
В
әрқашан
әрқашан
С
кейде
кейде
2. Әдебиет пәніне деген қызығушылығын анықтау қорытындысы
ұнайды
ұнамайды
бірінші сабақта
10
5
соңғы сабақта
15
-
3.Дәстүрлі сабақ пен топпен жұмыс түрінде өткен сабақ ерекшеліктері
Үзінді оқу, түсінік айту, мәтінді оқу, тізбектей оқу. Шығармашылық жұмыс: шығарма, мазмұндама жазу. Тақтада және дәптерде жазу.
Мәтінді өзі түсініп , өз бетінше жіне топ болып талдау, жаңа идеяны талдау, зерттеу, қайта қарау.Топтасып тақырыпты бөлісіп оқу, сауалнама толтыру, постермен жұмыс, оны қорғау, АКТ жұмыс, кері байланыс,жұбын, өзін-өзі және тобын бағалау.
Сабақтың тақырыбы
Жыраулар поэзиясы
Сабақтың
танымдық мақсаты
Жыраулар поэзиясының әдебиеттегі орны мен ерекшелігін меңгеру
Сілтеме
Ұ.Асылов, Т.Жұмажанова, Ғ.Бисенбаев "Қазақ әдебиеті" 9-сынып
Мұғалімге арналған нұсқаулық; Үшінші деңгейге арналған ресурстар;
Дереккөздер мен жабдықтар
интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер
Күтілетін нәтиже
1. Жыраулар поэзиясы туралы жалпы біледі.
2.Жыраулар поэзиясының көтерген мәселелерін ажыратады.