Просмотр содержимого документа
«Жыраулар поэзиясы »
Қазақ әдебиеті
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы бөлімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтап, толықтыру;
Тәрбиелік: Жыраулар поэзиясын оқыту арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді (ақылдылық, тапқырлық, татулық) қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жыраудың сөзі жазылған плакат, жыраулар портреті, кесте, сызба.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу; Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырма: ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы ел аузындағы аңыздарды тауып, дайындалып келу. Сұрақ – жауап әдісі бойынша жырау поэзиясының тақырыбы, идеясы туралы сұрау Аңыздарды дайындалып келгендер болса сұрау. Бір – екі оқушылардан жатқа сұрау.
Жаңа білімді түсіндіру, меңгерту.
Сабақты түсінгендігін тексеру
Жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай ?
Адам өмірінің кезендерін суреттеген қандай өлеңдер бар?
Ел бірлігін сақтау идеясы жырау толғауларынан қалай көрініс береді?
Жыраулар поэзиясы көшпелі халық өнерінің айнасы. Онда халықтың тіршілігі, әлеуметтік- экономикалық қарым-қатынасы, халықтың арман-мұраты, әдет-ғұрып, салт-санасы бейнеленген. Осы жырау поэзиясы жайында ақындардың берген бағасы: М.Әуезов «Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды.Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады» Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында «терең сыр» барын таниды. Олардың жырында «қыран құстың ұшқаны, ақбөкеннің жүрісі, жайдақ желдің желісі, мөлдір судың аққаны, адам жанының жайма шуақ кезеңі» -баршасы көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп ой түйеді. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда,
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,-
Жыраулар поэмасының негізгі тақырыбы не?
Жыраулар өз толғауларына әр түрлі тақырыпты өзек еткен. Оларды ең алдымен туған елінің тағдыры толғандырған. Елім деп еңіреп өткен. Жырларының негізгі өзегі –сол.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы біз оқыған жыраулар кімдер екенін білу үшін мына жыр жолдарында кімдер туралы сөз болып тұр және бұл жырларды кімдер жазғанын табуымыз керек.
Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер салсам,
Тапқан жерге ел көшір
Мұны не білмейсің? Асан Қайғы
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі.
Мүсылман мен кәуірдің,
Арасын бұзып дінді ашқан,
Сүйіншіұлы Қазтуған.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады
Шаршы топтан сөз бастаудан қиынды көрген жоқ. Бұхар жырау
Олай болса Бұхар жырау, Қазтуған, Асан қайғы жыраулар туралы қайталаймыз.
ХІҮ-ХҮІІғ
Ел билеушілердің кеңесшісі, уәзірі, бай
Кемел ойлы ақындар
жыраулар
Доспамбет
Асан қайғы
Ақтамберді
Бұхар жырау
Қазтуған
«Поэзия» сратегиясы
Үй тапсырмасы бойынша жыраулардың жырларын мағынасына келтіріп мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу, авторын табу. Авторы кім?
Мен бұл жырды жолдаймын. Екінші оқушы авторын табады.
Бекіту:
Таблицаны толтыру
№
жыраулар
өмірдерек
еңбектері
тақырыптары
1
Асан қайғының шын аты – Хасан Сәбитұлы, ірі жырау, би. «желмая» түйесі болған
1361 жылы Еділ бойында туған. Әкесі- Сәбит- саятшы. Керей және Жәнібек хандарды жақтаған. 1465-70ж. Сарыарқа Ұлытауда қайтыс болған.
«Құйрығы жоқ, жаны жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз, асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп»
Адамгершілік қасиеттері, елдің бірлігі, татулығы.
2
Қазтуған Сүйінішұлы қол бастаған батыр, ел басқарған би.
Еділ бойында, Астрахан облысында дүниеге келген. 1460-1480жылдары қазақ Ордасы құрамына енеді. Жыраулардың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған.
«Мадақ» жыры, «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім»
Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері
3
Бұхар жырау
1668 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман батыр 1781жылы Баянауылда Далба тауында дүние салған.
Елін, жерін, қорғаған батырлар, ел басқарған хандар туралы.
Қорытынды:
Асан Қайғы желмаясына мініп, кең-байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеп, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан оны Ш.У оны «Көшпенділер философы » деп атаған.
Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.
Таблица бойынша жұмыс. ХІҮ-ХҮІІІ ғ. Жырау-жыршылары.
1
?
. ХІҮ-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген, әкесі батыр болған, Мәшһүр Жүсіптің айтуынша сауып ішер малы, мінер аты болмаған. Бір ғасырдан астам өмір сүрген.
2
?
Желмаясымен «Жерұйық» жерді іздеп, қазақтың талай жерін аралаған. Шоқан Уалиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған. Керей мен Жәнібек хандығын жақтаған.
3
?
ХҮ ғасырдың 20-30 жылдары Еділ бойында дүниеге келген. Қол бастаған батыр, ел басқарған би болған, лирик. Бұл кісі туралы көп деректер жоқ.