kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлыстың Ұлы күні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ФОН: «Наурыз-Думан»

Мирас

Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісі достық пенен мәңгіліктің.

Акмырза

Келді наурыз ұлы күш тасқынымен

Ел көріскен тума-туыс, достығымен.

Қуанышы молайып ағайынның

Қайғы мұңын ұмытқан, тас жібіген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлыстың Ұлы күні»»

«Ұлыстың Ұлы күні» арналған сценарий

ФОН: «Наурыз-Думан»


Мирас

Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісі достық пенен мәңгіліктің.


Акмырза

Келді наурыз ұлы күш тасқынымен

Ел көріскен тума-туыс, достығымен.

Қуанышы молайып ағайынның

Қайғы мұңын ұмытқан, тас жібіген


Ақмырза:

Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесіне арналған “Ұлыстың Ұлы күні ” атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бар табиғат еміреніп, жан-жануар түлеп, жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге жасарып, бірге қуанған адамзат баласы да Ұлыстың ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын- туыс, алыс-жақын, дос-жаран айналаның бәрі құшақ жая қарсы алып, төс түйістіріп, қол қусырып, аман-түгел сұрасқан.


Мирас:

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс – тіршілігі табиғат анамен тығыз байланысты зерделі ел жыл басы наурызды қараңғының–жарыққа, ызғардың–жылыға, қараның–аққа, сордың–баққа, кесірдің–киеге, жоқтың–барға ауысатын талайлы табалдырығы деп таныған.

Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Дүниеге көрік берген, шырайы жылы жыл басы Наурыз мерекесі баршаңызға

БІРГЕ: құтты болсын!


ФОН: «Наурыз-Думан»

(екі әже шығып тұрады)


Ақмырза:

Шашу, шашу ағайын!

Бар қуаныш шашу болып шашылсын.

Ренішіміз су сепкендей басылсын

Ұлы күнде ризығымыз мол болып

Шын ықылас нұрын төгіп тасысын.


Мирас:

Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.


Алтынбек:


Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, Өткеннен бізге жеткен асылы бар. Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар. Сүйінші, сүйінші бүгінгі күні Айзере әже өзінің немересі Алиханның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші. КӨРІНІС «Тұсаукесер» ( Жазира Байырбекованың Тәй-тәй әні бейнебаян жүріп жатады

Сахна төрінде қонақтар отырады.



Айзере: Алғашқы немерем Алиханның жер анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Ырысты құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.

Ал, келін балам, кішкентай Алиханды ортаға әкеліп, Ырысты әжесіне табыс ет.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады).

Ырысты:

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа(тфай, тфай)

(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі)

Қаз қаз бала, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың. (Алиханды жетектеп жүргізеді).

Айзере:

Ал, келіндер немеремнің жолына мол қылып шашу шашыңдар.

Із қалдырсын соңына,

Алдын кең ғып ашыңдар. (Ақ жайманың алдын кең қылып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)


Бәрі: Құтты болсын қадамың, жолың ашық болсын, ақ жол болсын.


Ырысты: Айзере құрбымның немересінің тұсау кесер тойының құрметіне ән шашу арнайық. «Сәулем ,сәулем сәулемсің».

(Хормен әндету)


Айзере: Рахмет, барлықтарыңыздың үйінде осындай той жұғысты болсын.

Әкеліңдер ана қоржынымды ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый -сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.

(әже қонақтарына сый -сыяпатын үлестіреді.)

Бата беру


Мирас

Ұлыстың ұлы күні - жақсы тілектер мен жылы лебіздер ақтарылатын күн. Олай болса келесі сөз кезегі №5 мектеп-лицей басшысы Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына ұсынамыз.


Ақмырза:

Абзал аққу - сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу - ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің

Мектебіміздің жаныннан құрылған «Шұғыла» би тобының орындауында «Аққу»биі.

Мирас:

Осынау бір Наурыз мерекесінде ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болып, құт мекенге қатар қонады.


