Сабақ Тақырып Достарым. (Сын есім. Қатыстық сын есім)
Сабақтың түрі: тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Жаңа тақырыпты меңгеру, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыруға баулу, сөздік қорын молайту, сұрақ, жауап беруге баулу, тың мәліметтер беру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, білім, білік дағдыларын қалыптастыру, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту ( салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалының бастысын ажырату), жалпы қабілеттілікті дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "Менің отбасым"»
6 а, б Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Фонетика
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алдыңғы сыныпта меңгерген білімдерін тексеру, еске түсіру, оқушы есінде жаттанды ету.
Дамытушылық: нақты мысалдар келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыта түсу, қазақ тіліне тән әріптермен фонетикалық ерекшеліктерін қайталай отырып, үйрете түсу.
Тәрбиелік: оқушыларды отбасы мен отбасы мүшелерін, туған жерінің мәдинетін, тілін құрметтеуге оқып үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап, қайталу, тіл жаттықтыру, топтастыру, эвристикалық (мәтінмен жұмыс), сергіту ойын түрлері, сөздік жұмысы, суретті, грамматикалық жаттығу жұмыстары мен тапсырмалары (тест).
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сергіту ойындары, мақал - мәтелдер, қосымша ( Шың оқулығы (қазақ тілі), грамматикалық сызба тіректер, ҚР рәміздері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу. Кезекшімен жұмыс. Оқушыларға сабақтың барысы мақсат міндеттері туралы түсінік беріп, таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтілген тақырып бойынша қысқаша түсінік немесе сұрақ – жауап әдісі негізінде екеуара мәтін бойынша сөйлестіру. Грамматикадан өткенді қайталау (сұрақ - жауап)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде неше септік бар, ата?
Зат есім дегеніміз не, сұрақтарын ата?
Күз айларын ата?
Апта атауларын ата?
Түбір дегеніміз не, мысалы?
Қазақстанның мемлекттік тілі қай тіл?
ІІІ. Жаңа сабақ. (жаңа сабақ туралы түсінік беру.
тату ... қаласы .. үй .. пәтер
... адам .. бала -бақша
олар: Менің отбасым жоғарғы оқу орны ..
ана,әке
әже,ата жақсы көремін
аға,әпке
сіңілі, іні
зеинеткер жұмыс істейді .. мектеп ..
ІҮ. Мәтінмен жұмыс (эвристикалық әдіс). 3 бет
1 тапсырма. Мәтінді түсініп, әңгімелеңдер. Мәтінді негізге алып, өздеріңнің отбасыларың туралы әңгімелеңдер. Жаңа сөздермен жұмыс.
Оқулықтағы жаттығы жұмыстарын орындату.
Сөйлесу. 2 тапсырма Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, диалог құру.
Мысалы: Менің әкем ұшқыш. Сенің қарындасың тілші. Сіздің ағаңыз студент. ...
Тілдесім: Тәуелденген сөздің септелу үлгісімен танысып, мысалдар келтіру. Берілген сөздерді сөз құрамына талдау. Отбасымызда, отбасына, отбасыларың.
Алған білімін бекіту:4 тапсырма. 1тапсырмадағы мәтіннен тәуелденіп барып, септік жалғауы жалғанған сөздерді табыңдар.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс. 5 тапсырма. Мәтінді оқыңдар, мәтінде неше отбасы мүшесі бар екенін айтыңдар. «Сіз» бен «сен».
Берілген мәтіннің мазмұнын топпен талқылап, мазмұндау.
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін текскру мақсатында оқулық бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады. 6 тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.
Айтжанның «сен» деп сөйлегені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Әкесі оған қандай ескерту жасады?
«Сіз» деген сөз нені білдіреді?
Өзбек халқында қандай дәстүр қалыптасқан?
Сенің отбасыңдағы мүшелер бірін-бірі қалай айтады?
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Нені білдім? Нені білмедім? Нені білгім келеді? Маған сабақта не қызық болды, не ұнады?
ҮІІІ. Бағалау. Қортындылау.
ХІ. Үйге тапсырма: 1 тапсырманы негізге алып өз отбасың туралы әңгіме құрастыр, әңгімеле.