Ақмырза:

Тәңірімнің Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде киелі Шалқар жерінің осындай тамаша бір мекенін нәсіп еткеніне және сіздердей жақсы адамдармен көрші қылғанына дән ризамыз.

Ақмырза:

Олай болса, осынау дүбірлі тойда «ЕСЕТ БАТЫР» ауылынан «Қонақ кәде»:

сұрайық сахна төріне ауылдың әнші-бишілерін шақырайық!

ӘН «Наурыз»: (8а) сыныбы

Қазақ биі (8 б )сыныбы


ӘЙТЕКЕ БИ ауылы:

Ақмырза: Көк пен жер құлпырып, ұлыстың ұлы күнінде халқымның салт-дәстүрлері, ән-күйлері, қазақ билері төрімізге шықса, мерекеміз жарқырай түсері анық. Ағайын, баршаңызды бізбен бірге ӘЙТЕКЕ БИ ауылын жастарымен бірге қара жорға билеуге шақырамыз.

ФОН:

Би «Қара жорға» ( 8г)



ШЫМАНҰЛЫ ауылы

Мирас:

Ұлыстың Ұлы күнінде үлкендер мен бірге жастар да өнерлерін ортаға салып, мерекенің көркін келтірсін. Жастарымызды ойынға шақырайық.

ШЫМАНҰЛЫ ауылы тұрғындары ұлттық ойын ойнатып, ән шырқасын.


Ұлттық ойын (9а)

Хор (9б)


Ақмырза: Бәрекелді!



Қазанғап ауылы:

Мирас:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Қазанғап ауылынан кәде сұрайық

монтаж (8в, 9в)



Мөңке би ауылы:

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Наурыз күні берекелі, мерекелі, шаттық пен думан тойлы жарқын күн. Ендеше ұлы тойда қатарыма қосылып, жаңадан көрші болып отырған елдің қонақ кәде орындамасақ, көрші деген атағымызға ұят болар.

КВН (10а)




Ақмырза:

Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.

Мирас:

Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.

Сән үлгісі (10б )сыныбы



Қайдауыл ауылы:

Ақмырза: Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Халқымның той думаны ешбір дәстүрсіз басталмаған. Ендеше дәстүр жалғастығын көрсетіп «қонақ кәде» сұрау мақсатында кезекті мына отырған ауылдарымызға берелік.

(11а) би - (11б )көрініс


Ақмырза: 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған. Қыдыр ата ел аралап жүрген бейнелі әулие, адамға қамқоршы, дәулет беруші.



Мирас: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

ФОН: ҚЫДЫР АТА

Қыдыр Баба:

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ,уайым,қайғың жоқ болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Дастарханымыздан дәм кетпесін

Көңілімізден сән кетпесін .

Ұрпақ,ұлыс аман болып

Өмірімізден мән кетпесін

Құдай пейілімізді тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын ,

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын!!!

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!


ФОН: СОҢЫ ӘН Нұрадин Аяулымның орындауындағы «Наурыз думан»

әнін қарсы алаңыздар.

Ақмырза

Наурыз құтты болсын!

Мирас

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Ақмырза

Наурыз тойы келе берсін!

Мирас

Барлық халық бақытты болсын.

Ақмырза

Еліміздің несібісі көп болсын.

Мирас

Қош сау болыңыздар!

Ақмырза

Көріскенше күн жақсы!




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ұлыстың Ұлы күні»

Автор: Князова Б.Б, Аманбаева Ж.Ж

Дата: 07.04.2019

Номер свидетельства: 506407

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні"
    ["seo_title"] => string(33) "nu_r_siebielie_u_lystyn_u_ly_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "349250"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476467680"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!"
    ["seo_title"] => string(35) "nu_r_siebielie_u_lystyn_u_ly_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "349254"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476468045"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні""
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbiie_sag_aty_nauryz_u_lystyn_u_ly_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "462488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1521424204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні! "
    ["seo_title"] => string(35) "nu-r-siebielie-u-lystyn-u-ly-kuni-2"
    ["file_id"] => string(6) "194567"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427792660"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства